Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 маусымда № 11245 тіркелді.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 11.06.2021 № 405-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрдің
міндетін атқарушы
Т. Жақсылықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 20 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 9 сәуір


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 282 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 01.08.2018 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген) бекітілген тізбе бойынша белгіленеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.11.2023 № 406-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана аумағында әрбір тоқсан үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының әрқайсысы бойынша бөлек айқындалады.

2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу тәртібі

      4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінің мөлшерін есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

      Pi = Sp + L + M1 + M2 + St

      Мұнда:

      Pi – i-тоқсан үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні, теңгемен;

      Sp – өңірде өндірушілер болмаған жағдайда өндірушілердің коммерциялық ұсынысы немесе көтерме саудагердің орташа бағасы негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілердің орташа сату бағасы;

      L – өңірде өндіруші болмаған жағдайда коммерциялық ұсыныстар негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына өнiмдерiн өндiрушiден/көтерме саудагерден өткiзу орнына дейiн жеткізу бойынша орташа логистикалық шығындары;

      M1 – ішкі сауданың көтерме субъектілерінің әрбір буынына орташа сату бағасының 15% аспайтын мөлшердегі сауда үстемеақылары;

      M2 – ішкі сауданың бөлшек сауда субъектілерінің әрбір буынына орташа сату бағасының 15% аспайтын мөлшердегі сауда үстемеақылары;

      St – сақтаудың орташа шығындары;

      Өндірушілердің орташа сату бағаларын, жеткізу бойынша логистикалық шығындарды, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сақтауға арналған шығындарды жергілікті атқарушы органдар өндірушілердің ағымдағы сату бағаларын, өндірушілерден немесе басқа қоймалардан өңірдегі жеткізу және сақтау құнын талдау арқылы анықтайды.

      Бұл ретте, өндірушілердің, көтерме саудагерлердің және сауда-логистикалық компаниялардың жалпы саны кемінде бес ірі және бес орташа/шағын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауаларын өткізушілерді құрауға тиіс. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар өндірушілер, көтерме саудагерлер және сауда-логистикалық компаниялар бойынша көрші өңірлердегі бағаларды талдауды жүзеге асырады.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері өндірушілер мен ішкі сауда субъектілерінің залалды қызметіне әкеп соқтырмауға тиіс.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) мемлекеттік статистика органдарының деректері негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті мәндері мен ағымдағы бөлшек сауда бағаларына салыстырмалы талдау жүргізеді және тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 11.06.2021 № 405-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы тоқсанға арналған шекті мәндерін белгілеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде макроэкономикалық талдау жүргізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Макроэкономикалық талдау қорытындылары бойынша уәкілетті органның тиісті шешімін алғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеудің алдындағы алдағы тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері белгіленеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін айқындау тәртібі

      8. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге:

      1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен 15%-ға асып түскен жағдайда;

      2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен асуымен қоса 30 күн ішінде бөлшек сауда бағаларының бір уақытта 30%-ға өсуі кезінде күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен белгілейді.

      9. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің 15%-дан аспайтын ұлғайтуға жол бере отырып, олардың бөлшек сауда бағаларының белгіленген шекті мәндері деңгейінде бекітіледі.

      Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда (су тасқыны, құрғақшылық, мал мен құстың өлімі, зиянды жәндіктердің шабуылы, жер сілкінісі және өзге де дүлей зілзалалар, өндірістік іркілістер (сынулар), оның ішінде тиісті өнімге әлемдік бағаның өсуі, Қазақстанға импорттық өнімді әкелуге шектеу шараларын енгізу және жеткізілімдегі күтпеген іркілістер тауарларды өндіру мен өткізудегі бағаның өсуі) жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін ескермей, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге жол береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу туралы шешім Қазақстан Республикасының тиісті өңірінің аумағында рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары енгізілетін азық-түлік тауарларының атауларын, осындай тауарларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері және мерзімдерін көрсете отырып өткізілетін Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қаулысымен бекітіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Комиссия құрамы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің өкімімен бекітіледі. Комиссияның жұмыс органы жергілікті атқарушы орган болып табылады.

      Комиссияның Төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары болып табылады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және комиссияның ұсынымдар қабылдау кезіндегі дауыс беру құқығына ие емес. Комиссия құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілдері, ішкі сауда субъектілерінің және салалық қауымдастықтар мен одақтар өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ және Төрағаны қоса алғанда кемінде 7 адамды құрайды. Ішкі сауда субъектілерінің өкілдері Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде 40% құрайды.

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары Комиссия отырысына қаралатын мәселенің сипатына байланысты ішкі сауда субъектілерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ұсынымдар қабылдау кезінде Комиссия:

      1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру орындарынан өңірдің аумақтық алшақтығын;

      2) халықтың сатып алу қабілеті мен тығыздығын;

      3) өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сақтау жағдайлары мен мүмкіндіктерін;

      4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің экономикалық орындылығын есепке алады.

      14. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларда Комиссия бес жұмыс күн ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігіне ұсыным енгізеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 11.06.2021 № 405-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Комиссияның жұмыс органы шешім қабылданғанан кейін бір күндік мерзімде уәкілетті органды және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілгендігі туралы ақпарат таратады.

      17. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту кезінде жергілікті атқарушы органдар Заңның 8–бабы екінші бөлімінің 2) тармақшасына сәйкес қабылданған шешімнің аталған тауарларға баға белгілеуге ықпалына мониторинг және талдау жүргізеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Бірнеше өндірушілерден немесе көтерме жеткізушілерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары болған жағдайда ішкі сауда субъектісі осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының кемінде екі позициясына (ассортиментіне) белгіленген шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін сақтауға қажет.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 17.05.2023 № 176-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады