Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармағына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 28 қарашасындағы № 11-10/351 санды ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Көздіғара ауылдық округі, Қоныстану ауылындағы Ғ. Мұратбаев көшесінің мүйізді ірі қара малынан қарасан ауруының шығуына байланысты, аула-қораларының аумағына карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Е. Изимов |