Карантин белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 23 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармағына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 28 қарашасындағы № 11-10/351 санды ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Көздіғара ауылдық округі, Қоныстану ауылындағы Ғ. Мұратбаев көшесінің мүйізді ірі қара малынан қарасан ауруының шығуына байланысты, аула-қораларының аумағына карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Изимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады