2023 жылға Түркістан облысы Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 594 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 2 қазандағы № 642 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 02.10.2023 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күніне бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.

      5. "Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулы тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      2) осы қаулының Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау және өзге де туындайтын шараларды қамтамасыз ету осы салаға жетекшілік ететін Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дуйсебаевқа және Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Бейсебаеваға жүктелсін.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төлеби ауданының әкімі Т. Телгараев

  Төлеби ауданы әкімдігінің
"01" "12" 2022 жылғы № 594
қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

р/с

Ұйым атауы

жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Фуд Мастер-Шымкент Компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

119

0.8

1

2

"Балмуздак" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

200

0.5

1

 
  Төлеби ауданы әкімдігінің
"01" "12" 2022 жылғы № 594
қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

р/с

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Төлеби ауданы Ленгер қаласы әкімі аппаратының Ленгір Тазалық коммуналдық мемлекеттік мекемесі

30

3,3

1

2

Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ленгір су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

106

0,9

1

 
  Төлеби ауданы әкімдігінің
"01" "12" 2022 жылғы № 594
қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота

р/с

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Төлеби аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жарық жол" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

1,8

1

2

Түркістан облысының адами адами әлеуетті дамыту басқармасының "№8 колледж" мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны

122

0,8

1

3

Түркістан облысының адами адами әлеуетті дамыту басқармасының "Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

110

0,9

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады