"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, "Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 28 қаулысының негізінде Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын және бекітілсін.
2. Облыс әкімі аппаратының басшысы (Б.К. Байахметов):
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Б.К. Байахметовке жүктелсін.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Нұрбаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы "19" мамырдағы № 105 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген |
"Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – облыс әкімінің аппараты) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Облыс әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Облыс әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Облыс әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Облыс әкімінің аппараты мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Облыс әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімінің аппараты басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Облыс әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Облыс әкімі аппаратының орналасқан жері: индексі 070019, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40.
Жұмыс режимі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Бес күндік жұмыс аптасы белгіленген. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс және кезекшілік облыс әкімі аппараты басшысының жеке актілерімен белгіленеді.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже облыс әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Облыс әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Облыс әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктер болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер облыс әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда түскен кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімінің аппарат басшысы мен оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігі қойған тапсырмаларды іске асыру бойынша заңнамада белгіленген құзыреті шегінде облыстың мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
14. Өкілеттіктер:
1) құқықтар:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың ақпараттық, оның ішінде құпия деректер базасына қолжетімділігі болуы тиіс;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын тексеруді ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдарының құрамына кіретін мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты бақылау іс-шараларын жүзеге асыру;
облыс әкімі аппаратының бақылауындағы тапсырмалар мен бақылау құжаттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін әкімдікке және облыс әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру;
ерікті өрт сөндірушілерге, ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражатын бөлу туралы шешім қабылдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, өртке қарсы ерікті құралымдарды жарақтандыруға жәрдем көрсету;
бюджет қаражаты болған жағдайда уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес уәкілетті органға оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің және оның ведомствосына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен құрылыстарын материалдық-техникалық жарақтандыруда, салуда, реконструкциялауда және жөндеуде жәрдем көрсету.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді.
15. Функциялары:
1) облыс әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз ету:
Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орталық мемлекеттік органдар басшылары, облыс әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы берген тапсырмаларды орындау бойынша ақпараттық, анықтамалық және талдамалық материалдар әзірлеу;
мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарларына, облыс әкімінің аппарат басшысына облысты дамыту мәселелері жөнінде талдамалық және ақпараттық материалдар әзірлеу;
облыс әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүргізу;
жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақтауын қамтамасыз ету;
облыс әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі функцияларын жүзеге асыру;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға мониторинг жүргізу;
2) облыс әкімінің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету:
облыс әкімдігінің мәжілістерінде, кеңейтілген аппарат және облыс әкімінің төрағалығымен басқа жиналыстарда қарау үшін жылдық мәселелер тізбесін әзірлеу, күн тәртібін жасау, облыс әкімдігінің мәжілістеріне материалдар әзірлеу, облыс әкімдігі мәжілістерінің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу және тарату, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін шығару, оларды тарату және сақтау;
облыс әкімі, оның орынбасарлары өткізетін кеңестердің өткізілуін ұйымдастыру, кеңестердің хаттамаларын әзірлеу;
іс қағаздарын, соның ішінде құпия іс қағаздарын, арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу;
облыс әкімі, оның орынбасарлары, облыс әкімі аппарат басшысының, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғасының және басқа лауазымды тұлғаларының азаматтарды қабылдауының тоқсандық кестесін әзірлеу және қабылдауды ұйымдастыру;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімінің аппарат басшысының атына келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша, электрондық, бейне өтініштерін, облыс басшылығының жеке қабылдауында түскен өтініштерді қарау, оларды бақылау және талдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің стажировкасы, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
жергілікті атқарушы органның мемлекеттік наградалар бойынша қызметін ұйымдастыру;
облыс әкімі және әкімдігінің актілерін, құжаттамаларды және облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімдігінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі, Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқарушы органдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, облыс, қалалар және аудандардың атқарушы органдары, сот, құқық қорғау органдарымен хат алмасуларын тіркеу, сақтау және архивке өткізуді қамтамасыз ету;
облыс әкімі және әкімдігінің құқық қорғау және арнайы органдарымен қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, адам саудасына қарсы күрес және облыс аумағында қоғамдық тәртіпті ұйымдастырудың өзге де мәселелері бойынша өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;
құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдау:
облыстың Терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру;
қызметтік ақпараттың, соның ішінде "қызметтік пайдалану үшін" және "құпия" және "аса құпия" белгілері бар таралуы шектеулі құжаттардың сақталуы мен қорғалуына мониторинг жүргізу;
құпиялық режимін сақтау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес құпиялық режимін сақтауды жүргізу және мониторингілеу;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етуді бақылау;
жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болуына мониторинг жүргізу;
көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қатысу;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Азматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беру;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық нормативтік құқықтық актілерді көрсетілетін қызметті берушілердің сақтауына мониторинг жүргізу;
халықты және ұйымдарды азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабардар ету;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру;
қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері болған жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншікті қорғау, қоғамдық тәртіпті қолдау жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсету;
азаматтық қорғауды басқарудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте құру және қолдау;
аварияларды, төтенше жағдайларды тексеруге қатысу;
бекітілген бюджеттік тағайындауларға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
төтенше жағдайларды жойғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;
азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;
игеріліп жатқан кен орындары аудандарында және сейсмикалық қауіпті өңірлерде қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын арттыру;
құлақтандыру мен хабардар етудің техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру;
облыстың авариялық және шұғыл қызметтерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету;
жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту;
дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен қаражат бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
төтенше жағдайлардың алдын алу, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі зардаптарды жою және нұқсанды азайту жөнінде шаралар әзірлеу және қабылдау;
қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
облыс аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсету, облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
облыс шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;
облыс шегінде әскерге шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар етуді және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника жеткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында өздерінің басқаруындағы облыстық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беру;
облыс шегінде арнаулы құралымдар құру және олардың қызметін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделерінде міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы экономикасының және халқының тыныс-тіршілігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қамтамасыз ету;
облыстың жұмылдыру жоспарларын әзірлеу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту, сондай-ақ облыс шегінде жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
облысты жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарлар өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасу;
жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;
жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
экономиканы жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізу;
аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін көздеу;
жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының қорғаныс мүддесінде аумақты жедел жабдықтау іс-шараларын орындау және қорғаныс мақсатында коммуникацияларды дайындауды қамтамасыз ету;
қорғаныс мақсатында көлік және басқа да техникалық құралдарды есепке алуды және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
халықты және аумақты қорғанысқа дайындауға қатысу, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың олардың тапсырыстары бойынша материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін қамтамасыз ету;
азаматтарды әскери есепке алуды және әскери қызметке даярлауды, оларды әскери қызметке шақыруды, әскери жиындарды және жұмылдыру бойынша шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
азаматтық және аумақтық қорғаныс бойынша іс-шараларды жоспарлауға қатысу және орындалуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қызметтік жайлар, көлік құралдары, техникалық ақпарат құралдары, телекоммуникация және байланыс құралдарымен, күтіп ұстау, қызмет көрсету және жөндеуді қоса алғандағы жиһаз бен казармалық жабдықтармен қамтамасыз ету, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алу, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындар, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде соғыс уақытының штат қажеттілігінің нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдардың қорларын құру, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен жиындар өткізу;
аумақтық әскерлердің аумақтық органдарына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді ұстауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісім бойынша облыстың аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;
қорғаныс саласындағы өз қызметін әскери басқару органдарымен үйлестіру және келісу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың қорғаныс кеңесін құру;
аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметін үйлестіру жөнінде облыс әкімінің жұмысын ұйымдастыру;
Шығыс Қазақстан облысы аумағында жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін облыс әкімдігінің тұрақты, іске асырушылық және (немесе) бақылау функцияларын қамтамасыз ету;
3) облыс әкімінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету:
сот және өзге де құқық қорғау органдарында облыс әкімінің және әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының мүддесін білдіру және қорғау;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімінің аппараты басшысының тапсырмалары бойынша облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлеу;
облыс әкімінің аппаратына келісімдеуге келіп түскен облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілері жобаларының сараптамасын ұйымдастыру;
аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың сұрау салуы бойынша соттардың шешімдеріне апелляциялық немесе кассациялық шағымдану немесе мұндай келісуден бас тарту құқығын келісу;
4) облыс әкімінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
облыс әкімінің, әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының қызметін үздіксіз ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
Облыс әкімінің аппараты қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
16. Облыс әкімінің аппаратында басшылықты облыс әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Облыс әкімінің аппарат басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Облыс әкімінің аппарат басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Облыс әкімі аппараты басшысының өкілеттігі:
1) Аппаратқа жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) Аппараттың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.;
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері Жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері Жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аппарат мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
9) Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
10) облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
11) мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
1 2) облыс әкімі аппаратының бұйрықтарына қол қояды;
13) облыс әкімінің аппаратын мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады, облыс әкімі аппаратының мүдделерін сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда ұсынуға сенімхаттар береді;
14) ИСО 9001: 2015 сапа менеджменті жүйесіне және ИСО 9001-2016 СТРК Мемлекеттік стандартына сәйкес облыс әкімі аппаратының жұмысын қамтамасыз етеді;
15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
16) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
17) облыс әкімі аппаратының барлық қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
18) облыстық жобалау басқармасының үлгілік базалық бағытына басшылықты жүзеге асырады;
19) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға жетекшілік етуді жүзеге асырады;
20) ол болмаған кезеңде облыс әкімі аппараты басшысының өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады;
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды..
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Облыс әкімі аппаратында заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
22. Облыс әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Облыс әкімінің аппаратына бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
24. Облыс әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті егер заңнамада өзгеше белгіленбесе өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Облыс әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Облыс әкімінің аппараты қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан облысының Авиациялық бөлімшесі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің істер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығын және жұмылдыруды қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.