Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 ақпанда № 26867 болып тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық
министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 21 ақпандағы
№ 55 Бұйрыққа қосымша

Өрт қауіпсіздігі қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар

      1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 1-тармағының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Объектілерді пайдалану кезінде осы Қағидалардың, белгіленген тәртіппен бекітілген, объектілерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары қамтылған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.

      3. Заңның 16 және 18-баптарының талаптарына сәйкес объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды меншік нысанына қарамастан меншік иелері, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, объектіні немесе үй-жайды иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге құқығы бар адамдар (бұдан әрі – ұйым басшысы) қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Заңның 16-бабының 2-тармағына және 18-бабының 2-тармағына сәйкес ұйымдардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз бұйрығымен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына (тұрақты, уақытша немесе орындалатын жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) байланысты міндет жүктелген) жауапты адамдарды тағайындай алады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ұйым басшысы әрбір объектіге қатысты (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, олардың өрт қауіптілігіне сай өртке қарсы режимді қамтитын өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекітеді.

      6. Ұйым басшысы жобалық құжаттаманың болуын, сәйкестігін және өрт сөндіру және өрт дабылы қондырғылары, өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды хабарлау және басқару жүйелері, түтінге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтау, өртке қарсы жабдық пен өрт техникасы, өртке қарсы есіктер, клапандар мен люктер, өртке қарсы тосқауылдардағы ойықтарды толтыру, ғимараттар мен құрылыстар үй-жайлары, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдары,адамдарды құтқарудың жеке және ұжымдық құралдары, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және сыртқы технологиялық қондырғыларды найзағайдан қорғау құрылғыларының тұрақты жұмыс жағдайында болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Объектілердегі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығымен бекітілген міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32631 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жұмысы ұйымдастырылады. Объектілердегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 21.07.2023 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ұйымдардың жұмыскерлері өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқытудан және нұсқамадан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібі және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9510 болып тіркелген) бекітілген Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады

      9. Ғимараттарды өртке қарсы қорғаудың техникалық құралдары мен жүйелерінің (өрт дабылы және өрт сөндіру, түтінге қарсы қорғау, өртке қарсы сумен жабдықтау қондырғылары, өрт кезінде адамдарды және қол өрт сөндіргіштерді, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарын, адамдарды құтқарудың жеке және ұжымдық құралдарын құлақтандыру және эвакуациялауды басқару) тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұйым басшысының бұйрығымен өртке қарсы қорғау жүйелерін үздіксіз пайдалануды, алғашқы өрт сөндіру құралдарын сатып алуды, жөндеуді, сақтауды және қолданысқа дайындықты, техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын алу жөндеуін уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз ететін лауазымды тұлға тағайындалады.

      Өрт сөндіргіштерді пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ұйымдардағы кезекші персоналдың үй-жайларында телефон орнатылған орындарда, эвакуациялау жоспарлары, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар "101" өртке қарсы қызмет пен "112" бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтің телефон нөмірлері көрсетілген тақтайшалар ілінеді.

      Кезекші персонал өзіне жүктелген функцияларға сәйкес ғимараттың барлық есік құлыптарының кілттері жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

      Кілттердің қосалқы жиынтығы ғимараттың бірінші қабатындағы кезекші персоналдың (күзет) үй-жайында сақталады.

      Әрбір кілт оның қай құлыпқа тиесілі екендігі жазылған биркамен қамтамасыз етіледі.

      Кезекші персонал автоматты өрт дабылын қабылдау-бақылау аспабы орналасқан, телефоны бар үй-жайға жайғасады және түнде ғимаратта қалған адамдарды есепке алу журналын еркін нысанда жүргізеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) кез-келген қабатта осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген эвакуациялау жоспарын жасау жөніндегі нысанға сәйкес эвакуациялау жоспарлары әзірленеді. Эвакуациялау жоспарлары адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды жүргізу, өртке қарсы қызметті шақыру және өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша ұйым жұмыскерлерінің іс-қимыл жасау тәртібін қамтиды. Эвакуациялау жоспарлары ғимараттың әр қабатында, қабаттан эвакуациялық шығу жолдарында дәліздің ұзындығы бойымен 20 метрден (бұдан әрі – м) аспайтын қашықтықта ілінеді.

      13. Адамдардың тұруына арналған ғимараттарда, сондай-ақ адамдар жаппай келетін ғимараттарда (құрылыстарда) өрт кезінде электр энергиясын өшірген жағдайда, кезекші персонал жұмысқа қабілетті жай-күйдегі электр фонарьларымен қамтамасыз етіледі. Фонарьлар санын ұйым басшысы объектінің ерекшеліктеріне байланысты, бірақ әрбір кезекшіге кемінде 1 фонарьдан анықтайды.

      14. Адамдар тәулік бойы болатын ғимараттар үшін әзірленген өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықта адамдарды өздігінен эвакуациялау, сондай-ақ ұйым персоналының өздігінен эвакуациялануға қабілетсіз адамдарды тәуліктің жарық және қараңғы уақыттарында эвакуациялау нұсқалары қамтылады.

      Адамдар жаппай болатын объектіде ұйым басшысы жарты жылда кемінде 1 рет еркін нысанда толтырылатын жаттығулар журналында көрсете отырып, практикалық жаттығулар өткізуді қамтамасыз етеді.

      15. Адамдар тәулік бойы болатын объектілердің басшылары күн сайын объектіге шығу ауданындағы өрт сөндіру бөліміне әрбір объектідегі адамдардың саны туралы мәліметті жолдауды қамтамасыз етеді.

      16. Ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық мақсатын өзгертуге, оларға күрделі жөндеу, техникалық қайта жарақтау, реконструкциялау және қайта жоспарлау "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына жобалау құжаттамасы жүзеге асырылады.

      17. Барлық өндірістік және қойма үй-жайлары үшін, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар үшін жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі санаттары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 21045 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің (бұдан әрі – "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті) 16-қосымшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – ЭҚОҚ) талаптарына сәйкес аймақтардың кластары анықталып, үй-жайлардың есіктерінде тиісті белгілермен белгіленеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Ғимараттар мен құрылыстар олардың пайдаланылу циклінің барлық кезеңдерінде жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

      Бастапқы өрт сөндіру құралдарын және өрт сөндіру автоматикасы жүйелерін орналастыру орындары стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленеді.

      19. Ғимараттар мен құрылыстарда есіктердің өздігінен жабылуына арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады.

      Өртке қарсы есіктер мен түтіннен құрылғылардың (шымылдықтардың, экрандардың, перделердің) еркін жабылуына кедергі келтіретін құралдарды орнатуға жол берілмейді.

      20. Өрттің шығуына әкелуі мүмкін ақаулары бар жабдықтарда жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

      21. Қажетті отқа төзімділік шегін қамтамасыз ету және өрт қауіптілігін төмендету үшін ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын өңдеу және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде аккредиттелген зертханада сынақтар жүргізу арқылы қол жеткізілген нәтижелерді растай отырып, оларды оттан қорғау құралдарымен өңдеу талап етіледі.

      Отқа төзімділіктің барлық дәрежесіндегі ғимараттарда (отқа төзімділіктің V дәрежесін қоспағанда) жанғыш материалдардан жасалған шатыр жабындарының ілмектері мен торлары оттан қорғағышпен өңделуі тиіс.

      Оттан қорғау құрамдарын жағу жұмыстарын жүргізу оттан қорғау құралына арналған техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Ұйым басшысы оттан қорғайтын тозаңды құрамдардың, оттан қорғау майларының, сылақтың, құрылыс конструкцияларының плиталарымен, табақты және басқа да оттан қорғау материалдарымен қаптамалардың, жанғыш өңдеу және жылуды оқшаулау материалдарының, ауа өткізгіштердің, жабдық пен эстакадалардың металл тіректерінің зақымдануларын жоюды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оттан қорғау өңдеуінің (сіңіргішінің) жай-күйін тексеруді жүзеге асырады.

      Оттан қорғау өңдеуінің (сіңіргішінің) жай-күйін ол жүргізілгеннен кейін техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде аккредиттелген зертханалармен, ал кейіннен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес тексеріледі.

      23. Өртке қарсы тосқауылдардың инженерлік және технологиялық коммуникациялармен (оның ішінде электр сымдарымен және кабельдермен) қиылысқан жерлерінде пайда болған ойықтар мен саңылаулар қажетті отқа төзімділік шегі мен түтін-газ өткізбеуді қамтамасыз ететін, жанбайтын материалдармен бітеледі.

      24. Ғимараттар мен құрылыстарда (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда):

      1) жертөлелерде, цоколь қабаттарында, шатырларда, техникалық қабаттар, техникалық үй-жайларда, желдету камераларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, жанғыш газдары бар баллондарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, целлулоидты, жарылыс-өрт қауіпті, жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға және жинауға;

      2) жобалау құжаттамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жертөлелерді, цокольдық қабаттарды, шатырларды, техникалық қабаттарды және үй-жайларды, желдеткіш камераларын нысаналы мақсатынан тыс пайдалануға және қолдануға;

      3) лифт холлдарын нысаналы мақсатынан тыс пайдалануға;

      4) қабаттардағы дәліздерден, холдардан, фойеден, тамбурлардан және баспалдақ алаңдарынан эвакуациялық шығу жолдарының жобада көзделген есіктерін, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрттің қауіпті факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа да есіктерді алып тастауға;

      5) нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайлары нашарлайтын, өрт сөндіргіштерге, өрт крандарына және басқа да өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жеткізу шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигнализациясының, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғыларының, түтін жою жүйелерінің, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерінің) әрекет ету аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуді жүргізуге;

      6) есіктерді, люктерді, жанама секцияларға өтетін жерлерді және эвакуациялау сатыларына шығу жолдарын үйіп тастауға, балкон араларындағы сатыларды демонтаждауға, сондай-ақ пәтерлердің балкондары мен лоджияларындағы люктерді дәнекерлеуге;

      7) май сіңген сүрткіш материалды жинамай қалдыруға;

      8) ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде және жертөлелердің терезелеріндегі ойықтарда (қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелердің және қылмыстық-атқару жүйелері объектілерінің, мекеме қоймаларының, кассаларының, теледидардың бас станциялары, қару-жарақ бөлмелерінің, құпия бөлімдерінің, прекурсорларды сақтау және олардың айналымы үй-жайларын қоспағанда) торларды орнатуға;

      9) түтінсіз баспалдақтарға апаратын балкондарды, лоджияларды және галереяларды шынылауға, сондай-ақ оларға торлар орнатуға;

      10) баспалдақ торларында, алаңдарында және дәліздерде қоймалар (қосалқы үй-жайлар) орнатуға, сондай-ақ баспалдақ сатыларының астында және баспалдақ алаңдарында заттарды, жиһаз бен басқа да жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді. Бірінші және цокольдік қабаттардың баспалдақ сатыларының астында орталық жылу беруді басқару тораптарына, су өлшеу тораптарына және жанбайтын материалдардан жасалған қалқалармен қоршалған электр қалқандарына арналған үй-жайларды орналастыруға жол беріледі;

      11) ғимараттардың өндірістік және қойма үй-жайларында (отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттардан басқа) жобалау құжаттамасында көзделген жағдайлардан басқа, жапсарлас үй-жайларды орнатуға;

      12) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына, сондай-ақ құтқару құрылғыларын бекіту орындарына өту жолдарын үйіп тастауға және жабуға жол берілмейді.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Газ құбырларынан, газ баллондарынан және аспаптардан, қатып қалған құбырларды қыздыру аспаптарынан, инженерлік коммуникациялардан газдың шығуын анықтау үшін ашық отты қолдануға жол берілмейді. Қатып қалған құбырларды, жабдықтарды, инженерлік коммуникацияларды қыздыру ыстық сумен, бумен және қызған құммен жүргізіледі.

      26. Ғимараттар мен құрылыстардың шатырларындағы сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршаулары жарамды күйде күтіп-ұсталады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Бір мезгілде 50-ден астам адамның болуына арналған үй-жайларда, сондай-ақ бір мезгілде 15-тен астам адамның болуына арналған жертөле мен цокольдік қабаттардың үй-жайларында кемінде екі эвакуациялық шығу жолы көзделеді.

      Отқа төзімділігі IV және V деңгейдегі ғимараттар мен құрылыстарда бір мезгілде 50 және одан астам адамның тек бірінші қабаттағы үй-жайларда болуына жол беріледі.

      28. Шатыр үй-жайларының, сондай-ақ технология шарттары бойынша адамдардың тұрақты болуы талап етілмейтін техникалық қабаттар мен жертөлелердің есіктері мен люктері құлыпталады. Көрсетілген үй-жайлардың есіктері мен люктеріне қажет болған жағдайларда тәулік бойы қол жеткізу қамтамасыз етілуі тиіс кілттердің сақталатын орны туралы ақпарат ілінеді.

      Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылымдардың жертөлесі және цокольдік қабаттарының терезе ойықтарының шұңқыршалары қоқыстан және басқа заттардан уақтылы тазартылады. Терезелердегі тиектер ішінен кілтсіз ашылады.

      29. Пайдаланылған сүртетін материалдар қақпақпен жабылатын, жанбайтын материалдан жасалған контейнерлерге жиналады. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін көрсетілген контейнерлердің ішіндегісі ғимараттардан тыс шығарылады.

      30. Майлармен, лактармен, бояулармен және басқа да тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс істейтін адамдардың арнайы киімі осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда орнатылған металл шкафтарда ілінген күйінде сақталады.

      31. Биіктігі 1 қабаттан жоғары витраждары бар ғимараттарда әрбір қабаттың деңгейіндегі витраждарда орнатылған түтін өткізбейтін, жанбайтын диафрагмалардың конструкцияларын бұзуға жол берілмейді.

      32. Эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын пайдалану кезінде жобалау шешімдерін (оның ішінде эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын жарықтандыру, олардың саны, өлшемдері және көлемдік-жоспарлау шешімдері бойынша, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы бойынша) талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Ашылу бағыты нормаланбайтын мынадай:

      1) Ф1.3 және Ф1.4 сыныпты үй-жайлардың;

      2) А және Б үй-жайларынан басқа, бір мезгілде 15-тен аспайтын адам болатын үй-жайлардың;

      3) ауданы 200 м2 аспайтын қоймалардың;

      4) санитарлық тораптардың;

      5) 3-типтік баспалдақ алаңдарына шығу жолдарының есіктерінен басқа, эвакуациялау жолдарындағы есіктер ғимараттан шығу бағытына қарай ашылады.

      34. Эвакуациялық шығу жолдарының есіктеріндегі тиектер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жағдайларды қоспағанда, оларды ішінен кілтсіз еркін ашу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      35. Автономды қоректендірілетін және эвакуациялау жолдарында қолданылатын электр желісінен қосылатын "Шығу", "Эвакуациялық (қосалқы) шығу", "Эвакуациялық шығу есігі" деген көлемді жарықтандырылған өрт қауіпсіздігі белгілері жарық индикациясы қосылып, жарамды күйде күтіп-ұсталады.

      Эвакуациялық жарықтандыру жұмыс істейтін жарықтандырудың электрмен қоректендіргіші тоқтаған кезде автоматты қосумен қамтамасыз етіледі.

      36. Эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын пайдалану кезінде:

      1) эвакуациялық жолдар мен шығулардың (оның ішінде өтетін жерлердің, дәліздердің, тамбурлардың, галереялардың, лифт холдарының, баспалдақ алаңдарының, баспалдақ сатыларының, есіктердің, эвакуациялық люктердің) жобалық өлшемдерін кішірейтетін кедергілер орнатуға, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін бекітіп тастауға (дәнекерлеуге);

      2) эвакуациялау жолдарында табалдырықтарды (есіктердің ойықтарындағы табалдырықтардан басқа) орнатуға, ішкі жағынан қолмен ашу және ашық күйінде бұғаттау мүмкіндігі жоқ қозғалмалы және көтеріліп-түсірілетін есіктер мен қақпаларды, айналатын есіктер мен турникеттерді, сондай-ақ басқа (қайталайтын) эвакуациялау жолдары болмаған кезде немесе көрсетілген құрылғыларды қолмен ашуға және ашық күйінде бұғаттауға мүмкіндік беретін техникалық шешімдер болмаған кезде адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін басқа да құрылғыларды орнатуға жол берілмейді. Құрылғыларды автоматты немесе қашықтықтан ашу және бұғаттау тәсілін қолмен басқарылатын тәсілге қосымша қолдануға жол беріледі;

      3) отқа төзімділігі V дәрежедегі ғимараттардан басқа, эвакуациялау жолдарындағы едендерді, қабырғалар мен төбелерді өңдеу, қаптау және бояу үшін өрт қауіптілігі сыныбына сәйкес келмейтін жанғыш материалдарды қолдануға;

      4) баспалдақ алаңдарының, дәліздердің, холдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық күйінде бекітуге, сондай-ақ оларды алып тастауға;

      5) түтінденбейтін баспалдақ алаңдарындағы ауа аймақтарының терезе жапқыштарын шынылауға немесе жабуға;

      6) есіктер мен фрамугаларды шынылауда армирленген шыныны жай шынымен ауыстыруға жол берілмейді.

      37. Үй-жайдың жабдығын орналастырған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес баспалдақ алаңдарына және эвакуациялау жолдарына өтетін эвакуациялық өту жолдары қамтамасыз етіледі.

      38. Адамдар жаппай келетін үй-жайларда кілемдер, кілем төсемшелері және еден жабындары еденге берік бекітіледі.

      39. Тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезінде жиһазды және жанғыш материалдарды орналастыру жақын жердегі вертикаль қабатқа дейін көлденеңінен кемінде 0,2 м және осы бұйымдарға жақын жерде ілінген көлденең қабаттың үстіне дейін тігінен кемінде 0,7 м қашықтықта жүзеге асырылады.

      40. Ғимараттар мен құрылыстардағы қоқыс өткізгіштер жобада көзделген клапандармен қамтамасыз етіледі, клапандар жабық күйде болады, жарамды етіп күтіп-ұсталады және ысырмасында нығыздағышпен қамтамасыз етіледі.

      41. Ғимараттар мен жерүсті құрылыстарындағы лифтілер мен көтергіштер (өрт лифтілерін қоспағанда) өрт шыққан кезде негізгі отырғызу қабатына автоматты түрде түсіріледі, ал жерасты құрылыстарында – негізгі эвакуациялық шығу жолдарындағы қабатқа жоғары көтеріледі және тоқтан ажыратылады.

      42. Эскалаторлардың (траволаторлардың) жетектері өрт шыққан кезде автоматты түрде ажыратылады.

      43. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жыл сайын найзағайлы маусым басталар алдында жүргізіледі.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Найзағайдан қорғау құрылғыларын қарап-тексеру кезінде жерге тұйықталатын құрылғылардың кедергісі өлшенеді, ал тексерулер мен өлшеулердің нәтижелері еркін нысанда толтырылатын найзағайдан қорғау құрылғыларын пайдалану журналына жазылады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Найзағайдың және статикалық электр зарядтарының қайталайтын көріністерінен қорғау үшін технологиялық аппараттардың барлық металл конструкцияларында, резервуарларда, газ өткізгіштерде, мұнай өткізгіштерде, тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш газдар айналатын, сақталатын немесе қайта өңделетін ғимараттардың ішінде және ашық кеңістікте орналасқан құрылғыларда қорғаныш жерге тұйықтағыш көзделеді.

      47. Персоналды электр тогымен жарақаттанудан қорғауға арналған жерге тұйықтау құрылғыларын немесе найзағайдан қорғағышты статикалық электр зарядтарын бұру үшін пайдалануға жол беріледі.

      48. Ғимараттарда, құрылыстарда орналастырылған технологиялық жабдық пен құбыржолдар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар мен эстакадалар ЭҚОҚ талаптарына сәйкес қорғаныш жерге тұйықтағышпен қамтамасыз етіледі.

      Ғимараттар мен құрылыстардың технологиялық құбыржолдарын жерге тұйықтайтын (нөлдейтін) өткізгіштер ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      49. Металл эстакадалар және оларға төселген металл құбыржолдар эстакаданың басында және соңында, сондай-ақ олардың ұзындығы бойымен кемінде 300 м сайын өзара және қорғаныш жерге тұйықтау құрылғыларымен жалғанады.

      50. Ток бұрғыштар өзара, жерге тұйықтағыш құрылғылармен және технологиялық аппараттармен дәнекерлеу арқылы жалғанады.

      51. Технологиялық процестерде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш бу мен газдар айналатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұру жүйесі гидравликалық ысырмалармен қамтамасыз етіледі. Әрбір гидравликалық ысырмадағы сұйықтық қабатының биіктігі кемінде 0,25 м етіп қабылданады. Гидравликалық ысырмалардың конструкциясы оларды мезгіл сайын тазарту мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

      52. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қолданылатын ғимараттар мен құрылыстардың нөсер, өндірістік және біріктірілген су бұру жүйелерінің құбыржолдары арқылы жалынның таралуын болдырмайтын гидравликалық ысырмалар (сифондар) үнемі жарамды күйде күтіп-ұсталады.

      Гидравликалық ысырмалары ақаулы немесе дұрыс орындалмаған су бұру жүйелерін пайдалануға жол берілмейді.

      53. Технологиялық процестерінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш булар мен газдар айналатын кәсіпорындардың өндірістік және біріктірілген су бұру жүйелері бүкіл ұзындығы бойымен жабық күйде ұсталады.

      Су бұру жүйелерін байқайтын құдықтар қақпақтармен жабылады және 0,1 м қабат құм төгіледі.

      54. Аумағында ғимараттар, құрылыстар және (немесе) жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша АН, БН және ВН санаттарындағы сыртқы технологиялық қондырғылар орналасқан кәсіпорындардың өндірістік және біріктірілген су бұру жүйелеріне жинау кезіндегі өндірістік ағынды судың температурасы 40оС -ден аспауы тиіс.

      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды су бұру жүйелеріне (оның ішінде авария кезінде) ағызуға жол берілмейді.

      55. Жанғыш газ баллондары сақталатын және пайдаланылатын ғимараттарға (оның ішінде жеке тұрғын үйлерге) немесе құрылыстарға кіретін жерде "От қаупі бар. Газы бар баллон" деген жазуы бар өрт қауіпсіздігінің ескерту белгілері орналастырылады.

      56. Өрт сөндіру қондырғыларының қолмен қосу құрылғылары, өрт сөндіргіштердің бекіту-іске қосу құрылғысы және өрт шкафтарының есіктері пломбаланады.

      57. Өрт шкафтары оларда өрт краны жабдығының жинағын және өрт сөндіргіштің өрт сөндіру заты зарядының массасы кемінде 5 килограмм (бұдан әрі – кг), кемінде екі қол өрт сөндіргішін, сондай-ақ адамдардың жеке қорғану және құтқару құралдарын орналастыру мүмкіндігімен кез-келген үш нұсқада (аспалы, жапсарлас және кіріктіріле) орнатылады.

      58. Темекі шегуге жол берілмейтін жағдайларды (жарылыс-өрт қауіпті объектілер) қоспағанда, ұйым басшысы темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындарды айқындайды. Темекі шегуге арналған арнайы бөлінген орындар бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, жанбайтын материалдардан жасалған урналармен немесе темекi тұқылын салғыштармен және "Темекі шегуге арналған орын" деген жазумен қамтамасыз етіледі. Бөлінбеген жерлерде темекі шегуге жол берілмейді.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Елді мекендердің, ұйымдардың аумақтары қызмет түріне және меншік нысанына қарамастан өртке қарсы қашықтықтар шегінде жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, құрғақ шөптен, мамықтан, жанғыш материалдардан уақтылы тазартылады.

      Алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады.

      Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген жерлерде қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Блок-контейнерлерді пайдалану кезінде дайындаушы зауыт көздеген конструкциялық параметрлерді өзгертуге жол берілмейді. Блок-контейнерлердің ішін өңдеу үшін жанғыш жылу оқшаулағыш материалдарды қолдануға, сондай-ақ оларды жанғыш негізге орнатуға жол берілмейді.

      Жеке блок-контейнерлер мен тұрмыстық вагондар топта саны 10-нан аспайтын және биіктігі екі қабаттан аспайтын топтарда орналасады. Осы құрылыстардың топтары арасындағы және олардан жақын маңдағы ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі арақашықтық кемінде 18 м қабылданады.

      Адамдардың тұруына және кеңсе үй-жайларын ұйымдастыруға арналған екі және одан да көп контейнерлер топтарға біріктірілген жағдайда, бұл контейнерлер автоматты өрт дабылымен және авариялық люктермен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Ғимараттар мен құрылыстарда дайындалып жатқан тамақты бақылаусыз қалдыруға жол берілмейді.

2-тарау. Ғимараттар, үй-жайлар мен құрылыстардың өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      62. Ғимараттар, үй-жайлар мен құрылыстар ҚР ҚН 2.02-02-2023 "Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы" талаптарында айқындалған объектілер тізбесіне сәйкес өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау жөніндегі жұмыстар жобалау құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.

      64. Объектіде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын білікті пайдалану және техникалық жарамды күйде күтіп-ұстау үшін басшының бұйрығымен мынадай персонал тағайындалады:

      1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ететін адам;

      2) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына қызмет көрсетуге шарт болмаған кезде, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшін мамандар. Мамандарды оқытуды өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам объектінің басшысы бекіткен бағдарлама бойынша жүргізеді.

      65. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ететін адам:

      1) осы Қағидалардың талаптарының орындалуын;

      2) шарт бойынша графикке және күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды бақылауды және қабылдауды;

      3) дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігіне техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізудің және тексерудің дұрыстығын;

      4) қызмет көрсетуші және кезекші персоналды оқытуды, сондай-ақ қорғалатын үй-жайларда жұмыс істейтін адамдарға өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары іске қосылған кездегі іс-қимылдар бойынша нұсқама беруді;

      5) қажетті пайдалану құжаттамасын әзірлеуді және оны жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 65-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды, бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуын және олардың жай-күйін тексерулерді есепке алу автоматтандырылған жүйеге немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының пайдалану журналында көрсетіледі.

      67. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеуді Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10889 болып тіркелген) Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптарына сәйкес сәйкес электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы бар тұлғалар орындайды.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен оларды жоспарлы-алдын ала жөндеу:

      1) жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізуді;

      2) ақауларды жоюды және ағымдағы жөндеу жүргізуді қамтиды.

      69. Техникалық қызмет көрсету, мерзімді сынақтар, жоспарлы-алдын ала жөндеу мерзімділігі мен жұмыстардың көлемдері қызмет көрсетілетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасының және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді және шартта көрсетіледі.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Ұйым басшысы өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен жабдықталған объектіде мынадай құжаттаманың:

      1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына жобалау құжаттамасының;

      2) жасырын жұмыстардың (олар болған жағдайда), сынақтар мен өлшеулер актілерінің;

      3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актісінің;

      4) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрамына кіретін техникалық құралдарға паспорттардың;

      5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының монтаждалған аспаптары мен жабдығы ведомосінің;

      6) газбен өрт сөндіру қондырғыларының (олар болған кезде) баллондарын өрт сөндіргіш құрамдармен зарядтауға паспорттардың;

      7) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың, кезекші және қызмет көрсетуші персоналдың, техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізуге жауапты адамның лауазымдық нұсқаулықтары, ұйыммен техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізуге арналған шарттың көшірмелерінің (ұйымдар қызмет көрсететін объектілерде);

      8) техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарының жоспар-графигі мен регламентінің;

      9) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану журналының болуын қамтамасыз етеді.

      71. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары кезекші (жобалық) жұмыс режимінде тұрақты ұсталады.

      72. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын өшіруге байланысты жүргізілетін техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде объектінің әкімшілігі өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен қорғалатын объектілердің өрт қауіпсіздігін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      73. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрамына кіретін техникалық құралға құжаттамада көрсетілген қызмет мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары істен шыққан жағдайларда, осы жүйелер мен қондырғыларды мақсаты бойынша одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында оларға техникалық куәландыру жүргізіледі.

      74. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық куәландыруды тапсырыс беруші мен монтаждау-баптау (іске қосу-баптау) ұйымы өкілдерінің қатысуымен комиссия әрбір бес жыл сайын жүргізеді.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 16.09.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Куәландыру нәтижелері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын куәландыру актісімен ресімделеді.

      76. Газбен өрт сөндіру қондырғыларының баллондары мен қысыммен жұмыс істейтін басқа да ыдыстар монтаждау алдында тексеріледі және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қағидалардың талаптарына сәйкес куәландырылады. Куәландыру мерзімі өтіп кеткен баллондарды монтаждауға қабылдауға жол берілмейді.

      77. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау бойынша орындалатын жұмыстар ҚР ҚН 1.03-00-2022 "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру" талаптарына сәйкес ресімделеді.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      78. Алып тасталды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      79. Электр қондырғыларының барлық ток жүргізу бөліктері, тарату құрылғылары, аппараттары мен өлшеуіш аспаптары, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандыру құрылғылары, ажыратқыштары, іске қосатын аппараттары мен аспаптары тек жанбайтын негізге орнатылады.

      80. Сымдар мен кабельдердің талсымдарын жалғау, ұштау және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнайы қысқыштар көмегімен жүргізіледі.

      81. Сымдар мен кабельдердің талсымдары жалғанатын және тармақталатын жерлері, сондай-ақ жалғаушы және тармақтаушы қысқыштар осы сымдар мен кабельдердің тұтас жерлері талсымдарының оқшаулағышына тең етіп оқшауланады.

      82. Оқшаулағыш тіреуіштерде төселген сымдардан басқа, сымдар мен кабельдердің жалғанымы мен тармақталуы жалғаушы және тармақтаушы қораптарда, жалғаушы және тармақтаушы қысымдардың оқшауланған корпустарында, құрылыс конструкцияларының арнайы қуыстарында, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың корпустарының іштерінде орындалады. Оқшаулағыш тіреуіштерде төсегенде сымдарды жалғау немесе тармақтау тікелей оқшаулағыштың жанында, клицтерде немесе олардың үстінде, сондай-ақ роликте орындалады. Жалғаушы және тармақтаушы қораптар қорғағыш қақпақтармен қамтамасыз етіледі.

      83. Үй-жайлардағы электр қондырғылары мен электр аспаптары жұмыс уақыты (ауысымы) аяқталғаннан кейін тоқсыздандырылады.

      Авариялық жарық түсіру, өрт сөндіру және өртке қарсы сумен жабдықтау қондырғылары, өрт және күзет-өрт сигнализациясы кернеуде қосулы болады. Электр қондырғылары мен электр техникалық бұйымдарды (оның ішінде тұрғын үй-жайларда), егер бұл олардың функционалдық мақсаты мен негіздеме және (немесе) дайындаушы-зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарында көзделсе, кернеуде қалдыруға жол беріледі.

      84. Электр берудің әуе желілерін жанғыш шатырлардың, бастырмалардың, сондай-ақ жанғыш заттардың, материалдар мен бұйымдардың ашық қоймаларының (қатарлардың, маялардың), А, Б, В1-В4 санаттарындағы жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша сыртқы технологиялық қондырғылардың үстіне төсеуге және пайдалануға жол берілмейді.

      85. Электр қозғалтқыштары, шырағдандар, өткізгіштер, тарату құрылғылары жанғыш тозаңнан айына кемінде екі рет, ал шаң көп бөлінетін үй-жайларда айына кемінде төрт рет тазартылады.

      86. Электр қондырғыларын пайдалану кезінде:

      1) дайындаушы зауыттың нұсқаулығында жазылған қауіпсіздік талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, өрттің шығуына (ұшқындауға, қысқа тұйықталуға, кабельдер мен сымдардың оқшаулағышының шамадан тыс қызуына, автоматты басқару, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғау жүйелерінің істен шығуына) әкелуі мүмкін ақаулары бар электр қабылдағыштарын пайдалануға, сондай-ақ оқшаулағышы зақымданған немесе қорғағыш қасиеттері жойылған электр сымдары мен кабельдерін пайдалануға;

      2) электр энергиясын қабылдағыштарды дайындаушы зауыт көздеген конструкция мен қорғау жүйелерін, оның ішінде бүлінген және бекітілмеген электр қондырғылары бұйымдарын пайдалануға;

      3) конструкциясында көзделген жылу реттегіштер болмаған немесе ақау болған кезде электр қыздырғыш аспаптарын қолдануға;

      4) электр үтіктерді, электр плиткаларын, электр шәйнектерін және басқа электр қыздыру аспаптарын дайындаушы зауыттың нұсқаулығында көзделген болса, өрттің шығу қаупін болдырмайтын арнайы тұғырықтарсыз (қоректендіру цокольдерінсіз, қыздырғыш дөңгелектерсіз) пайдалануға;

      5) стандартты емес (қолдан жасалған) электр қыздыру аспаптарын қолдануға, калибрленбеген балқығыш ендірмелерді және шамадан тыс жүктеме мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған аппараттарды пайдалануға;

      6) электр қалқандарының, электр қозғалтқыштарының және іске қосу аппаратурасының жанына өрт қауіпті және (немесе) жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды орналастыруға (қоймалауға);

      7) жарылыс қаупі және өрт қаупі бар аймақтарда дайындаушы зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғау деңгейі мен түрінің белгілеуі жоқ электр жабдығын қолдануға жол берілмейді.

      87. Стационарлық жабдықтың, күштік және жарықтандыру желісінің электр сымдарының жай-күйін тексеру, сымдардың, кабельдер мен жерге тұйықтау құрылғыларының оқшаулағышының кернеуін сынау және өлшеу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10949 болып тіркелген) талаптарында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 16.09.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      88. Софиттерді орнату және пайдалану кезінде бекіткіш конструкциялар мен жарық ұстайтын және шағылыстыратын экрандар ретінде жанғыш материалдарды пайдалануға жол берілмейді.

      Прожекторлар мен софиттер жанғыш конструкциялар мен материалдардан кемінде 0,5 м, ал линзалық прожекторлар кемінде 2 м қашықтықта орналастырылады.

      Прожекторлар мен софиттерге арналған жарық сүзгіштер жанбайтын материалдардан дайындалады.

      89. Құрылыс алаңының аумағындағы жарықтандыру прожекторлары жеке тіректерге орнатылады.

      Прожекторларды жанғыш материалдардан жасалған жабындарда және полимерлі жылытқыштары бар ғимараттарда орнатуға жол берілмейді.

      90. Жабық тарату құрылғыларының үй-жайлары мен дәліздерінде сақтауға арналған үй-жайларды орналастыруға, сондай-ақ электр техникалық жабдықты, қосалқы бөлшектерді, жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды және әртүрлі газдары бар баллондарды сақтауға жол берілмейді.

      91. Кабельдік құрылыстардың секциялық қалқаларының есіктері өздігінен жабылатындай, ғимараттан эвакуациялау жолына қарай ашылатындай етіп көзделеді және ысырмаларында нығыздағыштармен қамтамасыз етіледі.

      Кабельдік құрылыстарды пайдалану кезінде көрсетілген есіктер жабық күйінде болады және бекітіледі.

      Кабельдік үй-жайлардың желдету жағдайы бойынша егер өздігінен жабылатын есіктердің жабылуы үшін өрт кезінде құрылыстың тиісті бөлігінде өрт сигнализациясы импульсінен іске қосылатын автоматты құрылғылар қолданылатын болса, оларды ашық күйінде бекітуге жол беріледі.

      92. Металл қораптарға төселген кабель желілері жанбайтын материалдармен нығыздалады, ал қораптың өзі мынадай жерлерде:

      1) басқа кабельдік құрылыстарға кіретін жерде;

      2) кабельдік қораптардың көлденең учаскелерінде әрбір 30 м сайын, сондай-ақ электр кабельдері бар басқа қораптарға тармақтарында;

      3) кабельдік қораптардың тік учаскелерінде әрбір 20 м сайын отқа төзімділік шегі кемінде EI 45 қалқалармен бөлінеді.

      Қалқалар арқылы өткен кезде жабындардың әрбір белгісінде осындай отқа төзімді нығыздағыштар қосымша жасалады.

      Металл қораптарға төселген кабель желілерінің нығыздалған жерлері қораптардың сыртқы қабырғаларында қызыл жолақтармен белгіленеді. Қажет болған жағдайларда, қосымша түсіндірме жазбалар орындалады.

      93. Төселетін кабельдер және металл қабаттардың металл қабықтарын қорғау үшін қолданылатын тоттануға қарсы жабындар жанбайтындай етіп көзделеді.

      94. Май толтырылған кабельдерге май беруді (сіңіруді) қамтамасыз ететін құрылғылардың үй-жайларында осы қондырғыға қатысы жоқ жанғыш материалдар мен бұйымдарды сақтауға жол берілмейді.

      95. Электр қондырғылар мен тұрмыстық электр аспаптарының ақаулары анықталған кезде олар дереу токтан ажыратылады. Оларды тек ақаулар жойылғаннан кейін ғана қайта қосуға жол беріледі.

      96. Уақытша электр желілерін орнатуға және пайдалануға жол берілмейді.

      97. Тасымалды шамдар қорғағыш шыны қалпақтармен және торлармен жабдықталады. Осы шамдар мен тасымалды электр аппаратурасы үшін иілгіш кабельдер мен мыстан жасалған сымдар қолданылады.

      98. Өртке қарсы қорғау, авариялық жарықтандыру жүйелерін қоректендіру үшін енгізу-тарату құрылғысынан бастап электр энергиясын тұтынушыға дейін ЭҚОҚ талаптарына сәйкес сенімділіктің бірінші санаты бойынша дербес электр желісі көзделеді.

      99. Құрылыс алаңындағы уақытша электр сымы оқшауланған сымнан жасалып, арқанға ілінеді және жұмыс орындарынан кемінде 2,5 м, өтетін жерлерден 3 м, өту жолдарынан 6 м биіктікте берік тіреулерге орнатылады.

      100. Электр желілері ЭҚОҚ талаптарына сәйкес қысқа тұйықталу токтарынан қорғалады.

4-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың жылу беру жүйелерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      101. Пештерді жағуды жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық алған адамдар жүргізеді.

      102. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерді қоспағанда) пеш жағу жұмыс аяқталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын, ал тәулік бойы адамдар болатын объектілерде ұйықтағанға дейін екі сағат бұрын тоқтатылады.

      Балалар күндіз болатын балалар мекемелерінде пеш жағу балалар келгенге дейін кемінде бір сағат бұрын аяқталады.

      103. Шатырларда түтін құбырлары мен түтін арналары өтетін қабырғаларды объектілердің иелері әктеуі қажет.

      104. Жылу беру маусымы басталар алдында ұйымдардың басшылары мен жеке тұлғалар жылыту аспаптары мен жүйелеріне қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Ақаулы пештер мен жылыту аспаптарын пайдалануға жол берілмейді.

      Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, мұржалары, элементтері тікелей жылу беру маусымының алдында, сондай-ақ жылу беру маусымы ішінде кемінде:

      1) үш айда бір рет – жылыту пештері үшін;

      2) екі айда бір рет – үздіксіз от жағылатын пештер мен ошақтар үшін;

      3) айына кемінде бір рет - асхана плиталары және үздіксіз (ұзақ мерзімді) от жағылатын пештер тазартылып тұрады.

      105. Отын беру жүйесінен сұйық отынның ағуына немесе газдың ағып кетуіне жол берілмейді.

      106. Жылу генераторларын орналастыру және пайдалану дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      107. Жылу генераторларын пайдалану кезінде:

      1) отын өткізгіштердің герметикалығы бұзылған аппаратта және ондағы тиек клапаны ақаулы болса, форсунка корпусы жылу шығаратын аппаратпен тығыз жалғанбаса, түтін жолдары, электр қозғалтқыштары мен қорғау аппараттары жарамсыз болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және өзге де ақаулықтар кезінде жұмыс істеуге;

      2) ашық отын бактары бар аппаратта жұмыс істеуге;

      3) аппарат пен шығыс бактарының жанында жану тобы Г3-Г4 материалдарынан жасалған қоршаулар орнатуға;

      4) отын өткізгіштерді ашық отпен қыздыруға;

      5) жұмыс істейтін қоспаны көру тесігі арқылы жағуға;

      6) жылу шығаратын аппарат жұмыс істеп тұрған кезде шырақтардың электродтары арасындағы саңылауды реттеуге;

      7) жұмыс істеп тұрған жылу шығаратын аппараттарды қараусыз қалдыруға немесе оларды қарауды балаларға тапсыруға жол берілмейді.

      108. Сұйық отынмен жұмыс істейтін аппараттар апаттық төгілу кезінде отын багындағы отынның барлық көлемін сақтайтын металл түпқоймаға орнатылады. Көрсетілген түпқойма құммен немесе басқа жанбайтын адсорбентпен толтырылады, ол отын сұйықтығы сіңгеннен кейін жойылады.

      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      109. Тұрғын үй-жайларда тұтану температурасы 61oС-ден төмен сұйық отынмен жұмыс істейтін жылу беру аппараттарын, сондай-ақ жылу беру жүйелерінде жылу тасымалдағыш ретінде ыстық сұйықтықтарды пайдалануға жол берілмейді.

      110. Сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылу беру аппараттары ақаусыз есіктермен және жанғыш конструкциялардан нормаларда белгіленген өртке қарсы бөлгіштермен (жылжытқыштармен) қамтамасыз етіледі.

      Жылыту қазандықтары мен жылу беру қондырғыларының әрбір форсункасының жанындағы отын құбырында кемінде екі вентиль орнатылады: біреуі – пештің оттығының жанында, екіншісі – отын салынған сыйымдылықтың жанында.

      111. Елді мекендерде ұйымдарды және тұрғын үйлерді жылытуға арналған орталық қазандықтарды пайдалану кезінде:

      1) сұйық отынды осы мақсаттарға арналмаған үй-жайларда сақтауға;

      2) жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;

      3) отын беру жүйелерінен сұйық отын аққан немесе газ шыққан кезде жылу бөлу қондырғыларын пайдалануға;

      4) оттықтарды алдын ала үрлемей қондырғыны жағуға және форсункалар немесе газ жанарғылары жанбаған кезде отын беруге;

      5) жанғыш материалдарды қазандықтарда немесе бу өткізгіштерде кептіруге жол берілмейді.

      112. Пешпен жылу беруді пайдалану кезінде:

      1) от жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды балалардың қарауына тапсыруға;

      2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;

      3) қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

      4) пештің нақты бір түріне арналмаған отын түрлерімен пешті жағуға;

      5) үй-жайларда жиналыстар мен басқа да көпшілік іс-шаралар өткізу уақытында пештерді жағуға;

      6) пештерді шамадан тыс қыздыруға;

      7) алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) ысырмаларды (жаппаларды) жобалау нормаларында көзделген ойықтарсыз қолдануға;

      9) желдету және газ арналарын түтіндіктер ретінде қолдануға, транзиттік түтіндіктерді тұрғын үй-жайлар арқылы төсеуге жол берілмейді.

      Ескерту. 112-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      113. Құрамында қыздырылған және бықсыған материалдар бар күл мен шлак оттықтан шығарылғаннан кейін өрттің шығу мүмкіндігін болдырмайтын, осы үшін арнайы бөлінген жерге шығарылады және оларға су құйылады.

      114. Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықты пештердің оттықтарының саңылауларына дейін кемінде 1,25 м және пештердің басқа қыздырылатын бөліктеріне дейін кемінде 0,7 м қашықтықта орналастыруға жол берілмейді.

      115. Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларының түтін құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      116. Отын (көмір) осы үшін арнайы бейімделген үй-жайларда немесе жанатын құрылыстардан 8 м алшақ орналасқан, арнайы бөлінген алаңдарда сақталады.

      117. Зауытта дайындалған пештерді өнеркәсіптік кәсіпорындардың жатақханаларының, әкімшілік, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттарының үй-жайларында, тұрғын үйлерде орнатқан кезде осы өнім түрлерін өндіруші зауыттардың нұсқаулығының талаптары, сондай-ақ жылу беру жүйелеріне қойылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары орындалады.

      118. Уақытша металл пештерді орнату кезінде мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі:

      1) металл пештер биіктігі кемінде 0,2 м табандармен қамтамасыз етіледі;

      2) металл пештер кемінде мынадай қашықтықта орнатылады:

      ағаш конструкциялардан, жиһаздан, тауарлардан, стеллаждардан, витриналардан, сөрелерден және басқа жабдықтардан – 1 м;

      жанудан қорғалған конструкциялардан – 0,7 м;

      оттық саңылауларынан бастап ағаш конструкциялар мен басқа жабдықтарға дейін – 1,25 м.

