Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16, 17, 43 және 69 бабтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "3-Энергоорталық" акционерлық қоғамына Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі аумағында магистралды газ құбырының құрылысын жұргізу үшін жалпы көлемі 27,0 гектар жер учаскесіне жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгілеу мақұлдансын.
2. Сервитут белгілеу туралы түпкілікті шешім қабылдауды Түркістан облысы әкімдігінен сұралсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевқа жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Б.Хасанов |