Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы Ереженің 16-тармағының 184-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасы белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
министрінің міндетін атқарушы | И. Кульшимбаев |
министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына қосымша |
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың Сыныптамасы
1. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы объектi аумағының шегiнен шықпаса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:
1) 5-тен астам, бiрақ 10-нан көп емес адам қаза болса;
2) 50-ден астам, бiрақ 100-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;
3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi бес мыңнан он бес мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай объектiлiкке жатады.
2. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы өндiрiстiк немесе әлеуметтiк мақсаттағы объектiнiң аумағы шегiнен шықса және облыстың екi ауданының шегiнен шықпаса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:
1) 10-нан астам, бiрақ 50-ден көп емес адам қаза болса;
2) 100-ден астам, бiрақ 500-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;
3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi он бес мыңнан жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жергiлiктiге жатады.
3. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы бiр облыстың кемiнде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екi облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:
1) 50-ден астам, бiрақ 200-ден көп емес адам қаза болса;
2) 500-ден астам, бiрақ 1500-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;
3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi жүз мыңнан екi жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай өңiрлiкке жатады.
4. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облысының аумағында болса не шектес мемлекеттердiң аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:
1) 200-ден астам адам қаза болса;
2) 1500-ден астам адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;
3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi екi жүз мыңнан аса айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жаһандыққа жатады.