Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1 тармағына, 69-бабының 4-тармағы 2)-тармақшасына және 118-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамына (970340000427) "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының 220 кВ электр беру әуе желісін пайдалану және оған қызмет көрсету үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, Атырау қаласы шекарасынан көлемі 291,3696 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Нсанбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М. Қалауи |