"Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 212 шешімі. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 174 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 27.06.2023 № 174 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, 124 бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемелекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мурзиев

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "27" мамырдағы
№ 212 қаулысымен бекітілген қосымша

"Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Халит Испулаев көшесі, 10 үй.

      10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Мемлекеттік бағдарлама негізінде құрылыс және қайта жаңғырту саласында мемлекеттік шараларды жүзеге асыру және өңірдің сәулет-қала құрылысы саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамып келе жатқан аудан аумағы мен елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтары:

      1) бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңда белгіленген тәртіпке сай облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен, меншік түріне қарамастан ұйымдармен, мекемелермен өз құзыреті шегінде өзара байланыс жасау;

      2) білікті мамандарды қала құрылысы құжаттамасы жобаларының сараптамасына қатысуға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың қала құрылысы саясаты жөніндегі ұсыныстары мен ұсынымдарын дайындауға тарту;

      3) шетелдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзыреті шегінде жәрдем көрсету;

      4) тиісті кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімі аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат сұрату;

      5) міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті органдарға ұсыныс жасауға құқылы.

      2. Міндеттері:

      1) ауданда мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу және ауданды әлеуметтік-экономикалық кешенді дамыту мақсатында ағымдағы және перспектива мәселесін шешуге бағытталған құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру;

      2) жоба-жоспарының құжаттарын, аудан құрылысына жататын ғимараттардың жобаларын қарау және келісу;

      3) аудан аумағында жобалау, қайта жаңғырту, түбірлі жөндеу жүргізуді реттейтін нормалар мен ережелерді дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау;

      4) аяқталған өндірістік және өндірістік емес сипаттағы тұрғынды-азаматтық құрылыс нысандарын қабылдауға қатысу;

      5) аудан аумағында мемлекеттік сәулет-қала құрылысы саясатын жүргізу;

      6) ауданның әкімшілік бірлігі аумағын қала құрылыстық игеру кезінде сәулет-қала құрылысы қызметі туралы заңнаманың, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және өзге де жобалау құжаттамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

      7) бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылу нормаларының, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      8) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын аудан деңгейінде жүргізу;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттіктер шегінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы өзге міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары

      1) мемлекеттік сараптаманы республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-қала құрылыс инспекциясы жобаларымен, аудан көлеміндегі бағынышты құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық, жеке мүдделерді қорғау сұрақтары бойынша лицензиялау органдарымен байланыс жасау;

      2) бекітілген құрылыс құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларын жүзеге асыруда құрылыс тәртібін, құрылыс салу ережесін сақтау арқылы жүзеге асыру;

      3) бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу;

      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету;

      5) бөлімге қатысты жұмыстары бойынша аудан әкіміне, аудан әкімі жанындағы аппарат мәжілістеріне, аудан әкімдігіне, мәслихатқа мәселелер ұсыну және есеп беру;

      6) құрылыс мөлшерлері мен ережелеріне және жобаларға сәйкес құрылыс тәртібін, жұмыс технологиясын сақтауды бақылау;

      7) құрылыс нысандарына техникалық тапсырма, техникалық ерекшелік дайындау және құрылыс жұмысы жүргізілетін құрылыс, қайта жаңарту нысандарына тиісті мекемелерден техникалық талаптар алу;

      8) қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындау;

      9) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

      10) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

      11) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

      12) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

      13) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

      14) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;

      15) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      16) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

      17) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;

      18) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

      19) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

      20) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;

      21) сәулет және қала құрылысы органдары қызметін жақсарту және нормативтік-әдістемелік базаны жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау;

      22) бөлім қызметкерлерінің жұмысында, олардың біліктіліктерін арттыруда тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету;

      23) аудан аумағында сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;

      24) бөлімде гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі тиісті іс-шараларды жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;

      26) құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

      27) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру;

      28) эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;

      29) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңдылыққа қайшы келмейтін, бөлім туралы ережесімен анықталған басқада қызметтерді орындау.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлім басшысының орынбасарлары болмайды.

      19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

      1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      5) бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;

      6) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      7) бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;

      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;

      9) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады;

      10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған кезде дереу аудан әкімінің аппаратына хабарлайды;

      11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы немесе лауазымды тұлға басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады