Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік мекемелердің мүліктік кешендерін аудандардың (қалалардың) коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 496 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
10-қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, № 100 үй, пошта индексі 070700".
2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (И.А. Чернышева):
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.