Ветеринариялық карантинді алу және "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округінің Аққайнар ауылында карантин белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 3 шешімін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 46 – бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 04 сәуірдегі № 118 ұсынысына сәйкес, Аққайнар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округі Аққайнар ауылының аумағында мүйізді ұсақ малдарының қой күлі ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округінің Аққайнар ауылында карантин белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 3 шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аққайнар ауылдық округінің әкімі С. Курманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады