"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы Ономастика комиссиясының 2024 жылғы 10 маусымдағы, Республикалық ономастикалық комиссияның 2024 жылғы 10 шілдедегі қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласында құрылған жаңа ауданға "Сарайшық" атауы берілсін.
2. Осы Астана қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімі қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Каналимов |