"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 197-НҚ бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгенген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жұманғарин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрінің
2023 жылғы ____________
№ ____ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ ішкі саудада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты.

      9. Комитеттің толық атауы:

      қазақ тілінде – "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение "Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан".

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      13. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттiң мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      14. Міндеті: ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

      15. Комитет:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығаруға;

      2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізуге;

      5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құруға;

      6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тарту және қорытындылар беруге;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      8) Комитеттің құзыреті шегінде негізгі қызмет мәселелері бойынша Министрліктің аумақтық органдарының жұмысын үйлестіруге, жетекшілік ету және бақылауға;

      9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің аумақтық органдарына және реттелетін саладағы ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуге;

      10) Министрліктің аумақтық органдарынан Министрліктің және Комитеттің бұйрықтары мен тапсырмаларының уақтылы және дәл орындалуын талап етуге құқығы бар.

      Комитет:

      1) Комитетке жүктелген міндеттемелер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерінің сақталуына;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірулер дайындауға;

      4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынуға;

      5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

      6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттың толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

      7) Комитет жұмысында "халық үніне құлақ асатын мемлекет" моделінің қағидаттарын, комитеттің азаматтар мен азаматтық қоғам институттары үшін қолжетімділігін іске асыруға;

      8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, хабарламаларын, ұсыныстарын, пікірлерін және сұрау салуларын қарауға;

      9) техникалық ерекшелікті әзірлеу, шарт жасасу және көрсетілген қызметтер туралы есеп пен актілерді қабылдау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысуға міндетті.

      16. Комитеттің функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының ішкі сауда саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      2) ішкі сауда саласындағы мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады;

      3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру мен сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      4) ішкі сауда бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

      5) ішкі сауда қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      7) сауда инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      8) стационарлық сауда объектілерінің түрлері мен талаптарын бекітеді;

      9) халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      10) бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашылық жасайды, қатысады және ұйымдастырады;

      12) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді;

      13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      14) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп тауарлардың бағасына мониторинг жүргізеді және базарға реттеушілік ықпал ету орынды болатын баға деңгейіне қол жеткізген жағдайда, мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне базарға реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы алушылар – сауда қызметінің субъектілерін, шығарылатын материалдық құндылықтардың сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, ұсыныс енгізеді;

      15) тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензия нысанын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу және қайта ресімдеу үшін өтініш нысандарын әзірлейді;

      16) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      17) тарифтік квоталар шеңберінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу немесе әкету кезінде экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беруді жүзеге асырады;

      18) тауарлардың импорты саласында берілген лицензиялар мен рұқсаттардың дерекқорын жүргізеді;

      19) тиісті салада (салада) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізеді;

      20) тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

      21) биржалық тауарлардың тізбесін әзірлейді және оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      22) тауар биржасында халықаралық биржалық сауда-саттықты дамыту үшін жағдайлар жасайды;

      23) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржалары мен биржалық сауда қызметі мәселелері бойынша ақпаратты жариялайды;

      24) биржалық сауда қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      25) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      26) біліктілік талаптарын және олардың тауар биржаларының қызметіне сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      27) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      28) кепілдік және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      29) тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      30) биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      31) биржалық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі;

      32) биржалық сауда қағидаларында көзделген жағдайларда ауыл шаруашылығы өнімін қоспағанда, бір сауда сессиясында сауда лотының ең жоғары мөлшерін белгілейді;

      33) биржалық тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін және стандартталмаған тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      34) маркет-мейкерлер тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      35) Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны бекітеді;

      36) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлейді;

      37) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді;

      38) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін сауда саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін әзірлейді;

      39) ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын әзірлеуге қатысады;

      40) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      41) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына осындай бағаларды белгілеу туралы Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      42) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде оларға қатысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімін қалыптастырады;

      43) бұзушылықтар анықталған жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша жою мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) оларды жою туралы нұсқама береді;

      44) Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібін әзірлейді;

      45) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен хаттама жасайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, сондай-ақ сауда саласында әкімшілік жаза қолдануды қозғайды және қарайды;

      46) реттелетін саладағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      47) Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      17. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты төраға жүзеге асырады.

