Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабы және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 2023 жылғы 31 шілдедегі №1.1-1/12 "Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының" хаттамасы негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Казталов ауданы әкімінің орынбасары Г.Алибеков тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі | А.Саркулов |