Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округi әкiмiнiң 04.01.2024 № 01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7- тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 27 қазандағы № 08-02-07/330 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Төлеби ауданының, Киелітас ауылдық округіне қарасты Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесі № 34 үйден иттің "құтыру" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесіне шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкімінің орынбасары Н.Садықбековке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Киелітас ауылдық округінің әкімі | П.Туребеков |