Мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына 2023 жылға квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 335 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 250 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 08.09.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 6-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының қабылдануына орай заңнамаларда белгіленген тәртіппен тиісті жұмыстарды жүргізіп, жүзеге асыру Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ж.Турлыбеков) тапсырылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шардара ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К.Жолдыбай

  Шардара ауданы әкімдігінің
"14" желтоқсан 2022 жылғы
№ 335 қаулысына қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорынның, ұйымының, мекеменің атауы

Ұйымның штаттық құрамы

Квота мөлшері (%)

Жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдар саны

Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (дана)

10

Барлығы

2410


50

10

1

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Шардара аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

900

4

31

1

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Сырбек Каттебеков атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

281

4

1

1

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№12 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

139

3

3

1

4

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қазақстан жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

270

4

2

1

5

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

3

2

1

6

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

95

2


1

7

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Сырдария жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

192

3

4

1

8

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№2 Жамбыл Жабаев атындағы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

120

3

2

1

9

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Шардара мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

200

3

3

1

10

Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шардара аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

105

3

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады