"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 208 "Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын.
3. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы "18" шілдедегі № 126 қаулысына қосымша |
|
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы "18" шілдедегі № 126 қаулысымен бекітілген |
"Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша мәдениет және тіл саясаты басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77.
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Мақсаттары:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;
4) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ету.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;
тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;
Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
14. Функциялары:
1) театр, музыка өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
2) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
3) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады;
5) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
6) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
7) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
8) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
9) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
10) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
11) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
12) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін беру жөнінде жұмысты үйлестіреді;
13) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
14) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
15) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
16) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
17) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
18) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
19) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
20) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді;
21) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;
22) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келіседі;
23) уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қала құрылысы жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi іс-шараларды орындауды, тиісті жергілікті жердің тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қамтамасыз етедi;
24) тиісті елді мекендердің бас жоспарларына тарихи-сәулет тiрек жоспарларын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
25) қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және береді, тарих және мәдениет ескерткішінің меншiк иелерi мен пайдаланушыларының оларды орындауын бақылайды;
26) монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
27) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
28) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келiседi;
29) уәкілетті органмен келісу бойынша тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тануды және оларды Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосуды қамтамасыз етеді;
30) уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде мәртебесінен айыру және оны Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
31) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
32) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
33) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады;
34) облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз етедi;
35) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 06.09.2024 № 203 (алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
3) өзінің орынбасары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Басқарманың мүлкі
20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық балалар кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық Махамбет Академиялық атындағы қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Махамбет тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
8. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мақат тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
10. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Атамұра" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.