"Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 133 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-1 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8)-тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 42 бабын басшылыққа алып және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2022 жылғы 14 шілдедегі Заңына, сәйкес Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;

      2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

      4. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 94 "Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысының күші жойылсын.

      5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Есенғалиевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Әзмұханов

  Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "17" тамыздағы
№ 133 қаулысына қосымша

"Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

      3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқару органы) болып табылады.

      4. Мемлекеттік мекемнің атауы: "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      5. Мемлекеттік мекемесінің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А. Иманов көшесі, 2А үй, индекс: 060500.

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

      6. Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

      7. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

      8. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай- ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

      9. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

      10. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері,олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

      11. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі - балалар) және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету.

      12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар деп қызмет алушыларды ұйымда тәуліктің күндізгі уақытында болуына арналған күндіз болу бөлімшелері,аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің,оның ішінде бір жарым жастан ТҚА бұзылған балалардың (бұдан әрі – ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалар);

      2) осы Ережеде белгіленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

      3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып,олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

      4) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасау;

      5) қызмет алушыларға осы Ережеге сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;

      6) мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу.

      Мемлекеттік мекемеге ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

      14. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле басқару органының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      15. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып,тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

4. Мемлекеттік мекемені басқару

      16. Мемлекеттік мекемені басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқару органы жүзеге асырады.

      17. Басқару органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

      2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      4) мемлекеттік мекеме ережесін бекітеді,оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын,құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін,мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды.

      6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін анықтайды.

      7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

      8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

      9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға,мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметтінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

      10) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

      11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      18. Мемлекеттік мекеме басшысын Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқару органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, басқару органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

      20. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің ережесінде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      21. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) мемлекеттік мекеме атына сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда,басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      3) шарттар жасасады;

      4) сенімхаттар береді;

      5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға,тағылымдамаға,қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

      10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілетті аясын айқындайды;

      11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен және басқару органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

      22. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды.Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

      1) оған меншік иесі берген мүлік;

      2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

      23. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

      24. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік құрады.

      25. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен басқару органы жүзеге асырады.

6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

      26. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      27. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу басқару органының ұсынуы бойынша құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      28. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      29. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О переименовании коммунального государственного учреждения "Организация дневного полустационарного типа отделения дневного прибывания" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района"

Постановление акимата Кызылкогинского района Атырауской области от 17 августа 2023 года № 133

      В соответствии с пунктом 2-1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 18, статьей 124 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", статьи 42 Гражданского Кодекса и Законом Республики Казахстан от 14 июля 2023 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам стимулирования инноваций, развития цифровизации, информационной безопасности и образования", акимат Кызылкогинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать коммунальное государственное учреждения "Организация дневного полустационарного типа отделения дневного прибывания" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района".

      2. Утвердить согласно приложению к настоящему постановлению Положение о коммунальном государственном учреждении "Организация дневного полустационарного типа отделения дневного прибывания" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района"

      3. Коммунальному государственному учреждению "Организация дневного полустационарного типа отделения дневного прибывания" государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата Кызылкогинского района;

      3) принятие иных необходимых мер вытекающих из настоящего постановления.

      4. Признать утратившим силу постановление акимата Кызылкогинского района от 10 мая 2017 года № 94 "О создании коммунального государственного учреждения "Организация дневного полустационарного типа отделения дневного прибывания".

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ж. Есенгалиева.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района К. Азмуханов

  Приложение
к постановлению акимата
Кызылкогинского района
от "17" августа 2023 года № 133

Положение о коммунальном государственном учреждением "Организация дневного полустационарного типа отделения дневного прибывания" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района"

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Организация дневного полустационарного типа отделения дневного пребывания" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района" (далее - государственное учреждение) является некоммерческой организацией, обладающей статусом юридического лица, созданной в организационно-правовой форме учреждения для осуществления функций.

      2. Вид государственного учреждения: коммунальное.

      3. Учредителем государственного учреждения и уполномоченным органом соответствующей отрасли, а также органом, осуществляющим по отношению к нему функции субъекта права в отношении имущества государственного учреждения является государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района" (далее – орган управления).

      4. Наименование государственного учреждения: "Коммунальное государственное учреждения "Организация дневного полустационарного типа отделения дневного прибывания" государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района".

      5. Место нахождения государственного учреждения: Республика Казахстан, Атырауская область, Кызылкогинский район, село Миялы, улица А. Иманова, дом 2А, индекс: 060500.

2. Юридический статус государственного учреждения

      6. Государственное учреждения считается созданным и приобретает права юридического лица с момента его государственной регистрации.

      7. Государственное учреждения имеет самостоятельный баланс,счета в банках в соответствии с законадательством Республики Казахстан, бланки, печати с изображением Государственого Герба Республики Казахстан и наименованием государственного учреждения.

      8. Государственного учреждения не может создавать, а также выступать учредительям (участником) другого юридического лица.

      9. Государственное учреждения отвечает по своим обязательствам находящимся в его распоряжении деньгами. При недостаточности у государственного учреждения денег субсидиарную ответственность по его обязвательствам несет Республика Казахстан или административного – территориального единица средствам соответствующего бюджета.

      10. Гражданско-правовые сделки государственных учреждений вступают в силу после их обязательной регистрации в территориальных подразделениях казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

3. Предмет и цели деятельности государственного учреждения

      11. Предмет деятельности государственного учреждения оказания специальных социальных услуг детям- инвалидам с психоневрологическими патологиями (далее- дети) и детям – инвалидам с нарушениями опорно- двигательного аппарата (далее –дети с нарушениями ОДА).

