Казталов ауданының, Жалпақтал ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 18 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабы және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 2023 жылғы 31 шілдедегі №1.1-1/12 "Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының" хаттамасы негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Казталов ауданы әкімінің орынбасары Г.Алибеков тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі А.Саркулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады