ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 02.02.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2. тармағына, Азаматтық қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 48-бабына 2) тармақшасына және Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2023 жылғы 2 ақпандағы № 4 хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІМ:
1. 2023 жылдың 2 ақпанынан бастап Түркістан облысы Сауран ауданының Бабайқорған, Майдантал және Шаға ауылдық округтері аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Сауран ауданы әкімінің орынбасары Қ.З.Таукебаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім 2023 жылдың 2 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сауран ауданының Әкімі | Ғ. Үсенбаев |