Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 50 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 тіркелген) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Балтаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н.Төреғалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
"__" _________
№___ қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары

Әкімшілік-аумақтық бірлік

Бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері, теңге килограмына

Қолданылу мерзімі

1

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

Батыс Қазақстан облысы

309

30 күнтізбелік күн


Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 17 февраля 2023 года № 50

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности", приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года №282 "Об утверждении правил установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №11245), на основании рекомендации Комиссии по утверждению размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый размер предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары.

      2. Государственному учреждению "Управлению предпринимательтва и индустриально-инновационного развития Западно-Казахстанской области" обеспечить опубликование настоящего постановления в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима Западно-Казахстанской области Балтаевава Е.Т.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким области Н. Турегалиев

  Утвержден
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от "__" _______ 2023 года №___

Размер предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Социально значимые продовольственные товары

Административно-территориальная единица

Размер предельно допустимых розничных цен, тенге за килограмм

Срок действия

1

Кефир, 2,5% жирности, в мягкой упаковке

Западно-Казахстанская область

309

30 календарных дней