Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Шардара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 335 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына 2023 жылға квота белгілеу туралы" және Шардара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 351 "Шардара ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2023 жылға квоталар белгілеу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Шомпиевке жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К.Жолдыбай |