Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына, Риддер қаласының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы 23 наурыздағы кезектен тыс отырысының № 3 хаттамасына, "Риддер ЖЭО" акционерлік қоғамы басшылығының немқұрайлылығымен ағымдағы жылыту маусымы кезінде барлық 6 қазандықтың, 4 бу турбинасының, вагондар мен күл үйінділерін түсіру жүйесінің қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйіне, кредиторлық берешектің 3,1 млрд-қа дейін өсуіне алып келген, 61 қазандық агрегаттарын және станцияның басқа да өмірлік маңызды компоненттерін авариялық ажырату, көмір мен мазутты жөнелтуді тоқтатуға, 60 тәуліктен астам уақыт бойы бекітілген температуралық кестені сақтамауға (қала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ету шарттарын бұзу), 2023 жылғы 19 қаңтардағы №236324090000013 КАЖ-да тіркелген өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын жүйелі бұзуға станция жабдығының 86,4% - ға дейін тозуына (отын беру жолындағы өрт), 2023 жылғы 21 наурыздағы №236324090000049 (қазандық агрегаттарының бақылау және күштік кабельдерін балқыту №5, №6), 2023 жылғы 23 наурыздағы №236324090000051 (ұсақ дисперсті материал мен көмірдің ұшпа бөлшектерінің жарылуы) жол берілуіне байланысты, ШЕШТІМ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 16.01.2024 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).1. Риддер қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшылық жасау және жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу Риддер қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Нұрбахитұлы Байжуменовке жүктелсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 20.07.2023 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).3. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Д. Горьковой |