Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 5/39-VI шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Тексеру комиссиясының негізгі міндеттері:
1) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуына жергiлiктi деңгейде сыртқы мемлекеттiк аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджет қаражатының, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуы саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi талаптарының сақталуын бақылау;
3) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын, облыстың, даму жоспарының және бюджеттiк бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Тексеру комиссиясының құқықтары:
1) облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуы туралы есептерді дайындау үшін қажетті құжаттаманы (ақпаратты) сұратады және алады;
2) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығарады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелерге мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті қолжетімділікті алады;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қаулыда немесе нұсқамада белгіленген мерзімдерде ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы растайтын құжаттары қоса берілген ақпаратын алады;
5) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
6) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді;
7) лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына (бұдан әрі – мәслихат) ұсыныстар енгізеді;
8) аумағында өздері жұмыс істейтін облыстық бюджетке, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуді қозғайды;
10) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, олар бойынша хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады;
11) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) және басқа мемлекеттік органдармен келісу бойынша бірлескен немесе қатар тексерулерді жүргізуге қатысады;
12) мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олардың келісімі бойынша), сондай-ақ қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды олар көрсететін қызметтеріне тиісті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып тартады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тексеру комиссиясының міндеттері:
1) аудиторлық есептердің және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептердің негізінде аудиторлық қорытындыны бекітеді;
2) Тексеру комиссиясының қаулыларын қабылдайды;
3) аудиторлық іс-шара және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
4) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға береді;
5) бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және Тексеру комиссиясының нұсқамаларын орындау мақсатында сотқа талап қоюды береді;
6) ішкі аудит қызметтерінің құжаттарын қоспағанда, басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды Қазақстан Республикасының азаматтық-процестік заңнамасына сәйкес сот заңсыз деп танымаса, оларды таниды;
7) мемлекеттік аудит нәтижелері танылған жағдайларда басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит материалдарын негізге ала отырып, мемлекеттік аудит көлемін қысқартады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда аудиторлық іс-шаралар мен тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады;
9) мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуді тиімді жоспарлау мақсатында, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті Тексеру комиссиясының ведомстволық ақпараттық жүйелері мен Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері бекітілгенге дейін олар туралы ақпарат алмасуды келісілген мерзімдерде жүзеге асырады;
10) тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелерін және оларға өзгерістерді келіседі;
11) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына оларда белгіленген мерзімдерде немесе, егер мерзімі көрсетілмеген болса, оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарау және орындау үшін қаулылар мен нұсқамалар жібереді.
12) өзі аудиторлық қорытындыда берген ұсынымдардың және міндетті түрде орындалуға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асырады;
13) жүргізілетін аудиторлық іс-шаралардың қорытындыларын жүйелі түрде талдайды, бюджеттің атқарылуы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарларын жинақтап қорытады және зерделейді, сондай-ақ бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады;
14) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындауды және Жоғары аудиторлық палатаға тиісті ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салулары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат ұсынады;
16) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында өз қызметі туралы ақпаратты орналастырады;
17) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Мәслихат Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысы және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Тексеру комиссиясының қызметі Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітетін мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуларын, тиісті мәслихаттардың шешімдерін және Тексеру комиссиясы Төрағасының бастамасын қоспағанда, Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.";
38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Жоғары аудиторлық палата бекітетін Тексеру комиссиясының мәслихаттарға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалған нысан мен құрылымға сәйкес, Тексеру комиссиясы жыл сайын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасайды және мәслихаттардың қарауына ұсынады.
39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Жоғары аудиторлық палата бекітетін Тексеру комиссиясының Жоғары аудиторлық палатаға ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалатын нысан мен құрылымға сәйкес, Тексеру комиссиясы тоқсан сайын есепті кезең үшін Жоғары аудиторлық палатаға өз жұмысы туралы ақпарат ұсынып отырады.".
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | Д. Рыпаков |