      119. Металл мұржа терезе арқылы шығарылған кезде оған бөлгішті алмастыратын, мөлшері мұржаның үш диаметрінен кем болмайтын жабындық темірден жасалған қабат қойылады.

      Мұржаның ұшы ғимарат қабырғасының сыртынан кемінде 0,7 м орнатылады, биіктігі 0,5 м келтеқұбырмен жоғары қарай бағытталады.

      Жоғарғы қабаттың терезесінен шығарылған келтеқұбыр ернеуден кемінде 1 м шығып тұрады. Келтеқұбырға қақпақ орнатылады.

      120. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      121. Желдету және ауа баптау жүйелерін пайдалану кезінде:

      1) желдету камераларының есіктерін ашық қалдыруға;

      2) сору арналарын, саңылаулар мен торларды жабуға;

      3) ауа өткізгіштерге газбен жылыту аспаптарын қосуға;

      4) ауа өткізгіштерде жиналған май тұнбаларын, тозаңды немесе басқа жанғыш заттарды жағуға жол берілмейді.

      122. Гидравликалық, құрғақ сүзгілер, тозаң ұстайтын және желдету (аспирациялау) жүйелерінің басқа құрылғылары ақау болған және ажыратылған кезде жарылыс қаупі және өрт қаупі бар өндірісі (қондырғылары) бар үй-жайларда технологиялық жабдықтың жұмыс істеуіне жол берілмейді.

      123. Жанғыш тозаңды, талшықты және қатты қоспалары бар басқа қалдықтарды кетіретін желдеткіштерге қатты заттардың түсіп кетуіне жол бермеу үшін олардың алдына – тас тұтқыштар, ал металл заттарды алып тастау үшін магниттік сепараторлар орнатылады.

      124. Пневматикалық көліктің құбыржолдарында және жергілікті сору жүйелерінің ауа өткізгіштерінде кезеңдік қарап-тексеру, тексеру және өрт шыққан жағдайда оны сөндіру үшін тығыз жабылатын люктер көзделеді.

      125. Байқап-қарау люктері бір-бірінен, сондай-ақ үштіктерде, бұрылыстарда, құбыржолдардың қабырғалар мен аражабындар арқылы өтетін жерлерінде 15 м аспайтындай етіп орналастырылады.

      126. Желдеткіш жұмыс істемегенде қыздырғыш элементтерге электр энергиясын беруге жол бермейтін жарамды дабылы мен бұғаттағышы және электр мен жылудан қорғалып көзделген, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы бар электркалориферлер пайдалануға беріледі.

      127. Калориферлерді пайдалану кезінде:

      1) сигнализацияны немесе бұғаттағышты сөндіруге;

      2) электркалорифердің корпусы мен желдеткіш арасындағы иілгіш ендірме үшін жанғыш материалдарды қолдануға;

      3) электркалориферден шығу жолындағы ауаның дайындаушы-зауыт белгілеген шекті рұқсат етілген температурасын арттыруға;

      4) желдеткіш жұмыс істемегенде электркалориферді қосуға (қондырғыны әр іске қосқан сайын бұғаттағыш тексеріледі);

      5) электркалориферде немесе оның маңында жабдықтарды және жанғыш материалдарды орналастыруға жол берілмейді.

      128. Түтін арнасының конструкциясында оларды ауық-ауық күйеден тазарту үшін технологиялық ойықтар қамтамасыз етіледі.

      129. Қатты отынмен жұмыс істейтін жылу бөлу аппараттары оттығының есігі астындағы жанғыш материалдардан жасалған еден оттық алдындағы металл қабатпен қорғалады, оның ұзын жағы пештің бойымен ошақ саңылауында орналасады, ойықтарсыз өлшемі кемінде 0,5 х 0,7 м болады.

5-тарау. Желдеткіш жүйелерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      130. Ауа өткізгіштердегі от жалынын бөгейтін құрылғылар (жапқыштар, шиберлер, клапандар), автоматты өрт сигнализациясы немесе өрт сөндіру құрылғылары бар желдеткіш жүйелерінің бұғаттау құрылғылары, өрт кезінде желдеткішті автоматты түрде өшіретін құрылғылар техникалық құжаттамада белгіленген мерзімдерде тексеріледі және жарамды күйде ұсталады. Ысырма жетегінің сезгіш элементтері (тез балқитын құлыптар, тез жанатын қондырмалар, термосезгіш элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан уақтылы тазартылады.

      130-1. Желдету камералары, циклондар, сүзгілер, ауа өткізгіштер, ас үйдің сору жүйелері жанғыш шаңдардан, өндіріс қалдықтарынан және май тұнбаларынан тазартылады.

      Ұйымның басшысы немесе өрт қауіпсіздігі талаптарынының сақталуына жауапты адам желдеткіш камераларды, циклондарды, сүзгілер мен ауа өткізгіштерді, ас үйдің сору жүйелерін жанғыш шаңдардан, өндіріс қалдықтарынан және май тұнбаларынан тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін еркін нысанда тиісті акт жасай отырып айқындайды, бұл ретте мұндай жұмыстар жылына кемінде 1 рет жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 130-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      131. Әртүрлі мақсаттағы желдету жүйелерінің ауа өткізгіштерінің және ағынды-сорғы түтіннен желдету жүйелерінің және транзиттік арналарының (оның ішінде ауа өткізгіштердің, коллекторлардың, шахталардың) конструкциялары жобалық құжаттамаға сәйкес пайдаланылады.

      132. Желдеткіш камераларында қандай да бір жабдық пен материалдарды сақтауға жол берілмейді. Желдеткіш камералары үнемі құлыппен жабылады.

      133. Жылу шығаратын аппараттардан жану өнімдері ғимараттар мен құрылыстардан тыс осы мақсаттарға арнайы арналған түтін арналары арқылы шығарылады. Түтін арналары ретінде желдету жүйесінің ауа өткізгіштерін пайдалануға жол берілмейді.

6-тарау. Тоңазытқыш қондырғыларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      134. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерінің үй-жайларында кемінде екі хладоагент буының газ талдағышы орнатылады, олар ағынды-сорғы желдеткішпен және компрессорларды ажырату құрылғыларымен бұғатталады.

      135. Хладоагенттері (аммиак) бар баллондар арнайы қоймаларда сақталады. Оларды машина бөлімшелерінде сақтауға жол берілмейді.

      Хладоагенті бар коммуникацияларды эвакуациялау дәліздерінде және өтетін жерлерде, сатылы торларда, көтергіш шахталарында орналастыруға, сондай-ақ оларды өрт және жарылыс қауіпті үй-жайлар арқылы транзиттік төсеуге жол берілмейді.

      136. Машина және аппарат бөлімшелерінің желдеткіш жүйелері басқа үй-жайлардың желдеткіш жүйелерінен оқшауланады.

      137. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелеріндегі жарылыстан қорғалған электр жабдығы техникалық жарамды күйде ұсталады.

      138. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерінің үй-жайларын пайдалану процесінде жеңіл лақтырылатын элементтерді (панельдерді, терезелерді, есіктерді) ауыстыруға жол берілмейді.

      139. Жүйені толтыруды тездету үшін хладоагенттері бар баллондарды жылытуға жол берілмейді. Аммиагы бар баллондар ашық от көздерінен кемінде 10 м және жылу беру аспаптарынан 5 м қашықтықта алыс орналастырылады.

      140. Майлау материалдарын компрессорлық үй-жайларда тек ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста ғана сақтауға рұқсат етіледі.

      141. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларда компрессорға сұйық хладоагенттің түсу мүмкіндігіне жол берілмейді.

      142. Аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың үй-жайларында ішкі өрт крандары шашыраған суды алуға мүмкіндік беретін шашыратқыш оқпандармен жабдықталады.

      143. Компрессорлық бөлімшелердің үй-жайларында компрессорлармен конструкциялық немесе технологиялық байланысы жоқ аппараттарды немесе жабдықты орнатуға, сондай-ақ жұмыс орнын, кеңсе және қойма бөлмелерін салуға жол берілмейді.

      144. Құбырларды, бекіту құрылғыларын, жабдықтарды жылыту үшін ыстық су, бу немесе қыздырылған құм пайдаланылады.

      145. Хладоагенттері бар құбырлар оларда тасымалданатын заттарға байланысты танып ажырату бояуымен және сандық белгілеулермен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      146. Хладоагенті бар құбырлардың қолданыстағы орналасу схемасын өзгертуге жол берілмейді.

      147. Хладоагенттері бар құбырлардың механикалық зақымдалуы мүмкін жерлеріне қорғайтын бүркеніштер, торлар, кішкене көпіршелер орнатылады.

      148. Хладоагенттері бар құбырлардың жанбайтын жылу оқшаулағышын жанатын оқшаулағышқа ауыстыруға жол берілмейді.

      149. Тоңазытқыш станциясының үй-жайлары тығыз тығыны бар өздігінен жабылатын есіктермен жабдықталады.

2-бөлім. Елді мекендерді ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-тарау. Тұрғын, қоғамдық (көп функционалды) ғимараттар мен жатақханаларды ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      150. Тұрғын үйлердің пәтерлерi мен жатақханалардың үй-жайларында жарылыс, өрт қауiптi заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әртүрлi шеберханалар мен қойма үй-жайларын орнатуға жол берiлмейдi.

      151. Пәтерлер, жеке тұрғын үйлер және тұрғын бөлмелерде:

      1) балкондар мен лоджияларда тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, газ баллондарын сақтауға;

      2) төсекте темекі шегуге;

      3) балкондардан, лоджиялардан және терезелерден темекi тұқылын лақтыруға;

      4) тұтанған темекіні қалдыруға.

      5) токты тұрақты тұтынуды талап етпейтін электр жабдығын электр желісіне қосылған күйде бақылаусыз қалдыруға жол берілмейді.

      Ескерту. 151-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      152. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      153. Шам қойғыштар, ашық отты пайдаланатын шырағдандар жанбайтын берiк тұғырларға орнатылады және олардың құлауын болдырмайтындай жағдайларда пайдаланылады.

      Ашық жану көзі бар заттар мен құрылғыларды пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

      1) ашық жану көзі бар заттар мен құрылғыларды желдің өтіне, тез тұтанатын материалдардың жанына қоюға;

      2) ашық жану көзі бар заттар мен құрылғыларды қараусыз қалдыруға, сондай-ақ балалар мен үй жануарларына қолжетімді жерлерде қалдыруға болмайды.

      154. Жеке тұрғын үйлерде және көп пәтерлі тұрғын ғимараттарда осы Қағидалардың талаптарына сәйкес құрғақ ыстық монша (сауна) үй-жайларын орнатуға жол берiледi.

      155. Биіктігі 28 метрден астам ғимараттарда:

      1) автосатыларды немесе иінді көтергіштерді орнатуға және олардың бұрылысына арналған алаңдарды үймелеуге;

      2) түтiнге қарсы қорғау жүйесiн қабылдағаннан кейiн жүйені басқаратын электр қалқанын токтан ажыратуға;

      3) өртке қарсы қорғау жүйелерін ретке келтіргенге дейін жаңадан салынған ғимаратты пайдалануға беруге;

      4) тұйық қалқаларда және түтiнденбейтiн саты торларын үй-жайлардан, өту жолдарынан, жертөле үй-жайларынан есік ойықтарын, сондай-ақ көтергіш қабырғаларда ойықтар орнатуға;

      5) автоматты өрт хабарлағыштары мен суландырғыштарды бояуға, әктеуге, жабуға, оқшаулауға;

      6) балкондар мен лоджиялардың қоршауларын жанғыш материалдармен әрлеуге жол берілмейді.

      156. Қоғамдық мақсаттағы үй-жайлардың кіру және эвакуациялық шығу жолдары ғимараттың тұрғын бөлігінен оқшауланады.

2-тарау. Саяжай кооперативтерiн, бау-бақша серiктестiктерiн, ауылдық елдi мекендердiң аумақтарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      157. Автокөлiктiң бау-бақша серiктестiктерiне баратын жолдарында негiзгi магистральдан өту кезiнде, одан соң әрбiр бұрылыста немесе жол айрығында саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң атауы мен оларға дейiнгi қашықтықты нұсқағыштар орнатылады.

      158. Саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараж кооперативтерiнiң аумағына өту жолдарында стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес оларға қолданыстағы және салынып жатқан және уақытша ғимараттар (құрылыстар), өту жолдары, кiреберiстер, өрт сөндiрушiлердiң өту жолдары, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiнiң, өрт сөндiру құралдарының, өрт техникасының орналасқан орны көрсетiлген схемалар iлiнедi.

      Схемалар атмосфералық әсерге төзiмдi материалдан жасалады.

      159. Ауылдық елдi мекендердiң, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестерiнiң аумағында:

      1) өрт шыққан жағдайда адамдарға құлақтандыру үшiн дыбыстық сигналдарға арнайы құрылғылар орнатылуы қажет және өрт сөндiру мақсатында су қоры құрылуы тиіс;

      2) көктемгі, жазғы және күзгі маусымда әрбiр тұрғын үй ғимаратының жанында жиынтық су қоры кемiнде 200 литр сыйымдылық орнатылуы немесе өрт сөндiргiш болуы тиіс;

      3) жанғыш қалдықтардың үйiндiлерiн ұйымдастыруға жол берiлмейдi. Пайдаға асырылмайтын қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатақханалардың, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараждардың және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткiзгiшпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарында жабылатын қақпақтары бар металл сыйымдылықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 25 м қашықтықта орнатылады.

      Ескерту. 159-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      160. Аумағында өртке қарсы қызмет бөлімшелері орналастырылмаған ауылдық жердегі елді мекендерде, бау-бақша серіктестіктерінде, саяжай кооперативтерінде (серіктестіктерде, тұтыну кооперативтерінде, коммерциялық емес серіктестіктерде) жергілікті атқарушы органдар немесе азаматтардың көрсетілген коммерциялық емес бірлестіктерінің басқармалары ерікті өрт сөндіру құралымдарының қоғамдық бірлестіктерін ұйымдастырады, сондай-ақ осы үшін арнайы бөлінген орында немесе жеке тұрғын үйлерде (аулалық құрылыстарда) өрт жеңқұбырлары мен оқпандары жиынтығы бар өрт сөндіру мотопомпаларын, бастапқы өрт сөндіру құралдарын, өрт сөндіру кезінде пайдаланылатын механикаландырылмаған құрал-саймандар мен өрт сөндіру мүкәммалдарын сатып алу, сақтау стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      Ерікті өрт сөндіру құралымдары мүшелерінің қоғамдық бірлестіктері қатарынан өрт орнына қажетті жеңқұбырлар мен оқпандар жиынтығы бар өрт сөндіру мотопомпаларын жеткізуді қамтамасыз ететін адамдар тағайындалады.

      Аталған елді мекендер өрт сөндіру мотопомпалары бар тіркемелі мобильді өрт сөндіру кешендерімен қамтамасыз етіледі.

      161. Ауылдық елді мекендердің, бау-бақша серіктестіктерінің, саяжай кооперативтерінің, блок-контейнерлік ғимараттардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар және азаматтар бірлестіктерінің басқармалары өрт туралы адамдарды құлақтандыру үшін дыбыстық сигнализация құралдарын орнатады, өрт сөндіру мақсаттары үшін су қорын сақтайды, сондай-ақ өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру қажеттілігі белгілейді.

      162. Өрт қаупi бар маусымның бірінші онкүндігінде ауылдық елді мекендерде, бау-бақша серіктестіктерінде, саяжай кооперативтерінде және кәсіпорындарда жергілікті атқарушы органдар, бау-бақша серіктестіктерінің, саяжай кооперативтерінің басқармалары, ұйым басшылары тиісінше айрықша өртке қарсы режимді белгілейді және өрттің шығу қауіптілігін төмендету бойынша қосымша шараларды қабылдайды, өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізу, алау жағу, автомотокөліктің орман алқаптарына кіруі бойынша шектеулер енгізеді, халықтың және ерікті өрт сөндіру құралымдарының қоғамдық бірлестігі мүшелерінің күштерімен бастапқы өрт сөндіру құралдарымен елді мекендердің аумақтарын және олармен іргелес орман (дала) алқаптарын патрульдеуді, сондай-ақ өрт сөндіру мақсаттары үшін бейімделген техниканы ықтимал пайдалануға дайындықты ұйымдастырады. Елді мекендердің периметрі бойынша Жергілікті атқарушы органдармен ені кемінде 4 метр қорғаныш минералданған жолақтар орындалады.

      Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      163. Өртке қарсы үзіктер шектерінде жанғыш материалдарды қалдықтар мен қоқыстарды жинап қоюға, көлік тұрағына, ғимараттар мен құрылыстарды, оның ішінде уақытша құрылыстарды салуға (орнатуға) жол берілмейді.

      Ескерту. 163-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      164. Ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт сөндіру сатыларына және өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне апаратын жолдар, өтпелер мен кіреберістер жарамды күйде және өрт техникасының өтуі үшін қолжетімді етіп ұсталады, ал қыста қардан тазартылады.

      Ғимараттар мен құрылыстардың аумағына өту жолында өрт сөндіру техникасының өтуіне кедергі келтіретін шлагбаумдар, қақпалар мен қоршаулар орнату кезінде бұл құралдар өрт сөндіру техникасының кедергісіз өтуі үшін бұғаттан босатылу және (немесе) құлыптан ашылу, сондай-ақ ашық күйде болу мүмкіндігімен мынадай тәсілдердің бірімен қамтамасыз етіледі:

      1) арнайы техникалық құралдарды қолданбай қолмен ашу;

      2) персоналдың тәулік бойы кезекшілігімен тұрақты бекетті ұйымдастыру.

      Жолдар мен өтпелердің жөнделуі туралы немесе өрт техникасының өтуіне кедергі келтіретін басқа да себептер бойынша оларды пайдалануға жауапты ұйым шығу ауданында осы жолдар мен өтпелер бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына уақтылы хабарлайды.

      Жолдарды жабу кезеңінде айналып өту бағытының көрсеткіштері белгіленеді немесе жолдың жөнделетін учаскелері арқылы өткелдерлер немесе өтпелер ұйымдастырылады.

      Ескерту. 164-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      165. Ғимараттар мен құрылыстарға өтетін жолдарда және кіреберістерде өрт техникасының өтуіне, адамдарды құтқару үшін арнайы техникалық құрылғыларды орнатуға кедергі келтіретін көлік құралдарын, тіркемелерді, тіркеме вагондардың тұрағына және оны қоюға, және уақытша құрылыстарды орнатуға, сондай-ақ өрт гидранттары құдықтарының қақпақтарында көлік құралдарын, тіркемелерді, тіркеме вагондардың тұрағына және оны қоюға, және уақытша құрылыстарды орнатуға жол берілмейді.

      Ескерту. 165-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      166. Елді мекендер мен ұйымдардың аумағы түнгі уақытта өрт гидранттарын, сыртқы өрт сатыларын және өрт мүкәммалдарын орналастыру орындарын, сондай-ақ өрт сөндіру су айдындарының пирстеріне кіреберістерді тез табу үшін сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.

      Өрт қауіпсіздігі белгілерін түрлі-түсті түспен бейнелеу және оларды орналастыру (орнату) орындары стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес көзделеді.

      167. Ұйымдардың аумағында теміржол өткелдері тәуліктің кез келген уақытында өрт сөндіру автомобильдерінің теміржол төсемін кедергісіз кесіп өтуін қамтамасыз етеді.

      168. Елді мекендердің (өнеркәсіптік кәсіпорындардың шектерінен тыс), бау-бақша серіктестіктерінің және саяжай кооперативтерінің аумағында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдысты, сондай-ақ сығымдалған және сұйытылған газдары бар баллондарды ашық жинауға (сақтауға) жол берілмейді.

      169. Ғимараттар мен құрылыстардың арасындағы өртке қарсы қашықтықтарда қандай да бір конструкциялардың, құрылымдардың заттарын орналастыруға (жинауға), сондай-ақ көлік тұрағы үшін және ғимараттар мен құрылыстарды салу (орнату) үшін пайдалануға жол берілмейді.

      170. Саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң аумағында әр 20 учаскеге бiр қалқан есебiмен өрт қалқандары орнатылады.

      171. Су тегеурiнi мұнараларында, сондай-ақ жазғы уақытта пайдаланылатын су өткiзу жүйелерiнде (диаметрi 100 миллиметр және одан астам) әрбiр 120 метр сайын өрт шыққан жағдайда өрт техникасымен су алуға арналған құралдар көзделеді. Бұл құралдар жарамды күйде ұсталады.

      172. Саяжайларды, бағбандық үйлердi ұзақ уақытқа жапқан кезде электр желiсi ток көзiнен ажыратылады, газы бар баллондардың бұрамалары (клапандары) тығыз етіп жабылады.

      173. Ормандар мен дала алқаптарында орналасқан елді мекендер үшін жергілікті атқарушы органдар мен орман иеленушілер ені кемінде 4 метр өртке қарсы қорғаныш жолақтарын орнатуды, жапырақты екпелер отырғызуды, жазғы кезеңде құрғақ өсімдіктерді алып тастауды қамтамасыз етеді.

      174. Құрғақ, ыстық және желді ауа райы тұрақты болған жағдайда қалаларда, ауылдық елді мекендерде және кәсіпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бау-бақша учаскелерінде от жағуға, көмір, қоқыс, қалдықтар, құрғақ шөпті жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге, сондай ақ стационарлық емес сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін пештерді, ас-үй ошақтарын және қазандық қондырғыларын жағуға жол берілмейді.

      Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      175. Тұрғын үйлердiң қожалық учаскелерiнде ірі жемшөптердi жинау ғимараттарға және аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта орындалады. Көрсетілген қашықтықта ірі жемшөптердi жинау мүмкiн болмаған кезде, жинау орнын кемiнде 500 литр суы бар қосымша сыйымдылықпен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтық 15 метрден 5 метрге дейiн қысқартылады.

      Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      176. Мыналарға:

      1) қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырларына;

      2) электр жеткiзу желiлерiнiң астына;

      3) учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын, өзге де жанғыш заттар мен материалдарды жинауға жол берілмейді.

      177. Iрi жемшөптерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлiк құралымен жүзеге асырылады, олардың пайдаланылған құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      178. Iрi жемшөптердi тасымалдауға арналған көлiк құралдары екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен қосымша жабдықталады.

      179. Iрi жемшөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп орындалады.

      180. Елді мекендерде, саяжай және бау-бақша үйлерінің аумағында тамақ даярлау үшін жанғыш көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдарды (мангалды, барбекюді, грильді) пайдалану кезінде:

      1) мангал (барбекю, гриль) орнын өрт сөндіргіш затының салмағы кемінде 2 кг бір өрт сөндіргішпен немесе кемінде 10 литр суы бар сыйымдылықпен жабдықтау;

      2) жанғыш көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдардың (мангалдың, барбекюдің, грильдің және сол сияқтылардың) шетінен ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі минималды қашықтық (жоспарда) кемінде 10 метр болуы тиіс.

      181. Жанғыш көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдарды (мангалды, барбекюді, грильді):

      1) құрғақ өсімдіктері бар орындарда;

      2) ағаштардың түбінде;

      3) жанғыш материалдардан жасалған жабындардың астында;

      4) тұрғын ғимараттың үй-жайларында, сондай-ақ балкондарда және лоджияларда;

      5) шаруашылық құрылыстарда, гараждарда, шатырларда, жазық төбелерде орнатуға жол берілмейді.

      182. Жанып жатқан көмірді қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Ас даярлау аяқталған соң, бықсу толық тоқтағанға дейін жанған көмірге су құю қажет.

      183. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      184. Ормандар мен дала алқаптарында орналасқан шипажайлардың, демалыс үйлерінің және басқа да сауықтыру мекемелерінің (оның ішінде жазғы балалар саяжайларының, балалардың сауықтыру лагерьлерінің) аумағы периметр бойымен орман мен дала өрттері кезінде өрттің таралу мүмкіндігін болдырмайтын, ені кемінде 4 м минералдандырылған қорғау жолағымен қамтамасыз етіледі.

3-тарау. Вахталық объектілердің аумағы мен үй-жайларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      185. Вахталық объектінің аумағы көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде периметрі бойынша ені кемінде 4 м минералдандырылған жолақпен қорғалады.

      186. Автокөлік, техника тұрағы блок-контейнерлерден, құрылыстардан, материалдар мен жабдықты ашық сақтау орындарынан кемінде 15 м қашықтықта жүзеге асырылады.

      187. Отын құю техникасының тұрағы блок-контейнерлерден, құрылыстардан, материалдар мен жабдықты ашық сақтау орындарынан, басқа автокөлік техникасының тұрақтарынан кемінде 50 м қашықтықта болады.

      188. Вахталық объектіге кіре берісте мыналар көрсетілген схема ілінеді:

      1) ғимараттарды, блок-контейнерлерді, құрылыстарды, автокөлікті, техниканы, материалдар мен жабдықтарды сақтау орындарын орналастыру орындары;

      2) автокөлік техникасының қозғалысын ұйымдастыру;

      3) бастапқы өрт сөндіру құралдарын орналастыру орындары;

      4) жақын маңдағы өртке қарсы су көздері орналасқан жерлері.

      189. Вахталық объектінің аумағы қорғалатын аумақтың әрбір 1000 м2 өрт қалқанымен, сондай-ақ Қағидаларға 7-қосымшада айқындалған мөлшерде бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жарақталады.

      190. Ғимараттар, құрылыстар, электр жабдығын басқару қалқаншаларының корпустары, блок-контейнерлер жерге тұйықталумен қамтамасыз етіледі.

      191. Үй-жайларда, құрылыстарда, блок-контейнерлерде ашық отты қолдануға жол берілмейді.

      192. Вахталық объектілердің үй-жайлары әрбір адамға жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Вахталық объектінің үй-жайларында көрінетін жерде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық ілінеді.

      193. Вахталық объектілердің аумағында тұратын адамдар өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықпен қол қою арқылы немесе жұмыс орнында өртке қарсы нұсқама жүргізу кезінде танысады.

      194. Блок-контейнерлерді, құрастырмалы-модульдік кешендерді жинау кезінде неғұрлым алыс нүктеден адам орналасқан жерге дейінгі эвакуациялық шығу жолының ұзындығы 20 м-ден аспайтын етіп көзделеді.

      195. Блок-контейнерлерде, құрастырмалы-модульдік кешендерде жабық үлгідегі қыздыру элементтері бар зауытта жасалған жылу беру көзделеді.

      196. Вахталық объектінің аумағында ашық алаңдарда сығымдалған және (немесе) сұйытылған газы бар баллондарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды қалдыруға, жылыту құралдарының үстінде киім мен іш киім кептіруге, алау жағуға, ашық отты қолдануға жол берілмейді.

4-тарау. Қонақ үйлердi, мотельдердi, кемпингтердi (глэмпингтерді), хостелдерді ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      197. Қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде (глэмпингтерде), хостелдерде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жаднамалар ілінеді. Шетел азаматтары тұрған кезде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жаднамалар халықаралық қатынас тілдерінде орындалады.

      198. Есіктің ішкі жағында қонақ үйлердің, мотельдердің, кемпингтердің (глэмпингтердің) және хостелдердің нөмірлерінде нөмірі немесе бөлмесі, эвакуациялық шығу жолдары мен оларға қарай жүру жолдары, өрт сөндіру құралдары мен сигнализация орналасқан орындар көрсетіле отырып, өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялаудың жеке жоспарлары ілінеді.

      199. Қонақ үйлердің, мотельдердің, кемпингтердің (глэмпингтердің), хостелдердің үй-жайларында тұрғын қабаттарда қойма және кеңсе үй-жайларын орналастыруға жол берілмейді, сондай-ақ адамдарды жертөле және жертөле үй-жайларында орналастыруға (тұруға) жол берілмейді.

      Ескерту. 199-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Ғылыми ұйымдарды және білім беру ұйымдарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      200. Білім алушылармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын және өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдарды зерделеу бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Бастауыш білім оқушыларымен, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар ұйымдарында өртке қарсы тақырып бойынша әңгімелесулер жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын зерделеу бойынша нұсқаулық сабақтарын өткізу қажет.

      201. Зертханаларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақтауға жол беріледі. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды үй-жайға жеткізу жабық қауіпсіз ыдыста жүзеге асырылады.

      202. Сорып шығатын шкафта орындалатын операцияларға жатпайтын заттар, материалдар мен жабдықтар болған кезде, сондай-ақ ол жарамсыз және желдеткіш жүйесі iске қосылмаған кезде жұмыс жүргізуге жол берілмейді.

      203. Сорып шығатын шкафтардың тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жүргізілетін ағаш бөліктері оттан қорғау заттармен сырланады немесе жанбайтын материалдармен жабылады.

      204. Қолданылған тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар жұмыс соңында арнайы жабық ыдысқа жиналып, бұдан әрi кәдеге жарату үшiн зертханадан шығарылады.

      205. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды су бұру жүйесіне төгуге жол берілмейді.

      206. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жүргізілген ыдыстар тәжірибе аяқталғаннан кейін өртке қауіпсіз ерітінділермен жуылады.

      207. Балалар ұйымдарының ғимараттарында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың топтары (сыныптары) үшінші қабаттан жоғары орналастырылмайды.

      208. Сыныптарда, кабинеттерде, шеберханаларда, жатын бөлмелерде, асханалар мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықты орналастыру кезiнде адамдарды кедергiсiз эвакуациялау және өрт сөндiру құралдарына жету қамтамасыз етiледi.

      209. Оқу сыныптары мен кабинеттерiнде шкафтарда, сөрелерде немесе тұрақты орнатылған тiреулерде сақталуы тиiс оқу процесін қамтамасыз етуге қажеттi жиһаздар, аспаптар, үлгiлер, керек-жарақтар, құралдар ғана орналастырылады.

      210. Оқу сыныптары мен кабинеттеріндегі парталар (үстелдер) саны жобалау құжаттамасында белгіленген саннан аспауы тиіс.

      211. Сабақтар аяқталғаннан кейін кабинеттерде, зертханаларда және шеберханаларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар жеке үй-жайларда орнатылатын жанбайтын шкафтарға (жәшіктерге) жиналады.

      212. Жұмыс аяқталғаннан кейін үздіксіз жұмыс істеу үшін көзделгендерден басқа, электр аспаптарын өшіре отырып, барлық үй-жайларға тексеру жүргізіледі.

      213. Балалар тәулік бойы болатын білім беру ұйымдарында және мектепке дейінгі балалар ұйымдарында телефон байланысын қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілігі белгіленеді.

6-тарау. Балалардың жазғы демалыс орындары мен сауықтыру лагерьлерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      214. Балаларды сауықтыру лагерьлері бір қабаттан жоғары ағаш ғимараттарда орналастыруға жол берілмейді. Каркас және қалқанды ғимараттар сыланады және жанбайтын жабыны мен жанбайтын жылытқышы болады.

      215. Мыналарға:

      1) ғимараттарды жанғыш материалдармен, оның ішінде сабанмен, жаңқамен, қамыспен, жоңқамен жабуға;

      2) балалар бар ағаш ғимараттарда асүйлер, кір жуатын орындар орнатуға;

      3) отқа төзімділігі IV және V дәрежелі ғимараттар мен құрылыстарда 50-ден астам баланы орналастыруға;

      4) жазғы кезеңде балалар жұмыс істейтін үй-жайларда пеш жағуға, керосинді және электрмен жылыту аспаптарын қолдануға жол берілмейді;

      5) отшашулар жасауға, пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол берілмейді.

      216. Балалардың жазғы демалыс орындарындағы және сауықтыру лагерьлеріндегі кір жуатын орындар мен асүйлер балалар орналасатын ағаш ғимараттардан кемінде 15 метр қашықтықта оқшауланған құрылыстарда орналастырылады.

      217. Балаларды сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілмеген жазғы демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерінде орналастыруға жол берілмейді.

      218. Балалардың жазғы демалыс орындары, жазғы сауықтыру лагерлері өрт болған жағдайда дабыл сигналымен және бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Оларда қызмет көрсетуші персоналдың тәулік бойы кезекшілігі белгіленеді.

      219. Балалар лагерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарын және лагерьдің (базаның) схемасын әзірлейді, онда барлық ғимараттар, адамдар тұратын орындар (тұрғын үйлер, шатырлар), шаруашылық мақсаттағы орындар, сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздері, автомобильдердің тұрақтары көрсетіледі. Схема лагерь (база) аумағына кіреберісте ілінеді.

      220. Балалардың жазғы демалыс орындарының және сауықтыру лагерьлерінің аумағында шатырларды (киіз үйлерді) орналастыру кезінде бір топ алып жатқан аумақтың алаңы (1 немесе 2 қатар) 800 шаршы метрден аспайды. Топтар арасындағы қашықтық кемінде 15 метр, ал шатырлар (киіз үйлер) арасында кемінде 2,5 метр етіп қабылданады.

7-тарау. Мерекелік іс-шараларды өткізу орындарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      221. Адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде:

      1) кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етілген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда екінші қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;

      2) жаңа жылдық шыршалар тұрақты негізде орнатылады, олармен үй-жайдан шығатын жолдарды үйемелеуге жол берілмейді;

      3) шырша бұтақтары қабырғалар мен төбеден кемінде 1 метр қашықтықта орналасады;

      4) үй-жайда электрмен жарықтандыру болмаған жағдайда мерекелік іс-шаралар тәуліктің жарық уақытында ғана өткізіледі;

      5) иллюминация ЭҚОЕ талаптарын сақтай отырып орындалады. Төмендеткіш трансформаторсыз электр жарықтандыру желісін пайдалану кезінде шыршада кернеуі 12 Вольтқа дейінгі шамдарды тізбектей қосу арқылы ғана гирляндалар қолданылады. Шамдардың рұқсат етілген қуаты 25 Ватт;

      6) иллюминацияда ақау табылған кезде (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқындау) ол дереу токтан ажыратылады;

      7) іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың, өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Іс-шаралар өткізілетін үй-жайлар осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 221-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      222. Мыналарға:

      1) іс-шаралар өткізілетін үй-жайлардың терезелерінде торлар болған кезде оларды өткізуге;

      2) доғалы прожекторларды, шырақтарды және шартылдақтарды қолдануға, отшашулар, өртке әкелуі мүмкін жарықтық өрт қауіпті әсерлер жасауға;

      3) отпен жүргізілетін, бояу, жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге;

      4) үй-жайларды қараңғылау үшін терезелердегі жапқыштарды пайдалануға;

      5) қатарлар арасындағы өту жолдарының енін қысқартуға және өту жолдарында қосымша креслолар, орындықтар орнатуға жол берілмейді;

      6) қойылым кезінде үй-жайдағы жарықты толық өшіруге;

      7) үй-жайларды жобалау құжаттамасында белгіленген нормадан артық адамдармен толтыруға жол берілмейді.

      223. Ашық от көзін қолдана отырып басқарылмайтын ұшатын фонарьларды пайдалануға және іске қосуға жол берілмейді.

      224. Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде жол берілмейді:

      1) салюттарды ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр жақын жерде, ағаштар бастырмалары мен бастырмаларының астында орналастыруға;

      2) оларды желді ауа райында қолдануға.

      225. Ғимараттар мен құрылыстарда жаппай болатын іс-шараларды (демалыс кештерін, дискотекаларды, жаңа жылдық қойылымдарды) өткізуге өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адам өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне профилактикалық қарап-тексергеннен кейін ғана жол беріледі.

      Профилактикалық қарап-тексеру нәтижелері іс-шараны өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамның немесе ұйым басшысының қолымен еркін нысанда толтырылатын бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарды профилактикалық қарап-тексеру журналына енгізіледі.

8-тарау. Сайлау учаскелерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      226. Әрбір сайлау учаскесінде оның жұмысы басталғанға дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұйым басшы осы Қағидаларды сақтауды қамтамасыз етеді, оның ішінде:

      1) сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларының (міндетті түрде су жібере отырып), жарықтандыру және күштік желілерінің, түтінге қарсы желдеткіштің және автоматты өрт дабылы жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі, сондай-ақ тексеру еркін нысанда акт жасау арқылы жүргізіледі. Барлық кемшіліктерді ұйым басшысы сайлау учаскесінің жұмысы басталғанға дейін жояды. Анықталған кемшіліктерді жою нәтижелері бойынша немесе олардың болмауы бойынша сайлау учаскесінің жұмысқа дайындығы туралы акт жасалады (актілер сайлау учаскесінің жұмысы аяқталғанға дейін объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамда сақталады);

      2) өртке қарсы қорғау құралдарының болуы, жарамдылығы және қолдануға тұрақты әзірлігі қамтамасыз етіледі;

      3) сайлау комиссиясының мүшелерімен және қызмет көрсету үшін тартылған персоналмен қол қойғызып, өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт кезіндегі іс-қимылдар туралы нұсқама жүргізіледі;

      4) тамақ дайындауға арналған орындар белгіленеді және қыздыру аспаптарын пайдалану айқындалады;

      6) темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады.

      227. Сайлау учаскелері ғимараттарда екінші қабаттан жоғары орналастырылмайды. Ғимарат ішінде уақытша сауда, буфеттер ұйымдастыруға, кино және бейнефильмдер көрсетуге жол берілмейді.

      228. Дауыс беруге арналған үстелдерді, кабиналарды, жәшіктер мен жабдықтарды орналастыру адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.

      229. Сайлау учаскелерінің үй-жайларында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда, ашық отты пайдалануға байланысты құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ от жағуға, қоқысты, қалдықтарды, ыдыстарды жағуға және электрмен-газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Көрсетілген жұмыстар қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты бақылауымен жүргізіледі.

      230. Сайлаушыларды тіркеу, бюллетеньдерді беру орындары, дауыс беруге арналған кабиналар әр жерге орналасқан кемінде екі эвакуациялау жолмен қамтамасыз етілген үй-жайларда орналастырылады.

      231. Сайлаушылардың қозғалысы адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды ескере отырып ұйымдастырылады. Адам ағындарының қозғалыс бағыты көрсеткіштермен белгіленеді.

9-тарау. Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      232. Мұражайлар мен сурет галереяларында экспонаттар мен құндылықтарды эвакуациялау жоспары, ал цирктер мен хайуанаттар парктерінде жануарларды эвакуациялау жоспары әзірленеді.

      233. Көрермендер залдары мен мінбелерде барлық креслолар мен орындықтар бір-біріне қосылып, еденге мықтап бекітіледі. Өз бетімен шығу жолы болған кезде орын саны 12-ден аспайтын ложаларда креслолар мен орындықтар бекітілмейді.

      Би кештері үшін пайдаланылатын, орын саны 200-ден аспайтын көрермен залдарында оларды бір қатарға міндетті түрде қосу кезінде орындықтарды еденге бекіту жүргізілмейді.

      234. Сахналық қораптардың ағаш конструкциялары (желтартқыштар, сахна төсеніштері, аспалы көпірлер, жұмыс галереялары) құрылыс процесінде антипирендермен терең сіңіріледі.

      Көрсетілген конструкциялар, сондай-ақ жанғыш декорациялар, сахналық және көрмелік безендіру, көрермендер және экспозициялық залдардағы, фойедегі, буфеттердегі драпировкалар оттан қорғау құрамымен мерзімді түрде өңделеді.

      235. Театр-ойын-сауық мекемелерінің сахналық қораптарының шегінде бір мезгілде екі спектакльге арналған декорациялар мен сахналық жабдықтар болуы мүмкін. Сахнадағы декорацияларды сақтау орындары белгілермен белгіленеді. Декорацияларды, бутафорилерді, ағаш станоктарды, еңістерді, мүкәммалдарды және мүлікті трюмдерде, желтартқыштарда және жұмыс алаңдарында (галереяларда), саты баспалдақтарының және алаңдарының астында, сондай-ақ көрермен залдарының жертөлелерінде сақтауға жол берілмейді.

      236. Сахна планшетінің айналасындағы қойылымдарды безендіру кезінде ені кемінде 1 метр еркін айналма жол қамтамасыз етіледі.

      Қойылым аяқталған соң барлық декорациялар мен бутафориялар бөлшектеніп, сахнадан арнайы қоймаларға жинастырылады.

      237. Сахнада темекі шегуге, ашық отты, доғалы прожекторларды, фейерверктерді және басқа да от түріндегі әсерлерді қолдануға жол берілмейді.

      238. Ірі көлемдегі декоративтік безендіруді (залдың бүкіл биіктігіне) пайдалану кезінде жабынның көтергіш конструкцияларының төменгі белдеуіне дейінгі биіктігі 12 метр және одан астам спорт залдарында осы безендіруді, атап айтқанда уақытша су перделерін монтаждау, тез алынатын бекіту түрінде қорғайтын қосымша іс-шаралар көзделеді.

      239. Көрермендерге арналған уақытша орындарды (жылжымалы, алынатын, жиналып бөлшектелетін), сондай-ақ орындықтар мінбелерде жабық және ашық спорт құрылыстарының жол берілмейді синтетикалық материалдардан бөлетін және жану кезінде қауіптілігі жоғары және өте қауіпті жану өнімдері. Уақытша орындардың астында жанғыш материалдар мен жабдықтарды сақтауға, сондай-ақ техниканың тұруына жол берілмейді. Уақытша мінбелер астындағы кеңістік әрбір жарыс басталар алдында жанғыш қоқыстан және кепкен шөптен тазартылады.

      Эвакуациялау жолдарында қосалқы орындықтарды орнатуға жол берілмейді.

      240. Спорттық-көркемдік мерекелерді өткізу, халықаралық жарыстарды немесе халықаралық іс-шараларды, сондай-ақ мәдени ойын-сауық іс-шараларын ашу және жабу кезінде мінбелерге фонды орналастыруға арналған отырғыштар алмалы-салмалы етіп орындалады.

      241. Спорт залдарындағы көрермендерге арналған креслоларды орналастыру тұрақты және уақытша мінбелерден көрермендердің қарама-қарсы немесе қиылысатын легі болмайтындай етіп көзделеді.

      242. Жабық спорт құрылыстарында көрермендердің отыруына арналған уақытша конструкцияларды бекітуге, сондай-ақ тұғырларды, эстрадаларды, рингтерді бекітуге арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Ақаулы бекітпелері бар мұндай құрылымдарды орнатуға жол берілмейді.

      243. Спорт ғимараттарындағы телевизиялық камералар адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды ескере отырып орналастырылады.

      244. Көрермендерге арналған мінбелері бар спорт залдарында жасанды мұз жабындары болған кезде мұз тазалайтын машиналардың уақытша (жарыстар, қойылымдар, жаттығулар, репетициялар өткізу кезеңіне) тұруына арналған орындар көзделеді. Машиналар тұрақта эвакуациялау жолдарының есептік ені тарылмайтындай етіп орнатылады. Жарыстар, қойылымдар, жаттығулар, репетициялар аяқталғаннан кейін оларды арнайы бөлінген үй-жайларға жинайды. Уақытша тұрақта мұз тазалайтын машинаға отын құюға жол берілмейді.

      245. Жанғыш спорт мүкәммалдарын, залдардың жинау-бөлшектеу конструкцияларын, залдардың алмалы-салмалы жабындарын және басқа да материалдарды стеллажсыз сақтау кезінде олар ауданы 100 м2 аспайтын қатарларға жиналады. Қатарлардың биіктігі 2,5 метрден артық емес және жабынның немесе жабынның көтергіш конструкцияларынан 0,5 метрден кем емес етіп қабылданады. Қатарлар арасындағы және қатарлар мен қабырғалар арасындағы өту жолының ені кемінде 0,8 метр етіп орындалады. Қойма және мінбе астындағы үй-жайлардағы есік ойықтарына қарама-қарсы өтетін жолдардың ені есіктердің енінен кем болмауы тиіс. Өткелдердің ені мен қоймалау орындары еденге салынған шектеу сызықтарымен белгіленеді.

      Стеллаждарда материалдар мен спорттық мүкәммалды сақтау олар стеллаждардың габаритінен шықпайтындай етіп жүргізіледі.

      246. Спорт залдарында жанғыш материалдарды, сондай-ақ құрылымдары жанғыш материалдардан жасалған үй-жайларды металл және ағаш көтергіш құрылымдарды бекіту тораптарының астына тікелей орнатуға жол берілмейді.

      Сақтау үшін дайындалған спорттық мүкәммалдарды қолдана отырып, жылуұстағыштық үлесі жоғары синтетикалық материалдар және бөлетін жану кезінде қауіптілігі жоғары және өте қауіпті жану өнімдерін, үй-жайлар пайдаланылады бөлінген басқа үй-жайлардан өртке қарсы қалқалармен және жабындармен бөлінеді.

      Спорт залдарында жаттығулар мен жарыстар арасындағы кезеңде, сондай-ақ олар аяқталғаннан кейін синтетикалық материалдардан жасалған жұмсақ толтырылған қонуға арналған шұңқырлар жанбайтын қалқандармен жабылады.

      Залдардың шегінде қатарларға жиналған поролонды маттар жанбайтын материалмен жабылады.

      247. Спорттың техникалық түрлері бойынша жарыстар мен жаттығулар өткізу кезінде:

      1) жанармай құю қатты жабыны және қоршау ернеулері жанбайтын материалдардан жасалған және спорт құрылысынан кемінде 25 метр қашықтықта орналасқан арнайы бөлінген алаңдарда жүзеге асырылады;

      2) далалық жағдайларда отын құюға арналған орын жарыс трассасынан кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан және қатты жабыны және жарыс трассасынан басқа жаққа қарай еңісі бар алаңдарда орналасады. Спорт ғимараттарының мінбе астындағы кеңістігінде көлік құралдарын дайындауға және оларға техникалық қызмет көрсетуге жол берілмейді;

      3) электр аппаратурасы трансформацияланатын эстрадалар мен тұғырлардың шегінен тыс орналасқан аппараттық үй-жайларда орналастырылады.

      248. Қойылым немесе иллюминациялық жарықтандыру үшін лазерлердің блоктарын генерациялайтын лазерлік қондырғылар пайдаланылған кезде аппараттық үй-жайларда жанғыш конструкциялар мен декорациялардың үстіңгі қабатынан кемінде бір метр қашықтықта жанбайтын материалдардан жасалған тұғырларға орнатылады. Көрсетілген жұмыстар үшін өрт қауіпсіздігі сипаттамалары бар лазерлік қондырғылар қолданылады.

      249. Тұғырдың (эстраданың) ағаш рампасы мен электр шырақтарының қаптамалары арасында қалыңдығы 8-10 мм жанбайтын материал төселеді, ал эстрадаға немесе тұғырға орнатылатын барлық тасымалданатын электр фонарьлары (көмескілері) сыртқы жағынан жанбайтын материалдармен қорғалады. Шамдарды эстраданың немесе тұғырдың планшетіне тікелей орнату кезінде олардың астына жанбайтын материалдардан жасалған кілемшелер орнатылады. Жарық сүзгілері жоқ эстрададағы, тұғырдағы софиттер және жұмыс бабында жарықтандыру үшін пайдаланылатын эстрада, тұғырлар әйнекпен жабылады.

      Барлық софиттерге жарық жағынан шамдардың әйнектерінің және лампалардың жарылған колбаларының сынықтарының түсуін болдырмайтын қорғайтын металл тор орнатылады.

      250. Прожекторлар мен софиттерде әйнектің орнына жанғыш материалдардан жасалған жарық сүзгілерін қолдануға жол берілмейді.

      251. Қараю немесе дөңестену іздері бар лампалар, әйнектер жаңаларына ауыстырылады.

10-тарау. Спорт ғимараттарының емдеу-профилактикалық үй-жайларын, оңалту-қалпына келтіру орталықтарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      252. Спорт ғимараттарының емдеу-профилактикалық үй-жайларында, оңалту-қалпына келтіру орталықтарында орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда тез тұтанатын дәрілік препараттарды сақтау үшін бірге сақтауға болатын заттардың тізбесі бар жанбайтын материалдардан жасалған шкаф көзделеді. Шкаф жылыту және жылыту аспаптарынан кемінде 1 м қашықтықта орнатылады.

      Әртүрлі өрт қауіпті қасиеттері бар препараттарды шкафта бір сөреде сақтауға жол берілмейді.

      253. Медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда пайдаланылған сүрту және таңу материалдарын уақытша сақтау үшін жабылатын қақпағы бар металл урна орнатылады. Объектінің жұмысы аяқталғаннан кейін жәшіктің ішіндегісі қоқысты ортақ сақтау орындарына шығарылады.

      254. Спорт ғимараттарының емдеу-профилактикалық үй-жайларында, оңалту-қалпына келтіру орталықтарында орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда медициналық құралдарды стерильдеу үшін сұйық немесе газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылыту аспаптарын (керогаздарды, керосин лампаларын, примустарды), сондай-ақ спиралі ашық электр плиталарын пайдалануға жол берілмейді.

11-тарау. Монша-сауналарды ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      255. Құрғақ ыстық камераның жабдығында ақаулық пайда болған немесе жану белгілері (түтін, күйік иісі, құрғақ ыстық камераның ағаш қаптамасының көмірге айналуы) анықталған кезде оны пайдалану дереу тоқтатылады және бұл туралы объектінің әкімшілігіне хабарланады.

      256. Құрғақ жылу камерасынан шығатын түтік тікелей сыртқа шығарылады және бөлек ұсталады.

      257. Сауналардың үй-жайларында желіге қосылған тас пештің электр қыздырғышын қараусыз қалдыруға, саунаның үй-жайларында арнайы жабдықталған орындардан тыс тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға жол берілмейді.

      258. Төбенің астындағы тас пештің үстінде төбенің қаптамасынан кемінде 0,05 м қашықтықта жанбайтын жылу оқшаулағыш қалқан қамтамасыз етіледі.

      259. Тас пештің оттығы бу бөлмесіне жапсарлас арнайы үй-жайда көзделеді.

      260. Қорғаныс экраны жоқ электр тас пешті пайдалануға жол берілмейді.

      261. Ғимаратқа кіреберісте өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпарат орналастырылады.

12-тарау. Сауда объектілерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      262. Сауда залдары мен эвакуациялау жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлердi уақытша сақтауға, сонымен қатар жанғыш ыдыстарды ғимарат терезелерiнің сыртқы және ішкі жағына жапсарлас орналастыруға болмайды.

      263. Терезелері немесе түтiн шығарылатын шахтасы жоқ жайларда (бөлмелерде) жанғыш орамаларда жанғыш немесе жанбайтын тауарларды сақтауға болмайды. Жанғыш тауарлар мен жанғыш орамадағы тауарлар қоймалары сыртқы қабырғалардың жанында орналастырылады.

      264. Өрт қауіпті тауарлы-материалдық құндылықтарды сәйкестік белгілеріне сай арнайы белгіленген жайларда сақтайды.

      Қарулардың оқ-дәрілері және пиротехникалық бұйымдар басқа жайлардан өртке қарсы қалқалармен оқшауланған жайларда жанбайтын материалдардан жасалынған шкафтарда сақталады. Аталған шкафтарды жертөледегі үй-жайларда орналастыруға болмайды.

      265. Сауда кәсiпорындарында болмайды:

      1) сатып алушылар жүрген сауда залдарында отты пайдалану арқылы жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге;

      2) сауда залдарында жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға;

      3) баспалдақ торлары алаңдарында, тамбурлерде және басқа да эвакуация жолдарында сауда, ойын аппараттарын, банкоматтарды, терминалдарды орналастыруға және тауарлар сатуға; эвакуация жолдарында сауда, ойын аппараттарын және құрал-жабдықтарды орналастыруға, сондай-ақ тауарлар сатуға;

      4) сауда ғимараттарына жатпайтын басқа мақсаттағы ғимараттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (дәрілік құралдарды, медициналық бұйымдарды, косметикалық және алкогольдік өнімдерді есепке алмағанда), жанғыш газдарды, оқ-дәрілерді, капсюлдерді, пиротехникалық және жарылыс қауіпті бұйымдарды орналастырғанда оларды сатуға;

      Ескерту. 265-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      266. Адамдар жаппай болатын сатылым, жарнамалық акциялар мен іс-шаралар өткiзу кезiнде басшылар олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін, атап айтқанда келушiлердiң кiру санын шектеу, қосымша кезекшiлердi тағайындау бойынша қосымша шаралар қабылдайды.

      267. Базарларды ашық алаңдарда немесе ғимараттарда (құрылыстарда) орналастырғанда келесі өрт қауiпсiздiгi шаралары орындалады:

      1) ашық базарлардағы сауда қатарларының жабындылары жанбайтын материалдардан жасалады;

      4) сауда қатарлары арасындағы өтетін ашық жолдарды матамен, қағазбен, үлдiрмен және басқа жанғыш материалдармен жабуға болмайды.

      268. Базарларды басқа мақсаттағы ғимараттар бөлігінде немесе оларға іргелес құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді.

      Басқа мақсаттағы ғимараттардың бөлігінде немесе оларға жапсарлас құрылыстарда базарлар орналастыруға болмайды.

      269. Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгiршектер мен шағын дүкендер, павильондар жанбайтын материалдардан салынады. Жанғыш сұйықтықтарды, дезодоранттарды, сығылған газдарды сатуға арналған павильондар мен дүңгiршектер жеке тұрған немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгiршектер тобында отқа төзiмдiлiгi I, II, IIIа дәрежелi етiп салынады.

      270. Жұмыс уақытында тауарларды тиеу және ыдыстарды түсiру сатып алушылардың эвакуациялық шығу жолдарына қатысы жоқ жолдар арқылы жүзеге асырылады.

      271. Әрқайсысының сыйымдылығы 1 литрден асатын шыны ыдыстарға құйылған тұрмыстық химиялық тауарларды, лактарды, бояуларды және жылдам тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сонымен қатар "От қауіпті", "Отқа жақын шашыратпа" сияқты ескерту жазбалары бар этикеткалары жоқ өрт қауiптi тауарларды сатуға болмайды.

      Өрт қауіпті тауарларды бөлшектеп орау осы мақсатқа арнайы лайықталған жайларда жүзеге асырылады.

      272. Бөлiніп берілген аумақта дүңгiршектерді, сондай-ақ ауданы 35 шаршы метрді қоса есептегенге дейiнгі бiр қабатты павильондар топтармен орналастырылады. Бiр топта отқа төзiмдiлiгі І, ІІ, ІІІ, ІІІа дәрежелі 20-дан көп емес дүңгіршектер пен павильондар немесе 10 отқа төзімділігі ІІІб, ІV, IVa және V дәрежелі орналастырылады.

      Топтағы дүңгіршектер мен павильондардың арасындағы қашықтық есептелінбейді.

      Топтарды 1-типтік өртке қарсы қалқалармен 10 контейнерден тұратын бөліктерге бөлінеді.

      273. Осы Қағидалардың 272-тармағында көрсетілген топтардың арасындағы, сондай-ақ топтар мен жеке тұрған павильондар мен дүңгіршіктерден басқа ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі өртке қарсы арақашықтық осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес қабылданады.

      274. Жанатын қалдықтарды жинау орындары дүңгiршектер мен павильондардан 15 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.

      275. Орама материалдар мен мүкәммалдарды сақтауға арналған жайлардың ауданы 5 м2 аспайтындай етiп көзделеді.

      276. Елдi мекендерде орналастырылатын дүңгiршектерге электр (сәйкестiк сертификаты бар майлы радиаторларды, қыздыратын панельдердi қолдана отырып), бумен немесе сумен жылу беру қолданылады.

      277. Елдi мекендерден тысқары жерлерде орналастырылатын дүңгiршектерде осы Қағидаларға сәйкес пешпен жылытуды қолдануға болады.

      278. Дүңгiршектер мен павильондар құрылыстың сыртқы бетіне немесе нақты қорғалатын жайға (автономды өрт хабарлағыштары) шығарылған дыбыстық және жарық дабылы бар автоматты өрт дабылымен жабдықталады.

      279. Сауда-ойын-сауық орталықтарында балалардың ойын алаңдарын цокольды немесе жертөле қабаттарында орналастыруға болмайды.

      280. Базарда өрт шыққан кезде адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, сондай-ақ әрбір павильон, алаң, дүңгіршек (шағын сауда орны, бутиктер) үшін объектінің басшысы бекіткен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқама жасалынады.

13 -тарау. Медициналық ұйымдарды ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      281. Медициналық ұйымның басшысы науқастарды шығару аяқталғаннан кейiн күнделікті өрт сөндiру бөлiмiне әр мекеме ғимаратындағы науқастардың саны туралы деректердi хабарлайды.

      282. Өрт шыққан кезде уақтылы эвакуациялау үшін стационары бар медициналық ұйымдардағы өздiгiнен жүруге қабiлетсiз адамдар бес науқасқа бiр зембiл есебiнен зембiлдермен қамтамасыз етiледi.

      283. Стационары бар медициналық ұйымдарда мыналарға:

      1) науқастарға арналған палаталары бар корпустарда емдеу процесіне қатысы жоқ үй-жайларды орналастыруға немесе оларды жалға беруге;

      2) аурухана палаталарына баллондардан оттегi жiберу үшiн резеңке және пластмасса шлангты қолдануға;

      3) ақауы бар емдiк электр жабдықтарын пайдалануға;

      4) аурухана палаталары және науқастар орналастырылған басқа үй-жайларда үтiк, электр плиталарын және басқа да электрмен жылыту құралдарын пайдалануға;

      5) оттегі бар баллондарды, егер жобалау құжаттамамен көзделмеген болса орнатуға және сақтауға жол берілмейді.

      284. Қайнатқыштарды, су жылытқыштарды және титандарды орнату, медициналық аспаптарды зарарсыздандыру, сонымен қатар парафин мен озокериттi қыздыру осы мақсатта арнайы жабдықталған үй-жайларда жүргiзiледi. Аспаптар мен төсемдердi қайнату үшiн жабық шиыршықтары бар зарарсыздандырғыш қолданылады.

      Ескерту. 284-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      285. Зертханаларда, бөлiмшелерде, дәрiгерлер кабинетiнде дәрi-дәрмектер мен реактивтердi (тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарға жататын – спирт, эфир) сақтау арнайы, жабылатын металл шкафтарда сәйкестіктерін есепке алу арқылы жалпы саны 3 килограммнан аспайтын мөлшерде жүргізіледі;

      286. Оттегi және жанғыш газы бар баллондарды бiрге сақтауға, сонымен қатар осы баллондарды материалдық және дәрi-дәрмек қоймаларында сақтауға болмайды. Оттегi мен жанғыш газы бар баллондар арнайы үй-жайларда немесе қалқаның астында сақталады, жылу көздерiнен (жылу беру құралдары, күн сәулесi) және оларға майдың және майлы заттардың түсуінен қорғалады.

14-тарау. Физиотерапия кабинеттерiн, анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия, ота жасау бөлiмшелерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      287. Физиотерапия кабинеттерiнде, анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия, ота жасау бөлiмшелерiнде барлық емдеу электр аппараттары ақаусыз күйде болуы керек, сенiмдi жерге тұйықтағышпен, зауыттың электр схемасымен және техникалық паспортымен қамтамасыз етiледi.

      288. Электрмен және сәулемен емдеу кабинеттерiнде қолданылатын, оның iшiнде ауа қабаты бар стерилизаторлар тек зауыттан шыққан болуы керек және жанбайтын материалдардан жасалған беттерде орнатылады.

      289. Үй-жайлардың жергiлiктi желдету жүйелерiнiң аппараттары мен қондырғыларының шығарындылары шатырдың жоғарғы нүктесiнен 2 метрден кем емес биiктiкте жүзеге асырылады.

      290. Аппаратураны профилактикалық тексеріп қарау анықталған ақауларды жою шараларын қабылдай отырып, техникалық паспортта (нұсқаулықта) белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi.

      291. Әрбiр электрмен және сәулемен емдеу бөлiмшесінде (кабинетiнде) қызмет етушi персоналмен жүргiзiлген өртке қарсы нұсқамаларды және электр аппаратурасының жұмысында байқалған ақауларды тiркеу журналы жүргiзiледi.

      292. Науқастарды аурухана ғимаратынан эвакуациялау үшін сыртқы ашық баспалдақтарды қолдануға болмайды.

      293. Ота жасау, ота алдындағы, наркоздық және ота жасау блогының жайларының есіктері мен өту жолдары арқылы науқастарды сүйретпелермен еркiн тасымалдау қамтамасыз етiледi

      294. Есірткі заттары мен препараттардың өздiгiнен тұтануын болдырмау үшiн осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес ота жасау бөлмесінде өрттре мен жарылыстардың алдын алу бойынша қорғау шаралары көзделеді.

      295. Ота жасау столы, наркоз аппараты және барлық электрмедициналық аппаратурасы жерге тұйықтайтын сымдармен қорғайтын қалаққа қосылады.

15-тарау. Медициналық ұйымдардың зертханаларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      296. Медициналық ұйымдардың зертханаларында ертхана үй-жайларына кiретiн жерде олардың жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша санаттарының нұсқағыштары iлiнедi.

      297. Өндiрiстiк қажеттiлiктерге арналған оңай тұтанатын сұйықтықтарды беру құбыр арқылы жүргiзiледi немесе тасымалдауға арнайы жабық сынбайтын ыдыс пайдаланылады. Құбыр ғимараттың сыртынан тiкелей берiлетiн заттар пайдаланылатын орынға төселедi.

      298. Оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде жұмыс жайларында, қақпағы бар, iшiне жанбайтын материал төселген, металл жәшiкке салынған, қабырғасы қалың шыны немесе тығыз тығындысы бар сынбайтын ыдыста сақталынады. Мұндай сұйықтықтарды полиэтилендi сыйымдылықтарда сақтауға болмайды.

      299. Зертханаларда заттар мен материалдарды сақтау қатаң түрде ассортимент бойынша жүргiзiледi. Химиялық өзара әрекеттесуi нәтижесінде өрт немесе жарылыс шығатын заттарды бiрге сақтауға болмайды.

      300. Өрт, жарылыс қауіптi сұйықтықтар және заттармен жұмыс iстеуге арналған үстелдердің, сөрелердiң, сору шкафтарының жұмыс iстеуге арналған беттері жанбайтын материалдардан жасалған жабынмен және ернеулерден болуы көзделеді. Қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа химиялық белсендi заттармен жұмыс iстеу үшiн үстелдер мен шкафтар тотығуға төзiмдi материалдардан жасалады.

      301. Зертханада уытты немесе өрт- және жарылыс қауіптi булар мен газдарды бөлу мүмкiндiгiмен байланысты барлық жұмыстар тек ақаусыз жағдайда ұсталған, жанбайтын материалдардан жасалған сору шкафтарда жүргiзiледi. Әйнектерi сынық немесе желдеткiшi ақаулы сору шкафтарын қолдануға болмайды.

      Сору шкафтардың жармалары, есiктерi мен қалқалағыштары жұмыс уақытында барынша жабық (сорып шығу үшiн төменгi жағынан үлкен ойықтарымен төмен түсiрiлген) болады.

      Орындалатын операцияға қатысы жоқ материалдар мен жабдықтар сақталынған жағдайда, сору шкафта жұмыс iстеуге болмайды.

      Сору шкафтары өздiгiнен желдететiн каналдары бар желдету жүйесiмен жабдықталады.

      302. Қышқылдары, сiлтiлерi және басқа химиялық белсендi заттары бар әйнек ыдысты, iшiне жанбайтын материал төселген арнайы металл немесе ағаш жәшiктерде тасымалдау жүзеге асырылады. Күкiрт немесе азот қышқылдарын сақтау үшiн ағаш жәшiктердi, себеттер мен жоңқаларды пайдалануға болмайды.

      303. Сұйық оттегін оңай тұтанатын заттармен, майлармен және сұйық майлармен бiр үй-жайда сақтауға болмайды.

      304. Сығымдалған, сұйылтылған және ерiтiлген жанғыш газдары бар баллондар зертхана ғимаратынан тысқары металл шкафтарда орнатылады. Шкафтарда желдету үшiн ойықтар немесе жалюзи торлары көзделеді.

      Зертханалық үй-жайларға осы газдарды, сондай-ақ оттегін жеткізу орталықтандырылған күйде жүргiзiледi.

      305. Зертхананың барлық жайларындағы ағынды-сору желдеткiшi жұмыс басталғанға дейiн 5 минуттан кеш емес уақытта қосылады және жұмыс аяқталғаннан кейiн сөндiрiледi

      306. Зертханаларда:

      1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды қыздыратын аспаптарға, оттықтарға және басқа да от көздерiне 1 метрден жақын орналастыруға;

      2) пайдаланылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды су бұру жүйесіне құюға;

      3) едендер мен жабдықты тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға;

      4) оттықтар жанып тұрған және электр қыздырғыш аспаптары қосылып тұрған кезде байқаусызда төгiлген сұйықтықтарды тазалауға;

      5) жұмыс орнында майланған шүберек пен қағазды тастап кетуге;

      6) жұмыс орнында және жұмыс iстейтiн үй-жайларда өрт қауiптi қасиеттері белгісіз қандайда бiр заттар мен препараттарды сақтауға;

      7) жұмыс орнын, жанып тұрған оттықтарды және басқа қыздыру аспаптарын қараусыз қалдыруға;

      8) iшiнде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды ашық отта, сондай-ақ тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарында қыздыруға жол берілмейді.

      307. Оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар арнайы киiмге тиiп кеткен жағдайда оны дереу ауыстыру шаралары қабылданады

      308. Жарылыс- және өрт қаупi бар заттармен жұмыс iстеу кезiнде, сонымен қатар зертханада (бөлмеде, бокста) түнгi сағаттарда жұмыс iстеу кезiнде кемiнде екi адам болуы қажет.

      309. Оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды беруге арналған құбырлар жерге тұйықталады.

      310. Пайдаланылған сұйықтықтар еритiн заттардың қасиеттерiн ескере отырып, герметикалық жабылатын сынбайтын ыдысқа құйылады және жұмыс күнiнiң соңында қалпына келтiрілуі немесе жойылуы үшiн зертхананың жұмыс жайларынан шығарылады. Осы сұйықтықтарды сақтау осы Қағидаларға сәйкес жүргiзiледi.

16-тарау. Бiр және көп орынды емдеу барокамераларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      311. Барокамералар үй-жайларының есiктерi әйнексiз, тығыздалған ысырмалары бар өздiгiнен жабылатын, құлыпсыз, сондай-ақ басқа iлмек қондырғыларсыз болуы көзделеді. Барозалдардың есiктерiнiң енi аурухана сүйретпелерiнде немесе креслосындағы пациенттердi өткiзуге мүмкiндiк беретiндей, кемінде 1 м болуы көзделеді.

      312. Барокамера үй-жайлары қабырғаларының қаптамасы, аспалы төбелер жанбайтын материалдардан жасалынады. Қабырғалар мен төбелердi бояу үшiн тек су эмульсиялы бояулар пайдаланылады.

      313. Барокамера үй-жайларына жылу беру орталықтандырылған, су жылу тасымалдағышының температурасы 95оС аспайтындай болуы көзделеді. Жылу беру аспаптарынан және жылудың басқа көздерiнен барокамераға дейiнгi арақашықтық кемiнде 1 м кем болмайтындай көзделеді.

      314. Екi немесе одан көп бiр орынды немесе бiр көп орынды барокамералар орнатылатын жайлар авариялық жарықпен жабдықталады.

      315. Барокамераның үй-жайында олардың паспорттық немесе түгендеу нөмiрлерi көрсетiле отырып, құрамындағы оттегiсi жоғары ортада жұмыс iстеуге рұқсат етiлген аспаптардың тiзбесi iлiнедi. Ақаулы аспаптарды тек оларды оттегiсi арттырылған ортада пайдалануға болатындығы туралы тиiстi белгiлерi бар ұқсас аспаптарға ауыстыруға болады, бұл ретте тiзбеге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.

      316. Тiкелей барокамераларға орнатылған шырақтарда тек қыздыратын лампалар қолданылады.

      317. Бароаппараттар олардың бiрде бiреуi басқа бароаппаратты, барозалдың кез келген жабдығын, сондай-ақ науқастар мен қызмет көрсетуші персоналды эвакуациялауға кедергi келтiрмейтiндей етіп орналастырылады.

      318. Сеансты немесе оталауды бастар алдында барокамераның барлық аппаратурасы, өлшеу және бақылау аспаптары, байланыс құралдары, өрт сөндiру дабылдары, ал көп орынды барокамераларда және тасымалданатын аспаптар мұқият тексерiлуi тиiс. Ақаулықтары немесе олқылықтары анықталған жағдайда, сондай-ақ тiзiмдемеге енгiзiлмеген жабдық болған жағдайда анықталған кемшiлiктер жойылғанға дейiн сеанстар мен отаны одан әрi жүргiзуге болмайды.

      319. Бароаппараттары бар үй-жайларда оттегi мөлшерін бақылау үшiн автоматты газталдағыштар орнатылады.

      320. Бароаппараттар мен барозалдарды пайдалану кезiнде болмайды:

      1) пациенттi бароаппаратқа синтетикалық киiммен жайғастыруға;

      2) бароагрегаттарды (барокамераларды, барокондиционерлердi) жерге тұйықтамай бароппараттарды пайдалануға;

      3) барозалда (жайда, көлiктiң салонында) ақаулы аспаптарды және электр өткiзгiштердi (зақымдалған оқшаулағышты, сенiмсiз ұшқындайтын түйiсулердi) пайдалануға, электр қыздырғыш аспаптарын (су қайнатқыштарды, электр плиталарын) пайдалануға, жанғыш материалдардан жасалған жиһазды, ұшқын тудыруға қабiлеттi материалдар мен бұйымдарды пайдалануға, ашық отты қолдануға, темекi шегуге, жұмыс орындарының төменгi жағына жарық түсiру үшiн ашық шырақтарды қолдануға;

      4) барозалда жанғыш және оңай тұтанатын сұйықтықтарды, майларды, сондай-ақ жанғыш, оның iшiнде таңып байлау материалдарын сақтауға;

      5) бароаппаратты рұқсат етiлген кернеуден артық желiге қосуға;

      6) пайдалануды алғашқы өрт сөндiру құралдарынсыз жүзеге асыруға болмайды.

17-тарау. Дәрiханалар мен дәрiхана қоймаларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      321. Дәрiханалар мен дәріхана қоймаларында:

      1) транзиттi электр кабельдерi өтетiн жайларда, сондай-ақ газ коммуникациялары мен май сiңген аппаратуралар бар үй-жайларда сақтауға;

      2) өнiмдi үйiп-төгiп сақтауға және оны жылу бергіш радиаторлар мен құбырларға жанастыра орналастыруға;

      3) материалдарды тiкелей қоймаларда ашуға және буып-түюге болмайды.

      322. Қалқа астында ылғалды ауадан немесе судан шiрiмейтiн, қызбайтын және тұтанбайтын химиялық заттарды сақтау жүзеге асырылады.

      323. Материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортиментке сәйкес сақталады, бұл ретте оңай тұтанатын сұйықтықтарды басқа материалдармен бiрге сақтауға болмайды.

      324. Пластмасса бұйымдары желдетiлетiн, қараңғы, құрғақ үй-жайда бөлме температурасында, жылу беру жүйелерiнен 1 метрден кем емес қашықтықта сақталады.

      325. Өрт немесе жану шыққан жағдайда тиiстi бөлiмшелердiң басшылары өртке қарсы қызметін олар келіп жеткен бойда улы және жарылыс қауіптi заттардың бар-жоғы және сақталу орындары туралы хабардар етеді.

      326. От қауiптi және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдары бiртектiлiк қағидасы бойынша және олардың физикалық-химиялық және өрт қауiптi қасиеттерiне және орау сипатына сәйкес сақталады.

      327. От қауiптi және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар жанбайтын және төзiмдi сөрелермен және тұғырлармен қамтамасыз етiледi.

      328. Оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар енi 0,7 метрден кем емес және биiктiгi 1,2 метрден кем емес есiктерi бар жапсарлас, жанбайтын шкафтарда сақталынады.

      329. От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар қоймасы үй-жайларының есiктерi ғимараттан шығатын жаққа қарай бағыта ашылады.

      330. 100 килограмнан астам мөлшердегi оңай тұтанатын сұйықтықтар бөлек тұрған ғимаратта шыны немесе металл ыдыста өзге топтардағы от қауiптi заттарды сақтау үй-жайларынан оқшау сақталады.

      331. От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар сақталатын үй-жайларға кіре берісте "Өрт қауіпсіздігіне жауапты (жауапты тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)" жазбасы бар тақтайшалар ілінеді. Жауапты адам қалған от қауiптi және жарылыс қауiптi заттарды жинау және жұмыс күнi соңында өзге де шаралар жүргiзу мақсатымен күн сайын үй-жайға тексерiс жүргiзедi.

      332. Тез тұтанатын және жанғыш сұйық дәрi-дәрмек құралдарын:

      1) толықтай толтырылған контейнерде сақтауға жол берiлмейдi. Толтыру деңгейi көлемнiң 90 пайызынан аспайтындай етiп көзделеді. Көп мөлшердегi спирттер көлемнiң 95 пайызынан аспайтындай етіп толтырылатын металл сыйымдылықтарда сақталады;

      2) минералды қышқылдармен (күкiрт, азот және өзге де қышқылдармен), сығылған және сұйылтылған газдармен, тез жанғыш заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен жарылыс қауiптi қоспалар беретiн (хлорат калийi, перманганат калийi) бейорганикалық тұздармен сақтауға жол берiлмейдi.

      333. Жанғыш және жарылыс қауіпті дәрілік құралдар қалың қабырғалы тығыз жабылған контейнерлерде (бөтелке, банка, барабандар) жапқыш құралдары парафинмен құйылып сақталады.

18-тарау. Әлеуметтiк қызмет көрсету объектілерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      334. Әлеуметтік қызмет көрсету объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қағаздарға және басқа да жанғыш қалдықтарға арналған себеттер мен жәшiктер үнемi тазартылады.

      335. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарында жану кезінде уыттылығы жоғары өнiмдер шығаруы мүмкiн полимерлi материалдар қолданылып жасалған жиһаз бен жабдықты пайдалануға болмайды.

      336. Тамақты тек осы мақсаттарға арнайы бөлiнген және жабдықталған жерлерде ғана дайындауға (ысытуға) болады. Бұл ретте тұрмыстық қажеттiлiкке арналған электр жылытқыш аспаптарын автоматты өшiру құралдарынсыз қолдануға болмайды.

      337. Жатын, ойнайтын бөлмелерде және қызмет көрсетiлетiн үй-жайларда үтiктердi, электр плиталарын және басқа да электрмен жылытқыш құралдарды пайдалануға болмайды.

      338. Киiмдердi үтiктеу тек осы мақсатқа бөлiнген арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана жүргiзiледi. Үтiктеудi ақаусыз термо реттегiштері мен қосылатын жарық индикаторлары бар үтiктермен жүргізеді.

      339. Мүгедектігі бар жатқан адамдар мен қарттар оларды барынша жылдам эвакуациялауды қамтамасыз етуді ескере отырып, үй-жайларда орналасады, адамдардың осы санатын жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға жол берілмейді.

      Ескерту. 339-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      340. Оңай тұтанатын және жанғыш материалдары бар қоймаларды тікелей тұрғын бөлмелердің және палаталардың астына, сондай-ақ олардың жанына орналастыруға болмайды.

19-тарау. Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      Ескерту. 19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      341. Ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын беттерге, олардың төңкеріліп қалуын болдырмайтындай берік орнатылады.

      Ескерту. 341-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      342. Ырымдар және салттарды жүргізу үшін ашық от көздерін жанғыш материалдардан жасалынған, үй-жайды және жиналуын, киімдердің және заттардың бұйымдарына дейінгі қашықтық 0,5 метрден кем емес аралықта пайдалануға болмайды.

      343. Шыны құтылары бұзылған, ашық от қолданылатын шамдарды пайдалануға, сондай-ақ оларды толтыру үшiн тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.

      344. Лампадаларды, шамдарды және ұқсас құралдарды толтыруға арналған жанғыш сұйықтықтар сыйымдылығы 2 литрден аспайтын, жабық, сынбайтын ыдыста металл шкафтарда сақталады.

      345. Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтар құрылымында ернеулерi көзделген, тұғырында жанбайтын материалдан жасалған сынбайтын ыдыстан құйылады. Лампадалар мен шамдарды толтырғаннан кейiн сыйымдылықтың тұғыры мен сыртқы бетi жанбайтын техникалық жуу құралдарымен төгiлiп қалған жанғыш сұйықтықтардың қалдықтарынан тазартылады.

      346. Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтарды толтырып құю тек тұтату көздерi болмаған жағдайда, ал электрмен жылыту құралдары қосылып тұрғанда, олардан кемiнде 1 метр қашықтықта жүзеге асырылады.

      347. Ғибадат үйлерінде (ғимараттарда) от жұмыстарын жүргiзуге (пеш жағу, дәнекерлеу және от жұмыстарының басқа да түрлерi), салттар мен ырымдарды жүргiзу кезiнде жанғыш сұйықтықтарды толтырып құюға болмайды.

      Ескерту. 347-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      348. Құлшылық жасайтын залдардың сыйымдылығы бiр адамға арналған үй-жайдың ауданы және эвакуациялау жолдарының өткiзу қабiлеттiлiгi негiзiнде шектеледi.

      349. Келушiлердiң қозғалысы мен олардың қарсы жүру легі бір-бірімен қиылыспайтындай етіп жүзеге асырылады.

20-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен уақытша ұстау изоляторларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      350. Қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінің аумағында өрт қалқандары жабдықталады:

      1) кезекші бөлімнің қасындағы тұрғын аймақта сотталғандар үшін қол жетпейтін жерде не сотталғандардың кіруі шектелген орында;

      2) әр өндірістік ғимараттағы өнеркәсіп аймағында;

      3) қазандықта, шаруашылық ауласы аумағында;

      4) айыппұл изоляторында (тәртіптік блокта);

      5) көліктік бақылау-өткізу пунктінде (бақылау алаңында, шлюзде) жабдықталады.

      Сотталғандар мен тергеуге қамауға алынған адамдарға қолжетімді орындарда өрт қалқандары балтамен, багормен, күрекпен, сүйменмен, ілмекпен, қайшымен, айырмен, шаншып-кесетін және шабатын заттармен жарақталмайды.

      351. Сотталғандарды ұстауға арналған жатақханаларда, сотталғандардың еркін жүруіне болатын өндірістік және басқа үй-жайларда өрт крандары мен өрт сөндіргіштер заңсыз ашудан қорғалған шкафта жабдықталады (орнатылады). Қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі – ҚАЖ) камераларында және уақытша ұстау изоляторларында (бұдан әрі – УҰИ) бастапқы өрт сөндіру құралдары орнатылмайды.

      352. ҚАЖ мекемелердің өндірістік, шаруашылық және тұрғын аймақтарының қоршауы мен УҰИ қоршаулары өрт сөндіру автомобильдерінің өтуіне арналған қақпалармен жабдықталады.

      353. ҚАЖ және УҰИ аумағында өртке қарсы сумен жабдықтау желілері немесе табиғи су көздері болмаған жағдайда "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне сәйкес сыртқы өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің қажетті шығынына есептелген сыйымдылықпен өрт сөндіру су айдындарын орнатуды көздеу қажет. Объектiден 200 м радиуста табиғи немесе табиғи су көздерi болған кезде оларға жылдың кез келген мезгiлiнде су жинау және өрт автомобилiн орнату және су алу үшін кемінде 12х12 м көлемi бар қатты жабынды алаңқайы (пирс) бар кiреберiс орнатылуы керек.

      Ескерту. 353-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      354. Тұрғын және тәртіптік блоктарда, ұзақ уақытқа кездесу жайларында жарылыс қауіпті, өрт қауіпті заттар мен материалдар қолданылатын немесе сақталынатын өндірістік және қоймалық үй-жайлардың болуы көзделмейді.

      355. Тұрғын және тәртіптік блоктарда діни салттарды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру кезінде кемінде екі эвакуациялық шығу жолдарымен жабдықтау қажет. Шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын беттерге орнатылады.

      356. ҚАЖ мекемелерінің тергеуге қамалғандар мен сотталғандарды, УҰИ күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау камераларынан басқа, адамдар жаппай жиналатын ғимараттар мен үй-жайлардан эвакуациялық шығу жолдарының есіктері кілтсіз ішінен ашу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет және сигналын кезекшілік бөлімге шығарып, есікті заңсыз ашқанда іске қосылатын күзет сигнализациясымен жабдықталады.

3-бөлім. Өнеркәсiп кәсiпорындарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      357. Әрбiр кәсiпорында технологиялық процестерде қолданылатын заттар мен материалдардың өрт қауiптiлiгі көрсеткiштерi туралы мәлiмет болуы қажет, ал ғимараттар мен үй-жайлар үшiн "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентiне сәйкес жарылыс және өрт қауiптiлiгi бойынша санаттар белгiленедi.

      Өрт қаупi және жарылу қаупi бар материалдармен жұмыс iстеген кезде таңбалау және бумаларда немесе iлеспе құжаттарда көрсетiлген ескертпе жазуларының талаптары сақталады.

      358. Бiр-бiрiмен өзара әрекеттескенде тұтану, жарылу немесе жанғыш және уытты газдар (қоспалар) пайда болатын заттар мен материалдарды бiрге пайдалануға, сақтауға және тасымалдауға (егер технологиялық регламентте көзделмесе) жол берiлмейдi.

      359. Жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу мен профилактикалық тексеру дайындаушы-зауыттың нұсқаулықтарында көзделген белгiленген мерзiмдерде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі шараларын орындау кезінде жүргiзiледi.

      360. Сору құрылғыларының (шкафтардың, сырлау, кептiру камераларының), аппараттар мен құбыр өткiзгiштерiнiң құрылымын тазалау бойынша жұмыстар кәсіпорын басшысы бекіткен графикке сәйкес, өрт қауiпсiз әдiстермен жүргiзiледi.

      361. Технологиялық жабдықта, құбыр жолдарында және басқа да жерлерде статикалық электрден қорғау жүйелерiнiң ұшқын сөндіргіштер, ұшқын тұтқыштар, от тоқтататын, отқа бөгет жасайтын, шаң мен металл тұтқыш және жарылысқа қарсы құрылғылары жұмыс жағдайында ұсталады.

      362. Жабдықты, бұйымдар мен бөлшектердi жууға және майдан тазартуға жанбайтын техникалық жуу құралдары, сондай-ақ өрт жағынан қауiпсiз қондырғылар мен әдiстер қолданылады.

      363. Құбыр жолдарында қатып қалған мұнай өнiмiн, мұзды, кристалл гидратты және басқа да тығындарды жылыту қауiпсiз әдiстермен (ыстық сумен, бумен), ашық отты қолданбай жүргiзiледi.

      364. Резервуарлардан (сыйымдылықтардан) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың үлгiлерiн алу және деңгейдi өлшеу күндiзгi уақытта, соққан кезде ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен жүргiзiледi. Үлгiлерді алу және деңгейдi өлшеу бойынша операцияларды найзағай жарқылдап тұрған кезде, өнiмдi тартып ағызу және тартып шығару кезiнде орындауға болмайды.

      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды резервуарларға (сыйымдылықтарға) "құламалы ағыспен" беруге, сондай-ақ резервуарды толтыру және босату жылдамдығы тыныс алу клапандарының (желдеткiш келтеқұбырларының) резервуарларында орнатылған жалпы өткiзу қабiлеттiлiгiнен асуға жол берiлмейдi.

      365. Шаң жинайтын камералар мен циклондардың есiктерi мен люктерi оларды пайдалану кезiнде жабық күйде ұсталады, камералар мен циклондардан жиналған жанғыш қалдықтар уақтылы жойылады.

      366. Өндiрiстiк ғимараттарды, кәсiпорындардың аумақтарындағы қоймаларды тұру үшiн пайдалануға, сондай-ақ қоймаларда өндiрiстiк шеберханаларды орналастыруға жол берiлмейдi.

      367. Жаяу жүру тоннельдерi мен өту жолдарында қойма орнатуға, жабдықты, жанғыш материалдарды сақтауға, жанғыш материалдардан жасалған стендтер мен плакаттарды iлуге, сондай-ақ қуат кабельдерін, газ, қышқыл, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр жолдарын төсеуге жол берiлмейдi.

      368. Цехтардағы өту жолдары мен өткелдердiң шектерi белгілеулермен белгiленедi.

      369. Қоймалар мен өндiрiстiк үй-жайлар арқылы транзиттi электр желiлері, сондай-ақ жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш шаңдарды тасымалдауға арналған құбырларды төсеуге жол берілмейдi.

      370. Жарылу қаупі бар учаскелерде, цехтар мен үй-жайларда ұшқын шығармайтын құрал-саймандар қолданылады.

      371. Жанғыш шаңдар, жоңқалар шығатын үй-жайлардың қабырғалары, төбесi, еденi, конструкциялары мен жабдығы жүйелi түрде, шаңды құйындатуды және жарылыс қауiптi шаңды ауасы бар қоспаларды болдырмайтындай, технологиялық регламенттермен немесе объектiлiк (цехтық) нұсқаулармен (жазбаша) белгiленген мерзімде жүйелi түрде тазартылып тұруы тиіс.

      372. Өртке қарсы қабырғалар мен жабындардағы технологиялық ойықтар отқа бөгет жасайтын құрылғылармен қорғалады.

      373. Жартылай өңделген өнiмдердi ыдыссыз тасымалдауға арналған шахталы көтергiштердiң жүктеу құрылғылары тек жүктеу кезiнде ғана ашылатын бекiтпелермен жабдықталады.

      374. Өртке қарсы есiктердің өздігінен жабылуына арналған механизмдер жарамды күйде ұсталады. От бөгегiш құрылғылар жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылады.

      375. Желiлер мен адсорберлерде жарылыстың алдын алу клапандарының қорғау мембраналары тұрақты түрде жарамды жай-күйде ұсталады.

      376. От тосқауылдағыштың, сондай-ақ мембрана клапандарының жарамдылығы жүйелi түрде тексерiлiп, өрт сөндіруші саптамадан тазартылады. Тексеру мерзiмi бекiтiлген цех нұсқауында көрсетiледi.

      377. Белсендірілген көмiрдiң өздiгiнен тұтанып кетуiне мүмкiншiлiк бермеу үшін, адсорберлер тек стандартты, көрсетiлген маркадағы белсендірілген көмiрмен толтырылады.

      377-1. Қышқылдарды сақтау орындарында абайсызда төгiлiп кеткен қышқылдарды бейтараптандыру үшiн бордың, әктiң немесе соданың дайын ерiтiндiлері көзделеді.

      Ескерту. Қағидалар 377-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      378. Жанғыш сұйықтық қолданылатын гидравликалық жүйелерде бактағы май дәрежесiне бақылау орнатылады және жүйедегi май қысымын паспортта көзделгеннен арттыруға болмайды.

      Гидравликалық жүйелерден май ағып жатқаны байқалса, дереу ағуды тоқтатады.

      379. Ағаш кесетін рамаларды, фрезер-аралағыш және басқа да станоктар мен агрегаттарды пайдалану кезiнде:

      1) аралар қоршауларға тиiп тұрса;

      2) тiстерi жетiспейтiн немесе түзу емес және iрi қабыршақты араларды пайдалануға;

      3) салқындату мен майлау жүйесi зақымданған болса;

      4) салқындату мен майлау жүйесi зақымданған немесе салқындату жүйесiндегi қысым кезiнде ағаш аралағыш рамаларды автоматты түрде тоқтатуды қамтамасыз ететiн қондырғысыз болса;

      5) ара рамасы қисайса және сырғытпалар нашарланса және дұрыс жеткiзбесе;

      6) мойынтiректiң қызуы 70оС-тан асса, пайдалануға жол берiлмейдi.

      380. Шикiзатты турау машинасына жiберетiн конвейерлер металл түсiп кеткен жағдайда, оларды автоматты түрде өшіретін және дыбыстық белгi беретiн металл қаққыштармен жабдықталады.

      381. Турағыш машинаның май құйғышын тазалау кезiнде металл заттарды пайдалануға рұқсат берiлмейдi.

      382. Өндеуге түсетiн технологиялық жоңқа, сондай-ақ преске кiрер жолға дейiнгi жоңқа жасайтын кiлем металл қаққыш арқылы өткiзiледi.

      383. Ағаштан жоңқа жасайтын плиталарға арналған тегiстейтiн станоктар алдында берушi құралмен бекiтiлген және сигнализациямен жабдықталған металл iздегiштер орнатылады.

      384. Майдаланған ағаш бөлiктерiнiң шанақтары және қалыпталған машиналар аспирация жүйесiмен және олардың толғаны туралы хабарлайтын сигнал беретін датчиктермен жабдықталады.

      385. Ыстықтай нығыздауға арналған нығыздағыштың тиеу және түсіру этажеркаларының үстiнде сорып шығаратын шатыр жабдықталады, ол плиталарды қабыстыру және ажырату кезiнде тозаң мен газдың бөлінуіне жол бермейді.

      386. Барабанды кептiргiш пен құрғақ жаңқа шанақтары және аралар өрт сөндiру және жарылысқа қарсы құралдардың автоматты қондырғыларымен жабдықталады.

      387. Шаң және жаңқа материалдарын тасымалдау жүйесi оттың таралуына жол бермейтін құралдармен және өрттi жоюға арналған люктермен жабдықталады.

      388. Аспирациялық және пневмокөлiктiк жүйелерден ағаш жаңқаларын және басқа да жарылу қаупi бар тозаңдарды жинауға арналған сыйымдылықтар жарамды күйдегi жарылысқа қарсы қондырғылармен қамтамасыз етiледi.

      389. Плитаның термиялық өңдеу камералары тәулiгiне бiр рет бөлiнiп шыққан ұшпа шайырдан, ағаш жаңқалардан, шаңдардан, қалдықтардан тазартылып тұрады. Ағаш жаңқалы плиталардың термиялық өңдеу камераларынан жарылыс қауiптi газдарды шығару үшiн сорғы құбырдың шиберiн әр 15 минут сайын 2-3 минутқа ашуға арналған автоматты қондырғы болуы тиіс.

      Нығыздалмаған жұмсақ жиектi плиталарды термиялық өңдеуге жол берiлмейдi.

      390. Плиталар термоөңдеуден кейiн бунаққа төселер алдында өздiгiнен тұтануына жол бермеу үшiн ашық буферлi алаңда қоршаған ауа температурасына дейiн суытылады.

      391. Өңдеу камералары мен май ванналарындағы температура автоматты түрде бақыланады.

      392. Жағу газдарын пайдаланатын кептiру барабандары ұшқын тұтқышпен жабдықталады.

      393. Ағаш қабатты пластиктердi нығыздағаннан кейiн технологиялық регламентте белгiленген уақыттан бұрын кесiп, бөлiктерге бөлуге рұқсат етiлмейдi.

      394. Жұмыс соңында сiңдiру ванналары, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтарды суытатын ванналар қақпақпен жабылады.

      395. Сiңдiру, шыңдау, жанғыш сұйықтықтары бар басқа да ванналар ғимараттан тыс жерде орналасқан жерасты сыйымдылықтарына құйылатын авариялық қондырғылармен жабдықталады.

      Әр ванна жанғыш буды жергiлiктi сортан сорғымен жабдықталады.

      396. Мерзiмдi іске қосылатын кептiру камералары мен калориферлер әрбiр тиеу алдында өндiрiстiк қоқыстар мен шаңдардан тазартылады.

      397. Ауа-бу және газ камераларының енгiзу және сору каналдары өрт болған кезде арнайы жабылатын қалқандармен (сұқпа жапқыштармен) жабдықталады.

      398. Газ кептiру камералары желдеткiш тоқтап қалған жағдайда, газдың жануын автоматты түрде тоқтататын жарамды қондырғылармен жабдықталады.

      Газ кептiру камераларының алдына ұшқынның кептiру камераларына түсуiне жол бермейтін ұшқын қаққыш орнатылады.

      Газ кептiру құрылғылары пештерi көмейiнiң, ұшқын қаққыш құрылғылардың техникалық жай-күйi үнемi тексерiледi. Пеш көмейiнiң үстiнде сызаты бар және жұмыс iстемейтiн ұшқын қаққышы бар кептiру қондырғыларын пайдалануға жол берiлмейдi.

      399. Сұйық және қатты отынмен жұмыс iстейтiн газ кептiру камераларының отын-газ құрылғысы күйеден айына екi реттен тазартылады.

      400. От жағу-кептiру бөлiмi кептiру агентiнiң температурасын бақылауға арналған жарамды аспаптармен жабдықталады.

      401. Ағаш талшықты жұмсақ плиталарға арналған кептiргiш камералары ағаш қалдықтарынан күнiне бiр рет тазартылады, конвейер 10 минуттан артық тоқтаған жағдайда, кептiру камерасын қыздыру тоқтатылады.

      Кептiру камераларының камерада күю пайда болған кезде калориферлер желдеткiштерiн өшiретiн және тұрақты өрт сөндiру құралдарын қосатын жабдығы болады. Шикiзаттарға, жартылай дайын өнiмдерге және сырланған дайын бұйымдарға арналған кептiру камералары (үй-жайлар, шкафтар) температура қалыпты мөлшерден көтерiлген кезде қыздыруды өшiретiн автоматпен жабдықталады.

      402. Ағаштарды кептiру үшiн жоғары жиiлiктегi токпен қатарлап орналастыру кезінде онда металдан жасалған заттың болуына жол берілмейді.

      403. Кептiру камераларына адамдардың кiруiне және арнайы жұмыс киiмiн кептiруге рұқсат етiлмейдi.

      404. Мұнай өнiмдерiн тасымалдауға арналған автоцистерналар құю эстакадасының жерге тұйықтау контурына қосуға арналған жерге тұйықтау қондырғыларымен жабдықталады; автоцистерналардың пайдаланылған құбыры ұшқын сөндiргіштермен жабдықталады және қозғалтқыш немесе радиатор астынан алға қарай шығарылады. Автоцистерналардың жерге ұзына бойы 100-200 мм тиетiн отырғызу шынжыры болуы керек, екi өрт сөндiргiшпен, киiзбен, құрғақ құммен және күрекпен жабдықталады.

2-тарау. Агломерациялық өндiрiс және металдандырылған шекемтастар өндiрiсi объектiлерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      405. Сөндiрiлмеген әк отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес, еденi жердiң үстiңгi қабатынан кемiнде 0,5 метр көтерiлген арнайы үй-жайларда сақталады.

      406. Металдандырылған шекемтастарды сақтау орындары ылғалдың түсуiнен сенiмдi қорғалады.

      407. Сапа талаптарын қанағаттандыратын металдандырылған шекемтастар құрғақ инерттi газ беру жүйесiмен жабдықталған бункерден түсiрiледi. Бункердегi артық қысым кемiнде 200 Паскаль (су бағанының 20 миллиметр) болуы қажет.

      408. Температурасы 100o С асатын шекемтастар арнайы қондырғымен алаңға лақтырылады, бұл ретте таспаға су беру қажет.

      409. Алаңға лақтырылған шекемтастар жүк тиеушiлердiң көмегiмен 0,5 метрден аспайтын қатпар етіп жиналады және су молынан құйылады.

      410. Мыналарға:

      1) сөндiрiлмеген әктi дымқыл үй-жайларда ылғалды және жанғыш материалдармен бiрге сақтауға;

      2) қайнаған әктi бөлу үшiн суды пайдалануға;

      3) температурасы 100oС асатын (бақылауды әкiмшiлiк жүзеге асырады) ыстық агломератты беруге;

      4) тез жанатын (резеңке битумы, синтетикалық) материалдардан жасалған көлiк таспаларын қолдануға;

      5) дымқыл түйiртпектердi қоймаға тасымалдауға;

      6) металдандырылған тозаңның 5 миллиметрден артық болып көлiктiң галереясында, түйiртпектердi елеу, ұсақтау, тиеу және түсiру орындарда жиналып қалуына жол берiлмейдi.

3-тарау. Домна, болат балқытатын, электрмен болат балқытатын және ферроқорытпа өндiрiсi объектiлерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      411. Өндіріс басшысы балқытылған металға арналған домна, болат балқыту, электр доғалы пештерді, конвертерлерді, миксерлерді, шөміштерді және басқа да ыдыстарды қаптаудың жарамдылығын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 411-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      412. Шойынды, шлакты шығару және болатты, ферроқорытпаларды құю кезiнде шөмiштердi, металл қалыптарды және суы немесе ылғал материалдары бар басқа сыйымдылықтарды пайдалануға жол берiлмейдi. Құю орындары технологиялық регламентте көзделмеген жанғыш материалдардан босатылады.

      413. Құю машиналарын, бiр жерге жинаушы машиналарының кабиналарын басқару пульттерi, болатты үздiксiз құюды басқару бекеттерi және балқытылған металл мен шлакты шығаратын жерлерге тiкелей жақын орналасқан басқа да басқару пульттерi металл тормен қорғалған, жылу тартатын әйнекпен шыныланған және кемiнде екi шығу жолы бар жанбайтын материалдан жасалады.

      414. Кабельді туннельдерге, құю орнына тiкелей жақын орналасқан май жертөлелерiне, сондай-ақ балқытылған металдарды тасымалдау орындарына кiретiн жерлер балқытылған металдан биiктiгi кемiнде 300 миллиметр жанғыш емес табалдырықтармен қорғалады.

      415. Электр механизмдердiң, электр жабдықтардың және гидрожетектер қондырғыларының кабельдерi металды, шлакты құю орындарында және температурасы жоғары аймақтарда механикалық зақымданулардан, сәулелi жылудан, сондай-ақ оларға балқытылған металл мен шлактың шашырап кетуiнен қорғалады.

4-тарау. Домна өндiрiсi объектiлерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      416. Колошник алаңы мен зерттеу жұмыстарына арналған алаң екi шығу жолымен қамтамасыз етiледi.

      417. Конусаралық кеңiстiкке бу немесе инерттi газды беру буды (инерттi газды) бермегенде тиеу механизмдерi жұмыс iстемейтiндей етiп тиеу қондырғысымен бұғатталады.

      418. Домна пештерi қаптаманың температурасын пештiң барлық биiктiгi мен алаңына бақылау аспаптарымен жабдықталады. Тетiктердiң көрсеткiштерi аспаптармен пештi басқару пультінде белгiленедi.

      419. Өндiрiстiң материалдары мен қалдықтарын домна пештерiнiң iргетастарына жинауға жол берiлмейдi. Iргетастар жүйелi түрде қоқыстан тазаланады.

      420. Күйiп кетпеуiн бақылау үшiн ауа фурмалары сигнал беретін қондырғылармен жабдықталады. Күйiп кеткен фурмалық аспаптарда жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.

      421. Күйiп кеткен тоңазытқыштары бар орындардағы пештердiң қаптамасы сыртынан сумен салқындатылады.

      422. Домна пештерi мен қосалқы қондырғыларды салқындату жүйелерiнiң жай-күйi соңынан арнайы журналға тексерулердiң қорытындылары жазыла отырып, ай сайын тексерiледi.

      423. Бункердiң жоғарғы бөлiгiнiң тас көмiр тозаңы отынының температурасы өздiгiнен жазатын және бункерде өздiгiнен жану кезiнде дыбыстық және жарық сигналдарын беретiн бақылау-өлшеу аспаптарымен бақыланады.

      424. Тозаң өткiзгiштердiң конструкциясы мен тозаң-көмiр аэроқоспасы қозғалысының жылдамдығы оларда тозаңның жиналу мүмкіндігін бодырмауы тиіс. Қондырғының тозаң өткiзгiштерінің жүйесi герметикаланған күйде ұсталады.

      425. Аппаратурада реттейтiн арматура кесiлiп және iлiнiп ақаулы болғанда және бақылау-өлшеу аспаптары ақаулы болған кезде тозаңы көрiнетiн отынды және мазутты домна пешiне үрлеуге жол берiлмейдi.

      426. Пештiң жұмыс алаңында тас көмiр тозаңы аэроқоспасының және мазуттың коллекторларының орналасуына, сондай-ақ бекiтiлетiн және реттейтiн арматураны фурмаларға, омарта тесiгiне және омарта тесiктерiнiң артына орнатуға жол берiлмейдi.

      427. Құятын алаңдардың шатыры мен қалқалары жүйелi түрде шаңнан тазартылады.

      428. Локомотивтердi шаң тұтқыштардың астында және тозаңды жою кезiнде жақын тоқтатуға жол берiлмейдi.

5-тарау. Болат балқыту өндiрiсi объектiлерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      429. Болат балқыту өндiрiсi объектiлерiнің мартенов пешi ваннасының жай-күйiн үнемi қадағалау жүргiзiледi. Металдың ықтимал тесiлiп қалуының белгiлерi байқалған жағдайда, оның ағып кетуiнiң алдын алу бойынша шаралар қабылданады.

      430. Балқытылған металл және шлактың түсуi мүмкiн орындарда жабдықты сақтауға және материалдарды (оның iшiнде жанғыш) жинауға жол берiлмейдi.

      431. Мазуты бар шығыс бактарды пештердiң астына қоюға жол берiлмейдi, бактар пештерден кемiнде 5 метр қашықтықта орналасады және арнайы жылылықты өткiзбейтiн экрандармен қорғалады.

      432. Өрт болған жағдайда, мазутты түсiру үшiн шығыс бактар авариялық сыйымдылықтары бар жабық түсiру және құю құбырларымен бiрiктiрiледi.

      433. Мазут өткiзгiштi цехқа енгiзгенде қызмет көрсету үшiн қолайлы орынға сөндiретiн ысырма орнатылады.

      434. Гидравликалық жетегi бар конвертердiң айналу механизмдерiн қолдануға жол берiлмейдi.

      435. Салқындатқышта конвертерлiк газдар шығып тұрған кезде конвертердiң жұмыс iстеуге және балқытылған металы бар конвертердiң қаптамасындағы қызған жерлердi сумен салқындатуға жол берiлмейдi.

      436. Құрғатуға болат балқытқыш пештердi, конвертерлердi, миксерлердi қойған кезде газды тұтату үшiн тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.

      437. Кристаллизаторы ақаулы дайын өнiмдердi үздiксiз құю машинасында және құю технологиясы бұзылған кезде болатты құюға жол берiлмейдi.

      438. Өрт, жарылыс қаупi бар материалдар мен қоспаларды сақтау, дайындау және жасау орындарында олардың негiзiнде ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.

      439. Жарылыс қаупi бар материалдарды құрғақ ұнтақтау қорғалған атмосферада ұнтақтау құралдары автоматты тоқтаған және оттегiнiң ең аз жарылыс қауiптiлiгiн ұстаудың 50 %-ға тең жұмыс концентрациясына жеткен кезде жүргiзiледi.

      Жарылыс қаупi бар аэроөлшемдердiң пайда болуын болдырмас үшiн өрт-жарылыс қаупi бар материалдардың негiзiнде қоспаны дайындау флегматизацияны немесе қорғалған ортаны пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      440. Алюминий-магний, алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын селитрамен, қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа тотықтырғыштармен, сондай-ақ жанғыш материалдармен бiрге тасымалдауға және сақтауға жол берiлмейдi.

      441. Өрт, жарылыс қаупi бар ұнтақтарды сұйық металға үрлеу жанғыш ұнтақтардың газ өткiзгiштерге түсуiн болдырмайтын жағдайларда ғана жүргiзiледi.

      442. Бункердi тез тұтанатын шихта материалдармен шихта крандардың троллеяларының астына орналастыруға жол берiлмейдi.

      443. Металл қалыптарды майлау олар қолданылатын майлау материалын тұтану температурасынан төмен температураға дейiн салқындағанынан кейiн ғана жүргiзiледi.

6-тарау. Электрмен болат балқытатын және ферроқорытпа өндiрiсi объектiлерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      444. Тозаңды тазалаудың мерзiмдiлiгiн кәсiпорын басшысы айқындайды. Қысқа желiнiң ток өткiзгiштерінде тозаңның жиналып қалуына жол берiлмейдi.

      445. Өрттердiң алдын алу үшiн пеш трансформаторларын пайдалану кезiне:

      1) температуралық және салмақтық режим, кернеу деңгейi сақталады;

      2) салқындату, кернеудi, майды қорғауды реттеу қондырғылары ақаусыз күйде ұсталады.

      446. Пеш трансформаторлары өрт сөндiру құралдарымен және трансформаторда майдың толық көлеміне есептелген авариялық май қабылдағыштармен қамтамасыз етiледi.

      447. Трансформаторларды кептiру негiзгi үй-жайдан (камерадан) арнайы бөлiнген, бөлек сыртқа шығатын есiгi бар үй-жайларда жүргiзiледi.

      448. Индукциялы және доғалы вакуум пештер, сондай-ақ электронды-сәулелiк пештердiң қорытпа камералары жарылыстан сақтандыратын қақпақшалармен жабдықталады.

      Сақтандырғыш клапандардың констукциясы олардың қауiпсiз және сенiмдi жұмысын қамтамасыз етедi.

      449. Тез тұтанатын конденсаты бар вакуумды камераларға тексеру, жөндеу, шаңнан ауаны тазалау мақсатымен беру кәсіпорын басшысы бекіткен құжаттамамен регламенттеледi.

      450. Тез тұтанатын конденсатты қорытпа камералардың қабырғасынан алып тастау қауiпсiз тәсiлмен жүргiзiледi.

      Тез тұтанатын конденсатты толықтай жойғанға дейін қызмет етушi персоналдың вакуумды камераның iшiне жөндеу жұмыстарын жүргiзу, камераны тексеру мақсатымен кiруiне жол берiлмейдi.

      451. Газ бен тозаңның тұтануын, жарылысын болдырмайтын қондырғылармен жабдықталмаған электр болат қорытпа және кендi қалпына келтiру пештерiнен газ тозаңын бұру жүйелерiн пайдалануға жол берiлмейдi.

      452. Сұйық алюминийдi бүрку бункерлерi, камералары бүрку процесiнде ыстық ұнтақтың конвейерлiк таспаға түсуiн болдырмайтын қақпақтармен жабдықталады.

      453. Жабдық жұмыс iстеп тұрған кезде алюминий ұнтағын өндiретiн үй-жайларда ұшқынның пайда болу мүмкiндiгi жоққа шығарылады. Аталған үй-жайлардағы едендер ұру, үйкелеу кезiнде ұшқын тудырмайтын материалдардан жасалады.

      454. Алюминий ұнтағымен жұмыс iстеу кезiнде ағаштан немесе ұшқын тудырмайтын түстi металдардан немесе ағаштан жасалған құралдар мен ыдыстар қолданылады.

      455. Алюминий ұнтағының қышқылдануын, өздiгiнен жануын және жарылуын болдырмас үшiн оны өндiру және сақтау орындарында ылғал мен дымқылдың болуына жол берiлмейдi.

      456. Алюминийден, магнийден және олардың негiзiндегi қорытпалардан жасалған ұнтақтар мен опаларды өндiруге арналған үй-жайларда жертөлелердi, жертөле арналары мен ойықтарды орнатуға жол берiлмейдi.

      457. Жанғыш ұнтақтар мен опаларды өндiруге арналған үй-жайлардың технологиялық жабдықтары, сондай-ақ құбырлары статикалық электрден қорғалады.

      458. Алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын селитрамен, қышқылдармен, сiлтiлермен, тотықтырғыштар және жанғыш заттармен бiрге сақтауға және тасымалдауға жол берiлмейдi.

      459. Тез тұтанатын материалдар немесе тез жануға бейiм материалдар (магний жоңқасы және магний қорытпалары, селитра, бертолет тұзы, термит қоспасы) металл термиялық цехтардың балқыту корпустарында арнайы бөлiнген орындарда екi тәулiктiк қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста (банкаларда, бөшкелерде) сақталады. Кәсiпорында осы материалдарды ұзақ сақтау бөлек қоймаларда ұйымдастырылады.

      460. Балқытылған металл және шлак шығарындысы бар қорытпаны жүргізуге жол берiлмейдi. Балқытылған металл шығарылған кезде қорытпаның қызған өнiмдерiнiң түсу аймағын шектеу бойынша шаралар қабылдау қажет. Осы аймақта материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.

      461. Тозаңы пирофорлық қасиеттерге ие және асылып тұрған күйде жарылыс қауiптi және өрт қауiптi болып табылатын ферроқорытпаларды ұсақтау кезiнде ұсақтау агрегаттарынан тозаңды жою бойынша, сондай-ақ одан агрегаттар мен аспирациялық қондырғыларды уақытында және жүйелi тазалау бойынша шаралар қабылданады.

      462. Инерттi газ ортасын немесе инерттi қоспаларды қолданбай жарылыс қаупi бар ферроқорытпаларды ұнтақтауға жол берiлмейдi. Жарылыс қаупi бар ұнтақтар пайдаланылатын технологиялық процестерде (ұнтақтау, тасымалдау) жылу, ұшқындs немесе механикалық әсер ету нәтижесiнде жарылыстың пайда болуына жол бермейтін жабдық қолданылады.

      463. Сумен өзара әрекеттесуi кезiнде жарылыс қаупi бар газ бөлiп шығаратын силикокальций, ферросилиций және басқа жанғыш қатты материалдарды газдардың шығуы үшiн жоғарғы қақпағында тесiгi бар құрғақ және таза темiр барабандарға салу қажет. Осы тесiктер дымқылдың түсуiнен қорғалады.

      464. Ұнтақталған жарылыс қаупi бар компоненттердi құбыржол көлiгiнiң пневмо-түрлерiмен тасымалдау инерттi газдар ортасында жүргiзiледi.

      465. Өздiгiнен тұтанатын материалдарды сақтауға арналған бункерлер осы материалдардың температурасын бақылауға арналған қондырғылармен жабдықталады, олардың жұмысы өрт сөндiру құралдарын iске қосумен ұштасқан.

      466. Сумен өзара әрекеттесуi кезiнде жарылыс қаупi бар газдарды бөлуге бейiм дымқыл ферроқорытпаларды ұнтақтауға, сондай-ақ осындай ферроқорытпалардың дымқыл ұнтақтарын тасымалдауға және сақтауға жол берiлмейдi.

      467. Тозаң тұндыратын камералар және түтік сүзгiлерi мерзiмдi түрде тозаңнан тазартылады.

7-тарау. Прокат, құбыр прокаты және метиздеу өндiрiсiнің объектiлерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      468. Басқару және орталықтан майлау жүйелерiнiң май құбырлары жанбайтын материалдардан жасалады.

      469. Гидрожетектiң жүйелерi май құбыры үзiлген кезде қысым ысырмаларын автоматты жауып тастауға арналған қондырғымен жабдықталады.

      470. Майлау және гидравлика жүйелерiн пайдалану кезiнде майдың ағып кетуiне жол берiлмейдi. Майланған орындар ай сайын үгiндi, шүберектердiң көмегiмен тазартылады.

      471. Жүйенi майлау үшiн өсiмдiк майларын және жануарлар майларын пайдалану кезiнде осы өнiмдермен шыланған тоқыма немесе талшықты материалдардың өздiгiнен жануын болдырмау шаралары қабылданады.

      472. Май шаруашылығын пайдалану кезiнде ашық оттың кез келген көзiн пайдалануға, май жертөлелерiнде және жақын маңда май толтырылған жабдықтың ұшқын шығаруына жол берiлмейдi.

      473. Май жертөлелерi мен кабельдi туннельдер оларға жұмыс алаңдарынан қабыршақтар, ұшқындар және тұтанудың басқа көздерiнiң түсуiн болдырмау үшiн жауып ұсталады.

      474. Туннельдер мен май жертөлелерiнiң желдететiн құрылғыларының өрт болған жағдайда автоматты сөнуi қамтамасыз етiледi.

      475. Iшпек тораптарын қайта iске қосуға арналған ванналар, сондай-ақ мазутты жұмсауға арналған бактар өрт болған жағдайда жанғыш сұйықтықтарды құюға арналған, цех ғимаратынан тысқары орналасатын авариялық ыдыстармен қамтамасыз етiледi.

      476. Қорғаныш жарылыс қаупi бар газдарды қолданатын учаскелерде жарылыс қаупi бар концентрациялардың құрылуын болғызбайтын технологиялық автоматика ақаусыз күйде ұсталады.

      477. Автоматика қолмен iске қосу ысырмасын белгiлеу арқылы инерттi газды жiберу құрылғысын қайталайды.

      478. Қорғаныш ортаның қысымы түскен кезде қорғаныш газындағы термиялық өңдеу қондырғыларының жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.

      479. Улайтын бөлiмшелерiнде, сутегi бөлетiн учаскелерде электр жабдығы мен желдету жүйелерi ЭҚОЕ сәйкес жарылыстан қорғалып жасалады.

      480. Металды термиялық өңдеу (таспаны үздiксiз күйдiру) кезiнде қорғаныш газы жоқ ерiтiлген натрийi бар ваннаны пайдалануға жол берiлмейдi. Судың немесе дымқыл материалдардың натрийi бар ваннаға тиiп кетуiне жол берiлмейдi.

      481. Кесу аймағында салқындататын эмульсияны қолданғанда титан және оның қорытпаларынан жасалған станоктардағы құбырларды өңдеуге (кесуге) болады.

      482. Жұмыс орындарында титан және оның қоспаларының үгiндiлерiн, жаңқаларын және басқа қалдықтарын сақтауға жол берiлмейдi. "Титан қалдықтары" деген жазуы бар контейнерлер желдеткiшi үздiксiз қолданыстағы арнайы оқшауланған құрғақ үй-жайда сақталады. Осы үй-жайда жанғыш сұйықтықтарды, химикаттарды және басқа материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.

      483. Жабыны бар метиз бұйымдарды коррозияға қарсы жабынның өздiгiнен тұтанатын температурадан асатындай температураға дейiн қыздыруға жол берiлмейдi.

8-тарау. Отқа төзiмдi өндiрiс объектiлерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      484. Су моншасында қоспаны қыздыру және керосинде парафиндi, стеариндi ерiту жүзеге асырылады. Осы мақсаттар үшiн ашық отты, ашық электр спиральдерiн немесе басқа температурасы 100o С жоғары үстiңгi қабаттарды қолдануға жол берiлмейдi.

      485. Керосин-стеориндi қоспаларды дайындау және қолдану учаскелерiнде өрт сөндiргiштер болмағанда жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.

      486. Керосин-стеориндi қоспалардың төгiлуiне жол бермеу және бұйымдарды қосымша жаншу кезiнде жұмыс орындарында керосин-стеориндi қоспалар қалдықтарының жиналып қалуына жол берiлмейдi.

      487. Жанғыш (жарылыс қауiптi) газдарды отын және қалпына келтiру ортасы ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.

9-тарау. Бояуға, шаюға, майсыздандыруға және жууға арналған цехтарды, учаскелердi, қондырғыларды ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      488. Бөлшектердi жуу, сондай-ақ нитро негiздегi жабындарды, бензиндi және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, лактау бөлек үй-жайларда жүргiзiледi және өрт сөндiрудiң тиiстi құралдарымен және эвакуациялау жолдары көрсеткiштерiмен жабдықталған оңаша өндiрiстiк учаскелерде жүргiзiледi.

      498. Бояу цехтарының (учаскелерiнiң) бояу дайындайтын бөлiмшелерi бөлек сыртқа шығу жолымен қамтамасыз етiледi.

      490. Лак-бояу дайындау, бояу және бензинмен жуу жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайлардың едендерi соққан кезiнде ұшқын шығармайтын, жанбайтын материалдардан жасалады.

      491. Кемiнде екi метр биiктiктегi үй-жайлар қабырғаларының iшкi қабаты ластанудан оңай тазаланатын, жанбайтын материалмен өңделедi.

      492. Цехтардың, учаскелердiң, қондырғылардың барлық есiктерi сыртқа немесе ғимараттан жақын шығатын жаққа ашылады.

      493. Бояу жұмыстары, бөлшектердi шаю бояйтын шкафтар, ванналар, камералар мен кабиналардан жергiлiктi сорғыштары бар қолданыстағы ағынды және сорып шығаратын желдеткiштерi болған кезде ғана жүргiзiлуi қажет. Қондырғылардың жұмысы, сондай-ақ нитро негiздегi жабындарды, бензиндi және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, шаю, лактау, жуу және майсыздандыру операциясына беру жүйесi желдету жүйесiмен бұғатталады.

      494. Бояу шкафтарын, камераларын және кабиналарының сорып шығаратын желдеткiшiн суландырғыштарсыз (гидравликалық сүзгiлер) немесе жанғыш бояулар мен лактардың бөлшектерiн тұтып алуға арналған басқа тиiмдi қондырғыларсыз пайдалануға рұқсат етiлмейдi.

      495. Бояудың және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң (бояу және кептiру камералары) жабдықтары жанбайтын материалдардан жасалады. Тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып, бұйымдарды бояу, лактау, эмальдау, жуу, майсыздандыруға арналған учаскелердегi электр жабдығы ЭҚОҚ сәйкес жарылыстан қорғалған болып жасалады.

      496. Лактау-бояу материалдары жұмыс iстейтiн ыдысқа ернеулерi бар түстi металдардан жасалған металл тұғырларға құйылуы тиiс.

      497. Бояу жабдықтары жанғыш шөгiндiлерден күн сайын желдеткiш iстеп тұрған кезде ауысым аяқталғаннан кейiн тазартылады.

      498. Камераларды бояулар мен лактардың шөгiндiлерiнен тазалауды жеңілдету үшiн олардың қабырғаларына техникалық вазелин, солидол немесе арнайы құрам жұқалап жағылады. Беткi қабаттарын нитро бояулардың шөгiндiлерiнен тазалау кезiнде металл құрылымдар туралы соққыларға жол беруге, сондай-ақ түстi металдан дайындалмаған қыстырғыштарды қолдануға болмайды.

      499. Отты кабиналар мен ауа арналарындағы бояулардың шөгiндiлерiн күйдiру үшiн қолдануға жол берiлмейдi.

      500. Өрт қауiптiлiгiнiң көрсеткiштерi анықталмаған лактау-бояу материалдарын, ерiткiштердi, жуатын және майсыздандыратын сұйықтықтарды қолдануға жол берiлмейдi. Осы материалдар тиiстi талдаудан, олардың өрт қауiптiлiк қасиеттерi анықталғаннан және қауiпсiз пайдалануға арналған шаралар әзiрленгеннен кейiн пайдаланылады.

      501. Бұйымдар мен бөлшектер жуу және майсыздандыру үшiн жанбайтын құрамдар, пасталар, ерiткiштер және басқа өрт тұрғысынан қауiпсiз техникалық жуу құралдары қолданылады.

      502. Бiлiктердi көтермелерден алғаннан кейiн оларды лайдан тазарту механикаландырылған жабық камерада жүзеге асырылады.

      503. Жарылысты болдырмау үшiн сiлтiлi ваннаның бетiне көмiрдiң, күйенiң, майлау материалдарының түсуiне жол берiлмейдi.

      504. Каустикалық соданы, селитраны, саптамаларды сақтау арнайы жабдықталған үй-жайда көзделеді.

      505. Алып тасталды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      506. Бояу цехтарында, бояу дайындайтын бөлiмдерде, лактау-бояу материалдарының қоймаларында, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдана отырып, бөлшектердi жуу және майсыздандыру орындарында ашық отты қолданумен және ұшқын шығарумен (электрлiк дәнекерлеу, ұштау) байланысты жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ ұшқын шығаратын материалдардан жасалған құралды пайдалануға жол берiлмейдi.

      507. Лак және бояу шығару материалдары жұмыс орындарына дайын күйiнде жеткізілуi тиiс. Лактар мен бояулардың барлық түрлерiн құрастыру және араластыру барлық өртке қарсы талаптарды қанағаттандыратын арнайы бөлiнген оңаша үй-жайда немесе ашық алаңда жүргiзiледi.

      508. Бұйымдарды нитроцеллюлозды, полиэфирлi және перхлорвинилдi эмальдармен электрлiк бояу кезiнде электрлiк бояу камерасы ұшқын шығармайтын қондырғылармен жабдықталады.

      509. Электр статикалық өрiстi бояу камераларында сорғы желдеткiштер сөндiрiлген кезде электр статикалық өрiстi тудыратын қондырғыдан кернеу автоматты түрде алынады.

      510. Еденге төгiлген лак және бояу шығару материалдары мен ерiткiштер дереу тазаланады. Едендердi, қабырғалар мен жабдықтарды жанғыш ерiткiштермен жууға жол берiлмейдi.

      511. Технологиялық жағдайлары бойынша және үлкен габариттi болғандықтан боялған бұйымдарды кептiрудi сорғы камераларда немесе шкафтарда орындауға болмайды, ол желдеткiшпен және автоматты өрт сөндiру құралдарымен жабдықталған учаскеде ұйымдастырылады.

      512. Лак және бояу шығару материалдарының ыдысы тығыз жабылады және ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 20 метр қашықтықта орналасқан арнайы алаңдарда сақталады.

      513. Май жағылғаннан кейiн құбырлар мен басқа бұйымдарды жинауға арналған сөрелер соңынан оны айдап ала отырып, ағызып және бұрып жiберуге арналған қондырғылармен жабдықталады.

4-бөлім. Мұнай өнiмдерiн қамтамасыз ету кәсiпорындарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      514. Мұнай базаларының, құю және айдау станцияларының аумақтары биiктiгi кемiнде 2,0 метр жанбайтын материалдан жасалған үрленетін қоршаулармен қоршалады.

      515. Резервуарлардың топырақ үйілген жерлерiне ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берiлмейдi.

      516. Объектінiң аумағында от жағуға, қоқыс, қалдықтарды өртеуге, факел, керосин фонарьларын және басқа да ашық от көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.

      517. Объектінiң аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруi бекiтiлген қозғалыс cхемасына сәйкес жүзеге асырылады.

      518. Технологиялық процесс техникалық және пайдалану құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады, ал өрт және жарылыс қауіпті заттар мен материалдарды пайдалануға арналған жабдық дайындаушы-зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      519. Мұнай базалары мен мұнай және мұнай өнімдерін айдау станциялары осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесіне сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өрт сөндіру құралдарының техникалық жай-күйіне тұрақты бақылау орнатылады.

      520. Жарылыс-өрт қауіпті аймақтардағы жүргізілетін жұмыстар ұшқын болдырмайтын құрал-сайманмен орындалады. Мұздалған кілттер мен құрал-саймандарды пайдалану кезінде жабынның бақылануы және оның уақтылы қалпына келтірілуі қамтамасыз етіледі.   

      521. Статикалық электр зарядтарының пайда болуын болдырмау үшiн соққан кезде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған және жерге тұйықтау өткiзгiшiмен жабдықталған үлгi iрiктегiштер қолданылады. Жерге тұйықтау өткiзгiштерi резервуардың төбесiндегi жерге тұйықтау қысқыштарына жалғанады.

      522. Резервуарлардың понтондарын пайдаланған кезде понтонды статикалық электрден қорғауға арналған иiлмелi шағын бөгеттердiң (ток қайтарғыштардың) дұрыс жағдайда болуы қамтамасыз етiледi.

      523. Резервуарда жіктердегі немесе корпустың негізгі металында немесе шөгу берген, герметикалығы жоқ түпте жарықтар пайда болған кезде оны босату және тазарту жүргізіледі. Мұнай өнімдері толтырылған резервуардағы жарықтарды жою бойынша отпен жүргізілетін және механикалық жұмыстарға жол берілмейді.

2-тарау. Резервуарларды өздігінен тұтанатын пирофорлы шөгiндiлерден тазарту кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      524. Резервуарлардың ішкі бетін пирофорлы шөгінділер мен коррозия өнімдерінен тазарту объектінің басшысы бекіткен графикке сәйкес жүргізіледі.

      525. Резервуарды пирофорлы шөгiндiлерден тазарту (мұнай өнiмдерiнен босатқаннан кейiн) және жөндеу алдында ауа кеңiстiгi су буымен толтырылуы тиiс. Бумен үрлеудi төменгi люк жабық және жарық, өлшегiш люктерi ашық болғанда жүргiзу керек.

      526. Резервуарды тазартқанда iшiнен шыққан лас заттар және шөгiндiлер мұнай өнiмдерiн сақтау аймағынан шығарылғанша дымқыл күйiнде ұсталады.

3-тарау. Электр техникалық құрылғыларды, автоматтандыру және байланыс құралдарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      527. Кәсiпорындардың аумағы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етiледi, оны қосу қызмет көрсету персоналы үнемi болатын жерлерде көзделеді.

      528. Мына:

      1) жарылыстан қорғау белгісі жоқ электр жабдығын жарылыс қауіпті аймақтарда пайдалануға;

      2) қорғау жүйесi бұзылған жарылыстан қорғалған электр жабдығын пайдалануға;

      3) жарылыстан қорғалған электр жабдығы конструкциясын өзгертуге;

      4) жарылыс өрт қауiптi аймақтардың аумағының үстінен және осы аймақтардан электр беру желiлерi тiреуiштерінiң биiктiгi 1,5 кем қашықтықта электр беру желiлерiн төсеуге;

      5) сырты бұзылған (тесiктер, жiктерi кесiлген) шланг кабельдерін қолдануға;

      6) жанғыш газдары, сұйықтықтары бар технологиялық құбыржолдарын, сондай-ақ коррозиядан қорғау үшiн оқшауланған құбыржолдарын жерге тұйықтағыштар және жерге тұйықтағыштың өткiзгiшi ретiнде қолдануға жол берілмейді.

      529. Электр жабдығын жерге тұйықтау, найзағайдан қорғау, статикалық электрден қорғау үшiн жерге тұйықтаудың жалпы сызбасы көзделеді.

      530. Алып тасталды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      531. Алып тасталды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      532. Электр энергиясын беруде кідіріс болған жағдайда кәсіпорын жарылыстан қорғалмаған электр жабдығы бар үй-жайлар мен сыртқы қондырғыларды газталдағыштарды булар мен газдардың қауіпті шоғырлануының бар-жоғын тексерген жағдайда (жарылыс қауіпті булар мен газдардың тұтануының төменгі шоғырлану шегінің 20% - ын қамтитын орта қауіпті деп есептеледі) қайта қосылып, сыртқы электр желілерінен ажыратылады.

      533. Жарылыс, өрт қауіпті цехтарда құралдарды жөндеу дәнекерлеу және отты немесе жоғары температураны пайдаланумен байланысты жұмыстарды қолданбай, сондай-ақ құралдарды технологиялық қондырғылардан ажыратқаннан және қысымды түсіргеннен кейін суық тәсілмен жүргізіледі.

      534. Жарылыстан қорғалмай орындалған жабдықты қысқа мерзімде қолдануға от жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар орындалған жағдайда жол беріледі.

4-тарау. Магистральды мұнай өнiмдерi құбырларының желiлік бөлiмiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      535. Мұнай құбыры трассасының кез келген нүктесіне көліктің және жөндеу мен авариялық бригадаларының еркін өтуі қамтамасыз етіледі.

      536. Мұнай өнімінің жер бетіне шығуы 20 метр радиуста анықталған кезде орын қоршалады, қауіпсіздік ескерту белгілері ілінеді, ал жақын жерде елді мекен, темір жол, тас жол, құрылыстар болған кезде жергілікті атқарушы органдарға, өртке қарсы қызметке және полицияға хабарланады. Түнгі уақытта авария орны жарылыстан қорғалып жасалған қызыл жарық шамдарымен жарықтандырылады.

      537. Авария орны өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі, қажет болған жағдайда өрт сөндіру көліктерінің кезекшілігі ұйымдастырылады және мұнай өнімдерінің коммуникациялар мен желілерге өтуіне жол бермейтін шаралар қабылданады.

      538. 5 метр радиустағы мұнай өнімі төгілген жер шөптен тазартылады, ал мұнай өнімдері сіңген жер тазартылады және топырақ себіледі.

      539. Іштен тұтану қозғалтқыштары бар тракторлардың, автомобильдер мен агрегаттардың тұрағы мұнай өнімдері төгілген жерден кемінде 30 метр қашықтықта болады.

      540. Құбыржолдың жоғарғы жағынан 0,3 метр және одан кем тереңдікте, сондай-ақ газдалған траншеяларда немесе құдықтарда оны ашу жөніндегі жұмыстар соғылған кезде ұшқынның пайда болуын болдырмайтын құралдармен орындалады.

      541. Елді мекендегі мұнай құбырының трассасы "Мұнай құбыры" деген жазуы бар және мұнай өнімінің бетіне шығуы анықталған жағдайда жүгінетін телефон нөмірі көрсетілген белгілермен белгіленеді.

      542. Мұнай құбырының жай-күйін пайдалану процесінде ақауларды анықтауға мүмкіндік беретін арнайы аспаптармен және құрылғылармен бақылау жүзеге асырылады.

5-тарау. Мұнай өнiмдерiн айдауға арналған сорғы станцияларды ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      543. Сорғы станциялары үй-жайларында сорғылар мен құбыржолдардың герметикалығы үнемi бақыланады. Сорғылардың тығыздамаларындағы және құбыржолдардың қосылыстарындағы мұнай өнiмдерiнiң тамшылап шығуы дереу жойылады.

      544. Iштен жану қозғалтқыштарын орналастыруға арналған үй-жайлар сорғыларға арналған үй-жайлардан өртенбейтiн қабырғалармен бөлінеді. Тез тұтанатын сұйықтықтарға арналған сорғылар орнатылған үй-жайларда тегiс қайыс белдiк берiлiстерiн қолдануға жол берiлмейдi.

      545. Сорғы үй-жайларының едендерi мен науалары жүйелі түрде сумен жуылып тұрады. Мұнай өнімдерінің жиналуына жол берілмейді. Төгiлiп қалған мұнай өнiмдерiн жою үшiн сорғы үй-жайлары резеңке шлангiлерi бар су бағандарымен жабдықталады. Сорғы үй-жайларының сарқынды су каналдарының су бұру жүйесіне қосылатын жерлеріндегі гидравликалық бекiтпелер жүйелі түрде тексеріледі.

      546. Қажалатын бөлшектердiң майлануы, мойынтiректерi мен тығыздамаларының температурасы, сорғылар бақыланып отырады. Сорғылардың әдеттегi жұмыс тәртiбiн бұзатын қандай да бiр ақаулықтар анықталғанда, соңғысы тоқтатылып, ал ақауы жойылады.

      547. Тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн айдау жөнiндегi сорғы үй-жайларындағы тұрақты автоматты газталдағыштар авариялық желдеткiшпен, сондай-ақ үй-жайда мұнай өнiмдерiнiң қауiптi бу концентрациясының бар болуы туралы дыбыспен және жарықпен сигнал беретін қондырғылармен бұғатталады.

      548. Тұрақты газталдағыштар болмаған жағдайда, мұнай өнімдері буларының қауіпті концентрациясының бар-жоғын анықтау үшін тиiстi графиктер бойынша кезең сайын газталдағыштармен ауа ортасына талдау жүргiзiледi.

6-тарау. Темiржол төгу-құю эстакадаларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      549. Мұнай базалары мен құю пункттерінің магистральды өнiм жолдарының (станцияларының) төгу-құю құрылыстары орналастырылған алаңқайларында авария жағдайында жинағышы немесе өндiрiстiк су бұру жүйесі бар гидравликалық бекiтпелерi арқылы қосылған шығару науалары мен орларға сұйықтықтың кедергiсiз құйылуы көзделеді.

      550. Төгу-құю құрылғыларының немесе темiржолдарда жеке тұрған тiреуiштердiң екi жағынан (екi осьтi екi немесе төрт осьтi бiр вагондар қашықтығында) сигналды белгi – бақылау бағаналары орнатылуы қажет, тепловоздардың олардың артына кіруіне жол берiлмейдi.

      551. Бос теміржол эстакадаларына ағызуға (құюға) маршруттарды беруді мұнай базасының (құю пунктінің, станциясының) персоналы бақылайды. Төгу және құю процесінде тежегіш табандықтары орнатылады. Төгу-құю құрылғылары орналасқан теміржолдар бойынша тепловоздардың жүруіне жол берілмейді.

      552. Төгу-құю құрылғылары, құбыржолдар және құбыржол арматурасы ұйымның графигіне сәйкес үнемi тексерiледі және жоспарлы алдын ала жөндеуге тартылады. Анықталған ақаулықтар мен тамшылап ағып тұрған жерлер дереу жойылады. Төгу құрылғысының (немесе құбыржол учаскесiнiң) бұзылған бөлiгi ажыратылады.

      553. Темiржол цистерналарын iрiктеудi және тiркеуден ағытуды төгу-құю эстакадасы шегiнен тыс жүзеге асыру керек. Бу қысу температурасы кемінде 61oC мұнай өнiмдерiн төгу-құю операциялары кезiнде эстакадада маневрлiк жұмыстарды жүргiзуге және бос жолға келесi маршрутты жiберуге жол берiлмейдi. Герметикаланған құю құрылғысы арқылы жүргiзiлетiн құю операциялары кезiнде мұнай өнiмдерi бар темiржол цистерналарын бос эстакадаларға жiберуге жол берiледi.

      554. Теміржол цистерналары ағызу және құю үшін баяу, жұлқымай және тартылмай беріледі және шығарылады. Төгу-құю құрылғыларының аумағында темір жол цистерналарын ағаш төсемдерді немесе ұшқын шығармайтын металдан жасалған табандықтарды қолдана отырып, металл табандықтармен тежеуге және бекітуге жол берілмейді.

      555. Тез тұтанатын сұйықтықтарды құю немесе төгу кезінде цистерналар люктерінің қақпақтарын жабу кезінде, темір жол цистерналарына шлангілер мен аспаптарды қосу кезінде соққыларға жол берілмейді. Төгу және құю операциялары кезінде қолданылатын құрал соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдан жасалады. Құю кезінде шлангінің ұшы цистернаның түбіне дейін түсіріледі, құю кезінде шашырауды болдырмау үшін сұйықтық деңгейіне дейін жүзеге асырылады. Цистерналар люктерінің қақпақтары резеңке төсемдермен жабдықталады.

      556. Электрдің разрядтары кезінде мұнай өнімдерін төгуге және құюға жол берілмейді.

