Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің 04.07.2023 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 25 сәуірдегі 150 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы Қазақстан көшесіндегі № 11 үйге мүйізді ірі қара малында құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Солоновка ауылдық округінің әкімі | М. Елеусизов |