Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Қызылқоға ауданы әкімінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 13 "Қызылқоға ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2023 жылғы 15 наурызда № 179025 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылқоға ауданының әкімі | Қ. Әзмұханов |