      557. Төгу, құю операциялары кезеңiнде жергiлiктi жарық беру үшiн жарылыс қаупi бар аккумуляторлы шамдар қолданылады.

      558. Темiржол төгу-құю эстакадасында тез тұтанатын мұнай өнiмдерi үшiн өткел көпірлер жасырын бұрандамасы бар ағаш тіректермен немесе ұшқынның шығуын болдырмайтын басқа да материалдармен жабдықталады.

      559. Орнынан қозғалту және темiржол цистерналарын төгу-құю орындарына жылжыту үшiн иiнтiректер ретiнде құрыштан жасалған сүймендердi немесе басқа да құрыштан жасалған заттарды қолдануға жол берiлмейдi. Темiржол цистерналарын тек жүкшығырлар арқылы ғана жылжытуға болады.

      560. Техникалық тексерiп-қарау белгiсi жоқ, сондай-ақ тамшылап ағып кету белгiсi анық немесе мұнай өнiмдерiн құюға кедергi жасайтын басқа да ақаулықтары бар темiржол цистерналарын құюға, қабылдауға жол берiлмейдi.

      561. Мұнай өнiмдерiн төгу немесе құю алдында барлық айырып-қосқыш вентильдер, ысырмалардың дұрыс ашылған, төгу-құю құрылғыларының дұрыстығы, шлангілері мен телескоп құбырларының қосылу тығыздығы тексерiледi.

      562. Темiржол цистернасының люгiн ашқанда және шлангілерді толтырғанда осы операцияларды орындайтын тұлғалар люктiң жел жағына орналастырылады.

      563. Теміржол цистернасында құю процесінде ағып кету анықталған кезде, цистернаға құю ақау толық жойылғанға дейін дереу тоқтатылады. Ағып кетуді жою мүмкін болмаған жағдайда, цистерна құйылған мұнай өнімінен босатылады және жөнелту станциясына қайтарылады.

      564. Ақаулы теміржол цистерналарының төменгі ағызу аспаптарын ұшқын шығаруды тудыратын құрылғылардың көмегімен ашуға жол берілмейді. Цистернаның төменгі ағызу аспабы төгу-құю коллекторына цистернаның доңғалақтарының астына табандықтарды (тіректерді) орнатқаннан және осы жолдан локомотивті шығарғаннан кейін қосылады.

      565. Темiржол цистерналарына мұнай өнiмдерiн құюды аяқтағаннан кейiн құю эстакадаларының жоғарғы жағында орналасқан шлангілер, тiреуiштер және коллекторлар мұнай өнiмдерiнен босатылады, ал темiржол цистерналарының люктерiнiң қақпақтары герметикалық түрде жабылуы тиіс.

      566. Теміржол цистерналарының төгу-құю құрылғыларында қатып қалған мұнай өнімдерін бумен, арнайы жылытқыштармен қыздырады. Ашық отты қолдануға жол берілмейді.

      567. Теміржол цистерналарында тұтқыр мұнай өнімдерін бу иректүтіктерімен қыздырған кезде соңғылары мұнай өнімдеріне 0,5 метрден кем емес тереңдікке толық батырылғаннан кейін жұмысқа қосылады. Жылыту кезінде мұнай өнімінің температурасын арттыра отырып, оның кеңеюіне бақылау қамтамасыз етіледі. Цистерналардағы сұйықтықты жылыту температурасын 150ºС-қа арттыруға жол берілмейді, электр қыздырғыштармен жылыту кезінде мұнай өнімін құюға жол берілмейді.

      568. Мұнай өнімдерін төменгі жағынан құю тұмшаланған ағызу аспаптары арқылы жүргізіледі.

      569. Электрлендірілген темiржолдарда орналасқан төгу-құю эстакадаларының темiржолдарында екi оқшаулау жiгiн орнату қажет: бiрiншiсi – ағызу фронтының шегiнен тыс, екiншiсi – тұйық көрсеткiшiнiң жанында.

      570. Температуралары төмен жағдайларда жүзеге асырылатын темiржол жүйелерiне құю осы цистерналарды ауа температурасы аса жоғары аудандарға тасымалдағанда мұнай өнiмi көлемiнiң көтерілуі ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      571. Темiржолдар, эстакадалар, құбыржолдар, телескоптық құбырлар және шлангілердің ұштықтары жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау құрылғыларының қарсылығы кәсiпорынның бас инженерi бекiткен график бойынша жылына кемінде бiр рет тексерiледi.

      572. Жұмыс және эвакуациялық сатылар, сондай-ақ эстакадалардың теміржол тұйықтарының соңында орнатылған шығырлар жарамды күйде ұсталады.

      573. Мұнай өнімдерін төгу және құю операцияларын жүргізу кезінде жүкшығыр тросы бос күйінде болады.

7-тарау. Төгу-құю айлақтары мен жағалаудағы құрылыстарды ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      574. Төгу-құю айлақтары мен пирстер жанбайтын материалдардан жасалады. Өрт сөндiру автомобильдерiне арналған өту жолдары мен өткел көпiрлер жарамды күйде және әртүрлi заттар үймеленбей ұсталады.

      575. Айлақтан 30 метр қашықтықта орналасқан жағалау құбыржолдары авариялық ысырмалармен жабдықталады. Құбыржолдар арқылы өту орындарында жанбайтын материалдардан жасалған көпіршелер көзделеді.

      576. Жылжымалы төгу-құю құбыржолдардың фланецтерi мен жылжымалы түтіктердiң жалғау муфталары палубаға соғылғанда ұшқынның пайда болуына жол бермейтін металлдан жасалады.

      577. Мұнай құю кемелерi құбыржолдардың мұнай өнiмдерiн айдап қотаруға арналған түтіктерi жалғанған орынға дейiн жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау қондырғылары тек төгу-құю операциялары аяқталғаннан кейiн және құбыржолдардың кеме жанындағы айлақтың түтіктерiнен ажыратылғаннан кейiн ғана алынады.

      578. Мұнай базасының айлақтарында орнатылған жүк көтергiш құралдарын пайдалану кезінде жүк көтергiштер жүйелi түрде майланып тұрады, ал шынжыр мен палубаның түйiсетін тұстары матпен немесе ағаш қалқандарымен жабылады.

      579. Кеменi жағалаудағы құрылғылармен жалғайтын қосқыш құбыржолдар мен жеңқұбырларды құрастырғанда және бұзғанда соғылудан ұшқынның пайда болуына жол бермейтiн құрал пайдаланылады.

      580. Төгу-құю жұмыстары кемiнде екi адамның қатысуымен жүргiзіледі.

      581. Айлақ пен кемедегi қызмет көрсетуші персонал төгу-құю жұмыстарын және жабдықтардың жағдайын үнемі қадағалауды жүргiзуге мiндеттi. Мұнай өнiмдерiнiң тамшылап ағуы дереу жойылады; ал ол мүмкiн болмаған жағдайда, мұнай өнiмдерiн төгу-құю жөнiндегi операциялар жабдық толық жөнделгенше тоқтатылады.

      582. Найзағай жарқылдағанда мұнай өнiмдерiн төгуге және құюға жол берiлмейдi.

      583. Төгу-құю операцияларын жүргiзген кезде су айлақтарында, кемелерде, айдап-сору станцияларында және оларға 20 метрден жақын жерлерде:

      1) отпен жүргізілетін жұмыстарды орындауға, темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;

      2) бұзылған электр жарық беру құралдарын пайдалануға;

      3) жарық беру үшiн жылжымалы және басқа (жарылу қаупi жоқ аккумуляторлы шамдардан басқа) шамдарды қолдануға;

      4) мұнай өнiмдерiн төгу-құю жөнiндегi операцияларға қатысы жоқ адамдардың болуына;

      5) + 45оC жоғары температураға дейін қыздырылған мұнай өнiмдерiн кемеге қабылдауға және құюға жол берiлмейдi.

8-тарау. Автоқұю эстакадаларын, құйылатын және өлшеп бөлiнетiн мұнай өнiмдерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      584. Құю құрылғылары орналасқан жедел алаңқайлардың үстi қатты жабынмен және түрлi сұйықтықтардың гидравликалық ысырма арқылы өндiрiстiк-нөсерлiк су бұру жүйесіне немесе арнайы жинақтауышқа кедергiсiз құйылуымен қамтамасыз етiледi. Төгiлiп қалған сұйықтықтар сумен жуылады.

      585. Жедел алаңдағы автомашиналардың рұқсат берiлген санын кәсiпорынның әкiмшiлiгi белгiлейдi.

      586. Бұзылған автомобильдерге аумаққа және жедел алаңдарға кiруге, сондай-ақ кәсiпорынның аумағында оларды жөндеуге жол берiлмейдi.

      587. Кәсiпорынның өткiзу орны мен мұнай өнiмдерiн құю алаңында кәсiпорынның персоналы сыртынан қарау арқылы автоцистернаның дұрыстығын және оның өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiлуiн тексередi.

      588. Кәсiпорынның қызмет көрсетуші персоналы (операторы немесе басқа адам) автоцистерналарға құю процесін бақылауды жүзеге асырады.

      589. Мұнай өнiмдерi автоцистернаға қозғалтқыш жұмыс iстемей тұрған кезде құйылады. Бұл ретте жүргiзушi құю процесін бақылайды. Автоматты түрде құю жүйесiнде жүргiзушi осы жүйеге арналған нұсқаулықта көзделген әрекеттерді орындайды. Қозғалтқышты iске қосу қиынға түсетін, тек температура төмен болған жағдайларда ғана қозғалтқыш жұмыс iстеп тұрған кезде құюға рұқсат етiледi.

      590. Автоқұю эстакадасы өрт шыққан жағдайда, автоцистерналарды сүйреп әкетуге арналған арқанмен немесе штангамен қамтамасыз етiледi.

      591. Құю аяқталғаннан кейiн құюға арналған шлангілерді (ұштықтарды) автоцистернаның қылтасынан олардан мұнай өнiмдерiн толық ағызып алынғаннан соң шығару керек. Автоцистерна қылтасының қақпағын соққығы жол бермей байқап жабылады.

      592. Автоцистернаның жүргiзушiлерi мұнай өнiмдерiн тасымалдағанда өрт қауiпсiздiгiн сақтау шаралары туралы (автокәсiпорындарда куәлiктер беріледі) нұсқаулықтан өтедi.

      593. Мұнай өнiмiнiң төгiлiп қалуына (асырып құйылуына) жол берiлген жағдайларда, толтырылып жатқан автоцистернаның қозғалтқышын iске қосуға рұқсат берiлмейдi.

      594. Бөліп құю үй-жайында бос және мұнай өнiмдерi толтырылмаған ыдысты, сондай-ақ бөгде заттар мен жабдықтарды сақтауға жол берiлмейдi. Бөліп құю үй-жайында енi кемінде 2 метр болатын орталық өтпе көзделеді. Өтпеге заттарды үйіп қоюға болмайды.

      595. Мұнай өнiмдерiн бөшке ыдыстарына кәсiпорынның қызмет көрсетуші персонал ғана түсiредi. Мұнай өнiмдерiн түсiрер алдында қызмет көрсетуші персонал құюға арналған ыдысты мiндеттi түрде тексерiп қарап шығады. Мұнай өнiмдерiн жарамсыз ыдысқа құюға рұқсат берiлмейдi.

9-тарау. Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жинау, өткізу және тазарту пункттерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      596. Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жинау және тиеу пункттерi, сондай-ақ регенерациялық қондырғылар мұнай өнiмдерiн бөлшектеп босату аймағына орналастырылады. Мұнай өнiмдерiн қабылдауды және босатуды (тиеп жiберудi) кәсiпорынның персоналының қатысуымен жүзеге асырылады.

      597. Мұнай өнiмдерiнiң пайдаланылған қоспаларын сақтағанда резервуарлардағы, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарлардағыдай тыныстау және сақтандыру арматурасы, ал пайдаланылған индустриялық және мотор майларын сақтағанда – майларды сақтауға арналған резервуарлардағыдай болады.

      598. Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн қыздыру температурасы олардың құрамына кіретін булардың ең төмен тұтану температурасы бар компонент буларының тұтану температурасынан 15оC төмен болады.

      599. Тұтану температурасы 120оC және одан төмен болатын пайдаланылған мұнай өнiмдерiне арналған төгу-құю қондырғылары жабық болады.

      600. Регенерациялық қондырғылардың айыру бөлiмшесiнiң шығыс бактарында тәулiктiк қажеттiктен аспайтын отынның болуына рұқсат етіледi. Бұл бактар үй-жай шегiнен тыс жерлерде орнатылады.

      601. Құбырлы пеш пен текше қондырғысының түтiн шығатын мұржалары қара күйе жиналып қалмас үшiн тәулiгiне кемiнде бiр рет су буымен үрленедi.

      602. Регенерациялық қондырғылардың сүзгі-нығыздауыштары металл рамаларға және жанбайтын iргетасқа орнатылады. Сүзгi-нығыздауыштардың астына төгiлiп қалған майды жинау үшiн металдан жасалған арнайы жайпақ қаңылтыр таба орнатылады.

      603. Регенерациялық қондырғы жұмыс iстеп тұрған кезде керосин жинағыштарды асыра толтыруға болмайды; толуына қарай және ауысымның аяғында оларды мұнай өнiмдерiнен босату керек.

      604. Пайдалануға жiберер алдында жылжымалы регенерациялық қондырғылардың айыратын текшелерi мен бу қазандары гидравликалық қысымға тексерiледi. Бу қазандары мен айыратын текшелерде сақтандырушы қақпашалар мен манометрлер орнатылады. Жылжымалы регенерациялық қондырғылар жұмыс iстеп тұрғанда қызмет етушi персонал бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткiштерiн үнемi бақылайды.

10-тарау. Алаң iшiндегi технологиялық құбыржолдар мен құбыржол арматурасын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      605. Мұнай базаларының, құю және айдап қотару станцияларының құбыржолдарына технологиялық схемалар құрылады, оларда құбыржолдардың әрқайсысында айқын белгiленеді, ал тиек арматурасы нөмiрленеді. Қызмет көрсетушi персонал авариялар мен өрттер болған жағдайларда ысырмаларды ауыстырып қосуды үйрену үшiн құбыржолдардың технологиялық сызбасымен танысады.

      606. Технологиялық құбыржолдар оларға орнатылған барлық арматураларымен бiрге пайдалануға тапсыру алдында бiрiктiру мықтылығы мен тығыздығы тұрғысынан гидравликалық сынақтан өтедi.

      607. Жер үстiндегi құбыржолдардың бекiтпелерi мен тiреуiштерiнiң қауiп төндіріп салбырап тұруын болдырмау үшін олардың жай-күйі үнемі бақыланып тұрады. Құбыржолдардың, асқыштар мен тiреуiштердiң ақаулары дереу жойылады.

      608. Құбыржолдардың iшiнде пайда болған шөгiндiлердi болаттан жасалған шыбықтар немесе басқа құралдар арқылы тазартуға болмайды, құбырдың қабырғасына үйкелуден немесе соғылудан ұшқын пайда болуы мүмкiн.

      609. Құбыржолдар мен тиектердің тораптарын ашық отпен жылытуға болмайды. Осы мақсатта тек бу, ыстық су немесе қызған құм қолданылады, сондай-ақ зауытта шығарылған электрлі қыздырғыштар пайдаланылады.

      610. Құбыржолдар мен тиек қондырғыларына кәсiпорынның бас инженері бекiткен графикке сәйкес профилактикалық қызмет көрсетіледі.

      611. Құбыржолдарда тұйық учаскелер болмауға тиiс. Ал мұндай жерлердiң болуы қажет болған жағдайларда, оларды тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

      612. Мұнай өнiмдерi толып тұрған құбыржолдарда жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.

5-бөлім. Мұнай-газ өндiрушi өнеркәсiп объектiлерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      613. Бұрғылауға, сынақ жүргiзуге, ұңғымаларды күрделi жөндеуге арналған жер үстiндегi жабдық, шығарындыларға қарсы қондырғылардың бұрғыштары, бақылау станциялары, өндiрiстiк және тұрғын үй-жайлар, қойма орындары, кiреберiс жолдар, тікұшақ алаңдары нақты әр ауданға арналған желдiң басым бағыты ескеріле отырып орналастырылады.

      614. Қондырғыға бөлiнген аумақ жер үстiндегi және жер астындағы құбыржолдардан, кабельдерден босатылады, ағаштан, бұтадан, шөптерден тазартылады.

      Жер үстiндегi құрылыстардың айналасында көлiктiң және өрт техникасының қозғалуы үшiн енi 10-12 метр алаң көзделеді.

      Аумақтарды жоспарлау кезінде сұйықтықтарды сағасынан және жер үстiндегi құрылыстардан арнайы қоймаларға (торға) бұрып ағызу көзделеді.

      615. Құрылыстардың жабындары жанбайтын материалдардан орындалады. Басқа жағдайларда конструкция оттан қорғайтын құраммен өңделедi.

      616. Отын құятын ыдыстар мен қондырғылар жер үстi үй-жайлардан, жабдықтардан, құбыржолдардан 20 метр алшақ орнатылады. Отын қондырғылары сорғылармен, ыдыстар сақтандыру және тыйым салу жазулары (белгiлерi) бар деңгей өлшеуiштермен жабдықталады. Орнатылу орындарында кiреберiс жолы жабдықталады және жанар-жағармай материалдарының сақталу мөлшерi есебiнен топырақ үйiп бекiтiледi.

      617. Арматуралар орнатылатын немесе аппараттар қосылатын жерлерден басқа, жарылыс-өрт қауiптi технологиялық жүйелердiң құбыржолдарында фланецтi және алмалы-салмалы қосылыстарға жол берiлмейдi. Жарылыс қауiптi технологиялық жүйелерде иiлмелi шлангiлердi қолдануға жол берiлмейдi.

      618. Жанармай өнiмдерiн айдап қотаратын сорғылар мен компрессорлардың соратын және айдайтын жолдарында тиек, кесу және сақтандыру қондырғыларын орнату көзделеді.

      619. Жанар-жағармай материалдарының, мұнай өнiмдерiнiң тамшылап ағуы, герметикалы болмауы, ағып кетуi байқалғанда ақау дереу жойылып, төгiлген жер мұқият тазартылады.

      620. Жанар-жағармай және тез тұтанатын материалдарды өрт-жарылыс қауiптi құрылыстардың iшiнде сақтауға жол берiлмейдi.

      621. Өрт сөндiру құралдары (қуат және сорғы блогы, отын қондырғылары, электр станциясы, ұңғыманың аузы) өрт қауiптi жерлерге жақын орналастырылады.

      622. Iштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газды шығаратын желілері ұңғыманың аузынан кемiнде 15 метр, таса (ірге) қабырғасынан 5 метр және шатырдың (қалқаның) жоғарғы жағынан 1,5 метр қашыққа шығарылады. Қозғалтқыштардың, негiздердiң, еден төсенiшiнiң астына пайдаланылған газ шығатын құбырларды төсеуге жол берiлмейдi.

      Қабырғалар, шатырлар (қалқалар) арқылы пайдаланылған газ шығатын желiлер өтетiн жерлерде құбырдың үш диаметрiнен кем емес тесiк қалдырылады. Бұл жерде жылу оқшаулау төсемi мен өртенбейтiн өңдеме орнатылады.

      Пайдаланылған газ шығатын желiлер ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      623. Температура төмен болған жағдайда, қатып қалуға бейім жабдықтар мен құбыржолдар жылытылып, ашық отты пайдалануды жоққа шығаратын жылытумен қамтамасыз етiледi.

      624. Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi үй-жайларда, негiздердiң астында, газ қауiптi жерлерде, жанар-жағармай материалдарын, мұнай өнiмдерiн, жанғыш заттар мен реагенттердi сақтауға арналған ыдыстардың жанында ашық отты пайдалануға және темекi шегуге болмайды.

      Темекi шегу үшiн өртке қауiпсiз аймақта арнайы жабдықталған орындар бөлінеді және жазулармен белгiленедi.

      625. Газдану, жанар-жағармай материалдарымен, мұнай өнiмдерiмен ластану кезінде газ қауiптi, отпен жүргізілетін және дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.

      626. Қуат, бұрғылау және мұнай кәсiпшілігінің жабдығы, жабындар, объектінiң басы мен аумағы үнемі өрт қауiпсiз жағдайда ұсталады, күйеден, жанар-жағармай материалдарының, мұнай өнiмдерiнiң төгiлуiнен ұдайы тазартылады.

2-тарау. Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргiзу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      627. Ұңғымаларды бұрғылау, бекiту, сынау техникасы мен технологиясы өнiмдi жиектерден бақыланбайтын қабат флюидтiң түсуiн барынша жоғары дәрежеде болдырмауы тиiс.

      Мұнай-газ дақтары пайда болған және авариялық жұмыстар жүргiзілген жағдайда, жер үстiндегi жабдық және орап байлау арқылы толық герметикалық, флюидтi ұңғымалардан қауiпсiз қашықтыққа бұру және мұнай-газ дақтарын, аварияларды жою жөніндегі технологиялық процестерді орындау кезінде жарылыс-өрт қауiпсiздiгi қамтамасыз етiледi.

      628. Бұрғыны пайдалануға беру кезінде кәсiпорынның комиссиясы жабдықтың жарылыс-өрт қауiпсiздiгiн, өртке қарсы жабдық пен мүкәммал жинағының сәйкестiгiн, өрт сөндіру су айдыны, авариялық жарықтандырудың, жауынгерлік өрт сөндіру есептобының бар-жоғын тексереді, ол туралы бұрғыны қабылдау актісіне жазады.

      629. Көмiрсутектi негiздегi бұрғы қоспаларын пайдаланғанда жарылыс, өрт қауiпсiздiгi бойынша, арнайы нұсқаулық пен жұмыс жоспарларында көрсетiлетiн әуе ортасының газдылығы бойынша қосымша шаралар қолданылады. Көмiрсутектi негiздегi ерітіндінің өздiгiнен тұтану температурасы сағасындағы және қоспаны дайындау мен өңдеу процесіндегі күтілетін ең жоғарғы температурадан 50оС артық болады.

      630. Жұмыс аймағының ауасында зиянды заттардың шектi жол берiлетiн концентрациялары мен шектi жол берiлетiн жарылыс қауiпсiз концентрациялары табылған жағдайларда:

      1) технологиялық процесті тоқтата тұру;

      2) объектiнiң, ауысымның басшысына дереу хабар беру;

      3) газдану себебi мен аймағын анықтау;

      4) жеке қорғану құралдарын пайдалану;

      5) өрт сөндiру мүкәммалының әзірлігін тексеру;

      6) Аварияларды жою жоспарына және нақты жағдайға сәйкес шаралар (әрекеттер) қолдану қажет.

      631. Бұрғылау, сынау, газ, мұнай, су дақтарын, ашық бұрқақтар мен аварияларды жою жөнiндегi жұмыстар аяқталғаннан кейiн мұнаралар, бұрғылау жабдығы, аумақ қара майдан, артық жабдықтар мен материалдардан тазартылады. Бұрғыға баратын жолдар мен кiреберiстер бос болады.

      632. Цементтеу, мұнай және қышқыл ванналарын орнату, зерттеу және авариялық жұмыстар кезiнде қолданылатын арнайы техника пайдаланылған газ шығатын құбырлардың ұшқын сөндіргіштері болған кезде ғана қолданылады.

3-тарау. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Ұңғымаларды игеру кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      633. Мұнай және газ ұңғымаларын игеру және сынақ жұмыстары ұңғымалардың құрылыс жобасына сәйкес жүргізіледі, онда арнайы бөлімдерде технологиясы әзірленеді, сынақ және өрт жарылыс қауіпсіздігі шаралары жөніндегі жұмыстарды орындаудың техникалық құралдары анықталады.

      634. Жұмыс басталмас бұрын, даярлау, негізгі және қорытынды жұмыстардың жоспар-графигі, сондай-ақ болуы мүмкін аварияны жою жоспары қоса беріледі.

      635. Ұңғымаларды игеру үшін қолданылатын жабдықты орналастыру және байлау сызбасы жоспар-графикке қоса беріледі.

      636. Ұңғымаларды игеру жөніндегі жұмыстарды бастамас бұрын жауапты тұлға бригада мүшелеріне өрт қауіпсіздігі жөнінде нұсқама өткізеді және "Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаманы тіркеу" журналына тиісті жазбаны жазады.

      637. Бригаданың барлық мүшелері ұңғымаларды игеру жұмыстарына арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен қатысады.

      638. Игеру объектілері өртке қарсы құрылғылармен жабдықталады және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өртке қарсы мүкәммалмен қамтамасыз етіледі.

      639. Ұңғымалардағы ату-жару жұмыстары жұмыстардың басшысының рұқсатымен және мұнай-газ өндіру немесе бұрғылау кәсіпорны геологының қатысуымен жүргізіледі.

      640. Ату-жару жұмыстарының алдында шығарындыға қарсы жабдық мұқият тексеріледі және жұмыс жоспарында көрсетілген қысымға сығымдалады.

      641. Көтеріп-түсіру операциялары кезінде діңгек фланецке ұшқынға қауіпсіз материалдан жасалған құйғыш орнатылады.

      642. Ұңғыманы игеру кезінде жылжымалы компрессор ұңғымадан желді жақтан кемінде 25 метр қашықтықта орнатылады.

      643. Ұңғыманы мұнаймен жуу кезінде агрегат кемінде 10 метр қашықтықта орнатылады.

      644. Газ және газ конденсатты ұңғымаларды сваб әдісі арқылы, ал бұрқақты ұңғымаларды науамен тарту арқылы игеруге жол берілмейді.

      645. Ұңғыманы свабирлеу мұнай лақтырудың алдын алатын тығындайтын құрылғыдағы фонтандық арматураның буферлік ысырмасында орнатылған кезде жүргізіледі.

      646. Бұрқақты ұңғыманы свабирлеу әдісімен игеру кезінде:

      1) жұмыс істеп тұрған агрегатты басқару пультінде қалқаның жанғыш құрfмын қорғау үшін отқа төзімді құраммен өңделеді;

      2) ұшқынға қауіпсіз материалдан жасалған бағыттаушы құйғыш орнатылады;

      3) көтергіш тракторы ұңғыма сағасынан кемінде 25 метр қашықтықта орнатылады.

      647. Ұңғымаларды жылжымалы агрегаттармен игеру кезінде игеру үшін және ұңғыма өшірілген жағдайда агрегаттардың қажетті санын жұмыс манифольдына қосу мүмкіндігі көзделеді.

      648. Бұрқақ атқылау белгілері пайда болған кезде аварияларды жою және ұңғыма аузын қымтау жоспарына сәйкес іс-қимылдар жасалады.

      649. Бұрқақты ұңғыманы игеру процесінде үзілістер мен тоқтаулар кезінде бұрқақты арматураның және айқастырмадағы орталық ысырмасы жабылады.

      650. Сығылған ауаны айдау немесе сұйықтықты ауамен аэрациялау арқылы ағынды шақырған кезде процесте үзілістерге жол берілмейді.

2-параграф. Бұрқақты ұңғымаларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      651. Пайдалануға берілген барлық ұңғымалар тиісті аппаратурамен жабдықталған герметикаланған аузымен қамтамасыз етіледі.

      652. Бұрқақты арматураны жинау төсемдері бар түйреуіштердің толық жинағымен жүргізіледі.

      653. Бұрқақты ұңғыма мен коммуникация орамы пайдалану бағанының перфорациясына дейін ұңғыма өнімін қабылдауға алдын ала дайындалады.

      654. Тұтануды (өртті) болдырмау үшін ашық арықтар бойымен ортақ қоймалар мен тұзақтарға мұнай ағынын орнатуға жол берілмейді.

      655. Ұңғымадан компрессорға мұнай мен газдың түсуін болдырмау үшін ұңғымалардың жанындағы газ және ауа тарату дүңгіршектерінен шығатын желілерде кері клапандар орнатылады.

      656. Газ және ауа тарату дүңгіршектерінің газ немесе ауа коллекторларында ұзындығы жобаға сәйкес келетін желілер көзделеді.

      657. Газ тарату дүңгіршектерінің сыртқы жағында "Газ! Өрт қауіпті!" деген жазу ілінеді.

      658. Жылжымалы компрессорлардың іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын сөндіргіші бар бәсеңдеткішпен жабдықталады.

      659. Құбыр сыртындағы газ қысымы тек штуцердің көмегімен айқастырғыштан екінші ысырма арқылы бірінші (түпкі) ысырма ашық болғанда ғана алынады.

      660. Ұңғыманың орамы, бұрулар, аппаратура, сонымен қатар қысымдағы газ құбырлары тек бумен немесе ыстық сумен ғана жылытылады.

3 -параграф. Компрессорлық станцияларды күтіп-ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      661. Компрессордың жұмысы кезінде тоңазытқыштардағы газ бен судың температурасына бақылау жүргізіледі.

      662. Компрессорды қысудың соңғы сатысының (компрессорлық ғимараттан тыс) шығару желісінде жұмыс қысымынан 10% асатын қысым кезінде іске қосылатын сақтандыру құрылғысы құрастырылады.

      663. Компрессор параметрлердің қалыпты жұмыстан ауытқу сигнализациясымен, сондай-ақ жағылатын газдың (ауаның) қысымы мен температурасы көтерілген кезде, салқындатқыш судың берілуі тоқтатылған және қабылдау мен майлау жүйесіндегі қысым төмендеген кезде автоматты ажыратумен жабдықталады.

      664. Компрессордың үйкелетін бөліктері үнемі майланады, сондай-ақ пайдаланылған майдың температурасы бақылауға алынады.

      665. Сығымдаудың әрбір сатысынан кейін сығылған газды немесе ауаны майдан тазартпай компрессордың жұмыс істеуіне жол берілмейді. Компрессордың жұмыс кезінде майдың бөлгіштерден жүйелі түрде түсірілуі қамтамасыз етіледі.

      666. Әрбір жұмыс режимі үшін техпаспортта және регламентте көрсетілген ауа қоспасы компоненттерінің құрамын арттыруға жол берілмейді.

      667. Газды сығымдайтын компрессорлармен ауа соруды болдырмау мақсатында сору желілері шамадан тыс артық газ қысымымен ұсталады.

      668. Егер компрессор жұмысының шарттары бойынша сору желісі сиретілген болса, онда сығылғаннан кейін газ оттегінің құрамына жүйелі түрде талданады.

      669. Газ компрессорлары мен газ құбырларының барлық қосылыстары герметикалығына жүйелі түрде тексеріледі. Газдың шығуы байқалған кезде компрессор тоқтатылады және ақаулар жойылады.

      670. Жарық беру құрылғыларын жөндеу немесе электр энергиясын авариялық ажырату кезінде газ компрессорлық станцияларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдар ғана қолданылады.

      671. Газ-компрессорлық жайларда компрессорлық қондырғының жұмысына қатысы жоқ аппаратура мен жабдықты орналастыруға жол берілмейді.

      672. Резервтегі компрессорлар газды қабылдау және айдау желісінен ажыратылады.

      673. Ауа компрессорлары үшін ауа жинау ғимараттың сыртында жүргізіледі.

      Жанғыш булар немесе газдар бөлінетін жерлерде, сондай-ақ тұтану көздері пайда болуы мүмкін жерлерде ауа жинауға жол берілмейді.

      Компрессорға жанғыш булар немесе газдар келіп түскен кезде ол дереу тоқтатылады.

      674. Компрессорлар, ауа компрессорлық станцияларының коммуникациялары кестеге және техникалық құжаттамаға сәйкес сульфонал су ерітіндісімен жуу арқылы майлы шөгінділерден тазартылады.

4 -параграф. Терең сорғымен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      675. Тербелме станогы оның үйкелетін және қозғалатын бөліктерінің мұнара немесе діңгек, іргетас және фунт, электр желілері бөлшектерімен жанасуын болдырмайтындай етіп орнатылады.

      676. Тербелме станогының шкивін қолмен бұруға және оны металл немесе басқа заттарды салу жолымен тежеуге жол берілмейді.

      677. Жөндеу жұмыстары басталғанға дейін ұңғымадағы жетек ажыратылады, ал іске қосу құрылғысында "Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істейді" деген жазуы бар плакат iлiнедi.

      678. Тереңдік-сорғы ұңғымасы ұңғыманың аузын герметикалайтын және құбыр сыртындағы кеңістіктен газды шығаруға мүмкіндік беретін сағалық арматурамен жабдықталады.

      679. Тербелме станогының жұмысы кезінде жетек белбеулерінің іркіліп қалуының алдын алу үшін олардың тартылуы бақылауға алынады.

      680. Жерге тұйықтау өткізгіштері мен оларды дәнекерлеу орындарын қарау үшін қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Жерге тұйықтау өткізгіші үшін болат арқанды қолдануға жол берілмейді.

      681. Басқару станцияларын, автотрансформаторларды, трансфор-маторларды кез келген кернеудегі электр беру желілері сымдарының астына орнатуға жол берілмейді.

      682. Батырылатын ортадан тепкіш электр сорғылардың электр жабдығын орнатуға арналған жай немесе дүңгіршек жанбайтын материалдан жасалады.

      683. Батырылатын электр сорғыны түсіру және көтеру алдында ұңғыманың сағалық фланецінде кабельді элеватордың зақымдануынан қорғайтын құрал орнатылады.

      684. Ұңғыманың аузында орналасқан кабельдік барабанның электр жетегін түйме арқылы басқару жарылыстан қорғалған түрде орындалады.

      685. Ұңғыманың аузы кабель өтетін жерлерде тығыздамасы бар аспалы шайбамен жабдықталады.

      686. Ұңғымаларды үрлеу және өлшеу жүргізу кезінде ұңғыманың жанындағы автокөлік пен тракторлар сөндіріледі, ал қазандықтардың оттықтары тоқтатылады.

      687. Сынақ уақытында барлық жолдарда бекеттер қойылады және өтуге, темекі шегуге және от жағуға тыйым салатын ескерту белгілері орнатылады.

5-параграф. Мұнай мен газ өндіруді қарқындату кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      688. Өндіруді қарқындату әдістерін жүзеге асыру мұнай-газ өндіру кәсіпорнының басшысы (орынбасары) бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі.

      689. Кәсіпорын әкімшілігі өндіруді қарқындату әдістерін жүргізуді есепке ала отырып, болуы мүмін авариялар мен өрттерді жою жоспарын әзірлейді. Жоспар көрнекті жерге ілінеді.

      690. Өндіруді қарқындату әдістері жүзеге асырылатын объектілер кәсіпорынның орталық диспетчерлік пунктімен сенімді телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етіледі.

      691. Байланыс құралдарының жанында атауы мен сигнал беру, баушыларды, өртке қарсы қызметті, жедел жәрдемді, газдан құтқару қызметін шақыру тәртібі көрсетілген тақтайшалар ілінеді.

      692. Жұмыс кезінде жылжымалы сорғы агрегаттарының, автокөліктің пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      693. Агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан мұнай және химиялық реагенттердің қалдықтарын өнеркәсіптік су бұру жүйесіне төгуге жол берілмейді.

      694. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар, құрылыстар мен қоймалар осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес бастапқы өрт сөндіру мүкәммалмен қамтамасыз етіледі.

      695. Өртке қарсы құрал-сайман және жабдықты, авариялық және газдан құтқару құралдарын олардың тікелей мақсатына байланысты емес жұмыстар үшін пайдалануға жол берілмейді.

      696. Жанғыш химиялық заттары бар сыйымдылықтарда "От қауіпті" деген жазу жазылады.

      697. Найзағай кезінде көбік реагентін және басқа да жанғыш химиялық заттарды құюға және төгуге жол берілмейді.

      698. Реагентті қабатқа құюға арналған жылжымалы технологиялық жабдық қауіпті аймақтан шығуды және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін жергілікті жердің бедері мен желдің бағытын ескере отырып орналастырылады.

      699. Жылжымалы жабдықты, сорғы қондырғыларын электр берудің әуе желілерінің күзет аймағы шегінде немесе мұнай-газ құбырларының үстінде орналастыруға жол берілмейді.

      700. Жұмыс тоқтатылғанша және бу генераторындағы қысым атмосфералық қысымға дейін төмендегенше бу генераторлық қондырғыны бақылаусыз қалдыруға жол берілмейді.

      701. Жылжымалы электр жарығы ретінде бу генераторлық қондырғыда кернеуі 12 Вольттан аспайтын жарылыс қаупі жоқ шамдар қолданылады.

      702. Ұңғыманың кенжар маңы аймағын бу-жылумен өңдеу тәуліктің жарық уақытында жүргізіледі.

      703. Отын сыйымдылығы бар арбаға (шанаға) орнатылған мөлшерлеу сорғысының электр жабдығы ЭҚҚ сәйкес өрттен, жарылыстан қорғалған түрде көзделеді.

      704. Пеш белгіленген шектерде мұнайды қыздыру температурасын реттейтін, сондай-ақ дайындаушы көздеген газ қысымы көтерілген немесе төмендеген кезде оттыққа газ беруді ажырататын автоматты құрылғылармен жабдықталады.

      705. Отын құбыржолында ретке келтірілген редукциялау құрылғысы және оттықтағы сақтандыру клапаны, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптарына конденсаттың түсуін болдырмауға арналған құрылғы жабдықталады.

      706. Пештің оттығын жағар алдында иректүтікте мұнайдың толғанына көз жеткізеді.

      707. Мұнайға арналған ыдысы бар арбаға (шанаға) орнатылған электр жабдығы, сондай-ақ мұнайды қыздыруға арналған стационарлық қондырғылар ЭҚҚ-ға сәйкес жарылыстан қорғалып орындалуы тиіс.

      708. Техникалық қозғалыс құралдары (автомобильдер, тракторлар) ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      709. Ыстық мұнайы бар ыдыс ауызы желді жағынан 10 метр қашықтықта орнатылады.

      710. Мұнайды құю алдында сорғыдан ұңғымаға дейінгі жиналмалы-құрама түсік желісі максималды жұмыс қысымынан бір жарым есе қысымға сығымдалады.

      711. Компрессорлар мен электр жабдықтары 10 метрден алшақ, іштен жану қозғалтқышы бар компрессор ұңғыманың аузынан 25 алшақ қашықтықта орнатылады. Іштен жану қозғалтқышының пайдаланылған газ шығатын құбыры ұшқын сөндіргішпен жабдықталады.

      712. Ұңғымаларды өңдеу үшін тек газсыздандырылған конденсат қолданылады.

      713. Автоцистерналарда немесе газ конденсаты бар өзге ыдыста "От қауіпті" деген жазу немесе белгі көрсетіледі.

      714. Газ конденсатын автоцистерналармен тасымалдау герметикалық жабылған люктер мен төгу штуцерлері кезінде ғана жүзеге асырылады.

      715. Конденсатты құю немесе төгу алдында автоцистерна жерге қосылады. Жерге тұйықтау құрылғысын төгу немесе құю аяқталғанға дейін ажыратуға жол берілмейді.

      716. Құю және төгу, ұңғыманы өңдеу тек күндізгі уақытта жүргізіледі.

      717. Газ конденсатымен толтырылған автоцистернаны елді мекендер ішінде, ашық от бар орындардың жанында тоқтатуға жол берілмейді.

      718. Агрегаттар мен автоцистерналар ұңғыманың аузынан 25 метр қашықтықта және желді жақтан бір-бірінен кемінде 6 метр қашықтықта орнатылады.

      719. Суы бар автоцистерна газ конденсаты бар агрегаттар мен автоцистерналардан 25 метр қашықтықта орнатылады.

      720. Ұңғыманы өңдеу кезінде газ конденсатын автоцистернадан бункерге және агрегатты қабылдауға құюға жол берілмейді.

      721. Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеуден бұрын және өңдеу процесінде жұмыс жүргізу аумағының газдануы тексеріледі. Шекті рұқсат етілген концентрациядан асатын газ концентрациясы болған жағдайда газ конденсатын құю жұмыстары дереу тоқтатылады және аварияларды жою жоспары бойынша шаралар қолданылады.

      722. Ұңғыманы газ конденсатымен өңдегеннен кейін агрегаттың манифольдты желісі және ұңғыманың арматурасы сумен жуылады.

      723. Манифольдты ажырату ұңғыманың арматурасындағы ысырмалар жабылғаннан және қысым атмосфералық қысымға дейін төмендегеннен кейін ғана жүргізіледі.

      724. Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу процесінде қызмет көрсетуші персонал жұмыс жоспарында көрсетілген қауіпсіз қашықтықта болады.

      725. Қабаттарды гидравликалық ажырату жұмыстары кезінде қолданылатын агрегаттар мен басқа машиналардың пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      726. Агрегаттарды іске қосу агрегаттарда жұмыстарды тікелей орындаумен байланысты емес адамдарды қауіпті аймақтан тыс жерге шығарғаннан кейін ғана орындалады.

      727. Ажырату сұйықтығының және мұнайдың қалдықтары агрегаттар мен автоцистерналардың ыдыстарынан мұнай тосабына немесе арнайы ыдысқа құйылады.

      728. Қысқы уақытта жұмыстар ұзақ тоқтаған кезде манифольдты және құю құбырларының жүйесін ашық отпен жылытуға жол берілмейді.

      729. Қуатты қондырғының отын бактары өрт қауіпсіз жерде орнатылады және зақымданудан қорғалады.

      730. Қабат ішіндегі жылжымалы жану майданы әдісімен қабаттық өңделуі жүзеге асатын учаскенің аумағы ескерту плакаттарымен қамтамасыз етіледі және қызыл жалаушасы бар металл пикетпен қоршалады.

      731. Ұңғымаларда зиянды газдардың бөліну қауіптілік дәрежесі және мұнай мен газдың температурасы бойынша олардың санаттары көрсетіледі.

6-параграф. Ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      732. Жанар-жағармай материалдарымен, мұнай өнімдерімен ластанған аумақта көтергіш трактор мен жылжымалы агрегатты орнатуға жол берілмейді.

      733. Көтергіш трактор, жылжымалы агрегат ұңғыманың аузынан желді жақтан кем дегенде 25 метр қашықтықта орнатылады.

      734. Жуу агрегаты манифольдтың және сыйымдылықтың жанында агрегат жүргізушісінің кабинасы ұңғыманың аузына қарайтындай етіп орнатылады.

      735. Көтергішке жанармай құю қозғалтқыш салқындағаннан кейін өшірілген кезде жүзеге асырылады.

      736. Сағалық арматураны бөлшектеу ұңғыма толық өшкеннен және қысым нөлге дейін уланғаннан кейін жүргізіледі.

      737. Газ схемаға сәйкес ұңғымадан қауіпсіз жаққа қарай шығарылады. Газ тарату желісі тіректерге мықтап бекітілген.

      738. Құбырларды көтеру және түсіру кезінде элеваторды отырғызу ұшқынның пайда болуын болдырмау үшін соққысыз, бірқалыпты жүргізіледі.

      739. Құбырларды көтеру және түсіру жөніндегі жұмыстағы үзілістер кезінде ұңғыманың аузы тығыздалады.

      740. Құбырларды көтеру кезінде флюидтің, ерітіндінің шашырауына және төгілуіне қарсы құрал орнатылады.

      741. Сағада ұшқын туындаумен байланысты жұмыстарды, сондай-ақ ұйым басшысының жазбаша рұқсаты берілмеген от жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

      742. Құм тығынын сумен жуған кезде жуу сұйықтығы өнеркәсіптік су бұру жүйесіне немесе ыдысқа шығарылады. Тығынды мұнаймен жуу тұйық цикл бойынша жүргізіледі.

      743. Құм тығындарын жуу кезінде ұңғымаларда шығарындыға қарсы жабдық, шарлы кран, кері клапандар орнатылады.

      744. Ұңғымаға вентилі және шлангі бар су желісі төселеді.

      745. Мұнай-газ көріністері, құбыр және құбыр қысымы болған кезде жұмысты бастауға жол берілмейді.

      746. Көтергіш тракторлар мен жылжымалы агрегаттар жарық және дыбыс дабылымен жабдықталады.

      747. Мұнай өнімін қамтамасыз етудің негізгі және қосалқы кәсіпорындары осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесіне сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

      748. Жұмыс үрдісінде ұңғыманың жай-күйі үнемі бақыланады, газ-мұнай-су көріністерінің белгілері анықталған кезде бригада ұңғыма аузын тығыздайды және аварияларды жою жоспары бойынша іс-қимылдарды орындайды.

4-тарау. Мұнай мен газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      749. Аппараттарда, сыйымдылықтарда және құбыржолдарда орнатылған сақтандыру, реттеу және бекіту арматурасының жарамдылығы пайдалануға беру алдында, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкердің басшылығымен бекітілген графикке сәйкес кезең-кезеңімен тексеріледі. Тексеру және тексеру нәтижелері вахталық журналға енгізіледі.

