Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 137-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 21 қараша № 1365 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (бұдан әрі – ҚР ҚК) өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. ҚР ҚК-да өртке қарсы қорғаныс өрт қаупін болжау мен талдауды, өрт-профилактикалық іс-шараларын жүргізуді, өртті анықтау мен сөндірудің техникалық құралдарын ендіруді, адамдарды, қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы, мүлікті қорғау мен эвакуациялау қауіпсіздігі үшін жағдай жасауды қамтитын техникалық және ұйымдық іс-шаралары кешенін орындаумен қамтамасыз етіледі.
3. Әскери бөлім (мекеме) командирлері өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыруды және жай-күйін, сондай-ақ бағынысты бөлімде (мекемеде) жеке құрамның өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқып-үйретуден және нұсқау беруден, оның ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) сәйкес өрт-техникалық минимумынан өтуін қамтамасыз етеді.
Бөлімше командирлері, қызмет, шеберхана, цех, клуб, зертхана мен басқа да объекті бастықтары бағынысты бөлімшеде, қызметте және объектіде өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
4. Әскери бөлімде (мекемеде) қызмет өткеру, өрт сөндіру үшін штаттық (штаттан тыс) өртке қарсы қорғаныс взводы (командасы) құрылады.
5. ҚР ҚК-ның әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) өрт сөндіру есептобы кезекшілікті жүзеге асырады.
Өрт сөндіру есептобы (бөлімше) өрт автомобилімен жабдықталады және ҚР ҚК-ның объектілерінде өрт сөндіру міндеттерін дербес шешуге қабілетті ҚР ҚК өртке қарсы қорғаныстың бірінші тактикалық бөлімшесі болып табылады.
6. ҚР ҚК-ның штаттық өрт сөндіру взводы (командасы) үшін жауынгерлік және арнайы даярлық бағдарламасын Қорғаныс министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекітеді.
7. Штаттық (штаттан тыс) өрт сөндіру взводының (командасының) жеке құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін өртке қарсы қорғаныс мүлкімен жабдықтау нормаларына (бұдан әрі – нормалар) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11741 болып тіркелген) сәйкес өрт техникасымен және мүлкімен қамтамасыз етіледі.
8. Объектіде автоматты өрт сөндіру қондырғысы мен өрт дабылдамасын техникалық күтіп-ұстау және қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыруды әскери бөлім (мекеме) командирлері жүзеге асырылады.
2-тарау. Өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру
9. ҚР ҚК-да өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыруды:
штаттық өрт сөндіру взводы (командасы) – келісімшарт бойынша әскери қызметшілер;
штаттан тыс өрт сөндіру взводы (командасы) – келісімшарт бойынша саны 5 – 15 адамға дейін әскери қызметшілер жүзеге асырады.
Мерзімді қызмет әскери қызметшілерін өртке қарсы қорғаныс командасының құрамына қосуға жол берілмейді.
10. Өртке қарсы қорғаныс бөлімшесінің саны қызмет өткеруді сапалы ұйымдастыру мүмкіндік болмағанда, сондай-ақ өрт қаупі кезеңінде штаттық жеке құрамға әскери бөлім (мекеме) командирінің бұйрығымен саны кемінде 5 адам қосымша жеке құрам тағайындалады.
11.Штаттық өрт сөндіру техникасы болғанда әскери бөлімде (мекемеде) штаттық өрт сөндіру взводы (командасы) негізгі тағайындаудағы 1 бірлік өрт сөндіру техникасына 12 адам, кейіннен жеке құрам санын 3 (4) ауысымдық тәуліктік кезекшілік есебінен штаттық өрт техникасының болуына байланысты 2 бірлікке 18 адам есебінен жасақталады.
12. Өртке қарсы қорғаныс штаттық взводы (командасы) санынан өрт сөндіру бекетінде тәуліктік немесе әскери бөлім (мекеме) командирі белгілеген уақыт аралығында кезекшілік атқаратын өрт наряды тағайындалады.
Өрт сөндіру автомобилі (мотопомпасы) саны мен түрі қолданыстағы нормаларға сәйкес айқындалады.
Өндірістік цехта, шеберханада, сақтау орнында, паркте, жауынгерлік техника мен мүлік тұрған тұрақты және уақытша жұмыс пунктінде өрт сөндіру есептобы осы жұмысты орындайтын бөлімше адамдары қатарынан тағайындалады.
Есептоп құрамына тағайындалған адамдардың мәліметтері күнделікті айқындалады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрнекі жерде өрт есептобының арнайы тақтасына ілінеді. Бөлімше командирі (жұмыс жетекшісі) не сақтау орны, цех және басқа үй-жай бастығы өрт сөндіру есептобының бастығы тағайындалады.
13. Әскери бөлімнің (мекеменің) өртке қарсы қорғаныс қызметінде өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығымен әзірленеді және әскери бөлімнің (мекеменің) командирімен бекітіледі:
әскери бөлімнің (мекеменің) өртке қарсы қорғаныс жоспары (осы Қағидаларға 2-қосымша);
әскери бөлім (мекеме) өртке қарсы қорғаныс қызметінің мүлкін есепке алу мен техникалық жай-күйі кітабы (осы Қағидаларға 3-қосымша);
әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамымен өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқау беуді есепке алу журналы (осы Қағидаларға 4-қосымша) әзірленеді.
14. Әскери бөлімнің (мекеменің) штаттық өртке қарсы қорғаныс взводында (командасында):
өрт сөндіру нарядының ведомосы (осы Қағидаларға 5-қосымша);
бір айға әскери бөлім өртке қарсы қорғаныс взводының (командасының) ұйымдық-профилақтикалық іс-шаралар мен шаруашылық жұмыс жоспары (осы Қағидаларға 6-қосымша) әзірленеді.
3-тарау. Өрт-профилактикалық жұмысын ұйымдастыру
15. Қарулы Күштерде өрт-профилактикалық жұмыс Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабы басшылығының тапсырмалары мен ұйымдық нұсқауына сәйкес әскер түрі, әскер тегі және өңірлік басшылық әскері бірінші басшыларымен бекітілген негізгі іс-шаралар жоспары негізінде, сондай-ақ ведомствоішілік және ведомствоаралық кешенді комиссия құрамында жүргізіледі.
16. Гарнизондағы өрт-профилактикалық жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген ҚР ҚК гарнизондық және қарауылдық қызметтері жарғысына 1-қосымшаға және осы Қағидаларға сәйкес гарнизонның өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы жүзеге асырады.
4-тарау. Өрт сөндіру кезінде ҚР ҚК өртке қарсы қорғаныс қызметі мен ҚР ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өзара іс-қимыл жасау тәртібі
17. Өрт сөндіру кезінде ҚР ҚК өртке қарсы қорғаныс қызметінің басқару органдары мен бөлімшелерінің және ҚР ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өзара іс-қимыл жасау тәртібі азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамада айқындалған.
5-тарау. Өртке қарсы қорғаныс мүлкімен қамтамасыз ету
18. ҚР ҚК құрамаларын, әскери бөлімдерін (мекемелерін) өртке қарсы қорғаныс мүлкімен қамтамасыз ету баланста ұстайтын мемлекеттік мекеме жүргізеді.
19. Өртке қарсы қорғаныс қызметінің бюджетін жоспарлау мен орындауға жауаптылар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 1020 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар іс-шаралары мен жоспарлауға және орындауға жауапты лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес айқындалған.
20. Оқу-жаттығу, жиын мен басқа да іс-шаралар жүргізу кезінде шатыр қалашығын қамтамасыз ету қатысушы әскери бөлім (мекеме) тұрақты орласқан жерден өртке қарсы қорғаныс мүлкін әкелу арқылы жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Өрт сөндіру нарядының құжаттамасы ілінген стенд
Техниканы (мүлікті) эвакуациялау схемасы |
Өрт сөндіру есептобы | |||
Р/с № | Әскери атағы, Т.А.Ә (бар болса) | Іс-қимыл | ||
өрттің алдын алу бойынша | өрт шыққанда | |||
1 | __________ | Есептопқа нұсқау береді, оны міндеттермен таныстырады. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, жұмыс жасауды ұйымдастырады |
Өрт дабылын жариялайды. | |
Өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық | ||||
2 | __________ | Электр желісінің, телефон байланысы мен өрт дабылдамасының жай-күйін қадағалайды |
_____ телефоны арқылы өрт сөндіру взводын (командасын) шақыртады, өрт туралы әскери бөлім бойынша кезекшіге _______ телефон арқылы хабарлайды. | |
3 | __________ | Шылым шегу режимінің сақталуын және алғашқы өрт сөндіру құралдарының жай-күйін қадағалайды | Алғашқы өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндірушілерді, құмды, суды және т.б.) қолданады | |
4 | __________ | Жұмыс аяқталғаннан кейін объектіні өртке қарсы тексереді | Гильзаны соғып өрт туралы хабардар етеді, ішкі өрт сөндіру кранынан суды қосады | |
Бөлімше командирі__________________________ |
Ескертпе:
1. Стенд – ақ түсті. Стендінің жиегі, барлық жазу мен сызық – қызыл түсті. Стенд көлемі 1600 х 800 мм.
2. Есептоп бағанындағы жазулар әріптер биіктігі 15 мм қарпімен жазылады.
3. Сыртқы жиегінің ені – 5 см, сызық ені – 1 см.
4. Мүлік пен техниканы эвакуациялау схемасы, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптары жөніндегі нұсқаулық А-3 форматындағы альбом парағында жасалады және әйнекпен қапталған рамкада ілінеді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша |
Әскери бөлімнің өртке қарсы қорғаныс жоспары
1. Әскери бөлімнің өртке қарсы қорғаныс жоспары А-4 форматындағы парақта кітап түрінде әзірленеді және мынадай бөлімдерден тұрады:
1) әскери бөлімде (гарнизонда) өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі жалпы нұсқаулық;
2) өрт сөндіру үшін тартылатын күштер мен құралдар есебі;
3) қару-жарақты, жауынгерлік техника мен мүлікті эвакуациялау тәртібі;
4) өрт дабылы бойынша күштер мен құралдарды көтеру және лауазымды адамдарды хабардар ету тәртібі.
2. Жоспарға:
1) әскери бөлім командирінің штаттық емес өртке қарсы қызмет өрт сөндіру взводын (командасын) және өртке қарсы қызмет бойынша жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрығынан үзінді;
2) өрт сөндіру бекеті мен есептобын тағайындау туралы үзінді;
3) күзетуге тапсыру кезінде өртке қарсы тексерілетін үй-жай тізбесін жариялау туралы үзінді;
4) штаттық емес өртке қарсы қорғаныс взводы (командасы) жауынгерлік есептобының табелі;
5) әскери бөлім бойынша кезекшінің өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулығы;
6) әскери бөлімнің парк бойынша өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық;
7) әскери бөлімнің бақылау-өткізу пункт бойынша кезекшінің өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық;
8) қызмет өткеру уақытына өрт сөндіру нарядына (патруліне) нұсқаулық;
9) үй-жайды (ғимаратты) жабу алдында тексеру тәртібі туралы нұсқаулық;
10) штабтағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық;
11) казармадағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық;
12) парктегі өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық;
13) оқ-дәрілер тұрған сақтау орнындағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық;
14) қоймадағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық;
15) жанар-жағармай материалдары қоймасындағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық;
16) отын құю пунктіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық;
17) асханадағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық;
18) клубтағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық;
19) кезекші тартқыштың механик-жүргізушісіне нұсқаулық;
20) әскери бөлімнің жеке құрамымен өртке қарсы қорғаныс бойынша нұсқау беру тәртібі туралы нұсқаулық;
21) өрт жетонының үлгісі;
22) әскери бөлімнің өртке қарсы қорғаныс жоспарын іс жүзінде пысықтау туралы белгі парағы;
23) әскери бөлімнің өрт сөндіру құралдарының қажетті санының нормаларын есептеу.
1-үлгілік. Әскери бөлімдегі (гарнизондағы) өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі жалпы нұсқаулық
Барлық әскери қызметші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының 18-қосымшасында жазылған өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуге және қатаң орындауға, бар өрт сөндіру құралдарының тұратын жерін және оларды қолдана алуға тиіс.
Сыртқы қоршау периметрінен 50 м аралықтағы бөлімнің аумағы қоқыстан, құрғақ шөп пен бұтақтан ұдайы тазартылуға тиіс. Аумақты таза ұстауға жауапкершілік әскери қалашықтың үлкен комендантына және бөлімше командирлеріне жүктелсін.
Өрт сөндіру суымен жабдықтау көзіне, ғимаратқа кірмежол мен аумақ бойынша барлық өтпежол өрт сөндіру машинасының жүріп өтуі үшін бос болуға тиіс.
Ғимаратта, дәлізде, өтпежолда, негізгі және қосалқы есікте, сондай-ақ баспалдақ торында бөгет болмауға тиіс.
Өрт сөндіру құралдары, сорғы, мотопомпа, гидрант, кран мен басқа өртке қарсы жабдық ақаусыз және ұдайы әзірлікте ұсталуға тиіс.
Ғимаратта, паркте, қоймада тұрған өрт сөндіру құралдары оның сақталуына жауапты болатын бөлімшеге бекітіліп беріледі.
Өрт сөндіру құралдарын тағайындалмауы бойынша қолдануға жол берілмейді.
Шылым шегуге тек арнайы бөлінген және жабдықталған үй-жайда немесе жерде жол беріледі.
Телефон аппараты жанында өрт сөндіру взводын (командасын) шақырту тәртібі туралы жазба бар тақтайша болуға тиіс.
Күн сайын барлық шеберхана, сақтау орны, цех, парк және басқа да үй-жайды жабу алдында осы үй-жайға жауапты лауазымды адамдар, парк бойынша кезекші мен бөлімнің өрт сөндіру наряды адамдары өртке қарсы тексеруге тиіс.
Барлық үй-жай тексерілгенде, анықталған кемшіліктер жойылғанда және электр желісі сыртқы рубильниктен ажыратылғанда қарап-тексеру аяқталды деп саналады. Қарап-тексеру нәтижесі үй-жайды, оны жабу алдында өртке қарсы жай-күйін тексеру журналына жазылады, одан кейін үй-жайға жауапты адамға белгіленген үлгідегі жетон беріледі.
Бөлімде өртке қауіпті жұмыс үшін бөлім командирінің немесе оның орынбасарларының рұқсаты болуға және оны орындаған кезде өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіру бекеті қойылуға тиіс.
Өрт қауіпті жұмысқа және өрт сөндіру құралдары бар өрт сөндіру бекетін қоюға жауапкершілік бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына, ал парктегі жұмысты орындау үшін бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Өрт шығуының алдын алу үшін мыналарға жол берілмейді:
құрылысжайға, мүлік пен машина тұрған алаңға 50 м жақын жерде от жағуға;
қоймада, паркте, сақтау орнында және басқа да үй-жайда шылым шегуге және ашық отты қолдануға;
шатырда, жертөледе, баспалдақ алаңында және дәлізде жағармай материалы мен мүлкін сақтауға;
ғимараттың жертөлесінде өрт қауіпті сұйықтық пен материалды өңдеуге немесе сақтауға байланысты шеберхана мен қойма ұйымдастыруға;
казармадан, шеберханадан, клуб пен басқа да ғимарат пен үй-жайдан қосалқы есікті қорджалынға;
ақаулы пешті қолдануға, от жағу үшін жанғыш сұйықтық қолдануға, жанғыш материал мен мүлікті пешке жақын қалдыруға, ал от жанатын пешті қадағалаусыз қалдыруға, киімді пешке, түтін шығатынға, сондай-ақ от жағатын ауыздыққа қарсы жерге жайып кептіруге, пешті жеке құрам демалатын (ұйықтайтын) сағатта жағуға;
тұрмыстық электр-жылыту аспабын жанбайтын тұғырсыз қолдануға және оларды үй-жайды жылыту үшін қолдануға;
ақаулы электр өткізгішті және жабдықты қолдануға;
электр тарату қалқанындағы жанып кеткен сақтандырғышты (тұрақтандырғышты) өткізгіш жиынымен және басқа да заттармен ауыстыруға;
электр шамды қағазбен және матамен орауға, өткізгішті түсқағазбен, плакатпен және т.б. желімдеуге немесе жабуға, жарық түсіру құрылғысы үшін телефон өткізгішін қолдануға;
керосинді шамға жарық түсіру керосинінен басқа жанатын сұйықтық құюға;
еденді жағармай сұйықтығымен (бензинмен, керосинмен және т.б.) жууға және сүртуге;
ғимаратта қатып қалған су құбырын және басқа да құбырды, осы мақсат үшін буды, ыстық су мен басқа да қауіпсіз құралдарды қолдануды қоспағанда, ашық отпен (жалынмен, дәнекерлеу шамымен) жылытуға;
сүргіні ашық жалында немесе осы мақсат үшін жабдықталмаған электр пеште жылытуға;
өртке қарсы тексерілмеген үй-жайды (сақтау орнын) күзетуге тапсыруға.
Өрт дабылының белгілері:
қоңырауға (гильзаны) жиі-жиі соғу;
сирена және бөлім бойынша кезекшіден дауыстап хабарлау байланысы арқылы бірнеше рет қайталап "Өрт дабылын" хабарлау.
Өрт шыққанда бөлімнің лауазымды адамдарын хабардар ету жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өрт шыққанда бірінші байқаған адам:
өрт дабылын жариялауға;
өрт шығу туралы бөлім бойынша (парк бойынша) кезекшіге хабарлауға;
бар құралмен өрт сөндіруге кірісуге міндетті.
Бөлім және парк бойынша кезекшіде өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт шыққан жағдайдағы іс жүзінде әрекет ету бойынша нақты нұсқаулық болуға тиіс.
Өрт сөндіруге басшылық жасауды:
гарнизондық өрт сөндіру взводы (командасы) келгенге дейін лауазымды адамдар: бөлім бойынша кезекші, бөлім өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы;
гарнизондық өрт сөндіру взводы (командасы) келгеннен кейін өрт сөндіру жетекшісі – өрт сөндіру взводының (командасының) бастығы жүзеге асырады.
Өрт сөндіру үшін тартылған бөлімнің өрт сөндіру бөлімшесіне, күштері мен құралдарына жалпы басшылық жасауды бөлім командирі жүзеге асырады.
Үлгі |
КЕЛІСІЛДІ
Әскери бөлім командирі
20__ ж. "___" ______________
Қаланың (ауданның) өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің бастығы 20__ ж. "___" ____________ |
2. Өрт сөндіру үшін тартылатын күштер мен құралдар есебі
Р/с № | Өрт сөндіру бөлімшесі мен взводының (командасының) атауы | Жеке құрам саны(есеп) | Өрт-техникалық құралдар | Қандай жағдайда тартылады |
1 | Бөлімнің штаттық (штаттық емес) өрт сөндіру взводы (командасы) | 10 адам | АЦ-40 (131) өрт сөндіру автоцистернасы | Бөлімде өрт шыққанда шұғыл |
2 | Кезекші бөлімше | 20 адам | Өрт сөндіргіш, күрек, шелек, сүймен, балта | Барлық өрт шыққан жағдайда |
3 | Гарнизонның өрт сөндіру взводы (командасы) | 6 адам | АЦ-40 (131) өрт сөндіру автоцистернасы | Бөлім бойынша кезекшінің шақыртуы бойынша |
4 | Қаланың (ауданның) өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі | 2 жауынгерлік есептоп | Арнайы өрт сөндіру техникасы | Бөлім бойынша кезекшінің шақыртуы бойынша |
Ескертпе: Бөлімде барлығы өрт сөндіру құралдары: өрт сөндіру автомобилі – 1 бірл. (АЦ – 40 (131). мотопомпа – 10 бірл. өрт сөндіргіш – 150 дана өрт сөндіру су тоғаны – 5 – 50 текше м = 250 текше м өрт сөндіру гидранты – 15 дана ішкі өрт сөндіру краны – 50 дана
Үлгі |
3. Қару-жарақты, жауынгерлік техника мен мүлікті эвакуациялау тәртібі
Р/с № | Мүлік эвакуацияланатын ғимарат, құрылысжай атауы | Не эвакуацияланады | Күштер мен құралдар | Жетекші | Эвакуацияланатын жер | ||
1-ші кезекте | 2-ші кезекте | жеке құрам | көлік | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Бөлім штабы | Жауынгерлік ту, құпия құжаттар | Құпия емес құжаттар, штаб мүлкі |
- 30 адам | - | Штаб бойынша кезекші | Бөлім штабы алдындағы алаң |
2 | Казарма | Қару, оқ-дәрілер | Роталық мүлік, казармалық жабдық | Жеке құрам (батальон, рота) | 2 көлік автомобилі (маркасы, әскери нөмірі) | Бөлімше командирі (бөлім бойынша кезекші) | Саптық плац |
3 | Дөңгелекті және шынжыр табан машина сақталатын парк | Машинаны өрттенген сақтау орнынан | Машина өрттенбеген сақтау орнынан | 1 – 2-танк ротасы |
2 танк тартқышы, | Бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары (парк бойынша кезекші) | БТП жанындағы алаң |
4 | Қойма | Атыс қаруы | Атыс қаруына ҚҚК | 1-ші МАБ ротасы | 3 көлік автомобилі (маркасы, нөмірі) | Бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары, ЗАҚ қызметінің бастығы, қойма бастығы | Бекет жанындағы алаң |
Әскери бөлімінің штаб бастығы______________________
Өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы___________________
Үлгі
4. Өрт дабылы бойынша күштер мен құралдарды көтеру және лауазымды адамдарды хабардар ету тәртібі
Р/с | Кімді хабардар ету | Кім хабардар етеді | Хабардар етілетін адамның мекенжайы немесе телефоны |
2 | 3 | 4 | |
1 |
Штаттық (штаттық емес) өртке қарсы қорғаныс өрт сөндіру взводы (командасы) |
Бөлім бойынша кезекші |
Тел. |
Әскери бөлімнің штаб бастығы _______________________________
Үлгі
_________ әскери бөлімі командирінің бұйрығынан үзінді №
20__ ж. "___"__________ ___________ қ.
Бөлімнің штаттық емес өртке қарсы қорғаныс өрт сөндіру взводын (командасын) және өртке қарсы қорғаныс бойынша жауапты адамдарды тағайындау туралы
Әскери бөлімнің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және барлық өрт сөндіру құралын ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстау мақсатында:
1. Жөндеу ротасынан саны 10 адам штаттық емес өрт сөндіру взводы (командасы) тағайындалсын.
2. Жөндеу ротасының бастығы капитан А.С. Омарғазин бөлім өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы болып тағайындалсын.
Бөлім өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы күн сайын штаттық емес өрт сөндіру взводының (командасының) құрамынан өртті алдын алу және сөндіру бойынша қызмет өткеру үшін мынадай құрамда Өрт сөндіру нарядын тағайындасын:
наряд бастығы – 1;
өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі (мотопомпа моторшысы) – 2;
бекетші – 1.
3. Штаттық емес өрт сөндіру взводы (командасы):
бөлімде өрт-профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау;
барлық өрт сөндіру құралын (мотопомпаны, сорғыны, өрт сөндіргішті және т.б.) ұдайы әзірлікте ұстау және оларға техникалық қызмет көрсету;
өрт-бекеттік қызметті өткеру;
өртті және тұтануды жою жүктелсін.
4. Бөлім өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы:
профилактикалық жұмыста жалпыәскери жарғыларды, қызмет бойынша тәлімдемелер мен басшылықтарды басшылыққа алсын және олардың толық және нақты орындалуына қол жеткізсін;
бөлім бөлімшелерінің офицерлерімен және старшиналарымен өрт қауіпсіздігі қағидалары және өрт сөндіру құралдарын ұстау бойынша сабақ өткізсін, сондай-ақ өрт сөндіру взводын (командасын) арнайы даярлауды дербес жүргізсін;
бөлім жеке құрамының белгіленген өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауын күнделікті бақылауды жүзеге асырсын;
барлық өрт сөндіру құралының, өрт дабылдамасының, сумен жабдықтау көзінің ақаусыз болуын қадағаласын және олардың қолданысқа ұдайы әзірлігін қамтамасыз етсін;
өрт сөндіру тұрғысында ақаулы және қауіпті құрылғыны, жылыту, жарық түсіру аспабы мен т.б. пайдалануға жол бермесін;
нарядқа түскенде өрт сөндіру нарядының жеке құрамына нұсқау берсін, олардың өрт сөндіру бекетінде қызмет өткеруін тексерсін;
өрт сөндіру нарядының жеке құрамын нарядқа түсер алдында нұсқау берсін, өрт сөндіру бекетінде қызмет өткеруін тексерсін;
өрт сөндіруге жетекшілік етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау әскери бөлім штабының бастығына жүктелсін.
Әскери бөлім командирі _______________________
Дұрыс: әскери бөлімнің штаб бастығы__________________
20__ ж. "___ "_________________
Үлгі
_________ әскери бөлімі командирінің бұйрығынан үзінді №
20__ ж. "___"__________ ___________ қаласы
Өрт сөндіру бекетін және есептобын тағайындау туралы
Әскери қалашық, қойма, парк, жауынгерлік техниканы сақтау орны барлық ғимараты мен құрылысжайының және жеке құрамның орналасуын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұйырамын:
жұмыс уақытында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің және тұтанудың шығуын алдын алу үшін:
жауынгерлік машина паркінде (уақытша) жауынгерлік техникаға және көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету кезеңіне;
оқ-дәрілер мен жанар-жағармай материалдары қоймасында (уақытша) жаппай мүлік беру, түсіру немесе тиеу кезеңіне;
бөлім клубында (уақытша) жаппай мәдени іс-шаралар өткізу кезеңіне;
өрт-қауіпті жұмыс орнында (ашық жалынды қолдануға байланысты электр-газбен дәнекерлеу және т.б.), уақытша жұмыс кезеңіне;
техникалық аумақта (уақытша) найзағай уақытында өрт сөндіру бекеті қойылсын.
Өрт сөндіру бекетін жұмыс жетекшісі дербес оның қарамағында болатын жеке құрамнан қояды, ол туралы бөлім бойынша кезекшіге баяндауға міндетті.
Жұмыс орнында және бөлімшеде өрт қауіпсіздігі, өрт сөндіру және мүлікті эвакуациялау шараларының орындалуын бақылау үшін:
жауынгерлік машина паркінде (ПТҚ және бөлімшеде);
оқ-дәрілер, жанар-жағармай материалдары, МҚ, АҚ, ӘТМ және т.б. қоймасында (сақтау орнында) өрт сөндіру есептобы тағайындалсын.
Жұмыс жетекшілері (цех, сақтау орны және т.б. бастығы) өрт сөндіру есептобының жетекшісі болып тағайындалсын.
Есептопқа тағайындалған адамдардың міндеттерін бөлімше командирі (жұмыс жетекшісі) белгілейді.
Күн сайын өрт сөндіру наряды штаттық (штаттық емес) өртке қарсы қорғаныс взводының (командасының) құрамынан 8 – 22 сағат кезеңінде және найзағай кезеңінде қойылсын.
Өрт сөндіру наряды (патруль) тәуліктік наряд құрамына енгізіледі, бөлім бойынша кезекшіге, өртке қарсы қорғаныс взводының (командасының) бастығына бағынады және күн сайын ішкі наряд таратылымына шығарылады.
Өрт сөндіру нарядының әскери қалашық аумағын шолып-қарап өтуі әрбір екі сағат сайын белгіленген маршрут бойынша жүргізіледі.
Өрт сөндіру нарядының қызмет өткеруін бақылау бөлім бойынша кезекшіге және өртке қарсы қорғаныс взводының (командасының) бастығына жүктелсін.
Әскери бөлім командирі_______________________
Дұрыс: әскери бөлімнің штаб бастығы________________
20__ ж. "___ "_________________
Үлгі
_________ әскери бөлімі командирінің бұйрығынан үзінді №
20__ ж. "___"__________ __________ қ.
