Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабы 1-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшері бір шаршы метр үшін 2024 жылға 47,60 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы | М. Желдыбаев |