      750. От қауіпті сұйықтықтардың деңгейін өлшеу үшін өрт қауіпсіз өлшегіштер қолданылады. Өлшеуіш шынылар шыныны механикалық зақымданудан қорғау, жалғағыш түтіктерді автоматты түрде жабатын клапандар және шыныда Сұйықтық пен қысымның 0,6 МПа (6 кгс/см2) аспайтын шекті рұқсат етілген деңгейін көрсететін қызыл сызық болған жағдайда 0,6 МегаПаскаль (бұдан әрі – Мг/Па) (6 кгс/см2) аспайтын артық қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен сыйымдылықтарда рұқсат етіледі.

      751. Жабдықтың жылу оқшаулағышы үшін жанбайтын материалдар қолданылады.

      752. Қыздыру аппараттарына бу немесе газды жіберу алдында беру желілері қауіпті қысымдарды немесе деформацияларды болдырмау үшін үрлеуге жатады.

      753. Қыздыру агентін аппараттарға қосу аппараттардағы температураны біртіндеп көтере отырып, баяу жүргізіледі.

      754. Түсіру кезінде резервуарлар (сыйымдылықтар) аппараттарынан су мен тұнбаның тоқтауын бақылау жұмыс алаңдары мен аумақтарға мұнайдың ағып кетуіне жол бермей жүзеге асырылады.

      755. Сақтандыру клапаны диаметрі шығу тесігінен кем емес бұрғышпен жабдықталады.

      756. Басқыштар, сепараторлар және басқа да аппараттар қызмет көрсетуге арналған сатылармен және алаңдармен жабдықталады.

      757. Мұнай және құм тұтқыштар жанбайтын материалдан жасалады. Ашық мұнай ұстағыштың айналасына биіктігі кемінде 1 метр қоршау орнатылады.

      758 Тұндырғыштар мен резервуарлардың науалары адамдар өтетін жерлерде металл жабындармен жабылады.

      759. Алау көтергіші 100 метрден жақын емес, ал жер қоймасы топтық қондырғының қоршауынан 50 метрден жақын емес қашықтықта орналасады. Қамбаның айналасында биіктігі кемінде 1 метр топырақ үйіп бекітілетін топырақ үйіп бекітілетін жер көзделеді, ал алау құрылғысы қоршаумен қамтамасыз етіледі.

      760. Басқыштар мен сепараторларды үрлеу кезінде үрлеу желісіндегі тиек құрылғысы біртіндеп және біртіндеп ашылады және жабылады.

      761. Бірдей қысымы бар сепараторлар тобы үшін сақтандыру құрылғыларынан алаудың жалпы желісіне (коллекторға) шығарылуы мүмкін.

      723. Эрлифт ұңғымалары сепараторға қосылған кезде сепаратордан шығатын газ-ауа қоспасы ауаның құрамына тексеріледі.

      763. Басқыштардағы деңгей өлшегіш шынылар жабық сыйымдылыққа немесе кәрізге үрлеуге арналған бұрғыштармен қамтамасыз етіледі.

      764. Отпен жылытылатын жылу алмастырғыштарға арналған алаң гидравликалық ысырма арқылы өнеркәсіптік су бұру жүйесіне ағызғыштармен жабдықталады және мұнайды шаюға арналған құрылғымен қамтамасыз етіледі.

      765. Жылу алмастырғыштарды қыздыру (іске қосу кезінде) және салқындату (тоқтату кезінде) температуралық кернеулерден зақымдануды болдырмау үшін баяу жүргізіледі.

      766. Жылу алмастырғышты жанғыш сұйықтықтардан босату жылу алмастырғыштар салқындағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      767. Форсункалар алдындағы алаң қатты жабынмен және гидравликалық ысырма арқылы өнеркәсіптік су бұру жүйесімен қосылған науаға қарай көлбеумен қамтамасыз етіледі.

      768. Пешті тұтату мен іске қосуды тек пайдалану үшін бекітілген адамдар ғана жүзеге асырады.

      769. Форсункаларды алаумен жаққан кезде оны тез тұтанатын сұйықтықпен сіңдіруге жол берілмейді.

      770. Жағу үшін пайдаланылатын алауды сөндіру құрғақ құмы бар жанбайтын жәшікте жүзеге асырылады.

      771. Отын құбыры оттықтардың жануы үшін қажетті қысымына реттелген қайталанатын құрылғыларға, сондай-ақ автоматика жүйесіне конденсаттың түсуінің алдын алатын конденсат жинаушыға барлық форсункаға бір мезгілде отын беруді тоқтата алатын, сондай-ақ ысырмамен, бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықталады (қашықтықта форсунка шебінен кемінде 10 метр). Автоматты құрылғылардың авариялық сигнализациясы оператор бөлмесіне шығарылады.

      772. Қондырғы жарамсыз болған жағдайда отын газ құбыры пештен герметикалық ажыратылуға жатады және бітеуішке қойылады.

      773. Пештердің тұрақты өрт сөндіру cтационарлық жүйесі әрқашан жарамды күйде ұсталады. Жүйенің орамы өтуге ыңғайлы жерде орналасады және қызыл түске боялады. Жүйені автоматты және қашықтықтан қосу көзделеді.

      774. Пештің оттығын бумен алдын ала үрлемей жанарғыны жағуға жол берілмейді. Пеш орамының үрлеу білтелері жобалау және техникалық құжаттамаға сәйкес қауіпсіз жерге шығарылады.

      775. Форсункалардың (жанарғылардың) газ құбырлары газды алау желісіне шығаратын үрлеу желісімен жабдықталады.

      776. Авария немесе өрт болған жағдайда мұнай құюға арналған құрылғылардың жарамсыздығына жол берілмейді. Авариялық төгу желілерінің ысырмалары айырым белгілерімен белгіленеді, ал оларға өту жолдары босатылады. Авариялық төгу цех, қондырғы бастығының немесе аварияны (өртті) жою жөніндегі жұмыстардың жауапты басшысының нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі. Авариялық төгуді жүзеге асыру кезіндегі операциялардың реттілігі нұсқаулықта көзделеді.

      777. Авариялық ыдыстан оған ыстық сұйықтықты түсірер алдында суланған өнімдер мұқият шығарылады және құрғақ бу беріледі.

      778. Пеш форсункаларының майданында, қос көзді камераларда өрт шыққан жағдайда көмейде және түтін құбырында күйе жанған кезде бу желісі арқылы бумен сөндіру іске қосылады және өртке қарсы қызметі шақырылады.

      779. Құбырлы пешті пайдалану кезінде құбырлардың жай-күйіне жүйелі бақылауды қамтамасыз ету керек.

      Құбырлардағы үрлеулер мен жыланкөздер кезінде, сондай-ақ құбырлардың тозуының рұқсат етілген шектері артқан кезде пештің жұмыс істеуіне жол берілмейді.

      780. Пештерде жалынды сөндіру сигнализаторлары, форсункалар (оттықтар) сөнген кезде оларға отын беруді тоқтататын автоматты құрылғылар, пештің асуында шекті рұқсат етілген температура дабылдары орнатылады.

      781. Мұнай айдауға арналған сорғы үй-жайы ұшқын қауіпсіз орындалған мәжбүрлі сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

      Желдеткіш ақаулы немесе ажыратылған кезде сорғыларды жұмысқа қосуға жол берілмейді.

      782. Іштен жану қозғалтқыштарын орналастыруға арналған үй-жайлар сорғыларға арналған үй-жайлардан газ өткізбейтін қабырғалармен бөлінеді. Тез тұтанатын сұйықтықтарға арналған сорғылар орнатылған үй-жайларда тегіс белдікті берілістерді қолдануға жол берілмейді.

      783. Аралық біліктердің қабырғалар арқылы өтетін жерлері тығыздамалы тығыздағыштармен жабдықталады.

      784. Сорғылардың жұмысы кезінде үйкелетін бөліктердің майлануына, сондай-ақ сорғылардың мойынтіректері мен тығыздамаларының температурасына тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

      785. Сорғылардың астында майлау материалдарының жиналуына, олардың ағуына және шашырауына жол берілмейді. Сорғы үй-жайларының едендері таза ұсталады және үнемі сумен жуылады.

      786. Сорғы үй-жайларында сорғылар мен құбырлардың герметикалығына бақылау орнатылады. Сорғылардың тығыздамаларындағы және құбыржолдардың қосылыстарындағы өткізгіштер дереу жойылады.

      787. Сорғы үй-жайларында майлау материалдарын тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақтауға жол беріледі. Майлау материалдары арнайы металл бөшкелерде немесе қақпағы бар жәшіктерде сақталады.

      Сорғы үй-жайында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.

      788. Сорғыны іске қосу және тоқтату алдында тиісті ысырмалардың дұрыс ашылуы мен жабылуы тексеріледі.

      789. Төгілген мұнай өнімдерін жою үшін сорғы үй-жайлары резеңке шлангілері бар су бағандарымен жабдықталады.

      790. Жұмыс аяқталғаннан кейін сорғыларды қабылдау және түсіру ысырмалары және резервуарлар жабылады, үй-жайлар тексеріледі, төгілген мұнай жиналады, барлық қондырғылар мен жарықтандыру ажыратылады.

      791. Құбыржолдар (мұнай-газ құбырлары) тасымалданатын заттарға байланысты ажырату үшін бояуымен және цифрлық белгілеумен қамтамасыз етіледі. Сыйымдылықтарды аппаратурамен, аялдамалармен және басқа да құрылыстармен байланыстыратын құбыржолдарға әрбір құбыржолда белгілі бір белгілері, ал тиек арматурасында нөмірленуі бар технологиялық схемалар жасалады.

      792. Қызмет көрсетуші персонал ысырмалардың орналасу сызбасын және олардың мақсатын білуі, сондай-ақ технологиялық әрекеттерді қатесіз орындай білуі қажет.

      793. Жаңа cхеманы кәсіпорын басшысының рұқсатынсыз және бекітуінсіз қолданыстағы құбыржолдардың орналасу схемаларын өзгертуге жол берілмейді.

      794. Құбыржолдарды үрлеу және герметикалығын және беріктігін сынау құрылыс ұйымы әзірлеген, кәсіпорынның техникалық басшылығымен келісілген нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

      795. Құбыржолдарды үрлеу және сынау кезінде аймақ шегінде автомобильдердің, тракторлардың жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштармен тіркелуіне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол берілмейді.

      796. Темір жол немесе тас жол маңындағы құбырда авария болған жағдайда, авария ауданы дереу қоршалады, ескерту белгілері қойылады, көлік қозғалысы тоқтатылады және аварияны жою жоспарына сәйкес шаралар қабылданады.

      797. Ескерту белгілері авария болған жерден жолдың екі жағына кемінде 800 метр қашықтықта қойылады. Темір жол қызметі дереу хабардар етіледі.

      798. Құбыржолдардағы тиек құрылғылары жарамды күйде, құбыржолдардың жекелеген учаскелеріне мұнай мен газдың түсуін сенімді тоқтату мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оңай қол жеткізуге болатындай етіп ұсталады.

      799. Бекіту құрылғыларын тексеру үшін кәсіпорында кәсіпорындар басшылары бекітетін кестелер жасалады. Құбыржолдардағы тиек құрылғылары тоқсанына кемінде 1 рет, ерекше жауапты тораптарда айына кемінде 1 рет тексеріледі. Тексеру нәтижелері Журналға немесе құбырдағы паспортқа енгізіледі.

      800. Құбырды жалғау тек дәнекерлеу арқылы орындалады. Бұрандалы және фланецті қосылыстарға ажыратқыш құрылғылар, бақылау-өлшеу аспаптары және өткізбейтін тығыздағыштары бар басқа арматура орнатылған жерлерде рұқсат етіледі. Фланецті қосылыстардың төсемдері жоғары температурада бұзылмайтын және деформацияланбайтын материалдардан жасалады.

      801. Құбырларда пайда болған тығындарды болат шыбықтардың және ұшқын тудыруы мүмкін басқа да құралдардың көмегімен тазалауға жол берілмейді.

      802. Құдықтарда орналасқан тиек құрылғыларын тексергеннен немесе пайдаланғаннан кейін соңғыларының қақпақтары дереу жабылады. Құбырларды тексергеннен кейін ашық науалар дереу жабылады.

      803. Бекіту құрылғылары ақырын ашылады және жабылады, бекіту құрылғыларын ашу және жабу үшін ұшқын тудыруы мүмкін металл заттарды қолдануға жол берілмейді.

      804. Вакуумдық газ жинау желісінің ішінде жарылыс қаупі бар қоспаның пайда болуын болдырмау үшін:

      1) вакуумдық желідегі ауа құрамы бақыланады;

      2) ұңғымалардан вакуумдық коллекторлардың тармақтарын ажырату немесе бөлшектеу кезінде тиек құрылғылары жабылады және газ құбырларына бітеуіштер орнатылады.

      805. Кабель желілерін құбырмен қатар төсеу кезінде олардың арасындағы көлденең қашықтық кемінде 1 метр етіп орындалады. Құбырдан қысқа қашықтықта орналасқан кабельдер құбырларға салынады. Құбыржолдардың үстінен және астынан тік жазықтықта кабельдерді параллель төсеуге жол берілмейді.

      806. Төгу-құю эстакадалары осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, пайдаланылады.

6-бөлім. Газ өңдеу өнеркәсібі объектілерін күтіп-ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      807. Технологиялық процесі жанғыш булар мен газдардың жиналып қалуын көздейтін зауыт аумағында автокөлік құралдарының жүріп өтуіне жол берілмейді, бұл ретте тыйым салу белгілерін орнатылады.

      808. Автокөлік құралдарының, оның ішінде көтергіш-көлік және құрылыс механизмдерінің аумағына кіруіне жарылыс, өрт қауіпті цехтар мен қондырғылар басшыларының жазбаша рұқсаты бойынша мүмкін болатын тұрақтарды, қозғалыс маршруттарын және қауіпсіздік шараларын көрсете отырып жол беріледі.

      809. Жарылыс қаупі бар үй-жайларға және газға қауіпті орындарға металл шеге немесе таға қағылған аяқ киім киген адамдарға жол берілмейді.

      810. А және Б санатындағы жарылыс қаупі бар цехтарда доңғалақтары соғылған кезде ұшқын шығаратын көлік арбаларын пайдалануға жол берілмейді.

      811. Су бұру жүйесін қарау құдықтары үнемі қақпақтары жабық күйде ұсталады және 10 сантиметр (бұдан әрі – см) қалың құммен жабылады.

      812. Өрт кезінде өнеркәсіптік су бұру желісі бойынша оттың таралуын болдырмау үшін онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмалар орнатылады. Әрбір гидравликалық ысырмада ысырманы құрайтын су қабаты кемінде 0,25 метр биіктікте болуы тиіс.

      813. Гидравликалық ысырмалар технологиялық аппаратурасы бар үй-жайлардан, технологиялық қондырғылар алаңдарынан, топтар мен жеке тұрған резервуарлардан, ысырмалар тораптарынан, аппараттар топтарынан, сорғы, қазандық, төгу-құю эстакадаларынан шығатын барлық шығуларда орнатылады. Гидравликалық ысырманың конструкциясы оны ыңғайлы тазалауды көздейді және қамтамасыз етеді.

      814. Гидравликалық ысырмалары ақаулы немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ оларсыз су бұру жүйесін пайдалануға жол берілмейді.

      815. Өрт, жарылыс қаупі бар өнімдерді су бұру жүйелеріне жіберуге жол берілмейді. Осы мақсаттар үшін арнайы ыдыстар көзделеді.

      816. Су бұру жүйесіне ағызу кезінде өндірістік ағынды сулардың температурасы 400С аспауы тиіс.

      817. Жарылыс қауіпті өндірістік үй-жайларда орнатылған желдету жүйелерінің металл ауа бұрғыштары жерге тұйықталады.

      818. Желдеткіші бұзылған кезде жабдықты жұмысқа қосуға жол берілмейді.

      819. Жанғыш және жарылыс қауіпті газдары бар аппаратура мен коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткіштің тәулік бойы жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

      820. Зиянды немесе жарылыс қауіпті газдардың немесе булардың кенеттен қарқынды бөлінуі мүмкін өндірістік үй-жайларда механикалық авариялық желдеткіш құрылғысы көзделеді.

      821. Авариялық механикалық желдеткішті газ талдағыш-датчиктердің әсерінен автоматты іске қосу қамтамасыз етіледі және өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық желдеткішті қашықтықтан іске қосу көзделеді.

      822. Өндірістік үй-жайда өрт туындаған жағдайда желдету жүйелері ажыратылады.

      823. Өрт, жарылыс қаупі бар өндірістері бар үй-жайларды жылыту үшін ыстық су, бу, қыздырылған ауа және диэтиленгликоль түріндегі жылу тасығыштары бар орталықтандырылған жүйелер пайдаланылады.

      824. Өрт туындаған және оның таралу қаупі туындаған кезде ауамен жылыту жүйелері дереу ажыратылады.

      825. Ауамен жылытуды ағынды желдеткішпен біріктірген кезде ауаны рециркуляциялауға жол берілмейді.

      826. Теміржол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю тіреулері жерге тұйықталады. Төгу-құю майдан шегіндегі теміржол рельстері бір-бірімен электрлік жолмен жалғанады және электр тарту желісін жерге тұйықтауға байланысы жоқ жерге тұйықтау құрылғысына қосылады.

      827. Автоцистерналар жанғыш газдарды төгу және құю процесінде жерге тұйықтау құрылғысына қосылады. Жерге тұйықтау өткізгіші ретінде қимасы кемінде 6 шаршы миллиметр икемді (көп желілі) мыс сым пайдаланылады.

      828. Резеңке шлангілердің металл ұштықтары мен тез алынатын құрылғылары шлангінің сыртына немесе ішіне оралған иілгіш (көп желілі) мыс сымның көмегімен жерге тұйықталады. Жерге қосу сымы екінші ұшымен өнім өткізгіштің металл бөліктеріне жалғанады.

2-тарау. Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды күтіп-ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      829. Технологиялық аппараттар мен қондырғылардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде өнімді тығыз емес фланецті қосылыстар арқылы өткізу кезінде аппараттарды, құбыржолдар мен жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.

      830. Ағып жатқан өнімнің тұтануын болдырмау үшін аппаратта рұқсаттама анықталған кезде өткізу орнына аппаратты немесе қондырғыны сөндіре отырып, су буы немесе инертті газ беріледі.

      831. Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттері жанбайтын материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі.

      832. Ішкі қарау, тазалау және жөндеу үшін ашуға жататын аппараттар тоқтатылады, өнімнен босатылады, жұмыс істеп тұрған аппаратурадан ажыратылады және сөндіріледі, инертті газ өнімдерімен буланады және желдетіледі.

      833. Ыстық өнімді тоңазытқыш арқылы өткізбей сынама алу шүмектерін пайдалануға жол берілмейді. Бұру түтіктері мен тоңазытқыш түтіктері жарамды күйде ұсталады.

      834. Қысымдағы аппараттар мен коммуникациялардағы олқылықтарды жоюға жол берілмейді.

      835. Өндірістік үй-жайларда ұшқын шығу мүмкіндігімен байланысты жұмыстарды жүргізуге, ашық орындалған шырақтарды қолдануға жол берілмейді.

      836. Технологиялық аппараттар іске қосар алдында тексеріледі, олармен байланысты аппараттар мен құбырлардың, Автоматты көрсеткіштердің немесе температура мен қысым реттегіштерінің, сұйықтық деңгейін өлшегіштердің жарамдылығы мен жұмысқа дайындығы тексеріледі.

      837. Пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панельдерден тұтандыру немесе пештің оттығын қалауға рұқсат етілмейді.

      838. Пештің ішінде болуы мүмкін тұтануды сөндіру үшін бу немесе инертті газды қолдануға болады. Бу немесе инертті газ беріледі бақылаусыз жану аяқталған сәтке дейін.

      839. Авария немесе өрт болған жағдайда өнімді ағызуға арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Авариялық төгу желілерінің ысырмалары айыру белгілерімен белгіленеді, ал оларға өту жолдары босатылады. Авариялық төгуді жүзеге асыру кезіндегі операциялардың реттілігі нұсқаулықта көзделеді.

      840. Пештен ыстық сұйықтықты түсіруге арналған авариялық ыдыс үнемі бос ұсталады. Сұйықтықты авариялық ыдысқа түсіру басталғанға дейін алдын ала конденсаттан босатылған су буы беріледі.

      841. Құбырлардағы үрлеулер мен тесіктер болған кезінде, сондай-ақ құбырлардың тозуының рұқсат етілген шегінен асқан кезде пештің жұмыс істеуіне жол берілмейді. Құбырлар күйген кезде пешті пайдалану дереу тоқтатылады.

      842. Пеш аумағында газдану қаупі туындаған кезде дереу бумен сөндіру жүйесі қосылады, пештің форсункалары сөндіріледі.

      843. Қосарланған ақаулары бар құбырлы пештерді пайдалануға жол берілмейді. Қос көзді тетіктердің тығындарын тығыздауға арналған қысымдық бұрандамалар құбырлардағы қысым атмосфералық қысымға дейін төмендегеннен кейін ғана тартылады.

      844. Жылу алмастырғыштарға арналған алаң гидравликалық ысырма арқылы өнеркәсіптік су бұру жүйесіне шығарыла отырып, науаға ағысы бар қатты жабынмен орындалады. Алаңша жанғыш өнімдерді шаюға арналған құралмен қамтамасыз етіледі.

      845. Жылу алмастырғыштарды жанғыш сұйықтықтардан босату тек салқындағаннан кейін ғана жүргізіледі.

      846. Ауамен салқындату аппараттары өрт болған жағдайда желдеткіштерді қашықтықтан ажыратумен жабдықталады.

      847. Колонналық аппараттардың люктері үстіңгі жағынан бастап ашылады.

      848. Технологиялық жабдықтың хабарлау қондырғыларын іске қосу қолмен немесе автоматты тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Автоматты іске қосу кезінде қайталанатын қолмен іске қосу көзделеді.

3-тарау. Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      849. Құбыржолдар олармен тасымалданатын заттарға байланысты ажырату бояуымен, цифрлық белгiлеумен және өнiмнiң қозғалыс бағытымен қамтамасыз етiледi.

      850. Газ құбыры, өнiм тасымалдайтын құбыр жарылған кезде авария ауданы дереу қоршалып, ескерту белгiлерi қойылып, көлік қозғалысы тоқталып, аварияны жою шаралары орындалады.

      851. Жарылу, өртену қаупi бар орталарды айдауға арналған құбыржолдарда "қамыттар" болған жағдайда, құбыржолдарды пайдалануға болмайды.

      852. Төгіп-құю эстакадалары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес күтіп-ұсталады.

4-тарау. Компрессорлық және сорап стансаларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      853. Компрессорлар мен сораптардың технологиялық параметрлерiн бақылау бойынша бұғаттағыш және дабыл беру құрылғылары жарамды күйде ұсталады.

      854. Газ компрессорлары және олардың газ құбырларының барлық қосылыстары саңылаусыздық тұрғысынан үнемi тексерiлiп отырады. Газдың кемуi байқалған жағдайда, газдың кемуiн жұмыс iстеп тұрған компрессорда жоюға болмайды.

      855. Клапан қораптары мен әуе піспек компрессорлары майлы шөгiндiлер мен күйiктерден үнемi тазартылып отырады.

      856. Жарық беру құрылғылары жұмыс iстеп тұрған немесе электр энергиясы авариялық сөндiрілген кезде газ-компрессор стансаларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға болады.

      857. Компрессорлық үй-жайда газбен ластану немесе өрт шығу қаупi төнгенде компрессорларды авариялық түрде тоқтатып, қысымды түсiрiп, авария болған жерге газ жеткiзу тоқтатылады.

      858. Жалпы сыйымдылығы үш тәулiктiк қордан аспайтын майға арналған ыдыстар өз бетiмен сыртқа шығу жолы және компресор бөлмесінен бөлек, өртке қарсы қабырғасы бар үй-жайға орналастырылады.

      859. Компрессорлық және сорап стансаларының үй-жайларында желдеткiш құрылғылардың дұрыс және үздiксiз жұмыс iстеуi қамтамасыз етiледi.

      860. Стационарлық компрессорлардың авариялық тоқтату түймелерi компрессор залдары үй-жайларынан шығатын жерлерде, басқару пульттерiнде орналастырылады.

      861. Газ моторының тұтандырғыш бiлтесiнiң түйiсуiнде ұшқыны бар компрессордың жұмыс iстеуiне болмайды.

      862. Компрессорды iске қосқанда пайдаланылған өнiмдi шығару жүйесiнде тұтану мен жарылыстарды болдырмау үшiн пайдаланылған өнiмдi шығару жүйесiн қысылған ауамен үрлегеннен кейiн магнето қосылады және отын газы жеткiзiледi.

      863. Өрт, жарылыс қауiптi өнiмдердi айдайтын сораптар, сораптармен бiр рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге тұйықталғанына қарамастан, жерге тұйықталады.

      864. Сораптарды үрлегенде шығарылатын өнiм үй-жайдан тыс жерге, сұйық өнiм – құбыр жолы арқылы арнайы ыдысққа, ал булар мен газдар шыраққа немесе бағанаға шығарылады.

      865. Сораптармен жұмыс iстегенде үйкелетiн бөлшектерiн, сондай-ақ сорғаптардың мойынтiректерi мен тығыздамаларының температурасы үнемi бақыланады. Майлау материалдарын ағызып жіберуге және шашыратуға болмайды.

5-тарау. Алау шаруашылығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      866. Алау қашықтан жағылады, кезекшi оттықтармен қамтамасыз етiледi.

      867. Алаудың айналасындағы аумақ кемiнде 50 метр радиуста қоршалады және сақтандырғыш белгiлерiмен көрсетiледi, сонымен қатар қоршалған аумақтың шөбі алынып тасталады.

      868. Қоршалған алау аумағында құдықтар, шұңқырлар және басқа да ойықтар орнатуға болмайды.

      869. Алау құбырына кiргiзер алдында газ құбырларында қарауға және жөндеу жұмыстарын жүргiзуге болатын от бөгеушiлер орнатылады.

      870.  Жалпы алау жүйесiне:

      1) жабдықты үрлегеннен кейiн құрамында төменгi тұтану шегiнен шоғырлануы 50 %-ға кем жанғыш газдары бар инертті газды;

      2) аппараттар мен құбыржолдардан шығарылған ауаны, сондай-ақ таза инертті газды;

      3) шiруге, қышқылдануға, полимерленуге, жылу бөлуге бейiм және алау газ құбырының өткiзу мүмкіндігін шектей алатын өнiмдердi жіберуге болмайды.

7-тарау. Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      871. Жарылыс қауiптi газ және бу-ауа концентрацияларын түзетін заттар мен материалдар қолданылатын, өндiрiлетiн немесе сақталатын өндiрiстiк және қойма үй-жайларында автоматты газ талдағыштар орнатылады.

      872. Жабдық қалдықтары өндiрiстiк үй-жайға шаң бөлiнуiн болдырмайтын пневматикалық, механикалық құрылғылармен шығарылады.

      873. Автономды желдеткiші және (немесе) қалдықтардың пневмокөлiгi бар жабдықтың электр сызбасында негізгі жабдықты 2-5 секунд iске қосуға қатысты осы жүйелердi iске қосуды автоматты түрде басып озу және 25-30 секунд уақыт шамасында автоматты түрде ажырату көзделеді.

      874. Шикiзатты, жабдықты және материалдарды ғимараттарға жақын жерде сақтауға болмайды.

      875. Шикiзатты, жабдықты және материалдарды арнайы жабдықталған ашық алаңдарда немесе шатырлар астында сақтауға сақтау алаңдары мен ғимараттардың, құрылыстардың арасындағы аралықты сақтаған жағдайда рұқсат етіледі. Жанатын материалдардан жасалған, ауданы 1200 шаршы метрге дейiнгi бөлек тұрған шатырларды салуға болады.

      876. Аумақтарды көгалдандыру үшiн гүлденген кезде ұлпа, талшықты заттар мен салбыраған тұқым бөлетiн ағаштарды отырғызуға, сондай-ақ оларды өртке қарсы аралықтарға отырғызуға болмайды.

      877. Өндіріс үй-жайлары үнемі тазалықта ұсталады және жабдықпен, шикізатпен және дайын өніммен шамадан тыс жүктелмейді, олар ауысымдық сұраныстан – өндірімнен, ал тәулік бойы істейтін өндірістік үдерісте – тәулiктiк сұраныстан аспауы қажет.

      878.  Цех қоймалары үшiн тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды, химикаттарды бiр мезгiлде сақтау саны тәулік (ауысым) нормалары шегінде белгiленедi.    

      879. Өндiрiсте қолданылатын жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар саны тәуліктік (ауысымдық) қажеттiлiктен аспайтын саңылаусыз металл ыдыста сақталады.

2-тарау. Технологиялық жабдықты ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      880. Кәсiпорындарда негiзгi цехтарға, учаскелер мен қондырғыларға арналған технологиялық және электр жабдығын тазалау графиктерi әзiрленедi.

      881. Пайдаланылатын технологиялық жабдық күн сайын, шикiзатты алғаш қайта өңдейтiн цехтарда – ауысымда кемiнде 1 рет, ал электр жабдығы, шамдар, электр өткiзгiштерi, техникалық өрттен қорғау құралдары, құрылыс конструкциялары, оның iшiнде жабындар аптасына кемiнде бiр рет оларға отырған жанғыш шаңнан, ұлпадан тазартылуы қажет. Тазалау барысында шаң жинау құралдары, ылғалды тазалау, сығылған ауамен үрлеу қолданылады.

      882. Технологиялық жабдықтың барлық жiктерi мен қосылыстары, өндiрiстiк және қойма үй-жайларындағы ауа өткiзгiштер жанбайтын материалдармен тығыздалады.

      883. Зығыр түткiш, иiру-дайындау, тоқыма дайындау, тоқыма және брактау-өлшеу цехтарының жұмыс жайларында шаңның шектi мөлшерден артық шоғырлануына жол берiлмейдi.

3-тарау. Ұшпалы ерiткiштердiң өрт-жарылыс қауiптi буларын адсорбциялау және рекуперациялау цехтарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      884. Цехтардағы ұшпалы ерiткiштердi пайдаланумен байланысты орындар жергiлiктi бу сору жүйелерiмен жабдықталады, бу буды аулағыштарға жіберіледі.

      885. Рекуперациялау қондырғысы ұшпалы ерiткiштер буының жұмыс орындарынан үздiксiз және толықтай сорылуын қамтамасыз етедi.

      886. Рекуперациялау станциясының нормаланатын қуаты болмаған кезде жаңа жұмыс орындарын, учаскелер мен цехтарды бу-ауа қоспасының желілеріне қосуға жол берілмейді.

      887. Адсорберлерге түсетiн бу, ауа қоспасының шоғырламасы бақыланып отырады. Бу, ауа желiлерiнiң қоспаның неғұрлым өрт, жарылыс қауiптi заттарының тұтануының төменгi шоғырлану шегiнен 50 %-ға жоғары ауланатын будың шоғырламасымен жұмыс iстеуіне болмайды.

      888. Цехтардан рекуперациялау станциясына бу, ауа қоспасы тасымалданатын желiлер жарамды күйде ұсталады. Құбырлардың iшкi қабатын қатты жанғыш шөгінділермен немесе сұйық конденсатпен ластауға болмайлы. Бу, ауа қоспасынан қатты қоспаларды аулауға арналған сүзгiштер немесе циклондар жарамды күйде пайдаланылады және бекiтiлген кестеге сәйкес тазартылады. Конденсат түзiлетін желi учаскелерiнде жанбайтын материалдан жасалған жылытқыш пен конденсаттың ағып кетуi үшін еңіс болуға тиіс.

      889. Бу, ауа қоспаларының желiлерi жоба шешімдерінің талаптарына сай келетін жарамды от бөгегiштермен қамтамасыз етіледі.

      890. Желдеткiштер жұмысының авариялық режимiнiң дыбыс дабылы мен резервтiк агрегаттарды автоматты iске қосу жүйесi жарамды күйде ұсталады және тексерiлiп отырады.

      891. Жарылыс, өрт қауiптi бу, ауа қоспасын атмосфераға лақтыруға арналған авариялық құбыр жарамды күйде ұсталады, тексерiлiп отырады, найзағайдан қорғағышпен жабдықталады.

4-тарау. Тұтану көздерiнiң жанғыш ортасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      892. Талшықты материалдарды, қатты жанғыш заттарды уатылған (майдаланған) түрiнде бастапқы қайта өңдеудi жүзеге асыратын технологиялық желiлер, машиналар мен аппараттар бөгде заттарды аулау (бөлу) үшiн жарамды құралдармен (тас аулағыштар, магниттiк қорғағыш) қамтамасыз етiледi.

      893. Сыртқы бетінің температурасы 450С-тан жоғары құбыржолдардың, жабдықтардың, сыйымдылықтардың, өнім өткізгіштердің беттері материалдардың тұтану қаупі немесе газдардың, сұйықтықтар буларының немесе шаңның жарылысы пайда болатын үй-жайларда жанбайтын материалдан жасалған қаптамасы бар жарамды қиын жанатын жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі.

      894. Жұмыс iстегенде статикалық электр зарядтары жиналуы мүмкiн технологиялық жабдық жарамды антистатикалық құрылғылармен немесе бейтараптағыштармен (радио изотопты, жоғары вольтты, индукциялы) пайдаланылады.

      895. Өнiмдердi ұсақтау, түту, қопсыту, тарау, тозаңдату, шашырату жүргiзiлетiн аппараттар, ыдыстар, агрегаттар, бөлек тұрған машиналар, аппараттар, басқа жабдықпен материал өткiзгiштермен немесе металл құрылымдарымен қосылмаған агрегаттар жерге тұйықтағышпен қамтамасыз етiледi.

      896. Құбырлардағы, аппараттардағы, корпустармен қақпақтарды жалғастырғыштардағы және болтпен қосылыстардағы фланецтi қосылыстарда электрлiк өткiзгiш емес сырмен сырланған немесе диэлектриктерден жасалған шайбаларды қолдануға болмайды.

      897. Өндiрiстiк және қойма үй-жайлары iшiнде iштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты қолдануға болмайды.

      898. Бiлiктер мен мойынтiректердiң қызып не қисайып кетуінің алдын алу үшiн олар мерзiмді, ауысымына кем дегенде бiр рет тексерiледi.

      899. Жабдық шегiндегi электр сымдар агрессивтi ортадан қорғалады. Металл түтіктер жабдықтың жылжымайтын бөлшектерiне бiр-бiрiнен 400 миллиметрден аспайтын қашықтықта орналасқан арнайы қысқыштармен бекiтiледi.

      900. Көп мәрте майысуға және қажалуға төзімді мыс желілі арнайы иілгіш кәбілдер немесе жабдықтың қозғалмалы бөліктерінде орнатылған электр қозғалтқыштарын, электр аппараттары мен аспаптарын қоректендіруге арналған жылжымалы ток ажыратқыштар жарамды күйде ұсталады.

      901. Білдектер, агрегаттар мен машиналар жұмыс iстеген кезде:

      1) барлық қозғалмалы бөлшектердiң еркiн айналуы;

      2) шикiзатты аэродинамикалық тазалау кезiнде аспирациялық арналарда ауа режимiн реттеу және үй-жайда шаңның бөлінуін болдырмау қамтамасыз етiледi.

      902. Желдеткіш пен пневмокөліктің объектілік және цех қондырғыларының (жүйелерінің)жұмыс режимi жұмыс нұсқаулықтарында айқындалады, онда өндiрiс жағдайлары есепке алынған өрт қауiпсiздiгi шаралары, ауа өткiзгiштердi, сүзгiлердi, от бөгегiш клапандар мен өзге де жабдықты тазалау мерзiмдерi, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда қызмет көрсетушi персоналдың iс-әрекет жасау тәртiбi көзделеді.

      903. Желдеткiш және пневмокөлiк қондырғыларын жоспарлы алдын ала жөндеу мойынтiректерді уақтылы майлау, тегершiктердiң жай-күйiн және жетек белбеулерiнiң керiлуiн тексеру, желдеткiш бiлiгi солқылын (люфтiн) жою, өткiзгiштердiң электр қозғалтқыштарына қосылатын жерлерiнде байланыстардың сенiмдiлiгi, электр қорғау жай-күйi күн сайын тексеруге енгізіледі. Әр жөндеуден кейiн ұйым басшысы қондырғыларды көрсеткiштер сәйкестiгiн өлшей және паспорттарда белгiлей отырып тексеруді ұйымдастырады.

      904. Пневматикалық көлiк пен сорғы ауа өткiзгiштердiң құбырларында мерзiм сайын қарау (тексеру), жүйелердi тазарту және өрт шыққан жағдайда оны ойдағыдай сөндiру үшiн терезелер, люктер, ажыратылатын қосылыстар қарастырылған. Байқау терезелерi бiр-бiрiнен 10 метрден аспайтын қашықтықта, сондай-ақ үш көздi тетiктердiң жанында, бұрылыстарда, қабырғалар мен жабындар арқылы құбырлар өтетiн жерде орналастырылады.

      905. Желдеткiштiң дөңгелегi теңгерiмделеді және дөңгелектiң қаптама қабырғасына соғылу мүмкiндiгiн болдырмайтындай етiп реттеледi.

      906. Машинадан ұлпаны және тозаңды шығаратын желдеткiш қондырғының жұмысында ақау байқалған жағдайда (ауа тартудың тоқтауы, желдеткiштiң тарсылдауы, ұшқынның пайда болуы, түтiн не иiс шығуы) желдеткiш жұмысы тоқтатылып, жөндеу шаралары орындалады.

      907. Пневмокөлiктiң аспирациялық құрылғылары мен жүйелерiнiң iшкi қабаттары тегiс, шығыңқысы жоқ, қылаусыз етiп орындалады.

      908. Желдеткiш, аспирациялық және пневмокөлiк қондырғыларына (жүйелерiне) күтім жасау және оларды пайдалану кезiнде:

      1) пневматикалық және аспирациялық жүйелердiң ауа өткiзгiштерiнде, тозаңды жертөлелерде, камералар мен сүзгiлерде тозаң мен ұлпаның жинауына жол берiлмейдi. Қарау және тазалау нәтижелерi арнайы журналда жазылады;

      2) шатырлар мен сорғы құбырлардың iшкi беті жанғыш шөгінділерден жылына кемiнде екі рет тазартылады;

      3) тозаң сору және тозаң аулау қондырғылары ақаулы болған жағдайда технологиялық жабдықтың жұмыс iстеуiне болмайды;

      4) шаң камераларында (тозаңды жертөлелерде) бөгде адамдардың болуына болмайды;

      5) жану шыққан жағдайда осы желдеткiш жүйелерге күтім жасау аймағындағы барлық желдеткiш құрылғылары мен технологиялық жабдық дереу тоқтатылып, ауа өткiзгiштердегi барлық клапандар жабылады;

      6) жалпы шаң камерасына немесе жанғыш тозаңды немесе қалдықтарды тасымалдайтын жеке құрылғылардан жертөлеге кiретiн газ шығаратын түтіктер автоматты клапандармен жабдықталады, сондай-ақ олардың үздiксiз жұмысы қамтамасыз етіледі.

      909. Желдеткiш қондырғылар жанғыш және жарылыс қауiптi заттарды тасымалдайтын өндiрiстiк үй-жайларда барлық металл ауа өткiзгiштер, құбырлар, сүзгiлер және сорғы қондырғысының өзге де жабдығы кемiнде екi жерден жерге қосылады.

      910. Ауа құрамында тез тұтанатын немесе жарылыс қауiптi заттар (газдар, бу, тозаң) болуы мүмкiн үй-жайлардың желдеткiш жүйелерiнiң құрылғыларын реттейтiн желдеткiштердiң құрылымы мен материалы ұшқын түзiлу мүмкiндiгiн болдырмайды.

      911. Өртке қарсы қалқалардың қиылысатын жерiнде орнатылған ауа өткiзгiштердiң автоматты от бөгегiш құрылғылары (қалқалағыштар, шиберлер, клапандар) жарамды күйде ұсталады, олардың жұмысқа қабiлетi айына 1 реттен сиретпей тексерiледi.

      912. Желдеткiш жүйесiнде от бөгегiш құрылғыларды пайдалану кезiнде:

      1) аптасына кем дегенде 1 рет олардың жалпы техникалық жай-күйi тексеріледі;

      2) ысырмалардың сезiмтал элементтерiн (тез балқитын құлыптар, тез жанатын ендiрмелер, температураға сезiмтал элементтер) жанғыш тозаңнан уақтылы тазаланады;

      3) магистралдық құрама ауа өткiзгiшке қосылатын жерiнде дайындау бөлiмшесiнiң бiр машинасына немесе машиналар тобына күтім жасайтын ауа өткiзгiштер тарамдарында орналасқан өртке қарсы қол ысырмаларының жарамдылығы үнемі тексеріліп отырады;

      4) өрт, жарылыс қауiптi үй-жайларға күтім жасайтын желдеткiш қондырғыларды қашықтықтан қосу немесе ажырату құрылғыларының жарамдылығы аптасына кем дегенде бiр рет тексеріліп отырады.

      913. Тозаңды гравитациялық тұндыру үшiн желдеткiштер мен ауа үрлейтін машиналардан кейiн орналасқан ыдыстарды (аспирациялық шахталарды, тозаң тұндыру камераларын) пайдалануға болмайды.

      914. Пневмокөлiк қондырғыларына орнатылатын органикалық шыныдан жасалған қоспалары 100 милиметрден аспайтын орам қадамы бар сыммен сыртынан оралады. Көрсетiлген сымның екi шетi де арасында ендірме орналасқан қондырғының металл бөлiктерiне мықты бекiтiледі. Аспирациялық қондырғылардың ауа жолдары мен инженерлік желілердің құбырларының жанасуына жол берілмейді.

      915. Магниттiк қорғау:

      1) желдеткiштерге, конденсаторларға және технологиялық жабдыққа талшықты материалдар массасымен қатты заттардың (тас, шлак) түсуiн болдырмау үшiн олардың алдына тас аулағыштар, ал металл заттарды шығару үшiн магниттiк аулағыштар орнатылады. Аулағыштар құбырлардың тiгiнен (еңкiш) көлденең күйге бұрылатын жерлерде орнатылады;

      2) магниттiк бөгеттер дайындау бөлiмшесiнiң түту, тарау машиналарының, араластырғыштарының және жабдығының алдына орнатылады;

      3) электр магниттiк сепараторлар жұмыс iстеген кезде шикiзатпен жанасатын бөлшектердiң (магнит өткiзгiштiң, мойынтiректердiң, бөлшектердiң) қызуы бақыланады;

      4) электр магниттiк сепараторлардың жарық сигнализациясының үздiксiз жұмыс iстеуi қамтамасыз етіледі;

      5) магниттiк колонкаларда магниттiк қоспалардан тазалауға арналған таға блогын оңай алу қамтамасыз етiледi. Бұл ретте магниттiк қоспалардың шикiзатқа түсуiне жол берiлмейдi;

      6) магниттiк колонкаларды металл қоспаларынан тазарту үшiн арнайы щеткалар немесе ағаш қырғыштар қолданылады;

      7) магниттiк қоспаларды аулауға арналған жабдыққа күтім жасау және оны тексеру үшiн еркiн өту жолы қамтамасыз етiледi;

      8) электр энергиясын беру тоқтаған кезде сепараторлардың электр магниттерiне өнiм жіберуге болмайды;

      9) қызмет көрсетушi персонал магниттi өрiстiң тұтас ұзындығы бойымен шикiзаттың электр магнит сепараторларға және магнит колонкаларға үздiксiз және бiркелкi түсуiн тексерiп отырады.

      916. Шикiзаттың, өндiрiс қалдықтарының, өндiрiстiк тозаңның, дайын өнiмнiң жануы (өздiгiнен тұтануы) байқалғанда өртке қарсы қызметке дереу хабарланады, қызметкерлерді эвакуациялау шаралары орындалады, барлық жабдық тоқтатылады және тоқтан ажыратылады.

      917. Авария алдындағы қауіпті факторлар (машиналардың айналатын бөлшектерiнiң авариялық үйкелiсi кезінде, машина бөлшектері сынған, жабдыққа бөгде заттар түскен, машинаға өнiм үйiлiп қалған кезде жанған шикiзаттың, күйiктiң, түтiннiң иiсi, жоғары температура, шу, дiрiл) пайда болғанда көлiк жабдығы тоқтатылып, мұқият тексерiледi. Ақау себептерi анықталып, жойылғаннан кейiн ғана жабдық іске қосылады.

      918. Технологиялық (көлiк) желiсi автоматты (авариялық) тоқтаған кезде бұғаттау iс-әрекетiн жасауға сигнал берген құрылғыны (жылдамдықты бақылау релесi, шикiзат тіреу тетiгi, электр қозғалтқышы жетегiнiң шамадан тыс тоқ жүктемесiнен қорғау) анықтап, оның iске қосылу себебiн біліп, жою қажет. Технологиялық (көлiк) желiнi келесi iске қосу алдында ол материалдардан босатылып, ақауы жойылады.

      919. Технологиялық, көлiктік немесе аспирациялық жабдықта жанып жатқан (бықсыған) өнiм табылған кезде өндірістік жабдық пен желдеткiш қондырғылары дереу тоқтатылады, желдеткіштің ауа жолдары жабылады, ал электр желiсi ажыратылады.

      920. Жану ошақтарын жойғаннан кейiн ауа өткiзгiштердi, сүзгiш камераларды, тозаң камераларын (тозаңды жертөлелердi), сондай-ақ технологиялық машиналарды әбден тазалағанға дейiн желдеткiш және пневмокөлiк қондырғыларын iске қосуға болмайды.

      921. Өрттi өндiрiстiң тозаңды қалдықтар суының бағытталған шағын ағыстарымен сөндiруге болмайды.

8-бөлім. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi объектiлерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

1-тарау. Негiзгi өндiрiс объектiлерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      922. Жануарлар мен құстарға арналған үй-жайларда шеберханалар, қоймалар, автокөлiк, трактор, ауыл шаруашылығы техникасы тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ фермаларға қызмет көрсетумен байланысты емес жұмыстарды жүргiзуге болмайды.

      Бұл үй-жайларға газ шығаратын түтігі ұшқын сөндіргішпен жабдықталмаған тракторлардың, автомобильдер мен ауыл шаруашылығы машиналарының кiруіне болмайды.

      923. Фермалардың шатыр үй-жайларында iрi жемшөптi сақтауға жол берілмейді.

      924. Электр брудерлерiн пайдаланғанда жылу қыздырғыш элементтерiнен төсемдер мен жанғыш заттарға дейiнгi қашықтық тігінен кемінде 80 сантиметр, ал көлденеңінен кемінде 25 сантиметр болады. Ашық жылыту элементтерiн қолдануға болмайды.

      925. Жылжымалы ультракүлгiн қондырғылар және олардың электр жабдықтары жанғыш материалдардан кемінде 1 метр қашықтықта орналастырылады.

      926. Электр брудерлер мен ультракүлгiн қондырғылардың iшкi электр желiсi кабельден немесе оқшауланған сымнан жасалады. Оқшауланған сым құбырларда немесе оқшаулағышы бар зәкiрлерде еденнiң деңгейiнен кемінде 2,5 метр биiктiкте және жанғыш құрылғылардан 0,1 метр қашықтықта төселедi.

      927. Қырқатын агрегаттың бензин қозғалтқышын ғимараттардан 15 метр қашықтықта, шөп пен қоқыстан тазартылған алаңшада орнату қажет. Жанар-жағармай материалдарының қоры қырқу бекетi мен құрылыстардан 20 метр қашықтықта, жабық металл ыдыста сақталады.

      928. Қырқу бекетiнде ауысым өнiмiнен артық жүн жинауға және өту-шығу орындарына жүн теңдерін үйіп қоюға болмайды.

      929. Аммиак селитрасы отқа төзiмдiлігi I және II дәрежелi дербес, шатырсыз, бiр қабатты, өртенбейтiн еденi бар ғимаратта сақталады. Ерекше жағдайларда селитраны отқа төзiмдiлiгi I немесе II дәрежелi ауыл шаруашылығы кәсiпорнының минералды тыңайтқыштар қоймасының жеке бөлiгiнде сақтауға болады. Әсерi күшті тотықтырғыштар (магний және кальций хлораттары, сутегiнің асқын тотығы) отқа төзiмдiлiгi I, II және III дәрежелi ғимараттардың жеке бөлiктерiнде сақталады.

      930. Фермалар мен басқа ауыл шаруашылығы объектiлерiн қылқан жапырақты ормандарға жақын, құрылыстар мен орман алқаптарының арасында орналастырғанда көктемгi-жазғы өрт қауiптi кезеңге ені кем дегенде 4 метр өрттен қорғайтын алқаптар құрылады.

      931. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының аумағында, сондай-ақ жанғыш ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу орындарында ашық отты қолдануға болмайды.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      932. Қаптарды ұннан тазарту және оларды сақтау үшiн қапты қағатын машина орнатылған оқшауланған үй-жайлары көзделеді.

      933. Нан пiсiру кәсiпорындарында сұйық май мен өсiмдiк майын ыдыссыз сақтау жеке үй-жайда көзделеді.

      934. Отын жағатын бөлімде бiр ауысымға арналған қатты отын қорының болуына жол берiледi.

      935. Нан пiсiру пештерi сұйық отында жұмыс iстегенде сұйық отынның шығыс бактарын орнату үшін ғимараттан тыс жерде өртенбейтiн құрылыстан жасалған, оқшауланған үй-жай көзделеді.

      936. Элеваторлардағы, ұн тартатын, құрама жем және жарма зауыттарында бiр мезгiлде болуы 15 адамнан аспайтын өндiрiстiк үй-жайлардың есiктерiн ішке қарай (эвакуациялау орнына қарсы) ашылатындай етiп жасайды. Сонымен қатар тамбур-шлюздердiң есiктерi әр жаққа ашылады (өндiрiстiк үй-жайларынан тамбур-шлюздерiне қарай эвакуациялау жолына қарсы, тамбур-шлюзден саты алаңына қарай есiктер – эвакуациялау жолы бойымен).

      937. Таспа конвейерлерiн өткiзуге арналған өртке қарсы қабырғалардағы ойықтар автоматты өрт сөндiру клапандарымен немесе өрт шыққан жағдайда, оларды жабуға арналған құрылғылармен жабдықталады.

      938. Тұрмыстық, қосалқы және әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайлары, басқару пультінің үй-жайлары, электр таратқыш құрылғылары, желдеткiш камералары мен саты алаңдары арқылы ауа өткізгіштерді, материал өткiзгiштерді, өздігінен ағатын құбырларды жүргізуге болмайды.

      939. Кабель тартуға арналған шахталарда норияларды, өздігінен ағатын құбырлар мен аспирациялау құбырларын, сондай-ақ басқа тасымалдау және технологиялық жабдықтарды орнатуға болмайды.

      940. Құрама жем зауыттарында ұн шикiзатын және кебектердi түсiру орындары аспирациямен жабдықталады.

      941. Силос пен бункерлерге арналған люктер, сондай-ақ өздігінен ағатын құбырлардағы, ауа өткiзгiштердегi және аспирациялық қаптамалардағы шағын люктер үй-жайды шаң басудан сақтандыратын тығыз қосылыстармен қамтамасыз етіледі.    

      942. Барлық қоймалар бiр-бiрiнен 100 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан сырттан сүйеп қоятын сатылармен жабдықталады.

      943. Жұмыс басталардан бұрын дән тазартқыш және дән бастыратын машиналар үй-жайға шаңның кiруiн болдырмайтын аспирациялық каналдарда ауа режимiне реттеп қойылады. Машиналардың үстiндегi жарылысты бәсеңдеткiштер жұмысқа жарамды күйде ұсталады.

      944. Өнiмдiлiгi сағатына 50 тоннадан астам нориялар тоқтаған кезде таспаны керi жүруден қорғайтын автоматты тежеуiш құрылғыларымен қамтамасыз етіледі. Норияларды және жекелеген бөлшектердi жанғыш материалдардан жасауға болмайды.

      945. Барлық аспирациялық қондырғылардың паспорттарын әр жөндеу жұмыстарынан кейiн аспирациялау жөнiндегi инженер немесе кәсiпорынның басшылығы бөлген басқа жауапты адам тексередi.

      946. Өрт қауіпті санатындағы (В1-В4) үй-жайлар мен ғимараттардың аспирациялық және пневмокөлiктiк қондырғылардың ауа үрлегiш машиналары мен желдеткiштерi тозаң тұтқыштардан кейiн (ауаның қозғалу бағытымен) орнатылады.

      Ұн тарту зауыттарындағы өнімділігі жоғары жинақтама жабдықтардың пневмокөлiк жүйелерiнде сүзгiштер орнатылғанға дейiн ұшқын қауiпсiз желдеткiштерді орнатады.

      947. Тозаңды жинауға және сақтауға арналған ыдыстар мен жедел (өндiрiстiк) ыдыстардың аспирациясын технологиялық және көлiктiк жабдығы бар бiр аспирациялық қондырғыға қосуға болмайды.

      948. Технологиялық және көлiктiк жабдық аспирациялық қондырғыларымен бұғатталады.

      949. Элеваторлардың жұмыс ғимараттарында желдеткiштер мен дән кептiргiштерiнiң тозаң тұтқыштарын орналастыруға болмайды.

      950. Элеваторлардың өндірістік жайларында орналасқан бункерлер мен силостардағы өндiрiстiк тозаң мен аспирациялық қалдықтарды жинауға және сақтауға болмайды.

      951. Транзиттiк ауа өткізгіштерді шикiзат және дайын өнiм сақтайтын қойма арқылы, сондай-ақ жарылыс-өрт қаупi және өрт қаупi бойынша А, Б, және В1-4 санатындағы үй-жайлар арқылы тартуға болмайды.

      952. Желдеткiштер мен ауа үрлегiш машиналардан кейiн орналасқан тозаңды гравитациялық тұндыруға арналған ыдыстарды (аспирациялық шахталарды, тозаң камераларын) пайдалануға болмайды.

      953. Ауа өткiзгiштер мен материал өткiзгiштер кемінде екі жерде жерге тұйықталады.

      954. Тозаң тұтқыштар мен ауа үрлегiш машиналар қосымша тұйықталады. Қондырғы элементтері арасындағы қосылыстарда болттардың астына диэлектрлiк материалдардан жасалған шайбаларды және электр өткiзбейтiн бояулармен сырланған шайбаларды қолдануға болмайды.

      955. Аспирациялық қондырғылардың ауа арналарының жылыту жүйесiнiң құбыр жолдарымен түйiсуiне жол берiлмейдi.

      956. Технологиялық және тасымалдау жабдығын пайдалануда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатымен конвейер таспасы қаптамасының, норийлер мен басқа да тасымалдаушы машиналардың бос бұтақпен соғылуы және қоршау қаптамаға үйкелуi, сондай-ақ оларды буксирлеу мен иiлу тыйым салынған.

      957. Машиналардың мынадай жағдайларда пайдаланылуына жол берілмейді:

      1) тұтанудың немесе күюдiң аздаған белгiлерi болған бойда;

      2) жабдыққа тән емес шу мен дiрiл пайда болғанда;

      3) машинаға өнiм үйiп тасталған, тiреп қойылған және асыра жүктелген кезде;

      4) машинаның тiреуiш конструкциясы, шкивi, тiстi доңғалағы және басқа да жұмыс органы бұзылғанда;

      5) жұмыс органдарына бөгде заттар түскенде .

      958. Жобалық және техникалық құжаттамада көзделген аспирация жүйесі жоқ, норийлер мен ұнтақтағыштардағы жарылыс ыдыратқыштары жоқ жабдықты пайдалануға болмайды.

      959. Өнiмдердi (шикiзатты) жаншып үгетiн білдектер, ұнтақтағыштар, қамшылау машиналары және соқпа машиналар арқылы өткiзу алдында магниттi сепараторлар орнатылады.

      960. Үй-жайға шаң кірмеу және тығыздап жабылуы үшін жабдықтың жұмыс iстеуiн жедел бақылауға арналған есiктер, қақпалар және шағын люктер тығыздағыштармен жабдықталады.

      961. Ұшқынның пайда болуына жол бермеу үшiн түйгiш барабанның iшкi бетiне түйгiштердiң тиюiне жол берiлмейдi.

      962. Норияларды пайдаланғанда:

      1) нория таспасының барабанда тұрып қалуына;

      2) таспалар мен шөмiштердiң нория құбырлары мен бастиек және табандықтың қаптамасына тиюiне;

      3) норияны табандықтардағы тiреуiштердiң жылдамдығы мен датчиктерін бақылау релесісiз пайдалануға болмайды.    

      963. Таспа конвейерлерi жұмыс iстегенде:

      1) жылдамдықты бақылау релесiсіз пайдалануға;

      2) барабандар мен роликтерде басқа жаққа қарай шығаруға және тiреуiш құрылыстарына тиюге;

      3) роликтер айналмай тұрғанда таспаның тоқтауына;

      4) барабандарда таспа тоқтап қалуына жол берілмейді.

      964. Шынжырлы (батпалы қырнауыштары бар) конвейерлерді қораптар асып кеткенде тiреуiш датчиктерінсіз немесе конвейерi автоматты түрде тоқтататын қондырғыларсыз пайдалануға болмайды.

      965. Иiрлiктердi олардың шеттерiне қысымына байланысты ашылатын өнімнің жүрiсi бойынша орнатылған сақтандырғыш клапандарсыз пайдалануға болмайды.

      966. Көлiк таспаларын және жетек белбеулерiн металлдан жасалған қапсырма шеге, болттар арқылы (олар жанғыш вулканизацияны пайдаланып, қайыс белдiкшелермен тiгу арқылы қосылуы тиiс) қиыстыруға болмайды.

3-тарау. Құрама жем зауыттарының жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      967. Ақауы бар ұнтақтағышты, сондай-ақ жүктеменi автоматты түрде реттеуге арналған құрылғысы бар электр қозғалтқыш бұғатталмаса, ұнтақтағышты пайдалануға болмайды.

      968. Ұшқындауды болғызбау үшiн дека мен елеуiшке тиюiне жол берiлмейдi.

      969. Ұсақтағыш үшiн қолдан жасалған сақтандырғыш шрифттерiн, көлемдерi және механикалық сипаттамалары белгiсiз металл өзектерді қолдануға болмайды.

4-тарау. Ұн тарту және жарма зауыттарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      970. Өнiмi жоқ, бiлiктерi қысылған, белағаштарының бойымен ауытқып және жылжып кеткен білдектермен жұмыс iстеуге болмайды.

      971. Елек-суырғы машиналарын пайдаланған кезде себу шанақтарының, тас iрiктегiштердiң, сепараторлардың серпімді және берік қосылыстарын қолдануға болмайды. Шанақтардың иілгіш қосылыстары тозаң өткiзбейтiн материалдан жасалған, сыртқа шығаратын келте құбырларымен берік жалғасқан болуға тиіс.

      972. Бастиегi түсiрiлiп тұрғанда, тарту құрылғылары дұрыс болмаған, қажақ дискiлерi нашар бекiтiлген немесе кептiргiш дөңгелектерi болмаған жағдайларда аршу машиналарын iске қосуға болмайды.

      973. Аршу машиналары мен ажарлау машиналарының дискiлерiнде, пiшiмбiлiктерiнде және декаларында сызаттар мен ақаулар, дисбаланс болса, машиналармен жұмыс істеуге болмайды.

      974. Электр энергиясы тоқтаған кезде электр магниттерiне өнiмнiң жетуiн болдырмау үшін электр магниттi сепараторлар бұғатталмаса, электр магниттi сепараторларды пайдалануға болмайды.

5-тарау. Нан пiсiру кәсiпорындарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      975. Сұйық отынмен жұмыс iстейтiн пештерге шығын бактары от жағу бөлiмшесiнен тыс, бөлек үй-жайларда орналастырылады.

      976. Каналдық пештердi жарылыстан сақтандыратын клапандарсыз пайдалануға болмайды, газ құбырлары мен жоғарғы от жағу бөлiктерiнде орнатылған бiр жарылыс клапанының ең аз алаңы – 0,05 шаршы метр.

      977. Пештерді жылу мен газ тәрiздi заттарды шығаруға арналған желдеткiш құрылғыларысыз пайдалануға болмайды.

      978. Газ тәрiздi және сұйық отындармен жұмыс iстейтiн пештерде авариялық жағдайларда:

      1) пештiң оттығына сұйық отын және жандыруға арналған құрылғыларға ауа жеткiзу тоқтаған (сұйық отынмен жұмыс iстейтiн пештер үшiн);

      2) жылыту жүйесiндегі жылытатын газдардың шектi температурасынан асып кеткен;

      3) конвейер тоқтаған кезде отын жеткiзудi автоматты түрде тоқтататын құрылғылар көзделеді.

      979. Пештерді авариялық жағдайларда пiсiрiлген өнiмдердi шығаруға арналған резервтiк механизмсіз пайдалануға болмайды.

      980. Нан пiсiру қалыптары мен табақтарын тазалауға арналған машина бөлшектер мен тозаңды жинауға арналған құрылғысыз, сонымен қатар майдың шашырауын болдырмайтын құрылғысыз пайдалануға болмайды.

      Өндiрiстiк пештерде қалыптарды күйдіруге (қыздыруға) болмайды. Металл қалыптар мен табақтарды тек осы үшін арнайы арналған пештерде ғана қыздыруға (күйдіруге) жол берiледi.

6-тарау. Технологиялық процестерді ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      981. Цехтың iшiндегi пневматикалық көлiктен шлюз бекiтпелерiнiң немесе жүк түсiргiштерiнiң бекiтпе топтарының шеткi бiлiкшелерiнде жылдамдықты бақылау релесiз пайдалануға болмайды (бұл талап өнімділігі жоғары жабдық жиынтығының шлюз бекiтпелерiне қолданылмайды).

      982. Дәндi емес өнiмдердi (шрот, күнжара, түйiршiктелген шөп ұнын) астық элеваторларының силостары мен бункерлерiнде қабылдауға және сақтауға болмайды.

      983. Дәндi жүгерiнi тек ғимараттан тыс орнатылған шахталық түзу ағынды кептiргiштерде ғана кептiру керек.

      984. Күрiш, тары, қарақұмық қабықтары жарма зауытының бункерлiк үлгідегі қоймалардан тыс жерде, 2 тәулiкке сыйымдылықтан асырып, ашық алаңда, шатыр астында сақтауға болмайды.

      985. Бензин иiсi бар шроттарды тиеуге болмайды.

      986. Дән, күнжара және шроттар сақталатын силостарды температураны күн сайын қашықтан бақылау қондырғыларынсыз (тұрақты термометр жүйелерiмен) пайдалануға болмайды.

      987. Шаң-тозаңды болдырмас үшін өндiрiс қалдықтарын жабық қаптамасыз тасымалдауға ағымды, механикалық көлiк пен пневмокөлiкті (нориялар, шынжырлы транспортерлер, таспалы және роликсіз конвейерлер) қолдануға болмайды.

      988. В1-В4 санатындағы өрт қауiптi үй-жайларда өндiрiс қалдықтарын ыдысқа орналастыруға болмайды.

7-тарау. Егіс науқанын өткізу, дәндi дақылдарды жинау және азық дайындау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      989. Егіс науқаны басталмас бұрын, оған жұмылдырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерi әрқайсысы 5 литрлік кемінде екі өрт сөндіргішпен, жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады және қуаттау, оталдыру және майлау жүйелерi реттеледi.

      990. Масақты егiн пiсер алдында олардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темiржолдарға iргелес жерлерiнде енi кемiнде 4 метр жолақ шабылады және жыртылады.

      991. Дәндi дақылдарды жинауды астық алқаптарын алаңы кемінде 50 гектар учаскелерге бөлуден бастау қажет. Учаскелердің арасына ені кемінде 8 метр шалғы жолы жасалады. Шалғы жолынан шабылған астық дереу жиналады. Шалғы жолының ортасында енi кемiнде 4 метр жер жыртылады.

      992. Уақытша қыр орындары астық алқаптары мен қырманға 100 метрден жақын болмауы керек. Қыр орындарының, астық қырмандары алаңшаларының енi кемiнде 4 метр жолақ етіп жыртылады. Көлемi 25 гектардан астам жиналып жатқан астық алқаптарына тікелей жақын жерлерде өрт шыққан жағдайда өртенген аймақты жыртуға арналған соқасы бар трактор дайын тұруы керек.

      993. Шөп шабу алдында ауыл шаруашылығы алқаптары мен периметрі бойынша жайылымдар ені кемінде 4 метр минералданған жолақпен жыртылады.

      Адамдардың ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарда шөп шабу жұмыстарын жүргізген кезде, өрт болған жағдайда жану аймағын жыртуға, шөптесін өсімдіктердің өртенуіне жол бермеу үшін соқасы бар трактор пайдалану ұсынылады, өрт сөндіру құралдары - бейімделген бір жабдық немесе кемінде 5 текше метр тіркемелі контейнер, өрт сөндіргіштер, күректер, шатырлақтар.

      994. Автотрактор техникасын құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылған арнайы алаңдардан тыс жерде, немесе қырманнан, шөп пен сабаннан, астық алқаптарынан 100 метр қашықтықтағы, ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр қашықтықтағы жыртылған жерде сақтауға және мұнай өнімдерін құюға болмайды.

      Ауыл шаруашылығы техникасының кабинасы мен шанағында тез жанғыш заттарды сақтауға және тасымалдауға болмайды.

      Ауылшаруашылық техникасының мотор бөлігі, бөлшектері мен тораптары таза ұсталады, жанғыш сұйықтықтардың дақтары дереу жойылады.

      995. Егіс науқаны мен дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау кезеңінде:

      1) тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық автомобильдер мен өзi жүретiн шассилердiң жұмыс iстеуiне;

      2) қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдiру үшiн дәнекерлейтiн лампаларды қолдануға;

      3) далада түнгi уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға;

      1) бакте немесе цистернада жанармайдың бар-жоғын жанып тұрған сіріңкемен немесе басқа да ашық отпен тексеруге;

      2) ауыл шаруашылығы машиналарының (автомобильдер, комбайндар, тракторлар және басқа да тартылған жабдықтар) жарамды ұшқын сөндіргіштерсіз жұмыс істеуіне болмайды.

      996. Өрт қаупінің жоғары класы кезеңінде меншігі мен меншік нысанына қарамастан жердің барлық санаттарында (ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдық жерлер) мыналарға жол берілмейді:

      1) құрғақ шөпті өсімдіктер мен өсімдік қалдықтарын тамырымен күйдіру;

      2) ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын жерлердегі өртеу жұмыстары.

      Қамысты және құрғақ өсімдіктерді шабуға шаруашылық және өндірістік қажеттілік жағдайында және өрттердің шығу қаупін төмендету мақсатында ғана жол беріледі

      997. Ауыл шаруашылығы алқаптары мен өрістерде шөпті, аңыз қалдықтарын, сабанды өртеу жұмыстарын (бұдан әрі – ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының (шаруашылықтарының) басшылары, жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, орман иелері өрт қауіпті кезеңі алдында немесе соңында мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып жүргізеді:

      1) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысын бастамас бұрын өз қызметкерлеріне, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы, өрт сөндіру тәсілдері туралы нұсқаулық беру ұйымдастырылады;

      2) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын жүргізу уақытында жауапты адамдар тағайындалады;

      3) ауыл шаруашылығы өртеу жұмыстарын жүргізу орындарында әр өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, бір соқалы трактор, өрт сөндіргіштер, күректер есебінен өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;

      4) жұмыстар жүргізу алдында ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысының аумағы ені кемінде 8 метр жолақпен жыртылады және ауданы 25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінеді;

      5) орман алқаптары, орман белгілері, егістікті қорғау жолақтары мен егістіктердің өртейтін учаскелеріне іргелес көгалдандырушы екпе ағаштар ені кемінде 8 метр етіп жыртылады;

      6) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстары желдің әсері 3 баллдан аспайтын (секундына 5 метр) болғанда, жыртылған учаскелерде жауапты адамдар мен жұмыскерлердің бақылауымен жүргізіледі;

      7) жалынның тез таралуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығындағы өртеу желдің ық жағынан басталады;

      8) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы аяқталғаннан кейін өртелген аумақтың периметрін мұқият тексеру, бықсыған жерлер мен жану ошақтарын анықтау және жою, қайта жанудың алдын алу үшін 3 сағат ішінде күзет қою қамтамасыз етіледі.

8-тарау. Дәрумендi шөп ұнын дайындау және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      998. Шөп ұнын жасауға арналған агрегаттар қалқаның астына немесе үй-жайға орнатылады. Жанғыш материалдан жасалған қалқалар мен үй-жайлар оттан қорғайтын құраммен өңделедi.

      999. Шөп ұнын дайындау бекетiн жанар-жағармай материалдары бар цистерналар мен құрылыстардан 50 метрден кем қашықтықта, ал ірі азық сақталатын ашық қоймалардан 150 метрден кем қашықтықта орналастыруға тыйым салынған.

      1000. Шығыс отын багін агрегат үй-жайынан тыс орнату керек. Отын құбырлары кемiнде екi вентильмен (бiреуi – агрегатта, екiншiсi – отын багінде) жабдықталады.

      1001. Агрегаттар мен үй-жайлардың (алаңшалардың) электр жабдығы мен электр талсымы орнатылған жерлерiнде ЭҚОҚ бойынша II – IIа класты өрт қауiптi аймақтарға арналғандай етiп орындалады.

      1002. Дайындалған және қаптарға толтырылған ұнның температурасын төмендету үшiн оны жабын астында кемiнде 48 сағат ұстайды.

      1003. Ұнды үйілген күйінде сақтауға, басқа заттармен және материалдармен бірге сақтауға, сондай-ақ жанғыш материалдардан жасалған ғимараттарда, құрылыстарда және үй-жайларда сақтауға болмайды.Ұнды бөлек тұрған қоймада немесе желдеткiш жүйесі бар, ылғал болмайтын бөлiкте сақтау керек.

      1004. Ұны бар қаптар бiр қатарға екi қаптан биiктiгi 2 метрден аспайтындай етіп қатарларға жиналады. Қатарлар арасындағы өту жолдарының кеңдiгi кемiнде 1 метр, ал қабырғалар бойынан – кемiнде 0,8 метр етiп орындалады.

9-тарау. Зығырды, сораны және өзге де техникалық дақылдарды алғашқы өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      1005. Зығырды, сораны және басқа техникалық дақылдарды (бұдан әрi – зығыр) өңдеуге арналған үй-жайлар машина бөлiмшесiнен оқшауланады.

      1006. Машина бөлімінің іштен жану қозғалтқыштарын шығару құбырларында ұшқын сөндіргіштері болмаса, сонымен қатар машина бөлімі қабырғаларының жанғыш конструкциялары арқылы құбыр шығатын жерде өрт сөндіру құрылғысы болмаса, оларды пайдалануға болмайды.

      1007. Зығыр шикiзаты (сабан, зығыр сабаны) маяларда, шохаларда (жабын астында), жабық қоймаларда сақталады, ал талшықтар мен қалдық талшықтар – тек жабық қоймаларда сақталады.

      1008. Техникалық дақылдарды алғаш өңдегенде мыналарды істеуге болмайды:

      1) фермалар, жөндеу шеберханалары, гараж аумағында зығырды сақтауға және жармалауға;

      2) автомашиналарға, тракторларға өндiрiстiк үй-жайларға, дайын өнiмдер мен шоха қоймаларына кiруге. Автомашиналар көрсетiлген ғимараттардан, маялардан және шохалардан кемiнде 5 метр, ал тракторлар кемiнде 10 метр қашықтықта тоқтауы керек;

      3) илеу-түту цехында пешпен жылыту жүйесiн орнатуға.

      1009. Зығыр өңдеу пунктінің аумағына жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған автомобильдер, тракторлар және басқа да өзi жүретiн машиналар кіре алмайды.

      1010. Көлік құралдарының қозғалтқыштардың шығару жүйелерінен пайдаланылған газдардың шығу бағыты бойынша маяларға (шохаларға) жақындауына болмайды.

      1011. Зығыр өңдеу бекетiнiң аумағында темекi шегуге арналған орындарды өндiрiстiк ғимараттар мен дайын өнiмдi жинап қою орындарынан 30 метрден жақын қашықтықта орналастыруға болмайды.

      1012. Зығыр сабанын табиғи түрде кептiру арнайы бөлiнген учаскелерде жүргiзiледi.

      Зығыр сабанын жасанды түрде кептiру тек арнайы кептiргiштерде, ригаларда (дегдiтпелерде) ғана жүргiзiледi.

      1013. Өндiрiстiк ғимараттарда орналастырылған кептiргiштер басқа үй-жайлардан жанбайтын материалдардан жасалған өртке қарсы бөгеттермен бөлiнедi.

      Кептiргiштер мен кептiргiш камералардың бөлек тұрған ғимараттарының жанғыш конструкциялары екi жағынан сыланады.

      1014. Зығыр сабанын кептiруге тұрақты кептiргiштер тек мынадай жағдайларда қолданылады:

      1) пеш оттығы мен циклонның күмбездерi және iшкi беттерi күйдiрiлген кiрпiштен орындалған, ал сыртқы жағынан пеш сыланып, әктелген;

      2) ауа өткiзгiштер сыртқы жағынан жанбайтын 50 миллиметрлік жылу қабатымен қорғалған, ал қосылған жерлерiнде жанбайтын төсемдер орнатылған;

      3) желдеткiш сыртындығы жылу тасығыштың температурасын бақылау металл термометрмен жасалады;

      4) жер асты таратқыш каналдың басында ұшқын сөндіргіш орнатылған;

      5) канал қабырғалары кiрпiштен орындалған, үстiнен темiр бетонды плиталармен және басқа да өртенбейтiн құрылғылармен жабылған;

      6) түтiн құбыры өтетiн жерде шатырды торлау арқылы кемiнде 50 сантиметр көлем өңделген.

      1015. Зығыр сабанын кептiруге арналған ригаларда орнатылатын пештердiң құрылымы үй-жайдың iшiне ұшқын түсу ықтималын болдырмайтындай етіп орындалады.

      Ригалар мен кептiргiштерде пештердiң үстiне зығыр төсеу үшiн жел тартқыш орнатуға рұқсат берiлмейдi. Пештен жанғыш құрылғыларға дейiнгi қашықтық кемінде 1 метр болуға тиiс. Пеш жағынан жел тартқыштардың биiктiгi жабынға дейiн қоршауы болуы керек.

      1016. Кептiргiштер мен ригаларда:

      1) зығыр сабанын кептiргенде жылу тасығыштың температурасы 80оС аспауға, ал бастиектерiн кептiргенде - 50оC аспауға тиiс;

      2) пештiң оттығында отынның толық жануы қамтамасыз етiлуге тиiс, ал түтiн газдарында ұшқындар және отынның жанып кетпеген бөлшектерi болмауы керек;

      3) желдеткiш от жағу басталғаннан кейiн бiр сағат өткенше сөндірілмейді. Кептiргiш камераларында түтiн белгiлерi бар жылу тасығышты қолдануға болмайды;

      4) кептiргiштiң бiр ауысымдық жұмысынан кейiн от жағу кеңiстiгiн, тұнба камераларын, ұшқын сөндіргіш циклондардан және араластыру камераларын күлден тазарту қажет. Түтiн құбырларын кептiргiш жұмыс iстегеннен 10 күннен асырмай тазартып отыру керек;

      5) жаңа зығыр сабанын кептiруге жүктер алдында науалар мен кептiргiш камераларды үнемi iшiне түскен зығыр сабанынан және әртүрлi қалдықтардан тазарту керек. Зығыр сабаны және зығыр талшықтар қорын кептiргiш үй-жайында сақтауға болмайды;

      6) зығыр сабаны ригаға жүктегеннен кейiн түсiп қалған және жел тартқыштардан салбырап тұрған өсiмдiк сабақтарын жинап, пештi, қабырғаларды, едендi зығыр сабанынан мұқият тазарту керек. Зығыр сабанын кептiргiш ғимаратына тақап жинауға болмайды.

      1017. Илеу-түту агрегаты тұратын үй-жайдың желдеткiшi болуға тиiс, ал түту агрегатының әрқайсысына шатыр орнатылуға тиiс. Білдектерді барлық жағынан үй-жайда шанның таралуына жол бермейтiн алмалы-салмалы және қайырмалы қалқандармен жабу керек.

      1018. Желдеткiш құбырлары желдеткiштердiң алдында және олардан кейiн орнатылатын ысырмалармен (шиберлермен) жабдықталады. Оларға еркiн өтетiн жол қамтамасыз етiлуi керек.

      1019. Өндiрiстiк үй-жайдағы зығыр сабаны санын ауысымдық қажеттiлiктен арттыруға болмайды. Ол машиналардан кемiнде 3 метр алшақ жерде қатарлап жиналады.

      Дайын өнiм үй-жайлардан қоймаға бiр ауысымда 2 реттен сиретпей жиналады.

      1020. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн илеу-түту цехы талшықтан, шаңнан және тал жiптерден мұқият тазартылады. Білдектер, қабырғалар және цех жабынының iшкi беттерi тазартылады.

      1021. Темекi кептiргiштердегi сөрелер мен этажеркалар өртенбейтiн материалдардан жасалады. Қыздыру құбырларының үстiндегi отты кептiргiштерде оларға темекi түсуден қорғайтын металдан жасалған күнқағар орнатылады.

      Темекi сарайлары мен кептiргiштердiң сыртқы жарық беру прожекторларының тiреуiштерi үй-жайлардан тыс орнатылады.

10-тарау. Мақта шикізатын жинау, тасымалдау, кептiру, сақтау және алғашқы өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      1022. Мақта жинау науқаны басталғанға дейiн оған қатысты барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтедi, ал мақта жинау машиналары, тракторлар, мақта тасуға арналған автомобильдер әрқайсысы 5 литрлік кемінде екі өрт сөндіргішпен жарақталып, жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады және реттелген қуаттау, оталдыру мен майлау жүйесiмен қамтамасыз етіледі.

      Гидравликалық жүйеден май, отын және эмульсия аққан кезде, сондай-ақ ұшқын сөндіргіштер болмаса, ауыл шаруашылығы машиналары мақта жинауға және тасымалдауға жiберiлмейдi.

      1023. Мақта шикізаты пiспес бұрын олардың ормандарға, далаларға, тоғай алқаптарына, автомобиль және темiржол жолдарына iргелес жерлердегi егiстiктері енi кемiнде 4 метр жолақтармен жыртылады және шабылады.

      1024. Мақта жинау кезiнде:

      1) мақта егiстiгiнде темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;

      2) бункерiне өңделмеген мақта толтырылған мақта жинайтын машинаны егiстiкте қалдыруға, отын құюға;

      3) гидравликалық жүйесі мен электр жабдығы ақаулы мақта жинайтын машиналарды пайдалануға;

      4) мақта кептiруге арналған алаңдарда мақта жинайтын машиналардың тұруына болмайды.

      1025. Өңделмеген мақта ыдыссыз тасымалданған кезде ол брезентпен жабылады. Автомашина шанағының немесе тiркеменiң еденiнде саңылаулар болмауы керек.

      1026. Тракторлардың, автомобильдердің, мақта жинайтын машиналардың тұруына, оларды жөндеуге, майлауға және жанармайға құюға жол берілмейді, шитті мақтаны табиғи кептіруге арналған алаңнан кемінде 50м қашықтықта жүзеге асырылады.

      1027. Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдар тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, жөндеу шеберханаларынан кемiнде 150 метр, ал жоғары вольтты және төменгi вольтты электр беру желiлерiнің тiреу биiктiгiнен кемінде 1,5 метр алшақ орналастырылады.

      1028. Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдар сыртқы өрт сөндiру мақсаттары үшiн жеткілікті сумен, бірақ кемiнде 50 текше метр есептiк мөлшерде қамтамасыз етiледі.

      1029. Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдар асфальтталған немесе қалыңдығы кемiнде 5 сантиметр сазды топырақпен тегiстелген болуы керек. Мақтаны жолдың жүретiн бөлiгiнде кептiруге болмайды.

      1030. Технологиялық жабдықтан тозаңның бөлiнуiне жол бермеудi қамтамасыз ететiн құрылғыларды (герметизациялау тораптары, жергiлiктi сорғылар) жарамсыз күйде пайдалануға болмайды.

      1031. Жабдық пен құрылыс құрылымдарына қонған мақта тозаңын, сондай-ақ жиналған мақта шикізатын қажеттiлiгiнше, бiрақ ауысымына кемiнде бiр рет тазалап тұру керек.

      1032. Тастарды, металды және басқа да бөгде заттарды ұстап қалуды қамтамасыз ететiн құрылғыларды жарамсыз күйде пайдалануға болмайды.

      1033. Таспалы транспортерлердiң иiндi бiлiктерi мен сына белдiктi бергiштерді айналатын бөлшектерге мақтаның түсуiн болдырмайтын жарамды қаптамаларсыз пайдалануға болмайды.

      1034. Мақта жинайтын машина бiлiктерiнiң жылжымалы құрамдары мен мойындары мақта тозаңы мен талшықтарынан тазартылады.

      1035. Элеваторлар сатылары бар тұрақты алаңдармен қамтамасыз етіледі. Алаң төменнен жоғары қарай 0,1 метр биiктiкте кемiнде 0,9 метр болатын тұтас жапсырмалы сүйенiшпен қоршалады.

      1036. Элеватор жетегiнде таспа үзiлген жағдайда, автоматты қорғағышының ақауының болуына, сондай-ақ жұмыс органдарының элеватор қорабының қабырғасына тиiп тұруына жол берiлмейдi.

      1037. Элеватор қаптамасы мықты тиектерi мен созылғыш төсемдері бар тұтас периметрi бойынша жабынның тығыздығын (саңылаусыздығын) қамтамасыз ететiн жеңiл ашылатын люктермен жабдықталады.

      1038. Транспортерлерді төменгi таспадан өңделмеген мақтаны шығаруға арналған жарамды арнайы қондырғысыз пайдалануға болмайды.

      1039. Таспалы транспортерлердi (қайта тиегiштердi) ауыстыру электр қуатынан ажыратылған кезде жүзеге асырылады.

      1040. Пневмокөлiк жүйесiне кiретiн аппараттар мен машиналарды жерге тұйықтау құрылғысысыз пайдалануға болмайды. Өңделмеген мақтаны желдеткiш арқылы механикалық түрде аударыстыруға болмайды.

      1041. Топтағы бунттардың саны бiр бунтқа алаң мөлшерi 65х14 метр болғанда екеуден, алаң мөлшерi 25х14 метр болғанда төртеуден немесе бiр бунтқа алаң мөлшерi 25х11 метр болғанда алтаудан артық болуына жол берiлмейдi. Бұл ретте бунттың биiктiгi 8 метрден аспауы қажет.

      1042. Топтағы бунттар арасындағы өртке қарсы бөлiктер арасы 15 метрден кем, бунттардың топтары арасы 30 метрден кем болмауы керек.

      1043. Бунттарды бөлшектеу кезiнде машиналар, механизмдер мен мақта тасығыш автопойыздар 30 метр аралықта орнатылады.

      1044. Бунт бөлшектегiш қозғалған кезде ток өткiзу кабелiн басып өтуге болмайды.

      1045. Машиналар мен агрегаттарда болған ақауды қалпына келтiру олар өшiрілiп, бунттан кемiнде 5 метр қашықтыққа апарылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      1046. Кескiш құралдардың ұштары ұшқын қауiпсiз етiп жасалады.

      1047. Кескiш құралдардың ұштарын жабық қойманың металл (бетон) құрылысына тигiзбес үшiн түсіру және көтеру шектегіштері орнатылады.

      1048. Кептiру қондырғысын пайдаланған кезде:

      1) жылумен жабдықтау (жылу генераторлары) құралдарының жарамдылығы;

      2) жылу өткiзу қондырғыларында бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикасының үздiксiз жұмыс iстеуi;

      3) шнек тоқтаған кезде барабан жетегiн өшiрудi қамтамасыз ететiн барабан мен шнектiң электр қозғалтқышының жұмысын бұғаттау;

      4) кептiру камерасы мен қуаттандырғыш есiктерiнiң саңылаусыздығы;

      5) барабан мен шнек секциясын өңделмеген мақтадан жүйелi тазалау қамтамасыз етiледi.

      1049. Мақта шикізатын кептiру үшiн қолданылатын жылу өндiргiш қондырғылар жанбайтын құрылымдардан жасалған оқшау үй-жайларда орнатылады.

      1050. Кептiретiн қондырғының жұмысы үнемі бақыланады. Шығу жолындағы өңделмеген мақтаның температурасы 70оС аспауы қажет. Кептiру барабанынан сарғайған мақта шикізаты шыққанда, мақта шикізаты берілуі мен жылу тасығыш дереу тоқтатылып, механизмдердің жұмысы тоқтатылады, ал кептiру барабанынан келiп түсетiн мақта жанған жағдайда кептiргiштi дереу тоқтатып, бықсыған мақтаны сөндiрiп, алып тастау керек.

      Кептiргiштiң жұмысын мұқият тексергеннен және мақтаның қызу немесе жану себебiн анықтағаннан кейiн ғана қайта бастауға болады.

      1051. Мақта шикізаты тазалағышты орнынан аустырған кезде шыбықтар арасындағы саңылаулар ауысып кетпес үшiн және перфорирленген тордың үстiне қоқыс қоспалары толып қалмас үшiн жел тартқыш тордың жай-күйі қадағаланады.

      Жел тартқышты тазалау мен талшық тазалағыштардың тiреуiш камерасындағы кенжарды қалпына келтiрудi ағаш заттармен (таяқшамен) ғана жасауға болады.

      1052. Мақта талшығын тек бумамен ғана сақтайды. Барлық сынған бумалар әр ауысым соңында (бумалап) қайта өңделедi.

      1053. Мақта талшығы бумасын ашық алаңдарда қатарлап сақтау кезiнде мақтаның стандартты қатарының өлшемi: ұзындығы 22 метрден, енi 11 метрден, биiктiгi 8 метрден аспайтындай етіп орындалады.

      Қатарлардың мөлшерi қысқарғанда көршiлес қатарлар арасындағы бөлiктер қарама-қарсы жатқан қатарлардың жартысынан кем болуына жол берiлмейдi, бiрақ ең жоғарғы қатардың екi есе биiктiгiнен кем болмауы тиiс.

      1054. Ашық алаңдарда жиналған барлық мақта талшығының қатары брезентпен жабылады.

      1055. Талшықты мақта бумасы шатырдың астына енi кемiнде 2 метр көлденең өту жолдарын қалдыра отырып жиналады: еденнің ауданы 300-ден бастап 600 шаршы метрге дейін болғанда – бір өту жолы; еденнің ауданы 1200 шаршы метр болғанда – үш өту жолы; еденнің ауданы 1800 шаршы метр болғанда – төрт өту жолы; тең қашықтық сайын. Биік болғанда мақта талшығы жоғарғы жағынан бастап жабынның қоршауына немесе фермалардың төменгі белдігіне дейінгі қашықтық кемінде 1 метр болатындай етіп жиналады.

      1056. Жабық қоймаларда мақта талшығы бумасының енi кемiнде 2 метр бiр бойлық өту жолын және енi дәл сондай көлденең өту жолдарын әрбiр есiкке қарама-қарсы қалдыра отырып, тауар орындарында орналастырылады. Периметрi бойынша қабырға бойымен енi кемiнде 1 метр өтетін жол қалдыру қажет.

      Қойма үй-жайларының iшiнде қандай да бiр қалқалар мен шағын кеңселердi орналастыруға болмайды.

      1057. Жабық қоймалардағы және бастырмалардың астындағы едендер, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлардың негiзi жанбайтын материалдардан жасалады.

      1058. Автомашиналар мен тракторлар жабық қоймаларға, бастырмаларға және мақта талшығы қатарларына пайдаланылған газ шығару құбырлары мiндеттi түрде ұшқын сөндіргішпен жабдықталған жағдайда бәсеңдеткiштiң пайдаланылған газ шығару құбырына қарама-қарсы жағымен келу қажет.

      Барлық жағдайда автомашиналардың, мотовоздардың, автодрезиналардың, автокрандар мен мотоциклдердiң бастырмалар мен мақта талшығы қатарларына 3 метрден жақын баруға рұқсат етiлмейдi.

      1059. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннадан артық өңделмеген мақта сақталған кезде жоғары қысымды өртке қарсы су құбыры көзделеді.

      1060. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннаға дейiн өңделмеген мақтаны сақтау кезiнде өрт сөндiру жұмыстарын су айдындарынан жүзеге асыруға болады.

      1061. Мақта тазалайтын зауыттарда, мақта дайындаушы бекеттерде өрт сөндiру бөлiмшелерi күзететiн жақын маңдағы қаламен немесе аудан орталығымен телефон байланысы болуы қажет.

11-тарау. Ат қоралардың үй-жайларын ұстау және жемшөп сақтау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      1062. Ат қоралардың үй-жайлары екi және одан астам дербес қақпамен жабдықталады, олардың алдынан табалдырықтарды, сатыларды, қақпа асты саңылауын орнатуға болмайды.

      Жылқыларды шығаруға арналған үй-жайлардың барлық қақпалары мен есiктерiнiң тек сыртқа қарай ашылуы керек. Қақпаны тек жеңiл ашылатын тиектермен ғана жабуға рұқсат етiледi. Қыста ат қоралардың қақпалары мен есiктерiнiң алды қардан жүйелi түрде тазартылып тұрады.