      12. Целью деятельности государственного учреждения является организациями полустационарного типа признаются отделения дневного пребывания, территориальные и реабилитационные центры, иные организации, предназначенные для оказания специальных социальных услуг в условиях дневного пребывания получателей услуг в организации (далее организации полустационарного типа).

      13. Для достижения цели государственное учреждения осуществляет следующие виды деятельности:

      1) для инвалидов с нарушениями опорно-двигительного аппарата, в том числе с нарушениями ОДА от полтара лет, нуждающихся в оказании специальных услуг в условиях полустационара (далее – инвалиды и дети с нарушениями ОДА);

      2) предоставление специальных социальных услуг в условиях полустационара в соответствии с установленными настоящим положением объемами;

      3) оказания специальных социальных услуг с учетом индивидуальных потребностей получателей услуг, ориентированных на повышение уровня их личностного развития, социализации и интеграции;

      4) создание благоприятного морально-психологического климата в оказании полустационарного типа;

      5) оказание разносторонней помощи получателям услуг путем предоставления комплекса необходимых специальных социальных услуг, направленных на проведения оздоровительных и социально- реабилитационных мероприятий, в соответствии с настоящим предложениям;

      6) проведение социальной, медицинской и профессиональной реабилитации инвалидов.

      Запрещаются осуществления государственным учреждением деятельности, а также совершение сделок, не отвечающих предмету и целям его деятельности, закрепленным в положении.

      14. Сделка совершенная государственным учреждениям в противаречии с целями деятельности, определенно ограниченными законами Республики Казахстан или учредительными документами, лиьо с нарушением уставной компетенции руководителья, может быть признана недействительной по иску органа управления , либо прокурора.

      15. Действия руководителя государственного учреждения, направленные на осуществление государственным учреждением неуставной деятельности, являюся нарушением трудовых обязанностей и влекут применение мер дисциплинарной и материальной ответственности.

4. Управление государственным учреждениям

      16. В соответствии с законодательством Республики Казахстан управление над государственным учреждениям осуществляет орган управления.

      17. Орган управления в установленном законодательством Республики Казахстан порядке осуществляет следующие функции:

      1) закрепляет за государственным учреждением имущество;

      2) утверждает индивидуальный план финансирования государственного учреждения;

      3) осуществляет контроль за сохранностью имущества государственного учреждения;

      4) утверждает положение государственного учреждения , внесение в него изменений и дополнений;

      5) определяет структуру, порядок формирования и срок полномочий органов управления государственного учреждения, порядок принятия государственным учреждением решений;

      6) определяет права, обязанности и ответственность руководителя государственного учреждения, основания освобождения его от занимаемой должности;

      7) утверждает структуру и предельную штатную численность государственного учреждения;

      8) утверждает годовую финансовую отчетность;

      9) дает согласие уполномоченному органу по государственному имуществу на изъятие или перераспределение имущества, переданного государственному учреждению или приобретенного им в результате собственной хозяйственной деятельности;

      10) дает согласие на создание государственными учреждениями филиалов и представительств;

      11) по согласованию с уполномоченным органом по государственному имуществу принимает решение о реорганизации и ликвидации коммунального государственного учреждения;

      12) осуществляет иные функции, установленные законодательством Республики Казахстан;

      18. Руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности с органам управления, за исключением случаев, установленных законодательством Республики Казахстан;

      19. Руководитель государственного учреждения организует и руководит работой государственного учреждения, непосредственно подчиняется органу управлени (за исключением слцчаев, установленных законодательством Республики Казахстан) и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функций.

      20. Руководитель государственного учреждения действует на принципах единоналичия и самостоятельно решает вопросы деятельности государственого учреждения в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством республики Казахстан и настоящим положением.

      21. При осуществлении деятельности государственным учреждением руководитель государственного учреждения в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) без доверенности действует от имени государственного учреждения;

      2) представляет интересы государственного учреждения в государственных органах, иных организациях;

      3) заключает договоры;

      4) выдает доверенности;

      5) утверждает порядок и планы государственного учреждения по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;

      6) открывает банковские счета;

      7) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников;

      8) принимает на работу и увольняет с работы сотрудников государственного учреждения;

      9) принимает меры поощрения и налагает дмсциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      10) определяет обязанности и круг полномочий своего заместителя (заместителей) и иных руководящих сотрудников государственного учреждения;

      11) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим уставом (положением) и уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом).

5. Порядок образования имущества государственного учреждения

      22. Имущества государственного учреждения составляют активы юридического лица, стоимость которых отражается на его балансе. Имущество государственного учреждения формируется за счет:

      1) имущества, переданного ему собственником;

      2) имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности;

      3) иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан;

      23. Досударственные учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выделенных тему по смете.

      24. Государственное учреждение ведет бухгалтерский учет и представляет отчетность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      25. Проверка и ревизия финансово-хозяйственной деятельности государственного учреждения осуществляется с органам управлением в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

6. Режим работы в государственном учреждении

      26. Режим работы государственного учреждения устанавливается правилами внутренного распорядка и не должен противаречивать нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

7. Порядок внесения изменений и дополнений в учредительные документы

      27. Внесение изменений и дополнений в учредительные документы государственного учреждения проиводится по решению учредителя по представлению органа управления.

      28. Внесенные изменения и дополнения в учредительные документы государственного учреждения регистрируюся в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

8. Условия реорганизации и ликвидации государственного учреждения

      29. Реорганизации и ликвидации государственного учреждения осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.