Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 43, 67, 69 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Түркістан облысының "Энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өтінішіне, Арыс қаласының жер комиссиясының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 қорытындысына және Арыс қаласының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 66 "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысының "Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округі аумағынан электр желісі және бағаналары үшін аумағы – 2862,0 шаршы метр жер учаскесі шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай, қысқа мерзімге 5 /бес/ жылға жалға қауымдық сервитут болып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын Арыс қаласының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Сералиев жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қуандыққа жүктелсін.
Қала әкімі | Г.Құрманбекова |