Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Шардара қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесіне Шардара қаласының аумағынан талшықты- оптикалық байланыс желісі құрылысы үшін жалпы көлемі 2,0 гектар жер учаскесін, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Сүйетке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | О.Айдосов |