Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысы қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгенген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 02.06.2023 № 197-НҚ бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 17.07.2023 № 281-НҚ бұйрығымен.2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты.
9. Комитеттің толық атауы:
қазақ тілінде – "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение "Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан".
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
13. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттiң мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
14. Міндеті: ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
15. Комитет:
1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығаруға;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізуге;
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құруға;
6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тарту және қорытындылар беруге;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
8) Комитеттің құзыреті шегінде негізгі қызмет мәселелері бойынша Министрліктің аумақтық органдарының жұмысын үйлестіруге, жетекшілік ету және бақылауға;
9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің аумақтық органдарына және реттелетін саладағы ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуге;
10) Министрліктің аумақтық органдарынан Министрліктің және Комитеттің бұйрықтары мен тапсырмаларының уақтылы және дәл орындалуын талап етуге құқығы бар.
Комитет:
1) Комитетке жүктелген міндеттемелер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерінің сақталуына;
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірулер дайындауға;
4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынуға;
5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттың толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
7) Комитет жұмысында "халық үніне құлақ асатын мемлекет" моделінің қағидаттарын, комитеттің азаматтар мен азаматтық қоғам институттары үшін қолжетімділігін іске асыруға;
8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, хабарламаларын, ұсыныстарын, пікірлерін және сұрау салуларын қарауға;
9) техникалық ерекшелікті әзірлеу, шарт жасасу және көрсетілген қызметтер туралы есеп пен актілерді қабылдау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысуға міндетті.
16. Комитеттің функциялары:
1) Қазақстан Республикасының ішкі сауда саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2) ішкі сауда саласындағы мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады;
3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру мен сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) ішкі сауда бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
5) ішкі сауда қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
7) сауда инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
8) стационарлық сауда объектілерінің түрлері мен талаптарын бекітеді;
9) халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
10) бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлейді және бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашылық жасайды, қатысады және ұйымдастырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!13) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
14) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп тауарлардың бағасына мониторинг жүргізеді және базарға реттеушілік ықпал ету орынды болатын баға деңгейіне қол жеткізген жағдайда, мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне базарға реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы алушылар – сауда қызметінің субъектілерін, шығарылатын материалдық құндылықтардың сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, ұсыныс енгізеді;
15) тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу және қайта ресімдеу үшін өтініштердің нысандарын, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын әзірлейді және бекітеді;
16) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
17) тарифтік квоталар шеңберінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу немесе әкету кезінде экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беруді жүзеге асырады;
18) тауарлардың импорты саласында берілген лицензиялар мен рұқсаттардың дерекқорын жүргізеді;
19) тиісті салада (салада) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
20) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;21) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
22) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
23) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
24) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
25) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
26) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
27) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
28) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
29) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
30) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
31) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
32) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
33) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
34) алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрығымен;
35) Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны бекітеді;
36) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлейді;
37) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді;
38) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін сауда саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін әзірлейді;
39) ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын әзірлеуге қатысады;
40) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!41) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
41) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына осындай бағаларды белгілеу туралы Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!42) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
42) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде оларға қатысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімін қалыптастырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!43) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
43) бұзушылықтар анықталған жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша жою мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) оларды жою туралы нұсқама береді;
44) Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібін әзірлейді;
45) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен хаттама жасайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, сондай-ақ сауда саласында әкімшілік жаза қолдануды қозғайды және қарайды;
46) реттелетін саладағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
47) Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
48) құзыреті шегінде тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға және (немесе) экспорттауға рұқсаттар береді;
49) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
50) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жолдайды;
51) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде сауда саласындағы кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;
52) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
53) консультативтік-кеңесші органдар – кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құрады, уәкілетті орган бекіткен үлгілік ереже негізінде реттейтін салалардағы салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
54) сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) өзектендіреді;
55) сауда саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және (немесе) өзектендіреді, бекітеді;
56) Ұлттық біліктілік жүйесі мәселелері бойынша жұмыс берушілер бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен) өзара іс-қимыл жасайды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!57), 58) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.10.2024 № 355-НҚ (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
59) өз құзыреті шегінде ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тәртібін бекітуге және оларды көрсетуге қатысады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.04.2024 № 199-НҚ; 15.10.2024 № 355-НҚ бұйрықтарымен.3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
17. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты төраға жүзеге асырады.
18. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар не сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындауына ықпал ететін іс-әрекеттер тіркелген жағдайларда, бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
8) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
10) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына жауапты болады;
11) жеке және заңды тұлғалардың тексеру нәтижелері бойынша актілерге/шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздікке), бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу шеңберінде шешімдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдарын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды, сондай-ақ осындай өкілеттіктерді өз орынбасарларына береді;
12) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
13) Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
14) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 17.07.2023 № 281-НҚ бұйрығымен.21. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
22. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 3-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Алматы қаласының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 4-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Шымкент қаласының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 5-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Ақмола облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 6-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Ақтөбе облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 7-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Алматы облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 8-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Атырау облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 9-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Батыс Қазақстан облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 10-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Жамбыл облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 10-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 11-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Қарағанды облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 11-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 12-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Қостанай облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 12-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 13-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Қызылорда облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 13-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 14-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Маңғыстау облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 14-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 15-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Павлодар облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 15-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 16-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 16-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 17-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Түркістан облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 17-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 18-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Шығыс Қазақстан облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 18-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 19-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Абай облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 19-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 20-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Жетісу облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 20-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына 21-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Ұлытау облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 21-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.