"Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 174 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 42 бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, 37 бабының 8 тармағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралыүлгілік ереже, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 139 "Құрманғазы ауданының кейбір жергілікті атқарушы органдарын қайта құру туралы" қаулысы негізінде, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 212 "Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы қаулыcы қолданыстан жойылсын.

      3. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындаған еңбек қатынастарын және мүліктерді қалыптастыратын шараларды қабылдасын, сондай-ақ мемлекеттік мекемені тіркеуден өткізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемелекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н. Калиев

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "27" маусымдағы
№ 174 қаулысымен бекітілген
қосымша

"Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) құрылыс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Халит Испулаев көшесі, 10 үй.

      10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Мемлекеттік бағдарлама негізінде құрылыс және қайта жаңғырту саласында мемлекеттік шараларды жүзеге асыру болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтары:

      1) бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңда белгіленген тәртіпке сай облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен, меншік түріне қарамастан ұйымдармен, мекемелермен өз құзыреті шегінде өзара байланыс жасау;

      2) шетелдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзыреті шегінде жәрдем көрсету;

      3) тиісті кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімі аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат сұрату;

      4) міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті органдарға ұсыныс жасауға құқылы.

      2. Міндеттері:

      1) ауданда мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу және ауданды әлеуметтік-экономикалық кешенді дамыту мақсатында ағымдағы және перспектива мәселесін шешуге бағытталған құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру;

      2) жоба-жоспарының құжаттарын, аудан құрылысына жататын ғимараттардың жобаларын қарау және келісу;

      3) аудан аумағында жобалау, қайта жаңарту, жаңғырту, түбірлі жөндеу жүргізу, реттейтін нормалар мен ережелерді дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау;

      4) аяқталған өндірістік және өндірістік емес сипаттағы тұрғынды-азаматтық құрылыс нысандарын қабылдауға қатысу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттіктер шегінде құрылыс қызметі саласындағы өзге міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары

      1) мемлекеттік сараптаманы республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, аудан көлеміндегі бағынышты құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық, жеке мүдделерді қорғау сұрақтары бойынша лицензиялау органдарымен байланыс жасау;

      2) бекітілген құрылыс құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларын жүзеге асыруда құрылыс тәртібін, құрылыс салу ережесін сақтау арқылы жүзеге асыру;

      3) бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу;

      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету;

      5) бөлімге қатысты жұмыстары бойынша аудан әкіміне, аудан әкімі жанындағы аппарат мәжілістеріне, аудан әкімдігіне, мәслихатқа мәселелер ұсыну және есеп беру;

      6) құрылыс мөлшерлері мен ережелеріне және жобаларға сәйкес құрылыс тәртібін, жұмыс технологиясын сақтауды бақылау;

      7) құрылыс нысандарына техникалық тапсырма, техникалық ерекшелік дайындау және құрылыс жұмысы жүргізілетін құрылыс, қайта жаңарту нысандарына тиісті мекемелерден техникалық талаптар алу;

      8) қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындау;

      9) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;

      10) бөлім қызметкерлерінің жұмысында, олардың біліктіліктерін арттыруда тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету;

      11) бөлімде гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі тиісті іс-шараларды жүзеге асыру;

      12) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңдылыққа қайшы келмейтін, бөлім туралы ережесімен анықталған басқада қызметтерді орындау;

      13) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу туралы халыққа хабарлап отыру.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлім басшысының орынбасарлары болмайды.

      19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

      1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      5) бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;

      6) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      7) бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;

      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;

      9) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады;

      10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған кезде дереу аудан әкімінің аппаратына хабарлайды;

      11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы немесе лауазымды тұлға басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения государственного учреждения "Отдел строительства Курмангазинского района Атырауской области"

Постановление акимата Курмангазинского района Атырауской области от 27 июня 2023 года № 174

      В соответствии со статьей 42 Гражданского Кодекса Республики Казахстан, со статьей 31, пункта 8 статьи 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 18, Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", Типовым положением о государственном органе утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан постановлением от 1 сентября 2021 года № 590, постановлением акимата Курмангазинского района Атырауской области от 31 мая 2023 года № 139 "О реорганизации некоторых местных исполнительных органов Курмангазинского района" акимат Курмангазинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить положение государственного учреждения "Отдел строительства Курмангазинского района Атырауской области" согласно приложению.

      2. Отменить постановления акимата Курмангазинского района от 27 мая 2022 года № 212 "Об утверждении положения государственного учреждения Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Курмангазинского района Атырауской области".

      3. Руководителю государственного учреждения "Отдел строительства Курмангазинского района Атырауской области" принять меры по формированию трудовых отношений и имущества, возникшие из настоящего постановления, а также провести государственную регистрацию государственного учреждения.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Аппарата акима Курмангазинского района Атырауской области".

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня его подписания, вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 июля 2023 года.

