"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2023 жылға Түркістан облысы Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Төлеби ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 01 желтоқсандағы № 594 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күніне бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Телғараев |