Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. "Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекенінен 35 кВ электр желісінің құрылысы үшін 11, 116 гектар жер учаскесіне, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан уақытша өтеусіз қысқа 2 (екі) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық округінің әкімі | А.Елибаев |