Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 10 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 13.12.2023 № 32 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және 2023 жылғы 10 наурыздағы Орал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының № 3  хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы зардап шеккен объектілерді тексеру жүргізсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі М. Сатқанов

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Решение акима города Уральска Западно-Казахстанской области от 13 марта 2023 года № 10. Утратило силу решением акима города Уральска Западно-Казахстанской области от 13 декабря 2023 года № 32

      Сноска. Утратило силу решением акима города Уральска Западно-Казахстанской области от 13.12.2023 № 32 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера" и на основании протокола внепланового заседания комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций при акимате города Уральск от 10 марта 2023 года №3, РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба в городе Уральск Западно Казахстанской области.

      2. Руководителю государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Уральска" провести обследование пострадавших объектов.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким города Уральска М. Сатканов