      18. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар не сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындауына ықпал ететін іс-әрекеттер тіркелген жағдайларда, бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

      8) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      10) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына жауапты болады;

      11) жеке және заңды тұлғалардың актілерге шағымдарын тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі қаулыны қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды, сондай-ақ осындай өкілеттіктерді өз орынбасарларына береді;

      12) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      13) Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      14) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      21. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      22. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменения в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 658-НҚ "Об утверждении положения республиканского государственного учреждения "Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 2 июня 2023 года № 197-НҚ

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2019 года № 497 "О мерах по реализации Указов Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 17 и от 1 июля 2019 года № 46 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 658-НҚ "Об утверждении положения республиканского государственного учреждения "Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан" следующее изменение:

      приложение к указанному приказу изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней со дня подписания настоящего приказа направление его в электронной форме на казахском и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
С. Жумангарин

  Приложение
к приказу Заместителя
Премьер-Министра – Министра
торговли и интеграции
Республики Казахстан
от 2 июня 2023 года № 197-НҚ

  Приложение
к приказу Министра торговли и
интеграции Республики Казахстан
от 29 декабря 2021 года № 658-НҚ

Положение
республиканского государственного учреждения "Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан"

Глава 1. Общие положения

      1. Республиканское государственное учреждение "Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан" (далее – Комитет) является ведомством Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан (далее – Министерство), осуществляющим регулятивные и реализационные функции, а также участвующим в выполнении стратегических функций Министерства во внутренней торговле.

      2. Комитет осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Комитет является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на казахском языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Комитет вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Комитет имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством.

      6. Комитет по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Комитета и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности Комитета утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождение Комитета: Республика Казахстан, 010000, город Астана, район Есиль, проспект Мәңгілік Ел, дом 8, здание "Дом министерств".

      9. Полное наименование Комитета:

      на казахском языке – "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке – республиканское государственное учреждение "Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Комитета.

      11. Финансирование деятельности Комитета осуществляется из республиканского бюджета.

      12. Комитету запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Комитета.

      13. Если Комитету законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в государственный бюджет.

Глава 2. Задачи, права и обязанности Комитета

      14. Задача: формирование и реализация государственной политики в сфере развития и регулирования внутренней торговли.

      15. Права Комитета:

      1) издание правовых актов в пределах своей компетенции;

      2) запрос и получение от структурных подразделений Министерства, государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимой информации и материалов;

      3) внесение предложений по совершенствованию законодательства Республики Казахстан;

      4) проведение совещаний, семинаров, конференций, круглых столов, конкурсов и иных мероприятий по вопросам, входящим в компетенцию Комитета;

      5) создание консультативно-совещательных органов (рабочих групп, комиссий, советов) по курируемым направлениям деятельности;

      6) привлечение соответствующих специалистов для участия в экспертизах по вопросам, отнесенным к своей компетенции и дача заключений;

      7) осуществление иных прав, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан;

      8) координировать и курировать работу территориальных органов Министерства по вопросам внутренней торговли;

      9) оказывать методологическую и консультативную помощь территориальным органам Министерства и организациям в регулируемой сфере, юридическим и физическим лицам по вопросам, входящим в компетенцию Комитета;

      10) требовать от территориальных органов Министерства своевременного и точного исполнения приказов и поручений Министерства и Комитета.

      Обязанности Комитета:

      1) обеспечение реализации возложенных на Комитет задач и функций;

      2) соблюдение законодательства Республики Казахстан, прав и охраняемых законом интересов физических и юридических лиц;

      3) подготовка разъяснений по вопросам, входящим в компетенцию Комитета;

      4) представление необходимых материалов и справок в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом структурными подразделениями Министерства и государственными органами;

      5) обеспечение сохранности государственной собственности, находящейся на балансе Комитета;

      6) обеспечение полного, своевременного и эффективного использования бюджетных средств, выделенных Комитету;

      7) реализация принципов модели "слышащего государства" в работе Комитета, доступности Комитета для граждан и институтов гражданского общества;

      8) рассмотрение обращений, сообщений, предложений, откликов и запросов физических и юридических лиц;

      9) участие в процедуре государственных закупок в соответствии с законодательством Республики Казахстан по разработке технической спецификации, заключению договора и принятию отчета и актов об оказанных услугах.

      16. Функции Комитета:

      1) разрабатывает предложения по совершенствованию законодательства Республики Казахстан в области внутренней торговли;

      2) формирование государственной торговой политики в области внутренней торговли;

      3) разрабатывает предложения по развитию торговой деятельности, а также созданию благоприятных условий для производства и продажи товаров;

      4) разрабатывает и утверждает нормативные правовые акты Республики Казахстан в области регулирования торговой деятельности по внутренней торговле;

      5) разрабатывает и утверждает правила внутренней торговли;

      6) разрабатывает и утверждает требования к оптово-распределительным центрам по согласованию с уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса;

      7) выработка предложений по развитию торговой инфраструктуры;

      8) утверждает виды и требования к стационарным торговым объектам;

      9) разрабатывает и утверждает минимальные нормативы обеспеченности населения торговой площадью;

      10) разрабатывает и утверждает нормы естественной убыли продовольственных товаров в розничной торговле;

      11) инициирует, участвует и организует совместно с Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан проведение республиканских и международных выставок и ярмарок;

      12) проводит макроэкономический анализ в целях определения пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары;

      13) разрабатывает и утверждает порядок установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них;

      14) совместно с уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса проводит мониторинг цен на товары и, в случае достижения уровня цен, при котором целесообразно оказание регулирующего воздействия на рынок, по согласованию с уполномоченным органом в области государственного резерва внесение в Правительство Республики Казахстан предложения о необходимости выпуска материальных ценностей из государственного резерва для оказания регулирующего воздействия на рынок с указанием субъектов торговой деятельности – получателей, объема, цены и размера торговой надбавки выпускаемых материальных ценностей;

      15) разрабатывает квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по лицензированию экспорта и импорта товаров, и перечню документов, подтверждающих соответствие им, форм заявлений для получения и переоформления лицензии и (или) приложения к лицензии, формы лицензии и (или) приложения к лицензии;

      16) разрабатывает и утверждает подзаконные нормативные правовые акты, определяющие порядок оказания государственных услуг;

      17) осуществляет выдачу лицензий на экспорт и (или) импорт при ввозе или вывозе товаров на территорию Республики Казахстан в рамках тарифных квот;

      18) ведет базу данных выданных лицензий и разрешений в сфере импорта товаров;

      19) ведет реестр саморегулируемых организаций в соответствующей сфере (отрасли);

      20) осуществляет государственное регулирование деятельности товарных бирж;

      21) разрабатывает перечень биржевых товаров, и вносит в него изменения и (или) дополнения;

      22) создает условия для развития международных биржевых торгов на товарной бирже;

      23) публикует информацию по вопросам деятельности товарных бирж и биржевой торговли, за исключением сведений, составляющих коммерческую или иную охраняемую законом Республики Казахстан тайну;

      24) разрабатывает и утверждает правила биржевой торговли;

      25) разрабатывает и утверждает нормативные правовые акты в сфере регулирования деятельности товарных бирж;

      26) разрабатывает и утверждает квалификационные требования и перечень документов, подтверждающих соответствие им, к деятельности товарных бирж;

      27) разрабатывает и утверждает обязательные требования к электронной торговой системе товарных бирж;

      28) разрабатывает и утверждает правила формирования и использования гарантийного и страхового фондов;

      29) разрабатывает и утверждает требования к аппаратно-программному комплексу клирингового центра товарной биржи;

      30) определяет порядок осуществления клиринговой деятельности по биржевым сделкам;

      31) согласовывает правила и стандарты саморегулируемых организаций в сфере биржевой деятельности;

      32) устанавливает максимальный размер торгового лота в одной торговой сессии, за исключением сельскохозяйственной продукции, в случаях, предусмотренных правилами биржевой торговли;

      33) ведет реестр товарных бирж, организующих биржевые торги биржевыми товарами, и реестр товарных бирж, организующих биржевые торги нестандартизированными товарами, а также размещает их на своем интернет-ресурсе;

      34) ведет реестр маркет-мейкеров, а также размещает его на своем интернет-ресурсе;

      35) утверждает минимальные оптовые цены на производимые, ввозимые и (или) реализуемые в Республике Казахстан социально значимые продовольственные товары в соответствии с порядком установления минимальной оптовой цены на производимые, ввозимые и (или) реализуемые в Республике Казахстан социально значимые продовольственные товары;

      36) разрабатывает перечень социально значимых продовольственных товаров;

      37) проводит мониторинг цен на социально значимые продовольственные товары;

      38) разрабатывает методику расчета целевых индикаторов в области торговли для оценки эффективности деятельности местных исполнительных органов;

      39) участвует в разработке правил регистрации в информационной системе;

      40) осуществляет государственный контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан о регулировании торговой деятельности в форме внеплановой проверки и профилактического контроля с посещением субъекта (объекта) контроля в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности";

      41) осуществляет государственный контроль за соблюдением размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары на основании решений местных исполнительных органов об установлении таких цен на социально значимые продовольственные товары в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности";

      42) формирует список субъектов государственного контроля, в отношении которых будет проводиться государственный контроль за соблюдением размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары на основании решений местных исполнительных органов об установлении предельных розничных цен на социально значимые продовольственные товары;

      43) выдает предписания субъекту (объекту) государственного контроля об их устранении с указанием сроков устранения по итогам проведения государственного контроля за соблюдением размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в случае выявления нарушений;

      44) разрабатывает порядок установления минимальной оптовой цены на производимые, ввозимые и (или) реализуемые в Республике Казахстан социально значимые продовольственные товары;

      45) составляет протокола, возбуждает и рассматривает дела об административных правонарушениях, а также наложение административных взысканий в сфере торговли в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях;

      46) рассматривает обращения физических и юридических лиц в регулируемой сфере;

      47) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан о регулировании торговой деятельности, иными законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан.

Глава 3. Статус и полномочия руководителя Комитета при организации его деятельности

      17. Руководство Комитетом осуществляется председателем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Комитет задач и осуществление им своих полномочий.

      18. Председатель Комитета назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Председатель Комитета имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Полномочия Председателя Комитета:

      1) определяет обязанности и полномочия своих заместителей, руководителей структурных подразделений и работников Комитета;

      2) в пределах своей компетенции издает приказы;

      3) назначает на должности и освобождает от должностей работников Комитета, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих государственных органов и должностных лиц;

      4) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок и премирования, а также дисциплинарной ответственности работников Комитета, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих государственных органов и должностных лиц;

      5) представляет Комитет в государственных органах и иных организациях в соответствии с действующим законодательством;

      6) утверждает положения о структурных подразделениях Комитета;

      7) в случаях фиксирования коррупционных правонарушений либо действий, способствующих возникновению коррупционных деяний, информирует об этом руководство Министерства;

      8) обеспечивает соблюдение сотрудниками Комитета норм служебной этики государственных служащих;

      9) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в Комитете, и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;

      10) несет ответственность за реализацию республиканских бюджетных программ;

      11) рассматривает жалобы физических и юридических лиц на акты по результатам проверок предписания об устранении нарушений и постановления по делам об административных правонарушениях и принимает по ним решения, а также делегирует такие полномочия своим заместителям;

      12)представляет руководству Министерства предложения по структуре и штатному расписанию Комитета;

      13)осуществляет общее руководство деятельностью Комитета и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Комитет задач и осуществление им своих функций;

      14) принимает решения по другим вопросам, отнесенным к его компетенции.

      Исполнение полномочий Председателя Комитета в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      21. Председатель Комитета определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество Комитета

      22. Комитет может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством. Имущество Комитета формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за Комитетом, относится к республиканской собственности.

      24. Комитет не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выделенных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение Комитета

      25. Реорганизация и ликвидация Комитета осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.