Бәйтерек ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 6-26 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 24.11.2023 № 9-25 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Н. Хайруллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады