Орал қаласы әкімінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 10 шешімі "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 32 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Орал қаласы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2023 жылғы 13 наурыздағы № 10 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179043 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Бірыңғай мемлекеттік-құқықтық жұмыстар қызметі бөлімінің басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орал қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Сатқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады