"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 282 "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.А.Исмаилов |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 04 қыркүйектегі № 223 қаулысына қосымша |
|
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 282 қаулысына қосымша |
"Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғанының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы , Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі № 88 үй, индекс 160300.
10. Осы ереже Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтайшысы Қазығұрт ауданы әкімдігі болып табылады.
11. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым- қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
- Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- Қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
2) Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
- мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
- мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
3) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құру ұсыныс енгізеді;
4) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;
5) аудандағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстың жергілікті атқарушы органына хабарлау;
6) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
7) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
8) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
9) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдау;
10) облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;
11) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
12) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
13) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді;
14) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметі;
15) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
16) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
17) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
18) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
19) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
20) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
21) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
22) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
23) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
24) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;
25) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы аудан әкімдігінің қаулысын әзірлейді;
26) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы аудан әкімдігінің қаулысын әзірлейді;
27) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
29) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
30) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
31) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
32) мемлекеттің кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырады;
33) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу функцияларын жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
3) бұйрықтар шығарады және Мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті нұсқаулар береді;
4) қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) Мекеме қызметкерлерінің белгіленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде штат кестелерін бекітеді;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісін және мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
8) өз құзыреті шегінде Мекеменің қаражаты мен мүлкіне иелік етеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
24. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.