Күзетуге тапсыру кезінде өртке қарсы тексерілетін үй-жай (объекті) тізбесін жариялау туралы
Парктің, цехтың, шеберхананың, қойманың және басқа да өрт қауіпті үй-жайдың өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес күн сайын жұмыс күні аяқталғаннан кейін ғимараттың және құрылысжайдың өртке қарсы жай-күйі жетондық жүйе бойынша тексерілсін.
Р/с | Ғимарат пен құрылысжай атауы | Өртке қарсы жай-күйге және тапсыруға жауапкершілік | Кім тексереді |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жауынгерлік машина паркі (техника тұрған бокс пен алаң, ПТҚ, отын құю пункті) | Командирдің қару-жарақ жөніндегі орынбасары | Парк бойынша кезекші, өрт сөндіру наряды | |
Қойма: |
|
___ |
Объектінің өртке қарсы жай-күйін тексеретін адамдар осы мақсат үшін арнайы әзірленген нұсқаулықтарды және ҚК жарғыларының өртке қарсы қорғаныс жөніндегі талаптарын басшылыққа алсын.
Өртке қарсы қауіпсіздік бойынша барлық анықталған кемшіліктер үй-жайды жапқанға дейін жойылуға тиіс.
Үй-жайды әрбір қарап-тексеру нәтижесі тексеру журналына жазылады, ол объектілер бойынша кезекшіде сақталады.
Жүйелі және сапалы тексеруді бақылау бөлім өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығына және әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Әскери бөлім командирі_______________________
Дұрыс: әскери бөлімнің штаб бастығы____________________
20__ ж. "___ "_________________
Үлгі
Штаттық емес өртке қарсы қорғаныс взводы (командасы) жауынгерлік есептобының табелі
Жауынгерлік есептоп нөмірі | Негізгі міндеттері | |
Нарядқа түскенде | Жауынгерлік өрістету кезінде | |
1 | 2 | 3 |
Жауынгерлік есептоп бастығы | Автомобильді (мотопомпаны) жабдығы мен керек-жарағы жиынтығымен қабылдайды | Есептоптың өрт сөндіру, адамдарды және мүлікті құтқару бойынша әрекетке басшылық жасайды. Жауынгерлік өрістету кезінде есептоп нөміріне көмек көрсетеді |
Моторшы | Өрт сөндіру мотопомпасының ақаусыздығын, оған жанармай құйылғанын тексереді. Қосалқы бөлшектер мен керек-жарақ, сорғы құбыртүтігі, оларды қосуға арналған кілт, сорғы тор жарақ дәріқобдиша жиынтығын қабылдайды | Мотопомпаны өрт сөндіру сумен жабдықтау көзіне орнатады, сорғыш құбыртүтікті қосады, сорғыны іске қосады және құбыртүтік желісіндегі қысымды реттейді. Команда бойынша су береді |
Бірінші нөмір | "А" өрт сөндіру оқпанын, қысым құбыртүтігін, өрт сөндіру үш саңылаулы тармақты, құбыртүтік тіреуішін, жарақты қабылдайды | Құбыртүтік желісін салады және оқпанмен әрекет етеді. Екі "Б" оқпаны берілген кезде екінші нөмірмен бірге таратудан магистральдық желіні, жұмыс желісін салады және оқпанмен әрекет етеді |
Екінші нөмір | "Б" өрт сөндіру оқпанын, қысым құбыртүтігін, Г-600, құбыртүтік қысқышын, жарақты қабылдайды | Бір "А" оқпаны берілген кезде бірінші нөмірмен бірге тармақ желісін салады және шағын оқпанмен әрекет етеді. Екі "Б" оқпаны берілген кезде бірінші нөмірмен бірге магистральдық желіні салады, таратуды орнатады, екінші құбыртүтік желісін салады, оқпанмен әрекет етеді |
Үшінші нөмір | Суы бар өрт сөндіру ыдысының толтыруын тексереді. Асбестті жабынды, балтаны, багорды қабылдайды | Таратуды орнатады, оқпанмен әрекет етеді. 1-ші және 2-ші нөмірге көмек көрсетеді |
________ әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы
Ескертпе: табель өрт сөндіру автомобилі (тіркемесі бар мотопомпа) тұрған үй-жайда (алаңда) ілінеді.
Үлгі
Бөлім бойынша кезекшінің өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық
Бөлім бойынша кезекші бөлімде ішкі тәртіптің сақталуына және ол тұрған жерде өртке қарсы қағидалардың орындалуына жауапты болады.
Ол:
1) кезекшілікке түскенде:
бөлім өртке қарсы қорғаныс жоспарынан үзіндіні және өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықты зерделеуге;
тәуліктік нарядқа таратылымда өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт шыққанда әрекет ету бойынша дербес нұсқау беруге;
штаттық емес өртке қарсы қорғаныс өрт сөндіру взводының (командасының) құрамын және бөлім бөлімшесі кезекшісінің әзірлігін тексеруге, дабыл бойынша шақырту тәртібін нақтылауға;
әскери қалашық аумағында су көзі тұрған жерді, оларға өтпежол мен кірмежолдың ақаусыздығын нақтылауға;
бөлімше және объекті бойынша кезекшілер арқылы су көзінде судың, бөлім штабының ғимаратында өрт сөндіру құралдарының болуын және олардың қолданысқа әзірлігін тексеруге;
2) кезекшілік уақытында:
бөлім жеке құрамының шылым шегу, өрт қауіпті жұмыс режиміне, жылыту және жарық түсіру аспабын дұрыс қолдануға назар аударып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында айқындалған өртке қарсы қағидаларды сақтауын бақылауға;
өрт сөндіру нарядының (патрулінің) қызмет өткеруін тәулігіне бір реттен сиретпей тексеруге;
жұмыс күні аяқталар алдында өрт сөндіру кезекшісін үй-жайды жабу алдында өртке қарсы жай-күйін тексеру үшін жіберуге;
бөлімнің барлық үй-жай мен ғимаратының өрт қауіпсіздігі жөніндегі кемшіліктерін жоюға пәрменді шаралар қабылдауға;
өрт сөндіру құралдары мен жабдығын тағайындалмауы бойынша қолдануға жол бермеуге;
3) өрт шыққанда:
штаттық (штаттық емес) өртке қарсы қорғаныс өрт сөндіру взводына (командасына) және бөлім бөлімшесінің кезекшісіне _____ телефоны арқылы өрт дабылын жариялауға;
күштер мен құралдар есебіне сәйкес өртке қарсы қорғаныс взводын (командасын) шақыртуға;
бөлім командиріне ____ телефоны арқылы өрт туралы баяндауға және тізбеге сәйкес лауазымды адамдарды хабардар етуге;
бөлім лауазымды адамдары мен өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін өрт сөндіруді, адамдарды, жауынгерлік техника мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыруға;
өрт шыққан жерді күзетуді қамтамасыз етуге;
бөлім штабының ғимаратында өрт шыққанда бірінші кезекте Жауынгерлік туды, адамдарды, қару мен құпия құжаттарды құтқаруды ұйымдастыруға;
құпия іс жүргізу бөлмесінде өрт шыққанда:
шабарман немесе _______ телефоны арқылы құпия іс жүргізу бастығын шақыртуға және онымен бір уақытта қарауыл бойынша кезекшіге құпия бөлмені ашуға рұқсат туралы баяндауға;
құпия іс жүргізуге жауапты адам келгенге дейін құпия бөлімнің бөлмелерін ашуға және осы нұсқаулыққа сәйкес өрт сөндіруді ұйымдастыруға, ал ол келгеннен кейін құпия іс жүргізуді уақтылы эвакуациялауға және оны сенімді күзетуге;
құпия үй-жайды ашқаны және одан құжаттарды шығарғаны туралы акті жасауға міндетті.
Әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары ___________
Үлгі
Әскери бөлімнің паркі бойынша кезекшінің өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулығы
Әскери бөлімнің паркі бойынша кезекші паркте ішкі тәртіптің сақталуына және жеке құрамның өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауына жауапты болады.
Ол:
1) кезекшілікке түскенде:
парктегі өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықты және өрт шыққанда техниканы шығару жоспарын зерделеуге;
кезекші тартқыштың әзірлігін, сүйрету құралымен оның қамтамасыз етілгенін және өрт сөндіру автомобилінің (тіркемесінің) әзірлігін тексеруге;
тізілімге сәйкес өрт сөндіру қалқаны мен жабдығының (өрт сөндіргіштің, мотопомпаның және т.б.) болуын, жиынтығын және жай-күйін тексеруге;
парктегі сумен жабдықтау көзі (өрт су тоғаны, гидрант, кран) тұрған жерді және онда судың болуын нақтылауға;
бөлім бойынша кезекшімен байланыс құралының ақаусыздығына көзін жеткізуге;
2) кезекшілік уақытында:
бөлім жеке құрамының шылым шегу, өрт қауіпті жұмыс режиміне, жылыту және жарық түсіру аспабын дұрыс қолдануға назар аударып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында айқындалған өртке қарсы қағидаларды сақтауын бақылауға;
өрт сөндіру құралдары мен жабдығын тағайындалмауы бойынша қолдануға жол бермеуге;
техникаға регламенттік жұмыс және жаппай қызмет көрсету күні өрт сөндіру бекетін қоюға және парк наряды немесе штаттық емес өрт сөндіру взводы (командасы) құрамынан өрт-патрульдік қызметті ұйымдастыруға;
өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу анықталғанда оны жоюға жедел шаралар қабылдауға;
белгіленген қағидаларды сақтап, машинаға тек отын құю пунктінде жанармай құйылуын қадағалауға;
отын құйылмаған машинаны тұраққа қоюға жол бермеуге;
жұмыс күні аяқталғаннан кейін кезекші өрт сөндірушімен бірлесіп, барлық парктік үй-жай мен аумағын өртке қарсы тексеруге, ол туралы үй-жайды жабу алдында тексеру журналына тиісті жазба жасауға;
паркте өрт шыққанда:
өрт дабылын жариялауға, өрт сөндіру взводын (командасын) шақыртуға және өрт сөндіруге, машинаны шығаруға және техника мен мүлікті құтқаруға шаралар қабылдауға;
бөлім бойынша кезекшіге, бөлім командиріне және оның қару-жарақ жөніндегі орынбасарына өрт туралы баяндауға;
бөлімнің лауазымды адамдары келгенге дейін өрт сөндіруге және жауынгерлік техника мен мүлікті эвакуациялауға басшылық жасауға міндетті.
