"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 147 қаулысына қосымша |
"Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарма құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20, индексі 161200.
10. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысы әкімдігі болып табылады.
11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
1) Түркістан облысы аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
6) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығын қалыптастыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да мақсаттарды атқарады.
15. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде облыс әкіміне білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар енгізу;
Басқармаға жүктелген функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіпте тиісті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан қажетті мәліметтерді, деректерді алу мақсатында мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен өзара әрекеттеседі;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша келісімдерге, өзге де құқықтық актілерге қол қою;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарына жауапкер немесе талапкер болады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды атқарады.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
16. Функциялары:
1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;
2) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз ету;
4) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
5) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз ету;
6) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастыру;
7) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз ету;
8) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
10) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
12) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
13) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
14) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
15) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
16) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту және орналастыру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
17) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
18) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
19) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету және жәрдемдесу;
20) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
21) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету;
22) жыл сайын 1 тамызға дейін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру;
23) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық ауқымда орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, аудандық (қалалық) ауқымдағы конкурстар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
24) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
25) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
26) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
27) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
28) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
29) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
30) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
31) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
33) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
34) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсыну;
35) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізу;
36) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
37) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз ету;
38) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
39) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасау;
40) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;
41) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
42) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлеу;
43) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
44) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
45) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
46) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
47) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлеу;
48) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету;
49) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру;
50) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу;
51) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің бірінші басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
52) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
18. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен әкімдігінің, жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Басқарма қызметкерлерінің, Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
5) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;
7) келісім-шарттар жасасады;
8) сенімхаттар береді;
9) банкте шоттар ашады;
10) өз уәкілеттігі шегінде барлық Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;
12) Басқарма басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;
13) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі, оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Басқарманың және қарамағындағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдар:
1)Түркістан облысының білім басқармасының "Түркістан қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
2)Түркістан облысының білім басқармасының "Кентау қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
3)Түркістан облысының білім басқармасының "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
4)Түркістан облысының білім басқармасының "Сауран ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5)Түркістан облысының білім басқармасының "Сайрам ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6)Түркістан облысының білім басқармасының "Түлкібас ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
7)Түркістан облысының білім басқармасының "Төлеби ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8)Түркістан облысының білім басқармасының "Қазығұрт ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9)Түркістан облысының білім басқармасының "Сарыағаш ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
10)Түркістан облысының білім басқармасының "Келес ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
11)Түркістан облысының білім басқармасының "Шардара ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
12)Түркістан облысының білім басқармасының "Жетісай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
13)Түркістан облысының білім басқармасының "Мақтаарал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
14)Түркістан облысының білім басқармасының "Бәйдібек ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
15)Түркістан облысының білім басқармасының "Ордабасы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
16)Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
17)Түркістан облысының білім басқармасының "Созақ ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
18)Түркістан облысының білім басқармасының "Қазығұрт ауданының мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19)Түркістан облысының білім басқармасының "Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20)Түркістан облысының білім басқармасының "Мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21)Түркістан облысының білім басқармасының "Жетісай ауданының мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22)Түркістан облысының білім басқармасының "Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23)Түркістан облысының білім басқармасының "Мәулен Қалмырза атындағы № 3 мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24)Түркістан облысының білім басқармасының "Сарыағаш ауданының № 4 мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25)Түркістан облысының білім басқармасының "Жамбыл Қаппаров атындағы № 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26)Түркістан облысының білім басқармасының "Маржан Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған № 12 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) Түркістан облысының білім басқармасының "Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) Түркістан облысының білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) Түркістан облысының білім басқармасының "Батырбек Өтеп атындағы мамандандырылған "Өнер" мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30)Түркістан облысының білім басқармасының "Абай атындағы "Білім-инновация" ер балалар лицей-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31)Түркістан облысының білім басқармасының "№ 5 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32) Түркістан облысының білім басқармасының ""№ 4 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 3 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) Түркістан облысының білім басқармасының ""№ 7 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 1 Арнайы кешен "Балабақша мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 11 санаториялық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) Түркістан облысының білім басқармасының ""№ 6 Арнайы кешен "Балабақша бастауыш мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 1 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
40) Түркістан облысының білім басқармасының "Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
41) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 7 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
42) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 8 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
43) Түркістан облысының білім басқармасының "Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
44) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 11 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
45) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 12 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
46) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
47) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 14 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
48) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 15 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
49) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 16 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
50) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 17 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
51) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 18 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
52) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 19 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
53) Түркістан облысының білім басқармасының "Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
54) Түркістан облысының білім басқармасының "Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
55) Түркістан облысының білім басқармасының "Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
56)Түркістан облысының білім басқармасының "Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
57)Түркістан облысының білім басқармасының "Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
58) Түркістан облысының білім басқармасының "Түркістан жоғары аграрлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
59) Түркістан облысының білім басқармасының "Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
60) Түркістан облысының білім басқармасының "Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
61) Түркістан облысының білім басқармасының "Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
62) Түркістан облысының білім басқармасының "Мақтарал аграрлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
63) Түркістан облысының білім басқармасының "Кентау көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
64)Түркістан облысы білім басқармасының "Білім беруді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
65) Түркістан облысының білім басқармасының "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
66)Түркістан облысының білім басқармасының "Облыстық жас туристер станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
67)"Түркістан облысының білім басқармасының "Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
68)"Түркістан облысының білім басқармасының "Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
69) Түркістан облысының білім басқармасының "Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
70)Түркістан облысы білім басқармасының "Т. Тәжібаев атындағы отбасы үлгідегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
71)Түркістан облысының білім басқармасының "Төлеби отбасылық үлгідегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
72)Түркістан облысының білім басқармасының "Жетісай қаласы "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
73) Түркістан облысының білім басқармасының "Мақтарал ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
74) Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
75) Түркістан облысының білім басқармасының "Арыс қаласының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
76) Түркістан облысының білім басқармасының "Төлеби ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
77)Түркістан облысының білім басқармасының "Созақ ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
78) Түркістан облысының білім басқармасының "Түлкібас ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
79) Түркістан облысының білім басқармасының "Сайрам ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
80) Түркістан облысының білім басқармасының "Сарыағаш ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
81) Түркістан облысының білім басқармасының "Бәйдібек ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
82) Түркістан облысының білім басқармасының "Кентау қаласының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
83) Түркістан облысының білім басқармасының "Түркістан қаласының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
84) Түркістан облысының білім басқармасының "Ордабасы ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
85) Түркістан облысының білім басқармасының "Шардара ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
86) Түркістан облысының білім басқармасының "Қазығұрт ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
87)Түркістан облысының білім басқармасының "Келес ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
88)Түркістан облысының білім басқармасының "Сайрам ауданының № 1 "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
89) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
90) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
91) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
92) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
93) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
94) Түркістан облысының білім басқармасының "№ 6 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
95)Түркістан облысының білім басқармасының "Түркістан облысының "Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
96)Түркістан облысының білім басқармасының "№ 7 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
97)Түркістан облысының білім басқармасының "№ 8 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
98)Түркістан облысының білім басқармасының "№ 9 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 18.01.2024 № 10 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).