Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Достық ауылдық округі Достық ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 17 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 13 шілдедегі қорытындысы негізінде, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Достық ауылдық округі, Достық ауылының көшелері атаулары:

      "Вокзальная" көшесі – "Махамбет Өтемісұлы" көшесі;

      "Железнодорожная" көшесі – "Сұлтан Бейбарыс" көшесі;

      "Мячин" көшесі – "Бауыржан Момышұлы" көшесі;

      "Октябрьская" көшесі – "Сырым Датұлы" көшесі;

      "Суворов" көшесі – "Мәншүк Мәметова" көшесі;

      "Урожайная" көшесі – "Әлия Молдағұлова" көшесі;

      "Чапаев" көшесі – "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;

      "Элеваторная" көшесі – "Тайыр Жароков" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Достық ауылдық округінің әкімі Х. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады