Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 13 шілдедегі қорытындысы негізінде, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Достық ауылдық округі, Достық ауылының көшелері атаулары:
"Вокзальная" көшесі – "Махамбет Өтемісұлы" көшесі;
"Железнодорожная" көшесі – "Сұлтан Бейбарыс" көшесі;
"Мячин" көшесі – "Бауыржан Момышұлы" көшесі;
"Октябрьская" көшесі – "Сырым Датұлы" көшесі;
"Суворов" көшесі – "Мәншүк Мәметова" көшесі;
"Урожайная" көшесі – "Әлия Молдағұлова" көшесі;
"Чапаев" көшесі – "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;
"Элеваторная" көшесі – "Тайыр Жароков" көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Достық ауылдық округінің әкімі | Х. Ахметов |