Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодекстің 107 - бабына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 - бабтарына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65 - бабына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Сауран ауданы әкімдігінің № 386 қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиевке жүктелсін.
3. Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сауран ауданының әкімі | Ғ.Үсенбаев |