Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 18.01.2024 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023-2024 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 06 қазандағы № 223 қаулысына қосымша |
2023-2024 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім беру саласының коды және сыныптамасы | Білім беру бағдарламаларының атауы | 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі | Оқу жылында 1 маманды оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (теңге) күндізгі оқу |
11 | Бакалавриат ВМ086 | Жалпы медицина | 15 | 1 188 000 |
22 | Бакалавриат В057 |
Ақпараттық техналогиялар | 20 | 1 004 700 |