Әскери бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары ___________
Үлгі
Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулығы
Бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП) бойынша кезекші БӨП үй-жайында өртке қарсы режимнің сақталуына және өрт шыққан уақытта өрт сөндіру машинасының бөлім аумағына уақтылы өтуіне жауапты болады.
Ол:
1) кезекшілікке түсер алдында:
бөлімдегі өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықпен танысуға және БӨП бойынша наряд құрамының оны зерделеуіне;
бар өрт сөндіру құралдарының ақаусыздығын және қолдануға әзірлігін тексеруге;
бөлім аумағындағы су көзінің тұрған жерін нақтылауға, оларға кірмежолдың жай-күйін және онда судың болуын тексеруге;
бөлім бойынша кезекшімен байланыс құралының ақаусыздығын тексеруге;
2) кезекшілік уақытында:
БӨП-да белгіленген өртке қарсы қағидалардың сақталуын ұдайы бақылауды жүзеге асыруға;
ақаулы электр өткізгішті және жабдықты қолдануға, сондай-ақ үй-жайды электр аспаппен және уақытша пешпен жылытуға жол бермеуге;
бөлім аумағын, БӨП маңындағы жол мен өтпежолды қордалауға жол бермеуге;
ғимарат пен үй-жайға 50 м жақын жерде от жағуға және қоқысты өртеуге жол бермеуге;
әскери қызметшілердің бөлім аумағында шылым шегу режимін сақтауын ұдайы бақылауды жүзеге асыруға;
өртке қарсы қағидаларды бұзудың жолын кесуге шаралар қабылдауға;
бөлім бойынша кезекшіге барлық өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу туралы баяндауға;
3) БӨП-да өрт шыққанда:
өрт дабылын жариялауға;
бөлім бойынша кезекшіге өрт туралы баяндауға, мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыруға;
бар құралмен өрт сөндіруге кірісуге;
4) әскери қалашық аумағында өрт шыққанда:
өртке қарсы қорғаныс взводын (командасын) қарсы алуға және өрт шыққан жерге дейін олармен бірге баруға;
өртке қарсы қорғаныс взводының (командасының) бастығына әскери бөлім аумағындағы су көзі тұрған жерді хабарлауға міндетті.
Әскери бөлім штабы бастығының
әскер қызметі жөніндегі орынбасары _________
Үлгі
Қызмет өткеру уақытына өрт сөндіру нарядының (патрулінің) нұсқаулығы
Өрт сөндіру наряды шаттық (штаттық емес) өртке қарсы қорғаныс взводы (командасы) құрамынан тағайындалады, бөлім бойынша кезекшіге және өртке қарсы қорғаныс взводының (командасының) бастығына бағынады, үй-жай мен аумақты өртке қарсы уақтылы және сапалы тексеруге жауапты болады.
Ол:
аралап тексеру уақытында белгіленген маршрутты ұстануға;
үй-жай мен аумақты өртке қарсы жай-күйге мұқият қарап-тексеруге;
әскери қызметшілердің өртке қарсы қағидаларды сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
өрт сөндіру қалқанының жиынтығын, барлық өрт сөндіру құралының (өрт сөндіргіштің, мотопомпаның, сорғының) жай-күйін және іске қосуға әзірлігін тексеруге;
өрт сөндіру су тоғанының ақаусыздығын және онда судың болуын тексеруге;
өтпежол мен жолды қордалауға жол бермеуге;
үй-жай мен ғимаратқа 50 м жақын жерде от жағуға және қоқыс өртеуге жол бермеуге;
әскери қызметшілердің белгіленбеген жерде шылым шегуіне жол бермеуге;
ақаулы пешті, электр өткізгіш пен жабдықты қолдануға жол бермеуге;
белгіленген уақыттан кеш пеш жағуға, жанармай сұйықтығын қолдануға және өртке қарсы құралды тағайындалмауы қолдануға жол бермеуге;
бөлім бойынша кезекшіге (өрт сөндіру взводының (командасының) бастығына) барлық анықталған кемшілік туралы баяндауға;
жұмыс күні аяқталғаннан кейін үй-жайды өртке қарсы жай-күйге тексеруге. Өрт шығу анықтаған кезде бөлім бойынша кезекшіге баяндауға, өрт дабылын жариялауға, бар құралмен өрт сөндіруге кірісуге, келетін күштер мен құралдарды қарсы алуды ұйымдастыруға міндетті.
Әскери бөлім өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы
__________________________________________________________
Үлгі
Үй-жайды (ғимаратты) жабу алдында қарап-тексеру тәртібі туралы нұсқаулық
Бөлім бойынша бұйрықпен жарияланған үй-жай қарап-тексеріледі.
Үй-жайды өртке қарсы тексеруді өрт сөндіру нарядының адамдары күн сайын лауазымды адамдардың және осы үй-жайға (ғимаратқа) жауапты адамның қатысуымен 17.00 – 18.00 сағатта жүргізеді.
Үй-жайды жабу алдында өртке қарсы жай-күйін тексеретін адамдар осы нұсқаулықты және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары Ішкі қызмет жарғысының талаптарын басшылыққа алуға тиіс, қарап-тексеру уақытында барлық үй-жайды дербес қарап-тексеруге және:
үй-жай мен шектес аумақ жанатын ескі шүберектен, қоқыстан, сүрту материалынан, қаптамадан, бос ыдыстан жиналғанын;
үй-жайдың өтпежолы мен есігі, өрт сөндіру құралдарына және жабдығына кірмежол қордаланбағынын;
цехтың, шеберхананың, қойманың, парк пен басқа да үй-жайдың ішкі электр желісі ғимараттың кіреберісіне орнатылған сыртқы рубильниктен ажыратылғанын және ол орнатылған шкафқа мөр басылғанын;
тексеретін үй-жайда сақтауға жол берілмейтін жанатын сұйықтық пен басқа да материалдың қалмағанын;
жанатын мүліктің сыртқы қабаты қыздырылған жылыту аспабымен, құбырмен және радиатормен жанаспағанын;
пеш жағатын жерде қызған шоқтың, жанбай қалған отынның қалмағанын;
бөлім бойынша кезекшімен телефон байланысының ақаусыздығын;
барлық өрт сөндіру құралының болуын, жай-күйі мен іске қосуға әзірлігін анықтауға міндетті.
Қарап-тексеру кезінде анықталған барлық кемшілік үй-жай жабылғанға дейін жойылуға тиіс.
Жедел бөлім бойынша кезекшіге (өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығына) өртке қарсы қағидаларын өрескел бұзу туралы шаралар қабылдау үшін баяндалады.
Қарап-тексеру аяқталғаннан кейін тексерілген үй-жай жабылады, мөр қойылады, одан кейін жауапты адамға белгіленген үлгідегі жетон беріледі.
Қарап-тексеру нәтижесі үй-жайды жабу алдында тексеру журналына жазылады және ол тексерген адамның қолтаңбасымен расталады.
Бөлім бойынша кезекші (қарауыл бастығы) қойма (сақтау орны) бастығынан жетонды бермей кілтті қабылдауға құқығы жоқ.
Әскери бөлім өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы
________________________________________________________________
Үлгі
Штабтағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық
Штабта өртке қарсы жай-күйге штаб бастығы немесе оның орынбасары жауапты болады.
Қарулы Күштердің барлық әскери қызметшісі мен қызметкері штабта белгіленген өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға, өрт сөндіру құралдарының тұратын жерін білуге және оларды қолдана алуға міндетті.
Әрбір үй-жайда (жұмыс бөлмесінде) өрт қауіпсіздігін сақтауға жауапты үлкені тағайындалады.
Жұмыс кабинетінде жанатын материал мен сұйықтықты сақтауға жол берілмейді.
Қағазды өртеуге тек сол мақсат үшін арнайы бөлінген пеште немесе жабдықталған жерде жол беріледі.
Күн сайын жұмыс күні аяқталғаннан кейін барлық қызметтік үй-жайды бөлме үлкені өртке қарсы тексереді.
Мыналарға:
ақаулы электр өткізгіш пен жабдықты қолдануға;
үй-жайды электр аспаппен жылытуға;
жанып кеткен сақтандырғышты сым тобымен ауыстыруға;
үй-жайдан кеткен кезде электр жарықты жандырып қалдыруға;
керосин шамына керосиннен басқа, жанатын сұйықтықты құюға;
жұмыс кабинетінде және қызметтік үй-жайда шылым шегуге;
еденді жанатын сұйықтықпен жууға және сүртуге;
сүргіні отпен қыздыруға жол берілмейді.
Өрт шыққанда:
өрт дабылын жариялайды және мүлікті эвакуациялауды ұйымдастырады;
бөлім бойынша кезекшіге өрт туралы хабарлайды;
бар құралмен өрт сөндіруге кіріседі.
Әскери бөлім штабының бастығы ____________
__________________________________________
Үлгі
Казармадағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық
Казарманың өртке қарсы жай-күйіне рота старшинасы жауапты болады.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға тәуліктік наряд жауапты болады.
Барлық әскери қызметші өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын білуге және сақтауға және өрт сөндіру құралдарын қолдана алуға міндетті.
Дәліз, өтпежол, негізгі және қосалқы есік бос, шатыр мен мансарда үй-жайы ұдайы жабық болуға және мөр басылуға, олардың кілті рота бойынша кезекшіде сақталуға тиіс.
20.00 сағатқа дейін пеш жағуға, шылым шегуге осы мақсат үшін арнайы бөлінген және жабдықталған жерде жол беріледі.
Мыналарға:
үй-жайды жылыту үшін электр аспапты және уақытша металл пешті қолдануға;
ақаулы электр өткізгішті және жабдықты қолдануға;
жанып кеткен сақтандырғышты сым тобымен ауыстыруға;
керосин шамына керосиннен басқа, жанатын сұйықтық құюға;
жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және оған жақын жерде киімді, аяқ киім мен басқа да заттарды кептіруге;
жабдықты және электр энергиясын, газбен жабдықтау және орталық жылытуды жөндеу жұмысын арнайы даярлығы жоқ және осы жұмысты орындауға рұқсаты жоқ адамдардың жасауына;
жанбайтын тұғырсыз электр үтігін қолдануға;
тез тұтанатын және жанатын сұйықтықпен еденді жууға және сүртуге жол берілмейді.
Өрт шыққанда:
өрт дабылын жариялайды;
бөлім бойынша кезекшіге өрт туралы хабарлайды;
бар құралмен өрт сөндіруге кіріседі;
қатер төнген үй-жайдан адамдарды, қару мен мүлікті эвакуациялауға шаралар қабылдайды.
Бөлімше командирі__________________
________________________________________
Үлгі
Парктегі өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық
Парктегі өртке қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және орындауға командирдің қару-жарақ жөніндегі орынбасары жауапты болады.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды, өрт сөндіру құралдарын, кезекші тартқыштың, байланыс және дабылдаманың қолданысқа әзірлігін бақылау парк бойынша кезекшіге жүктеледі.
Бөлімше командирі паркте жұмыс басталар алдында жеке құрамға өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт шыққанда әрекет ету бойынша нұсқау беруге, өрт сөндіру есептобын құруға міндетті.
Паркте жұмыс істейтін барлық әскери қызметші өрт сөндіру құралдарының тұрған жерін білуге оларды қолдана алуға тиіс.
Парк аумағы ұдайы таза ұсталуға, майланған және өңделген ескі шүберек металл жәшікке жиналуға тиіс.
Парктегі техника арасында өртке қарсы аралық сақталып, қалқа астына және ашық алаңға орналастырылады.
Күн сайын жұмыс күні аяқталғаннан кейін парк бойынша кезекші барлық парктік үй-жайды өртке қарсы тексереді.
Мыналарға:
тұрақта тұрған машинаға жанармай құюға және саңылауы бар отын багы мен отын өткізгіші бар машинаны сақтауға;
машина багындағы жанармайды қоспағанда, машина тұрағында жанар және жағармай материалын және бос ыдысты сақтауға;
тысты, капот пен киімді керосинмен, бензинмен және басқа да жанатын сұйықтықпен жууға және тазалауға;
машинада бөгде заттарды, әсіресе майланған шүберекті, тысты, арнайы киімді сақтауға;
жанармай құйылған цистернаны паркке және ангарға әкелуге және сақтауға;
өртке қатысты қауіпті жылтқышты қолдануға;
машина тұрағында және бакқа жанармай құю кезінде ашық отты және "жарқанат" шамын қолдануға;
машина тұрағына арналған үй-жайда дәнекерлеу жұмысын жасауға;
машина тұрағына және сақтауға арналған үй-жайда қақпаны қордалауға, осы үй-жайды қойма, шеберхана және тұрғын үй жасауға;
машина тұрағына және сақтауға арналған үй-жайда қақпаны ішкі бекітпесіне жабуға жол берілмейді.
Өрт шыққанда:
өрт дабылын жариялайды;
парк (бөлім) бойынша кезекшіге өрт туралы хабарлайды;
бар құралмен өрт сөндіруге кіріседі.
Әскери бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары_________
Үлгі
Оқ-дәрілер тұрған сақтау орнындағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық
Сақтау орнындағы өртке қарсы жай-күйге сақтау орнының бастығы жауапты болады.
Сақтау орнында тек артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қабылдаумен және берумен байланысты жұмысты орындауға жол беріледі.
Сақтау орнында шылым шегуге және ашық отты қолдануға жол берілмейді.
Сақтау орнындағы терезеге бұлыңғыр әйнек немесе ақ бояумен боялған әйнек қойылуға тиіс. Жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді күн сәулесінің тікелей түсуіне тіпті қысқа уақытқа қалдыруға жол берілмейді.
Сақтау орнына жарық түсіру жарылуға қауіпсіз жасалуға тиіс, сақтау орнының есігінде аккумуляторлық шамдан басқа, қандай да бір жарық түсіру аспабын қолдануға жол берілмейді.
Сақтау орнында тіпті шамалы мөлшерде жанатын және тез тұтанатын сұйықтықты, сондай-ақ босаған қаптаманы сақтауға жол берілмейді.
Пайдаланылған қағаз, кендір мен ескі шүберек жұмыс аяқталғаннан кейін сақтау орнынан 15 метр жақын жерде тұрған темір жәшікке жиналады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін сақтау орнын тек жинап тазартқаннан және сақтау орнының өртке қарсы жай-күйіне жауапты адамның және бөлім өрт сөндіру нарядының өкілі оны қарап-тексергеннен кейін жол беріледі.
Өрт шыққанда:
өрт дабылын жариялайды;
бөлім бойынша кезекшіге өрт туралы хабарлайды;
өрт сөндіру взводын (командасын) шақыртады;
бар құралмен өрт сөндіруге кіріседі.
Әскери бөлім ЗАҚ қызметінің бастығы________________________
Үлгі
Қоймадағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық
Қойманың өртке қарсы жай-күйіне қойма бастығы жауапты болады.
Сақтау орны ұдайы таза ұсталуға, ал өтпежол мен есік қордаланбауға тиіс.
Мүлікті тек сөреде және еденге қойылатын қалқада сақтауға жол беріледі.
Кальций карбиді, лак, еріткіш пен оттегі баллоны оқшауланған үй-жайда жеке сақталады.
Қойма үй-жайы өрт сөндіру құралымен қамтамасыз етіледі, сыртқы рубильникпен, жабық түрдегі жарық түсіргішпен және найзағайдан қорғағышпен жабдықталады.
Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін барлық қойманың үй-жайы өртке қарсы тексеріледі.
Мыналарға:
ақаулы электр өткізгіш пен жабдықты қолдануға;
қоймада әйнегі қалқаланбаған шамды, сондай-ақ электр жылытқыш аспабын қолдануға;
үй-жайды электр аспаппен және уақытша пешпен жылытуға;
шылым шегуге және ашық отты қолдануға;
сақтау орнында қаптаманы, майланған ескі шүберек, арнайы киімді қалдыруға;
сақтау орнын қызметтік кеңсе жасауға жол берілмейді.
Өрт шыққанда:
өрт дабылын жариялайды;
бөлім бойынша кезекшіге өрт туралы хабарлайды;
өртке қарсы қорғаныс взводын (командасын) шақыртады;
бар құралмен өрт сөндіруге кіріседі.
Әскери бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары___________________
Үлгі
Жанар-жағармай материалдары қоймасындағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық
Жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – ЖЖМ) қоймасының өртке қарсы жай-күйіне қойма бастығы жауапты болады.
Қойма аумағы ұдайы тазалықта ұсталуға және қоқыстан және құрғақ шөптен уақтылы тазартылуға тиіс.
Жол мен өтпежол ұдайы ақаусыз және қордаланбаған болуға тиіс.
Жанармай құйылған ыдыс жерге тұйықталған, топыраққа көмілген немесе үйілген болуға тиіс.
Жанармай сақталатын жер табиғи желдеткішпен, найзағайдан қорғағышпен жабдықталған, жарық түсіруі жарылуға қауіпсіз жасалуға тиіс.
Жанармай құйылған бөшке мойыны жоғары қаратып қойылады.
Тығынды ашу үшін тек түсті металдан жасалған арнайы керек-жарақты қолдануға жол беріледі.
Жанармай беру сорғы көмегімен жүргізіледі.
Мүлік тұрған алаң мен сақтау орны қолданыстағы нормаларға сәйкес өрт сөндіру құралымен қамтамасыз етіледі.
Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін қойма мен сақтау орны аумағы өртке қарсы тексеріледі.
Мыналарға:
шырпы жағуға және шылым шегуге;
жарық түсіру үшін керосин шамын, қолшамды және майшамды қолдануға;
бөшке тығынын тістеуік пен балға көмегімен ашуға;
жанармай сұйықтығын төгуге және ашық ыдыста сақтауға;
үй-жайда майланған ескі шүберекті және киімді қалдыруға;
герметикалық емес жабдықты және бекітпе арматурасын қолдануға;
найзағай уақытында мұнайды және мұнай өнімін ағызуға және құюға жол берілмейді.
Өрт шыққанда:
өрт дабылын жариялайды;
өрт сөндіру взводын (командасын) шақыртады;
бар құралмен өрт сөндіруге кіріседі.
Әскери бөлім ЖЖМ қызметінің бастығы _________________________
Үлгі
Отын құю пунктіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық
Отын құю пунктіндегі өртке қарсы жай-күйге отын құюшы жауапты болады.
Отын құю пунктінің аумағы ұдайы таза ұсталуға тиіс.
Барлық отын құю құралы ақаусыз болуға және жанармайдың ағуы болмауға тиіс.
Отын құю колонкасы, пистолеті мен резервуары сенімді жерге тұйықталған болуға тиіс.
Отын құю пункті қолданыстағы нормаларға сәйкес электр жабдықпен және жарылуға қауіпсіз жасалған жарық түсірумен, өрт сөндіру құралымен қамтамасыз етіледі.
Отын құюшының арнайы киімі металл жәшікте сақталуға тиіс.
Күн сайын жұмыс күні аяқталғаннан кейін отын құю пункті өртке қарсы тексеріледі.
Мыналарға:
ақаулы отын жүйесімен техникаға отын құюға;
машина багында жанармайдың болуын шырпыны жағып тексеруге;
жанармай сұйықтығын төгуге және ашық ыдыста сақтауға;
майланған ескі шүберекті шашып тастауға;
жарық түсіру үшін керосин шамын, қолшамды қолдануға;
шырпы жағуға және шылым шегуге жол берілмейді.
Өрт шыққанда:
өрт дабылын жариялайды;
өрт сөндіру взводын (командасын) шақыртады;
бар құралмен өрт сөндіруге кіріседі.
Әскери бөлім ЖЖМ қызметінің бастығы __________________________
Үлгі
Асханадағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық
Асхананың өртке қарсы жай-күйіне асхана бастығы жауапты болады.
Өртке қарсы қағидалардың сақталуын және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау асхана бойынша кезекшіге жүктеледі.
Асүй нарядының құрамы өртке қарсы қағидаларды сақтауға, өрт сөндіру құралдарының тұратын жерін білуге және оларды қолдана алуға міндетті.
Асхананың барлық үй-жайы ұдайы таза ұсталуға, өтпежолы мен есігі қордаланбауға тиіс.
Қойма және бөлшектеу үй-жайын қаптама материалымен, ыдыспен және басқа да жанатын материалмен қордалауға жол берілмейді.
Шылым шегуге тек сол мақсат үшін арнайы бөлінген және жабдықталған жерде жол беріледі.
Жұмыс күні аяқталғаннан кейін асхана үй-жайы өртке қарсы тексеріледі.
Мыналарға:
ақаулы газ аспабын, электр өткізгіш пен жабдықты қолдануға;
электр тарату қалқанында калибрленбеген сақтандырғышты қолдануға;
желіге қосылған электр аспапты қараусыз қалдыруға;
жанатын сұйықтықты сақтауға және пайдалануға;
үйдің тікелей жақын жерде от жағуға және қоқыс өртеуге жол берілмейді.
Өрт шыққанда:
өрт дабылын жариялайды;
бар құралмен өрт сөндіруге кіріседі;
өрт сөндіру взводын (командасын) шақыртады.
Әскери бөлім азық-түлік қызметінің бастығы _________________
Үлгі
Клубтағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық
Клубтағы өртке қарсы жай-күйге клуб бастығы жауапты болады.
Көрмен залындағы барлық орындық еденге бекітіліп орнатылған болуға, өтпежол мен есік қордаланбауға тиіс.
Қосалқы есіктің ішкі бекітпесі оңай ашылатын және жарық түсіретін табломен жарық түсірілген болуға тиіс.
Жаппай іс-шараларды өткізгенде міндетті түрде өрт сөндіру наряды қойылады.
Шылым шегуге тек сол мақсат үшін арнайы бөлінген жерде жол беріледі.
Барлық өрт сөндіру құралы: өрт сөндіргіш, өрт краны ақаусыз және іске қосуға дайын болуға тиіс.
Жұмыс күні аяқталғаннан кейін клубтың үй-жайы өртке қарсы тексеріледі.
Мыналарға:
көрермен залының өтпежолына қосымша орындық қоюға;
ақаулы электр өткізгіш пен жабдықты қолдануға;
жанып кеткен сақтандырғышты сым тобымен ауыстыруға;
үй-жайды электр аспаппен және уақытша пешпен жылытуға;
жанатын сұйықтықты сақтауға және қолдануға;
ашық отты, керосин шамын, қолшам мен майшамды қолдануға жол берілмейді.
Өрт шыққанда:
өрт дабылын жариялайды;
бөлім бойынша кезекшіге өрт туралы баяндайды;
өрт сөндіру взводын (командасын) шақыртады;
бар құралмен өрт сөндіруге кіріседі.
Әскери бөлім клубының бастығы ________________
____________________________________
Үлгі
Кезекші тартқыш механик-жүргізушісінің нұсқаулығы
Кезекші тартқыштың механик-жүргізушісі (жүргізушісі) бөлімшенің механик-жүргізушілерінен (жүргізушілерінен) тағайындалады және кезекші тартқыштың қару-жарақты, машина мен басқа да техниканы эвакуациялауға ұдайы дайын болуына жауапты болады. Ол парк бойынша кезекшіге бағынады.
Кезекші тартқыштың механик-жүргізушісі:
ұдайы парк бойынша тәуліктік наряд адамдарына бөлінген үй-жайда болуға;
тартқышты бөлінген жерде ұстауға, кезекші тартқышта болатын тіркеме және өрт сөндіру құралының болуын және ақаусыз жай-күйін қадағалауға;
кезекші тартқышты қару-жарақты, техника мен мүлікті парк үй-жайынан эвакуациялау үшін пайдалану қағидаларын және тәртібін, паркте тұрған барлық маркалы машинаны бекіту және эвакуациялау ерекшелігін білуге;
парк объектілері тұрған жерді, оларға қысқа маршрутты және эвакуациялайтын жерді, қақпа мен есіктің барлық бекітпесін ашу тәртібін білуге;
төмен температурада оны жылдам және бірден қосуды қамтамасыз ететін кезекші тартқыш қозғалтқышын белгіленген температура режимінде ұстауға;
паркте өрт шыққанда жедел тартқышты жұмыс жай-күйіне келтіруге және парк бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша қару-жарақ пен техниканы эвакуациялауға кірісуге міндетті.
Әскери бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары
_________________
Үлгі
Бөлімнің жеке құрамына өрт қауіпсіздігі қағидалары, өртке қарсы қорғаныс бойынша нұсқау беру тәртібі туралы нұсқаулық
Өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт шыққан жағдайда әрекет ету бойынша нұсқау беруді:
әскери қызметшілермен әрбір оқу кезеңі басталар алдында жоспарлы сабақ сағатында, сондай-ақ өрт қауіпті жұмыс мен сабақ басталар алдында;
азаматтық персоналмен оларды жұмысқа қабылдаған кезде жүргізіледі.
Нұсқау беруді өрт сөндіру взводының (командасының) бастығы көрнекі құралдармен, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтармен, сондай-ақ әскери бөлімде тұрған өрт жабдығының, өрт сөндіру және байланыс құралының үлгісімен қамтамасыз етілген арнайы бөлінген үй-жайда (жерде) өткізеді.
Нұсқау беру кезінде жеке құрам:
жұмыс орнындағы (бөлімшедегі, парктегі және т.б) өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықты;
шылым шегуге, ашық отты және т.б. қолдануға тыйым салынған өртке қатысты анағұрлым қауіпті өндіріс учаскесі мен орнын;
өрт шығуы мүмкін себептерді және оларды алдын алу шараларын;
жұмыс күні аяқталғаннан кейін, үй-жайды жабу алдында жұмыс орнын өртке қарсы жинап тазалау тәртібін;
өрт сөндіру взводын (командасын) шақырту және бар өрт сөндіру құралдарын қолдану тәртібін;
өрт шыққан жағдайда әрекет ету қайтадан зерделеуге тиіс.
Цехтың, шеберхананың, зертхананың, қойманың, бөлімшенің, объектінің өрт қауіпсіздігіне жауапты адамы жеке құрамға қайтадан нұсқау беруді тікелей жұмыс орнында (бөлімшеде) өткізеді.
