Ескерту. Шешім жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округі әкімінің 05.04.2023 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 07 наурыздағы № 87 ұсынысына сәйкес, Аққайнар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округінің Аққайнар ауылында мүйізді ұсақ малдары арасында қой күлі (оспа) ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аққайнар ауылдық округінің әкімі | С. Курманов |