"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2023 жылғы 3 шілдедегі № 306 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы Қазақстан көшесіндегі №11 үйде мүйізді ірі қара мал арасында құтырық ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық – санитарлық іс - шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы Қазақстан көшесіндегі №11 үйге шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2 шешімі жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солоновка ауылдық округінің әкімі | М. Елеусизов |