"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |
А.Ш.Жетпісбай | |
Е.А.Әлімқұлов | |
Е.Кенжеханұлы | |
Б.Д.Тәжібаев | |
Қ.Ә.Қайыпбек | |
А.Б.Тасыбаев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 33 қаулысына қосымша |
"Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20, индексі 161200.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысы әкімдігі болып табылады.
12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
13. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Басқарма "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша, ветеринария саласын қоспағанда құқықтық мирасқоры болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
1) Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
2) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
15. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқарманың құзыретiне кiретiн облыс әкiмдiгiнiң және (немесе) әкiмiнiң шешiмдерiнiң, өкiмдерiнiң, қаулыларының жобасын дайындауға қатысу;
заңнамамен бекiтiлген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, басқа да ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер сұратуға, сондай-ақ, басқа мемлекеттiк органдарға мәлiметтер ұсынуға;
қарамағындағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне ревизия жасауды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкiмдiгiне ұсыныстар енгiзу;
жиналыстарды өткiзу тәртiбiн ұйымдастыру, облыс әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысу;
Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын іске асыру;
өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық технологияларды енгізу;
облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде іс-шараларды іске асыруға жәрдемдесу;
астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
мақта саласын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Басқарманың саласына жататын салаларды дамыту үшін инвестициялар тарту;
агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Басқарма саласына жататын салаларда қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды және жеке тұлғалармен заңнамада белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1)ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу;
2)климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізу;
3)климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындау;
4)климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
5)агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасы "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
6)агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
7)агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiліктілігін арттыру;
8)шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
9)"Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
10)агроөнеркәсіптік кешен өнімінің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
11)азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
12)әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
13)азық-түлік тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
14)облыстың агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
15)облыстың агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
16)ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;
17)асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
18)отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
19)агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес облыста зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
20)облыстың азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
21)агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
22)агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
23)кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
24)қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
25)ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
26)тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
27)басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялауды жүзеге асыру;
28)саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
29)жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу;
30)ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну
31)мыналар:
агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;
мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
32)бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;
33)агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау;
34)ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
35)агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;
36)Түркістан облысын азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
37)әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
38)әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияны құруға облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу және оның жұмысын ұйымдастыру;
39)әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну;
40)облыс әкімдігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу;
41)агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
42)ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауды жүзеге асыру;
43)агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
44)бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, негіздеу, іске асыру және нәтижелерге қол жеткізу;
45)мына бағыттар бойынша облыстың агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялауды жүзеге асыру:
тұқым шаруашылығын дамыту;
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту:
агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау;
астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу;
ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайту;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;
46)тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
47)уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;
48)тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;
49)рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
50)облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасау;
51)облыс бойынша тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады;
52)ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;
53)құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
54)бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
55)сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
56)Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңының 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
57)субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындау;
58)субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
59)байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
60)ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
61)тұқым шаруашылығы жөнiндегі мемлекеттік инспектордың ұсынысы негізінде:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізу;
62)астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
63)астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
64)табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
65)бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен пестицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
66)ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
67)өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;
68)астық қабылдау кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау;
69)Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
70)астық қабылдау кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;
71)Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
72)облыста астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
73)астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
74)"Астық туралы" ҚР Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
75)тізілім деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
76)астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
77)астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
78)астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
79)астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
80)астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
81)халыққа органикалық өнім өндіру туралы ақпарат беруді қамтамасыз ету;
82)органикалық өнім өндірушілер қызметінің Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және мониторингті жүзеге асыру;
83)Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін органикалық өнімді өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды анықтау және әзірлеу мақсатында Ішкі сауда объектілерін бақылау мен мониторингілеуді жүзеге асыру;
84)өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
85)арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
86)қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
87)саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
88)мыналар:
пестицидтерді өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді өткізу;
пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
89)карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
90)өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
91)мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
92)уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдау;
93)коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
94) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізу;
95)су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
96)бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолдану;
97)су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
98)тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
99)су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
100)облыста орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру;
101)жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлеу;
102)ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
103)асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
104)асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
105)облыста өзге де ауыл шаруашылығы саласында өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
5) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
6) келісімшарттар жасасады;
7) сенімхаттар береді;
8) банктік шоттар ашады;
9) өз уәкілеттігі шегінде Басқарманың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің бірінші басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
11) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
12) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
13) қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
15) Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Түркістан" Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;
2) Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Тұран су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.