Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің 06.09.2023 № 31 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48–бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Бәйтерек ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | М.Токжанов |