Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бәйтерек ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 6-26 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Н.Хайруллин |