      Исполняющий обязанности акима района Н. Калиев

  Приложение утверждено
постановлением акимата
Курмангазинского района
№ 174 от "27" июня 2023 года

Положение Государственного учреждения "Отдел строительства Курмангазинского района Атырауской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел строительства Курмангазинского района Атырауской области" (далее – отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере строительной деятельности.

      2. Отдел не имеет ведомства.

      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности отдела утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 060400, Атырауская область, Курмангазинский район, сельский округ Құрманғазы, село Құрманғазы, улица Халит Испулаева, дом 10.

      10. Настоящее положение является учредительным документом отдела.

      11. Финансирование деятельности отдела осуществляется из республиканского и местных бюджетов.

      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения отдела.

      Если отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      Реализация государственных мероприятий в области строительства и реконструкции на основе государственной программы.

      14. Полномочия:

      1. Права:

      1) взаимодействовать в установленном законодательством порядке с областными управлениями, местными исполнительными органами, организациями, учреждениями всех форм собственности по вопросам, относящимся к компетенции отдела;

      2) участвовать в осуществлении научно-технического и экономического сотрудничества с зарубежными странами, оказывать содействие, в пределах своей компетенции;

      3) запрашивать информацию у соответствующих предприятий и аппарата акима сельских округов и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета;

      4) вправе вносить предложения в соответствующие органы в целях недопущения нарушения законности при реализации своих задач и возложенных функции в порядке установленном законодательством Республики Казахстан.

      2. Обязанности:

      1) реализация государственной строительной политики в районе и реализация строительной программы, направленой на решение текущих и перспективных задач в целях развития социально-экономического комплекса района;

      2) рассмотрение и согласование проектно-планировочной документации, проектов зданий и сооружений, подлежащих строительству в районе;

      3) подготовка предложений по разработке норм и регулирующих правил, вопросы проектирования строительства, реконструкции, капитального ремонта на территории района;

      4) участие в приемке законченных объектов жилищно-гражданского строительства производственного и непроизводственного назначения;

      5) осуществление иных задач в сфере строительной деятельности в пределах полномочий, установленных законодательными актами Республики Казахстан.

      15. Функции

      1) взаимодействие с республиканскими и территориальными подразделениями государственной экспертизы проектов, органами лицензирования по вопросам защиты государственных, общественных и частных интересов в сфере строительной деятельности на подведомственной территории;

      2) осуществление реализации проектов строительства в соответствии с утвержденной строительной документацией, соблюдением строительной дисциплины, правил застройки;

      3) организация и проведение государственных закупок в качестве единого организатора;

      4) обеспечение своевременного рассмотрения заявлений и жалоб физических и юридических лиц;

      5) предоставление предложении и отчета акиму района, аппарату акима района, районному акимату, маслихату касающихся работ отдела;

      6) контроль за соблюдением порядка проведения строительства, технологии работ в соответствии с проектом, строительным нормам и правилам;

      7) подготовка технических задании, технических спецификации строительным объектам и получение технических требовании от соответствующих учреждениях проводящимся строительным объектам и реконструкциям;

      8) подготовка проекта плана финансирования, задания финансирования;

      9) рассмотрение и утверждение предпроектной и проектной (проектно-сметной) документации на строительство объектов и комплексов, финансируемых за счет местного бюджета, а также республиканского бюджета, выделенного на финансирование местного бюджетного инвестиционного проекта;

      10) обеспечение надлежащего профессионального уровня в деятельности работников отдела, повышении их квалификации;

      11) осуществление соответствующих мероприятий по укреплению гендерного равенства в отделе;

      12) исполнение иных, не противоречащих законодательству о строительной, архитектурной и градостроительной деятельности функций, определенных положением об отделе;

      13) информирование населения о планируемой застройке в территории.

3. Статус, полномочия руководителя государственного органа

      16. Руководство отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на отдел задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель отдела назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Руководитель отдела не имеет заместителей.

      19. Полномочия руководителя отдела:

      1) руководит и организует работу отдела;

      2) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должность и освобождает от должности работников отдела;

      3) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощерения, оказания материальной помощи, наложение дисциплинарных взысканий;

      4) залючает договоры от имени отдела, издает приказы в пределах своей компетенций;

      5) разрабатывает и готовит к утверждению Положение об отделе;

      6) утверждает штатное расписание отдела, в пределах лимитного штатной численности, утвержденного постановлением акимата района и план финансирования на соответствующий год;

      7) отчитывается о работе отдела перед аппаратом акима района и областными управлениями;

      8) представляет интересы отдела в государственных органах и организациях;

      9) несет прямую ответственность вместе с работником за каждый факт совершения работниками коррупционных правонарушений;

      10) при выявления фактов коррупционного правонарушения незамедлительно сообщает в аппарат акима района;

      11) осуществляет иные полномочия, вытекающие из обязонности отдела в соответствии с законодательством.

      Исполнение полномочий руководителя отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Отдел возглавляется руководителем или должностным лицом отдела, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      21. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за отдел относится к коммунальной собственности.

      23. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.