Әскери бөлім өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы
______________________________________________________
Үлгі
Әскери бөлім өрт сөндіру құралдарының қажетті саны нормасының есебі
Р/с | Үй-жай мен ғимарат атауы | ОП-10 | ОУ-5 | ӨҚ | шелек | күрек | сүймен | балта | бөшке | құм | жабын |
1 | Бөлім штабы | 2 | 3 | - | - | - | - | - | - | - | -- |
2 | Казарма | 4 | 2 | - | - | - | - | - | - | - | - |
3 | Автопарк | 20 | 8 | 4 | 8 | 8 | 8 | 8 | 8 | 4 | 4 |
4 | Отын құю пункті | 4 | 2 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 1 | 1 |
5 | Асхана | 6 | 4 | 2 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 2 | - |
6 | Клуб | 6 | |||||||||
7 | Қараулдық үй-жай | 4 | 2 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 1 | 1 |
8 | Штаттық емес өрт сөндіру взводы (командасы) | 10 | 8 | - | - | - | - | - | - | - | - |
9 | Оқу-жаттығу мақсаты үшін | 4 | 2 | - | - | - | - | - | - | - | - |
Барлығы: | Тиесілі | ||||||||||
Қолда бары | |||||||||||
Басы артық | |||||||||||
Жетіспейтіні |
Әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары ___________________
Әскери бөлім өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы______________
__________________________________ әскери бөлімінің өртке қарсы қорғаныс жоспарын іс жүзінде пысықтау туралы белгілеу парағы
Күні мен уақыты | Пысықтау түрі | Объекті атауы, дабыл бойынша қандай бөлімше шақыртылды | Қандай жұмыс орындалды | Тексерушінің бағасы |
1 | ||||
2 |
_________________ әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы
Үлгі
Өрт жетоны
Жетондар жабылар алдында тексерілуге жататын әрбір үй-жайға, паркке және т.б. бір-бірден оларға әскери бөлімнің нөмірін (мекеме атауын) және объекті атауын жазып, көлемі 6х9 см, сары түсті қатты қағаздан жасалады, жетондар бөлімнің іс жүргізуінде тіркеледі, сыртқы жағында өртке қарсы қорғаныс командасының қолымен расталады және тіркеу мүкәммалдық нөмірімен мөртаңба қойылады. Жетондар берік пластмассадан жасалған мөлдір бейдждерге салынады және объекті бастықтарына қолдарын қойғызып беріледі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына 3-қосымша |
__________ әскери бөлімі (мекемесі) өртке қарсы қорғаныс қызметінің мүлкін есепке алу мен техникалық жай-күйі кітабы
20__ж. "__" _______ басталды 20__ж. "__" _______ аяқталды |
Кітапты жүргізу жөніндегі нұсқау
1. Кітаптың әрбір бөліміне қажетті бет саны бөлінеді.
2. "Ескертпе" деген бағандағы 2 және 3-бөлімде актінің күні мен нөмірін көрсетіп, есептен шығару туралы белгі қойылады, сондай-ақ өрт сөндіргішті (құбыртүтікті) ауыстырғанда ауыстыру жолының реттік нөмірі көрсетіледі.
1.20 __ ж. "___" ____________ жағдай бойынша өрт жабдығы мен құралының болуы
Р/с | Атауы | Саны | Оның ішінде | ||
өртке қарсы қорғаныс взводы (командасы) бойынша | әскери бөлім объектісінде | есептен шығару туралы белгі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | ОП-5 өрт сөндіргіші | 135 | 35 | 100 |
2. Өрт сөндіргішті есепке алу
Р/с |
Мүк. | Түрі | Алған күні |
Орналасқан жері, | Орнату сәтіндегі техникалық жай-күйі | Ескертпе (қайта зарядтау күні) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
3. Құбыртүтікті есепке алу
Нөмірі | Диаметрі | Пайдалану басталған күні | Орналасқан жері | Техникалық жай-күйі | Күнін көрсетіп, жиналғаны туралы белгі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына 4-қосымша |
________ әскери бөлімінің (мекеменің) жеке құрамымен өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқау беруді есепке алу журналы
20__ж. "__" __________ басталды | |
20__ж. "__" ___________ аяқталды |
Р/с | Жүргізген күні | Бөлімше атауы | Нұсқау беру мазмұны | Нұсқау беруді өткізген адамның қолы | Бөлімше командирінің қолтаңбасы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 6 | 7 | 8 |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына 5-қосымша |
Үлгі
Өрт сөндіру нарядының ведомосы
20__ ж. "__" ___ сағат "__" бастап | |
20__ ж. "__" ___ сағат "__" дейін |
1. Жеке құрам Наряд бастығы _________________________________________ (әскери атағы, инициалдары мен тегі) __________ ауысымы бойынша өрт сөндіруші-құтқарушы (маман) ____________________________________________________________ (әскери атағы, инициалдары мен тегі)
2. Жауынгерлік есептоп құрамы
Жауынгерлік есептоп табелінің нөмірі | Негізгі | Резервте | ||
автомобиль | автомобиль (ШТӨМ) | автомобиль | автомобиль (ШТӨМ) | |
Есептоп бастығы | ||||
Бірінші нөмір | ||||
Екінші нөмір | ||||
Үшінші нөмір | ||||
Төртінші нөмір | ||||
Жүргізуші |
3. Өрт сөндіру автомобилінің жай-күйі
Р/с | Автомобиль атауы және нөмірі | Автомобильдің техникалық жай-күйі | Жанармай мөлшері, литр | Жүргізушінің қолтаңбасы |
1 | ||||
2 |
4. Өрт сөндіру бекеті
Р/с | Бекетшілердің Т.А.Ә. | Бекетте қызмет өткеру уақыты (сағат) және орны | Бекетте қызмет өткерудегі ескертулер |
1 | |||
2 |
5. Сумен жабдықтау көзінің, өрт сөндіру қондырғысының, өрт дабылдамасы мен жолдың жай-күйі
Тексеру уақыты | Анықталған кемшілік | Уақытын көрсетіп, кемшілікті жою туралы белгі |
6. Наряд күнделігі
| Өртке және оқу-жаттығуға шығу. Өткізілген сабақ, шаруашылық жұмыс, наряд қызметін тексеретін адамдардың ескертуі және т.б. |
7. Кезекшілікті қабылдау және қызмет өткеру кезіндегі кемшілік
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Кезекшілікті тапсырған _________________________________________
(әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Кезекшілікті қабылдаған ________________________________________
(әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Есептоп бастығы ________________________________________________
(әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
20 ___ ж. "____ " _______________________
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына 6-қосымша |
Үлгі
Бекітемін 00000 әскери бөлімінің командирі |
|
____________________________ | |
(әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)) | |
20__ ж. "___" _____________ |
_______________________________________ Әскери бөлім өртке қарсы қорғаныс взводының (командасының) 20 ___ ж.____________ ұйымдық-профилактикалық іс-шаралар және шаруашылық жұмыс жоспары
Жұмыс тізбесі | Апта күні мен сағаты | Жауапты жетекші | |||
1-ші апта | 2-ші апта | 3-ші апта | 4-ші апта | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Ұйымдық-профилактикалық іс-шаралар | |||||
Әскери бөлімге жаңадан қабылданатындарға өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқау беру | Күн сайын 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін | ||||
"А" цехының жеке құрамымен өртке қарсы іс-шаралар бойынша сабақ өткізу | -- | Сәрсенбі 12.00 – 14.00 | -- | -- | |
Цехта өрт сөндіру есептобына тағайындалған жұмысшыларға нұсқау беру | -- | Дүйсенбі –жұмыс басталар алдында | -- | -- | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2. Өртке қарсы жай-күйді тексеру | |||||
№ 2, 3, 4, 5 сақтау орны, жұмыс істеу пункті мен мүлік тұрған алаң | Күн сайын 10.00 –14.00 | Күн сайын 15.00 – 18.00 | Күн сайын 9.00 – 14.00 | Күн сайын 10.00 – 14.00 | |
Барлық қызметтік және тұрғын ғимараттың шатыры | дүйсенбі | -- | сәрсенбі | -- | |
Қызметтік ғимараттың пеш шаруашылығы (маусым бойынша) | -- | сейсенбі | -- | сенбі | |
3. Шаруашылық жұмыс | |||||
Әскери бөлім өртке қарсы қорғаныс взводының (командасының) бастығы _____________________________________ (әскери атағы, инициалы мен тегі)
20 ___ ж. "__" _________________
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Бекітемін | |
00000 әскери бөлімінің командирі | |
_______________________ | |
(әскери атағы, қолы, Т.А.Ә (бар болса)) | |
20__ ж. "___" ___________ |
_______________________________ өртке қарсы қорғаныс жай-күйін тексеру актісі
20___ ж. "__"_____________ ____________ қ.
Ішкі тексеру комиссиясының құрамында
_______________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, инициалдары мен тегі)
__________________________________________________________ негізінде (жұмыс жоспары, 20__ ж. "___" __________ №___ нұсқама)
______________________________________________________
____________________________________________ өртке қарсы қорғанысты
(әскери бөлім атауы)
ұйымдастыру және _____________________________________________
______________________________________________________________
(орындалуы тексерілген бұйрықтар атап көрсетілсін)
бұйрықтың орындалуы тексерілді.
Сонымен қатар арнайы даярлықты ұйымдастыру тексерілді.
Тексерумен мыналар анықталды:
1. Алдыңғы тексеру уақытынан бастап бөлімнің өртке қарсы қорғанысын жақсарту бойынша атқарылған іс-шаралар көрсетіледі.
2. 20__ ж. __________ акті (нұсқама) бойынша мынадай іс-шаралар орындалмады:
_____________________________________________________________________
(іс-шаралар мен оларды орындаудың бастапқы белгіленген мерзімі, оларды
орындамау себептері мен нақты кінәлі адамдар көрсетіледі, өрт және тұтану болған кезде орындалмаған ұсыныстарға байланысты оларға талдау жасалады)
3. Штаттық (штаттық емес) өртке қарсы қорғаныс қызметінің, взводының (командасының) жай-күйі, олардың жауынгерлік әзірлігі__________________________
(негізгі оң жақтары мен кемшіліктері көрсетіледі, егер қорытынды көрсеткіш қоса
берілмесе, арнайы нормативтерді пысықтау, өрт техникасы мен жабдығын күтіп-ұстау дәрежесі оқу-жаттығу өрт дабылының нәтижесі көрсетіледі)
4. Қорытынды: ________________________________________________
(әскери бөлімнің өртке қарсы қорғанысы жай-күйіне, өртке қарсы
____________________________________________________________________
қорғаныс взводының (командасының) жауынгерлік әзірлігіне баға беріледі)
5. Ұсыныстар: _______________________________________________
(әрбір ұсынысты орындау мерзімі белгіленеді)
Комиссия құрамы__________________________________