      1063. Ат қоралардың үй-жайларында өрт болған жағдайда жылқыларды жылқы тұратын орындардан бiр мезгiлде босатып шығаруға мүмкiндiк беретiн құрылғылар көзделеді.

      1064. Ат қораларда электр желiлерi оқшаулағыштарға, арқандарға, болат құбырларға немесе кабельдерге ашық төселедi. Тек тозаң-су өткiзбейтiн немесе ылғал өткiзбейтiн электр шырақтарын ғана пайдалануға болады.

      Тарату қалқандары, ажыратқыштар, сақтандырғыштар тамбурларда немесе ат қоралардың сыртқы қабырғаларында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылады.

      1065. Ат қорада тәулiктiк жемшөп қоры бар жемшөп орнын, сондай-ақ төсемдердi сақтауға арналған үй-жайларды орнатуға болады.

      Жемшөптiң негiзгi қорлары арнайы қойма үй-жайларында сақталады.

      1066.  Ат қоралардан жылқыларды ойдағыдай эвакуациялау үшiн өрт болған жағдайда жануарларды эвакуациялау жоспары жасалады.

      1067. Ат қораларда электр желiлерiн пайдаланған кезде:

      1) электр желiлерiн жануарлар тұратын орындардың үстiнен орналастыруға;

      2) электр желiлерiнiң астынан шөп, сабан жинауға;

      3) электр желiлерi мен кабельдерiн ат қоралардың үй-жайлары арқылы транзитпен төсеуге;

      4) қуаты осы шырақ түрi үшiн шектi рұқсат етiлгеннен артық болатын лампаларды пайдалануға;

      5) шырақтарды сымдарға iлуге болмайды.

      1068. Ат қоралардың үй-жайларында:

      1) шеберханалар, қоймалар, автокөлiк тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ жануарларға күтім жасаумен байланысты емес жұмыс жүргiзуге;

      2) iштен жану қозғалтқыштары бар, газ шығатын құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған көлiк құралдарын өткізуге;

      3) қақпа автоматты түрде ашылуы үшiн оған серiппелер мен блоктар орнатуға;

      4) үй-жайларды жарықтандыру үшiн керосин лампаларын, шырақтарды және ақаулы электр фонарьларын қолдануға;

      5) уақытша пештердi орнатуға;

      6) тамбурлар мен өту жолдарында, ат қора шатырларында шөп, жемшөп, төсем сақтауға;

      7) темекi шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды.

9-бөлім. Көлiк объектiлерiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

1-тарау. Автомобиль көлiгiн ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

1-параграф. Гараждарды, ашық тұрақтарды, паркингтерді ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      1069. Ашық тұрақ аумағында көлiк құралдарын шағын жөндеу және оларға күнделікті техникалық күтім жасау бетi қатты алаңшаларда жүзеге асырылады.

      1070. Көлiк құралдарын шағын жөндеу мен оларға күнделікті техникалық күтім жасауға арналған әрбiр алаңшада осы Қағидалар талаптарына  сәйкес өртке қарсы мүкәммал жиынтығы бар өрт сөндiру қалқаны орнатылады.

      1071. Көлiк құралдары ашық сақталатын гараждардың үй-жайларында, паркингтерде, алаңшаларда өрт және төтенше жағдайлар туындаған кезде көшiруге кедергi жасауы мүмкiн заттар мен жабдықтарды үйіп қоюға болмайды.

      1072. Гараждар, бокстар, паркингтер және көлік құралдарын (жеке құралдардан басқа) ашық сақтау алаңшалары автотехниканы орналастыру сызбаларымен және көліктерді эвакуациялау шығыстарына бағыттайтын белгілермен жарақталады.

      1073. Гараждар, паркингтер және көлік құралдарын ашық сақтау алаңшалары таза ұсталады. Төгiлген жанар-жағармай материалдарына құм себілiп, дереу жиналады.

      1074. Сығымдалған табиғи газбен немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар, газ-баллон жабдығымен қамтамасыз етілген автомобильдерді басқа мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген және оларға жапсарлас, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан жабық типтегі автотұрақтар мен паркингтерге қоюға болмайды.

      Ескерту. 1074-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 16.09.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1075. Паркингтерде, жабық типтегі тұрақтарда жобалық құжаттамада көзделмеген басқа да функционалдық мақсаттарға арналған үй-жайларды ұйымдастыруға және/немесе орналастыруға болмайды.

      Жарылыс қаупі бар заттар мен материалдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, майларды, жанғыш газдары бар баллондарды, қысымдағы баллондарды шаруашылық қоймаларында және клиенттердің багажына арналған қоймаларда сақтауға болмайды.

      Шаруашылық қоймалар мен клиенттердің багажына арналған қоймаларды автотұрақтың бірінші (қону) қабатында ғана орналастыруға рұқсат етіледі, жеңіл автокөліктердің жерасты автотұрақтары үшін ғимараттың жер асты қабатының бірінші қабаттан төмен емес (жоғарғы) қабатта орналастыруға рұқсат етіледі.

      Жанғыш материалдарды шаруашылық және клиенттердің багажына арналған қоймалардан тыс сақтауға болмайды.

      Ескерту. 1075-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1076. Көп пәтерлi тұрғын ғимараттарға, қоғамдық ғимараттарға қоса салынған және жалғастыра салынған, сондай-ақ паркингтерде гараж тұрақтарының үй-жайларында көлiктiк құралдарға құрастырылған бактардағы отынды қоспағанда, жанар-жағармайды сақтауға болмайды. Басқа гараждарда бензин және дизельдi отын – 20 килограмм, майлар – 5 килограмнан аспайтын жанар-жағармайдың қосымша мөлшерiн металдан жасалған тығыз жабылатын ыдыста ғана сақтауға болады.

      1077. Гараждарды, автотұрақ ғимараттарының үй-жайларын, паркингтер мен ашық тұрақтарды олардың тікелей мақсаттарынан тыс (жанғыш материалдарды, газ баллондарын жинау, жөндеу шеберханаларын, сырлау камераларын, үй-жайлар мен тұрғын бөлмелерді орнату) пайдалануға болмайды.

      1078. Жабық тұрақтардың ғимараттарында (кіріктірілген, бекітілген, жерасты, дербес) жөндеу жұмыстарын жүргізуге және заттар мен материалдарды сақтауға арналған үй-жайлар ретінде автомобильдерді сақтауға арналған бөлек бокстар мен тұрақ орындарын қайта жабдықтауға немесе пайдалануға болмайды.

      1079. Автомобильдердi сақтау үй-жайларын жылыту ауа ағынының желдеткiшi бар сумен немесе ауамен жылытылатын болып көзделуi тиiс. Гараждардың күзет үй-жайларында бетi тегiс зауытта дайындалған жергiлiктi жылыту құралдарын пайдалануға жол берiледi. Бұл ретте бетiнiң температурасы 100°C асуы мүмкiн жылыту құралдары жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қоршалады.

      1080. Бокстарда, паркингтерде, көлік құралдарын қоюға арналған үй-жайларда, өндірістік гараждардың үй-жайларында, көлік сақталатын үй-жайлардың шатыр астында және ашық алаңшаларда:

      1) көлiк құралдарын орналастыру жоспарының нормасынан асып кететін көлік құралдарын орнатуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты төмендетуге; олардың және ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға;

      2) шығу қақпалары мен өту жолдарына заттарды үйіп қоюға; ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағашпен өңдеу жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектердi шаюға;

      3) көлiк құралдарын отын бактарынан, отын өткiзгiштерi мен карбюраторлардан ағу болғанда, сондай-ақ электр жабдығы бұзылған жағдайда отын бактарының қылталарын ашық қалдыруға;

      4) көлiк құралдарына жанар-жағар майларын құюға, сондай-ақ оларды су бұру жүйесіне немесе жақын аумаққа төгуге. Пайдаланылған жанар-жағармай материалдарын, сүзгiлердi, ескi-құсқы нәрселер және басқа да материалдар жинауды жанбайтын материалдардан жасалған, жабылатын қақпақтармен жабдықталған ыдыстарға жинау қарастыру керек;

      5) электромобильдерді қоспағанда, аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген үй-жайларда қайта зарядтау;

      6) қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (алау, шырақтар, дәнекерлеу шамдары, газ жанарғылары), жарықтандыру үшiн ашық от көздерiн пайдалануға;

      7) жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшiн көлiк құралдарын ортақ тқрақтарға қоюға;

      8) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың ыдыстарын сақтауға;

      9) көлiк құралдарын сырлауға, бөлшектерiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға болмайды.

      Ескерту. 1080-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1080-1. Электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын бокстарда, паркингтерде, көлік құралдарын қоюға арналған үй-жайларда, өндірістік гараждардың үй-жайларында, шатырлардың астында және көлікті сақтаудың ашық алаңдарында орналастыру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген талаптарды сақтау қажет.

      Ескерту. Қағидалар 1080-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1081. Газ тәрiздi отынмен жұмыс iстейтiн, газ-баллон жабдығымен қамтамасыз етілген көлiк құралдарын пайдаланған кезде:

      1) көлiк құралын түнгi немесе ұзақ тұраққа қойған кезде шығын вентильдерiн жабу, магистральды газ құбырындағы барлық газды шығару қажет, одан кейiн iске қосуды өшiрiп, магистральды вентильдi жауып, аккумулятордағы "масса" ажыратылады;

      2) жабық үй-жай мен паркингте көлiк құралының "өзiндiк жүру" қозғалысы тек сұйық отында (бензин, дизельдi отын) жасауға болмайды;

      3) көлiк құралдарын сақтауға арналған үй-жай мен паркингте сұйытылған көмiрсутектi газды (бұдан әрі – СКГ) айдауды жүзеге асыруға болмайды;

      4) үй-жайлардан көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн олар мұқият желдетiледi;

      5) қысқы уақытта көлiк құралдарын гараждан тыс сақтаған кезде және температура төмен болған жағдайда қозғалтқышты алдын ала жылыту және газ коммуникацияларында мұздың пайда болуын жою ыстық сумен, бумен немесе ыстық ауамен жүргiзiледi;

      6) қысымды бақылаумен, газды өндiрумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әртүрлi отын түрлерiне ауыстырып қосу және газ жеткiзумен байланысты жүйелер дұрыс жағдайда ұсталады. СКГ бар баллондардағы сақтандырғыш клапандар, сондай-ақ отын жеткiзiлуiн бұғаттауды қамтамасыз ететiн электрлiк магниттi клапандар дұрыс жағдайда пайдаланылады. Баллондарды куәландыру 2 жылда кемінде 1 рет жүргiзiледi;

      7) СКГ паркингтерде, жабық гараж тұрақтарда және басқа да iшiндегi температурасы 25 C асатын, жылытуы бар үй-жайларда қолдануға және сақтауға болмайды;

      8) қозғалтқышты iске қосуды тек отынның бiр түрiнде – газ немесе бензинде ғана жүзеге асыруға жол берiледi.

      1082. Көлiк құралдарын (жеке көлiк түрлерiнен басқа) сақтайтын паркингтер, ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған ғимараттар әрбiр 10 техникаға бiреуден келетiн сүйреткiш арқандармен (штангалармен) жабдықталады.

      1083. Жеке қолданыстағы гараждарда бұрын көрсетiлген талаптарға қосымша жиһаздарды, жанғыш материалдардан жасалған үй тұрмысындағы заттарды, сондай-ақ 20 литрден астам жанармай мен 5 литрден астам май қорларын сақтауға болмайды.

      1084. Автомобильдердi жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерiнде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге жөндеу жұмыстарын жүргiзуге болмайдф. Жұмыс аяқталғаннан кейiн үй-жай мен байқау шұңқырларын май сiңген, сүртiлген материалдардан тазартылады.

2-параграф. Аккумулятор станцияларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      1085. Аккумулятор батареяларын зарядтау процесінде:

      1) ұшқын болмас үшiн сымдардың батарея клеммасына берiк жалғануы тексерiледi;

      2) батарея банкаларындағы тығындар ашық күйде ұсталады;

      3) зарядтау тогын қосу мен зарядталған аккумуляторларды сақтауға ағынды сорғы желдеткiш жұмыс iстеп тұрғанда ғана жасалады;

      4) өткiзгiш жеке аккумуляторлардан зарядтау тогы өшiрулi тұрғанда ажыратылады;

      5) зақымдалған өткiзгiштердi дереу жаңасына ауыстырылады.

      1086. Аккумулятор станцияларының зарядтау үй-жайларында дәнекерлеу жұмыстарын немесе дәнекерлеу шамын қолданылатын жұмыстар батарея зарядталып бiткеннен кейiн 2 сағаттан соң және үй-жай мұқият желдетiлгеннен кейiн жүргiзiледi. Балқытып біріктіру немесе дәнекерлеу лампасымен жұмыс істеу кезінде үй-жайды үздіксіз желдету жүргізіледі. Дәнекерлеу орны үй-жайдың технологиялық жабдығынан отқа төзiмдi қалқандармен қоршалады.

      1087. Аккумулятор стансаларының үй-жайларында:

      1) темекi шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға;

      2) бiр ауысымдық қажеттiлiктен артық қышқылды, сiлтiнi немесе электролиттi сақтауға;

      3) жұмыс орнында арнайы киiмдi және басқа да бөгде заттарды қалдыруға болмайды.

2-тарау. Жуу және сырлау жұмыстарын жүргiзу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      1088. Жуу және сырлау үй-жайларын көп қабатты ғимараттардың жертөлелерiнде, астыңғы және бiрiншi қабаттарында орналастыруға болмайды.

      1089. Жуу және сырлау цехтарының, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлiмшелердiң еденi жанбайтын, электр сымды, тұрақты және ұшқын шығармайтын, ерiтiндiлерге төзiмдi етiп орындалады.

      1090. Жуу және сырлау цехтарының қабырғаларының ішкі қабаты кемiнде 2 метр және тазалануы оңай, жанбайтын материалдармен қапталған болуы қажет.

      1091. Жуу және сырлау цехтарының, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң үй-жайлары дербес механикалық үрлеу-сору желдеткiшiмен және нүктелiк сору-бояу камераларымен, малу ванналарымен, құю қондырғыларымен, қолмен бояу бекеттерiмен, кептiру камераларымен жабдықталады. Көрсетілген үй-жайларда жарылыс қауiптi концентрациялардың пайда болуының алдын алуға арналған автоматты газ талдағыш орнатылады.

      1092. Жуу және сырлау цехтарының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылу беру аспаптарының бетi тегiс болуы және 95о С артық қыздырмау қажет, қырлы радиаторларды қолдануға болмайды.

      1093. ЭОҚ сәйкес, Жуу және сырлау цехтарының, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң электр жабдықтары мен шырақтарын тек жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға болады.

      Электрлiк iске қосатын қондырғылар, түймелi электр магниттiк жiбергiштер жуу және сырлау үй-жайларынан тыс орнатылады.

      1094. Жуу және сырлау цехтарында гидравликалық iлмектi тұндырғыштармен немесе тұзақтармен жабдықталған өртке қауіпсіз су бұру жүйесі көзделеді. Соңғысы жүйелi түрде бояу қалдықтарынан тазаланып тұрады.

      1095. Жуу және сырлау цехтары мен бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылжымалы технологиялық құралдары (сатылар, басқыштар, тақтайлар, арбалар) соққы және үйкелiс кезiнде ұшқын шығудың алдын алатын қорғаныс қондырғысымен жабдықталады.

      1096. Жуу және сырлау цехтарының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң және лакпен бояу зертханаларының үй-жайлары үнемi таза әрi реттелген күйде ұсталады. Үй-жайларды, жабдық пен жұмыс орындарын жинау ауысымына кемiнде бiр рет ылғалды тәсiлмен жүргiзiледi.

      Төгiлген лак, бояу материалдары және ерiткiштер ағаш үгiндiсi мен судың көмегiмен дереу жинап алынады.

      Едендер мен қабырғаларды, жабдықты жуу техникалық өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн сұйықтықтармен жүзеге асырылады. Бұл мақсатта өрт қаупi бар органикалық ерiткiштердi пайдалануға болмайды. Сүрткіш материалдар пайдаланылып болғаннан кейiн жабылатын арнайы металл жәшiктерге салынып, ауысым соңында белгiленген орынға шығарылады.

      Лак, бояу материалдарынан босаған бос ыдыстар цехтан шығарылып, қақпағы тығыз жабылып, арнайы белгiленген алаңдарға жиналады.

      1097. Жуу және сырлау үдерiсiнде статикалық электр зарядын сөндiру үшiн барлық техникалық жабдықтар, бояу бүрiккiштер, ерiткiштер мен лак, бояуларға арналған құбырлар (иiлгiш шлангілер), сондай-ақ сырланатын және жуылатын жеке тораптар, бөлшектер мен басқа да бұйымдар жерге тұйықталады.

      Жерге тұйықталатын электрод кедергiсінің мәнi 10 Ом-нан аспау керек.

      1098. Жеке тораптар мен бөлшектердi және басқа да бұйымдарды жууға және майсыздандыруға пайдаланылатын органикалық, өрт қаупi бар ерiткiштерге статикаға қарсы қоспалар қосылады. Жуу мен майсыздандыруды жерге тұйықталатын нұсқаның сымымен жалғастырылған металл торға оралған мақта-мата майлықтармен жасалады.

      1099. Адамдарда статикалық зарядтардың пайда болуының алдын алу және тоқтату үшiн:

      1) жұмысшылар мен қызметшiлерге синтетикалық және жiбек маталардан киiм киюге, сондай-ақ жүзiктер мен бiлезiктер тағуға жол берiлмейдi;

      2) цех алаңдары мен жабдықтарда жерге тұйықталған аймақ қабаттарының қондырғысы көзделеді;

      3) есiк тұтқалары, баспалдақ ағаштары, құралдардың саптары жерге тұйықталады;

      4) жұмысшылар ток өткiзгiш аяқ киiмдермен және статикаға қарсы бiлезiктермен қамтамасыз етiледi.

3-тарау. Метрополитендерді ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1100. Әрбір станцияда мыналар әзірленеді: жедел өрт сөндіру жоспары, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы талаптар, жолаушыларды эвакуациялау жоспары, түтіндеу немесе өрт болған жағдайда тоннельдік желдету шахталарының жұмысы кезіндегі метрополитен қызметкерлерінің іс-қимыл тәртібі. Бұл құжаттар станция бойынша кезекшінің үй-жайында сақталады. Жедел өрт сөндіру жоспарының екінші данасы кассада аға кассирде сақталады және өрт сөндіру басшысының талабы бойынша беріледі.

      1101. Жұмыс істеп тұрған тоннельдер мен станциялардың салынып және қайта құралымданып жатқан объектілерге жанасу орындары жұмыс жүргізу басталғанға дейін жанбайтын түтін өткізбейтін қалқалармен қоршалады. Жұмыс істеп тұрған метрополитен желілеріне жанасу орындарында жұмыстарды ұйымдастыру кезінде кезекші персоналмен телефон байланысы орнатылады.

      1102. Станция қабырғаларын қаптау үшін, эвакуациялау жолдарының (дәліздер, баспалдақ торлары, вестибюльдер, холлдар) төбелерін қаптау үшін, сондай-ақ станциялардың жерасты үй-жайлары мен вестибюльдерінің қаптамасына жарнама орнату үшін жанғыш материалдарды қолдануға болмайды.

      1103. Метрополитендердің жер асты кеңістігінде орнатылатын көйлек ілетін шкафтарды тек жанбайтын материалдардан пайдалануға жол беріледі.

      1104. Станцияның жер асты құрылыстарында газы бар баллондарды арнайы бөлінген орында ғана және екі данадан артық емес етіп сақтауға жол беріледі. Баллондардың сыйымдылығы 5 литрден аспауы тиіс.

      1105. Қызмет басшыларының өкімі бойынша орындалатын авариялық сипаттағы жұмыстарды қоспағанда, отпен байланысы бар жұмыстар метрополитеннің жерасты құрылыстарында тек түнгі уақытта және электр желісіндегі кернеу алынғаннан кейін жүргізіледі.

      1106. Жұмыс істеп тұрған тоннельдерде газбен және электрмен дәнекерлеу жұмыстары жылжымалы көлікте орнатылатын арнайы агрегаттардан ғана жүргізіледі.

      1107. Тоннельдерге жанар-жағармай материалдарын әкелу – осы мақсаттар үшін жабдықталған моторель көлігімен түнгі уақытта (метрополитенде жолаушылар болмаған кезде) арнайы тарату ыдыстарында жүзеге асырылады.

      1108. Тоннельдерге жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға бейімделген көлік осы Қағидаларға 3-қосымшада айқындалған бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесімен жабдықталады.

      1109. Станциялардың үй-жайларында және кабель коллекторларында өртке қарсы режимді тексеру үшін станция бойынша кезекшілердің кабиналарында тұратын авариялық тақтада үй-жайлардың нөмірленуіне сәйкес таңбаланған кілттер болады. Бұл үй-жайларды тексеру – станция бойынша кезекшінің немесе қызмет өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

      1110. Саны 30 адамнан асатын метрополитендер қызметкерлерімен нұсқама өткізу үшін жер асты кеңістігінде орналастырылатын техникалық кабинеттердегі оқу сыныптарының сыйымдылығына жол берілмейді.

      1111. Метрополитендердің жер асты кеңістігінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде металл ағаштар қолданылады.

      1112. Қолданыстағы тоннельдерде рұқсат етілмейді:

      1) газ генераторларымен жұмыс жүргізу;

      2) шпалдарды, астарларды, сыналарды креозотпен жібітуге, сондай-ақ битумды қыздыруға жол берілмейді.

      1113. Машина залдарының үй-жайларында, эскалаторларда және бөлшектеу камераларында қосалқы бөлшектер мен материалдарды жинауға жол берілмейді.

      1114. Тоннельдердегі кабельдік желілерді бояу тек түнгі уақытта станция басшысының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

      1115. Электр пойыздарының вагондары жарамды "жолаушы-машинист" байланыс құрылғысымен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

      1116. Машинистердің кабиналарына Орнатылатын электр пештері сенімді бекітіледі және дербес қорғаумен қамтамасыз етіледі. Пештерде және олардың жанында әртүрлі жанғыш материалдарды орналастыруға жол берілмейді.

      1117. Сауда дүңгіршектері станциялардың жер үсті вестибюльдерінде ғана орнатылады. Дүңгіршектер жанбайтын материалдардан жасалады. Сауда дүңгіршектері жолаушылардың өтуіне кедергі келтірмейтіндей есеппен орналастырылады.

      1118. Дүңгіршектерді жылыту үшін майлы электр радиаторлары немесе жылыту электр панельдері қолданылады.

      1119. Дүңгіршектер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және тәулік бойы кезекші персонал болатын үй-жайға белгі беретін автоматты өрт дабылымен жабдықталады.

      1120. Мыналарға:

      1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, пиротехникалық бұйымдарды және басқа да От қауіпті материалдарды сатуға және пайдалануға;

      2) станциялардың үй-жайларында тауарды, буып-түю материалын, сауда мүкәммалын сақтауға жол берілмейді.

4-тарау. Теміржол көлігін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1121. Теміржол көлігі объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қол жүгін сақтау камералары мен багаж бөлімдеріндегі стеллаждар тек жанбайтын материалдардан жасалады. Антресольдерді орнатуға жол берілмейді.

      1122. Паровоз деполарында және локомотивтер (паровоздар) қорының базаларында рұқсат етілмейді:

      1) жұмыс істеп тұрған оттықтары бар паровоздарды депоға қоюға, сондай-ақ оларды сору шатырларының сыртындағы тұрақта ерітуге;

      2) депо тұрағында және белгіленбеген орындарда оттықтар мен күл салғыштарды тазалауға;

      3) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары, қауіпті және жанғыш жүктері бар жылжымалы құрамды белгіленген паровоз оттығын тазалау орнынан 50 метрден кем қашықтықта орнатуға;

      4) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналарды, сондай-ақ көрсетілген сұйықтықтардан босаған цистерналарды алдын ала буламай, депо тұрағына қоюға;

      5) отын мен майды тікелей бокстарда (тұрақтарда) шелектерге, қаңылтыр табаларға және қосалқы ыдыстарға құюға;

      6) технологиялық процестермен белгіленбеген орындарда тепловоздарға отын мен май құюға;

      7) отын бактарының ауыздарын ашық қалдыруға жол берілмейді.

      1123. Қож жинайтын орлар жанғыш материалдарды сақтау қоймаларынан, сондай-ақ отқа төзімділігі IV, IVa және V дәрежелі ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылады. Оттықтарды тазалау орындарындағы қож бен от қалдықтары сумен толтырылып, үнемі тазаланып отырады.

      1124. Жуу-булау станцияларына (пункттеріне) бөлінген алаңдар станциялардың үлгілік технологиялық процесінің талаптарына сәйкес жабдықталады және теміржолдардан, жақын орналасқан станциялық және тракциялық жолдардан кемінде 30 метр, ал көршілес теміржол ғимараттары мен құрылыстарынан кемінде 50 метр қашықтықта орналасады.

      1125. Цистерналарды өңдеу орындарына жеткізу – ұшқын сөндіргіштермен жабдықталған тепловоздармен (мотовоздармен) жүргізіледі. Цистерналарды беру кезінде кемінде төрт осьті екі вагонның қалқаны орнатылады. Тепловоздардың тазалау орындарына 20 метрден жақын жақындауына жол берілмейді, бұл әрі қарай жүруге тыйым салатын сигналмен белгіленуі тиіс.

      1126. Жуу-булау станцияларына (пункттеріне) өңдеуге берілетін цистерналардың құю аспаптары, қалпақтары мен тиеу люктерінің қақпақтары жабылады. Өңделген цистерналар жарамды тиек арматурасымен жабдықталады.

      1127. Цистерналардың құю аспаптарының клапандары толтырылатын жолдар мұнай өнімдерінің қалдықтарын ұстауға арналған науалармен немесе басқа да құралдармен жабдықталады.

      Тұндырғыштар мен құбырлардағы люктер мен шұңқырлар үнемі қақпақтармен жабылады.

      Клапандарға май құю кезінде тек аккумуляторлық шамдар мен ұшқынға қауіпсіз құрал-саймандар ғана пайдаланылады.

      1128. Теміржолдар, эстакадалар, құбырлар, резервуарлар, жанғыш газдары, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналар ағызу және құю кезінде статикалық электрді бұру үшін сенімді жерге тұйықтағышпен қамтамасыз етіледі.

      1129. Металл тасымалды және жылжымалы сатылар жіктердің астындағы мыс ілгектермен және резеңке жастықтармен жабдықталады.

      1130. Қазандықтар мен цистерналардың ішін аккумуляторлық фонарьлармен жарықтандыруға жол беріледі. Фонарьларды қосылуы және ажыратылуы цистернадан тыс жерде іске асырылады.

      1131. Эстакадалар мен алаңдар мұнай өнімдерінің қалдықтарынан тазартылып тұрады және ауысымда кемінде 1 рет ыстық сумен жуылады.

      1132. Жуу-булау станцияларының (пункттерінің) аумағында рұқсат етілмейді:

      1) жарылыстан қорғалмаған фонарьларды, шамдар мен шырақтарды пайдалануға;

      2) қара металдан немесе соғылған кезде ұшқын шығаратын басқа да материалдардан жасалған құрал-саймандарды пайдалануға;

      3) теміржолдардың, ғимараттар мен құрылыстардың үстінен әуе электр сымдарын жүргізуге;

      4) цистерна қазандығының ішінде жұмыс істеген кезде болат пластиналармен немесе шегелермен қағылған аяқ киімді пайдалануға;

      5) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қалдықтарын сумен және конденсатпен бірге жалпы су бұру желісіне, ашық жыраларға, шұңқырларға, беткейлерге төгуге;

      6) адамдардың цистернаға түсуі барысында тасымалданбалы болат сатыларды, сондай-ақ болатпен қапталған ағаш сатыларды қолдануға;

      7) тексерілетін цистерналардың ішінде және сыртқы бөліктерінде сүрту материалдарын қалдыруға;

      8) локомотивтердің тазарту депосына және эстакада астына кіруіне.

      1133. Теміржолдарды бөлу жолақтары кемінде 4 метр минералдандырылған жолақпен жыртылады, құлаған ағаштардан, ағаш шабындыларынан және бұталардан, ескі шпалдардан және басқа да жанғыш қоқыстардан тазартылады. Аталған жанғыш материалдар бөлу жолақтарынан уақытылы шығарылады.

      1134. Жолдарда төгілген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар құммен, топырақпен жабылып, бөлу жолағынан тыс шығарылады.

      1135. Аралықтарда, станцияларда және буын жинақтау базаларында уақытша сақтау кезінде шпалдар мен қырлы бөренелер қатарлап жиналады.

      Қатарлар астындағы алаң мен аумақ кемінде 3 метр қашықтықта құрғақ шөптен және басқа да жанғыш материалдардан тазартылады, қазылады немесе жыртылады.

      1136. Шпалдар мен брустардың қатарлары жолға параллель етіп, құрылыстар мен құрылымдардан 30 метрден, поездардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан 10 метрден, басқа жолдардан 6 метрден кем емес қашықтықта, ал электр беру және байланыс желілерінің осінен тіректің биіктігінің бір жарым еселенген қашықтығында орналастырылады. Шпал қатарларының арақашықтары кемінде 1 метрден, ал қатарлардың әрбір жұбының арақашықтығы 20 метрден кем емес етіп орындалады.

      1137. Шөпті, сабан мен ағашты көпірлерден, жол құрылыстарынан және поездардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан, сондай-ақ электр беру және байланыс желілері сымдарының астынан кемінде 50 метр қашықтықта жинауға жол берілмейді.

      1138. Бөлу жолағында от жағуға және шырпыларды, кесiлген материалдарды жағуға, сондай-ақ қураған ағаштар мен бұталарды қалдыруға жол берілмейді.

      1139. Орман алқаптарында көпірлердің бөлу жолағы ені кемінде 4 метрді құрайтын минералдандырылған жолақпен сыртқы периметрі бойынша жиектеледі.

      1140. Көпір астындағы жер учаскелері 50 метр радиуста құрғақ шөптен, бұтадан, құлаған ағаштардан, жанғыш қоқыстан тазартылады.

      1141. Темір жолдардың үстінде орналасқан ағаш өтпе жолдар төменгі жағынан ені кемінде 4 метр, екі жағынан 0,3 метр төмен түсірілген ернеуі бар болат жабынмен қапталады.

      1142. Өзендер қатқан кезде барлық ағаш көпірлерде және ағаш төсеніші бар металл көпірлерде өрт сөндіру мақсатында қатпайтын ойықтар мен оларға өту жолдары орнатылады. Ойықтың орналасқан жері көрсеткішпен белгіленеді.

      1143. Барлық көпірлер мен жол өтпелерінде рұқсат етілмейді:

      1) олардың астында немесе олардың жанында материалдар қоймаларын, сондай-ақ кемелер, салдар, баржалар мен қайықтар үшін тұрақ орындарын орналастыруға;

      2) керосин фонарьлары мен бензомоторлы агрегаттар бактарын толтыруға;

      3) аралық құрылыстар мен басқа да конструкцияларды мұнай өнімдерінен тазартылмаған күйде ұстауға;

      4) көпірлердің астында құрғақ шөпті жағуға, сондай-ақ бұта мен басқа да жанғыш материалды жағуға.

      1144. Жол машина станциялары вагондарының тұруына арналған теміржол жолдары өрт болған жағдайда жылжымалы құрамды шығаруды және бөліп жайғастыруды қамтамасыз ету үшін бағыттамалы бұрмалармен жабдықталады.

      1145. Өндірістік шеберханалар, мектептер, балалар мекемелері орналасқан вагондар тұрғын үйлерден кемінде 10 метр өртке қарсы аралықта жеке топталып орнатылады.

      1146. Жол машиналары станциялары орналасқан жерлерде жасанды және табиғи су көздері болмаған кезде вагондардың әрбір тобына (15-20 бірлік) 50 кубтық метр есебінен теміржол цистерналарында немесе басқа да сыйымдылықтарда өрт сөндіру қажеттіліктері үшін су қоры құрылады.

      1147. Жол машина станциялары вагондарының тұрақ пункттерінде өрт туралы хабарлау сигналы орнатылады.

5-тарау. Жарылыс өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды тасымалдау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1148. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде жүктің ағуы мен шашылуын болдырмайтын, жүктің сақталуын және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін берік және жарамды тара мен қаптама пайдаланылады.

      1149. Жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын автоцистерналар сенімді жерге тұйықтағышпен, осы Қағидаларға 9-қосымшаның талаптарына сәйкес өрт сөндіргіштермен, киізбен, салмағы кемінде 25 кг құмы бар сыйымдылықпен жабдықталады және жүктің қауіптілік дәрежесіне сәйкес таңбаланады, ал пайдаланылған газ шығатын құбырлар жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      1150. Тез тұтанатын, улы, зәрлі, коррозиялық булар немесе газдар бөлетін жарылыс, өрт қауіпті жүктер кепкен кезде жарылғыш болады, ауамен және ылғалмен өзара қауіпті әрекеттесуі мүмкін, сондай-ақ тотықтырғыш қасиеттері бар жүктер герметикалық түрде буып-түйіледі.

      1151. Шыны ыдыстағы қауіпті жүктер бос кеңістікті жанбайтын төсеме және сіңіргіш материалдармен толтыра отырып, берік жәшіктерге немесе торларға (ағаш, пластмасса, металл) оралады.

      Қабырғалары мен торларының биіктігі тығындалған бөтелкелер мен банкалардан 0,05 метрге төмен жәшіктерді пайдалануға жол берілмейді. Ұсақ жөнелтілімдермен тасымалдау кезінде шыны ыдыстағы қауіпті жүктер қақпақтары бар тығыз ағаш жәшіктерге салынады.

      1152. Металл немесе пластмасса банкалардағы, бидондар мен канистрлердегі қауіпті жүктер ағаш жәшіктерге немесе торларға қосымша оралады.

      1153. Бір вагонға немесе контейнерге әртүрлі топтағы қауіпті жүктерді, сондай-ақ бірге тасымалдауға рұқсат етілмеген, бір топқа кіретін кейбір қауіпті жүктерді тиеуге жол берілмейді.

      1154. Вагондарға қышқылдары бар ыдысты тиеу кезінде оны тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстан қарама-қарсы жаққа қояды. Вагондағы барлық ыдыстар бір-біріне тығыз орнатылады және мықтап бекітіледі.

      1155. Улы газдары (2.2-шағын сынып) және тез тұтанатын (жанғыш) улы газдары (2.4- шағын сынып) бар баллондарды, сондай-ақ осы газдардан босаған баллондарды заттар мен материалдарды бірге сақтау жөніндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкес вагонмен жөнелтіледі немесе контейнерлерде ғана тасымалданады.

      1156. Жанғыш және улы газдары бар баллондар сақтандыру қалпақтарымен бір жаққа көлденеңінен тиеледі.

      Газ баллондары тік жағдайда барлық баллондарда қорғау сақиналары болған кезде және баллондардың қозғалу немесе құлау мүмкіндігін болдырмайтын тығыз тиелген жағдайда ғана тиеледі. Есік ойықтары жүктің есікке құлауын болдырмау мақсатында қалыңдығы кемінде 40 миллиметр тақтайлармен қоршалады.

      Ерекше жағдайларда, тасымалдау кезінде баллондарды қорғау сақиналарынсыз тиеуге жол беріледі. Бұл жағдайда баллондардың әрбір қатарының арасында Баллондарға арналған ұяшықтары бар тақтайлардан жасалған төсемдер орнатылады.

      Баллондар (ыдыстар) арасындағы төсем ретінде шөп, сабан және басқа да тез тұтанатын материалдарды пайдалануға жол берілмейді.

      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар стандартты герметикалық және пломбаланған бөшкелерде тасымалданады.

      Нитрат изопропил мен саминді тасымалдауға арналған вагондарды тиелген және бос күйінде де жүк жөнелтуші (жүк алушы) мамандарының бригадасы алып жүреді.

      1157. Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш газдарды беру тасымалдаудың орталықтандырылған тәсілімен көзделеді.

      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жұмыс орындарына беру үшін ашық ыдысты қолдануға жол берілмейді.

      1158. Ғимараттар мен құрылыстарда жанғыш газдардың, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың құбырларын төсеу кезінде:

      1) Құрылыс конструкциялары арқылы құбырлар өтетін жерлердегі ойықтар (саңылаулар, тығыздалмаған жерлер) ғимарат конструкциясының бүкіл қалыңдығына жанбайтын материалдармен герметикалық жабылады;

      2) арналар мен орлар (ашық және жабық) бір үй-жайдан екіншісіне өтетін жерлерде жанбайтын материалдардан жасалған жарамды газ өткізбейтін бөгеттер (диафрагмалар) пайдаланылады.

      1159. Жанғыш газдар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды айдау үшін тығыздамасы жоқ сорғылар мен шеткі тығыздағыштары бар сорғылар қолданылады.

      Толық емес қимамен жұмыс істейтін құбырларда гидравликалық ысырмалар орнатылады.

      1160. Сыйымдылығы 10 литр және одан да көп тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар шыны ыдысты өрілген себеттерге немесе ағаш торларға, ал сыйымдылығы 10 литрге дейінгі шыны ыдысты төсеме материалдары бар тығыз ағаш жәшіктерге салады, олар дүмпулерді жұмсартуға қызмет етеді және ыдыс сынған кезде ағатын сұйықтықты сіңіру қабілетіне ие болады.

      1161. Транспортерлерді, норийлерді, өздігінен ағатын және пневматикалық құбырларды пайдалану шаң бөлінетін орындарды жарамды және герметикалық жабындармен ғана жүзеге асырылады. Бүркемелерден тозаңды тұрақты және тиімді соруды қамтамасыз ететін желдеткішпен жабдықталады.

      1162. Пневмотасымалдау және өздігінен ағатын құрылғыларды пайдалану кезеңінде (өнім құбыржолдарда қозғалған кезде) құбыржолдарда тозаңның жиналуына жол берілмейді. Құбырларды тазарту – ұйым басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

      1163. Транспортерлер мен пневмокөлік құрылғыларын іске қосу олардың бос жүрістегі жай-күйін, оларда бөгде заттардың болмауын, мойынтіректерде майлаудың болуын, сондай-ақ барлық қорғау құрылғыларының жарамдылығын тексергеннен кейін ғана жүргізіледі.

      1164. Өнім тиісті пневмокөлік желісіне түсетін ауа үрлегіш машиналардың электр қозғалтқыштары бар технологиялық жабдықтың электр қозғалтқыштарын автобұғаттау жарамды күйде ұсталады және жабдықты әрбір іске қосу кезінде тексеріледі.

      1165. Жабдықтың тасылатын сусымалы (ұнтақ тәрізді) өнімдермен үйіліп қалуын және тірелуін болдырмау үшін транспортерлерді авариялық тоқтату автобұғаттағышы қарастырылады.

      1166. Ақаулы бұрама транспортерлер мен норийлерді (бұрама мен науа қабырғасы арасында саңылаудың болмауы, таспалардың үйкелуі және шөміштердің науа қабырғасына жанасуы) пайдалануға жол берілмейді.

      1167. Таспаның бір орында тұрып қалуына, сондай-ақ жетек барабандарын битуммен, канифольмен және басқа да жанғыш материалдармен майлауға жол берілмейді.

      1168. Норийлерде, өздігінен ағатын және пневматикалық құбырларда және басқа да транспортерлерде тұтану кезінде цехтың технологиялық жабдығының жұмысын тоқтату және аспирациялық және желдету жүйелерін ажырату үшін әрбір қабатта саты торының жанында арнайы түймелер орнатылады.

      1169. Аспирациялық желілерді және автоматты от бөгегіш құрылғылары ажыратылған немесе ақаулы ұсақталған материалдарды тасымалдау желілерін пайдалануға жол берілмейді.

      1170. Транспортерлерді, конвейерлерді өткізу үшін өртке қарсы қалқалардағы ойықтар от бөгегіш құрылғылармен (есіктермен, қақпалармен, су шымылдықтарымен, шашу құрылғыларымен) қорғалады.

      1171. Жарылыс, өрт қауіпті заттарды тасымалдау кезінде көлік құралында, сондай-ақ осы заттар бар әрбір жүк орнында қауіпсіздік белгілері орнатылады.

      1172. Жарылыс, өрт қауіпті заттардың үлкен партияларын елді мекен аумағы бойынша автокөлікпен тасымалдау стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес және тәуліктің түнгі уақытында ғана жүргізіледі.

      1173. Жарылыс, өрт қауіпті заттарды тасымалдау кезінде рұқсат етілмейді:

      1) тез тұтанатын сұйықтықтары мен жанғыш газдары бар цистерналарды тәуліктің күндізгі уақытында елді мекен арқылы тасымалдауға;

      2) дүмпулерге, кенеттен тежелуге жол беруге;

      3) жанғыш газдары бар баллондарды сақтандыру табандықтарынсыз тасымалдауға;

      4) көлік құралын қараусыз қалдыруға.

      1174. Жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды тиеу және түсіру орындары:

      1) өрт тұрғысынан қауіпсіз жұмыс жүргізу жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы құралдармен (тіреулер, қалқандар, траптар, зембілдер) жабдықталады. Бұл ретте шыны ыдыс үшін арбалар немесе ұяшықтары бар арнайы зембілдер көзделуі тиіс. Шыны ыдысты екі жұмысшының ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұтқалары бар жарамды себеттермен тасымалдауға жол беріледі;

      2) осы Қағидаларға 11-қосымшада айқындалған бастапқы өрт сөндіру құалдарының қажетті ең аз тізбесіне сәйкес өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады;

      3) ЭҚЕ сәйкес аймақтың класына тура келетін жарамды стационарлық немесе уақытша жарықтандырумен жабдықталады.

      1175. Жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті жүктермен тиеу-түсіру жұмыстары орындарында ашық отты пайдалануға жол берілмейді.

      1176. Тиеуді немесе түсіруді күтіп тұрған жүргізушілер мен машинистерге, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде көлік құралдарын қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

      1177. Жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды тиеуге берілетін көлік құралдары (вагондар, шанақтар, тіркемелер, контейнерлер) бөгде заттардан тазартылады.

      1178. Ыдыстың (орамның) зақымдануы, шашылған немесе төгілген заттар анықталған кезде зақымданған ыдысты (ораманы) дереу алып тастайды, еденді тазартады және шашылған немесе төгілген жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті заттарды жинайды.

      1179. Жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті жүктермен тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде қызметкерлер орамалардағы таңбалау белгілері мен ескерту жазбаларының талаптарын сақтайды.

      1180. Автомобильдердің қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған кезде, сондай-ақ егер заттар мен материалдар сумен өзара әрекеттескенде өздігінен жануға бейім болса, жаңбыр кезінде жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті заттармен және материалдармен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

      1181. Вагондардағы, контейнерлердегі және автомобиль шанақтарындағы жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті жүктер қозғалыс кезінде олардың орын ауыстыруын болдырмау мақсатында сенімді бекітіледі.

      1182. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды толтыруға және ағызуға байланысты технологиялық операцияларды жүргізу кезінде:

      1) люктер мен қақпақтар ақырын, жұлқымай және соқпай, ұшқынға қауіпсіз аспаптарды қолдана отырып ашылады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары құйылған ыдыстармен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді;

      2) арматура, шлангілер, алмалы-салмалы қосқыштар, статикалық электрден қорғау техникалық жарамды күйде ұсталады.

      1183. Резервуарларды, цистерналарды, сұйықтығы бар ыдыстарды толтыру алдында қолда бар өлшеу құрылғысының жарамдылығы тексеріледі.

      1184. Резервуардағы сұйықтық деңгейін өлшеу және сынама алу тәуліктің жарық уақытында жүргізіледі. Тәуліктің қараңғы уақытында жұмыс істейтіндер жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды ғана пайдаланады.

      Найзағай кезінде, сондай-ақ өнімді айдау немесе тартып шығару кезінде деңгейді қолмен өлшеуге және сынама алуға жол берілмейді.

      Ұшқыннан қорғалған материалдан жасалған сынама алғыштар және жерге тұйықтау қолданылады.

      1185. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды толтыру және босату жарамды қосылыстары бар құбыржолдар мен шлангілер арқылы және тиісті ысырмалардың дұрыс ашылуы мен жабылуын, шлангілер мен құбыржолдардың қосылу тығыздығын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Бекіту арматурасы толығымен ашылады.

      1186. Өнімді резервуарларға, сыйымдылықтарға "құламалы ағыспен" беруге жол берілмейді. Резервуарды толтыру (босату) жылдамдығы резервуарда орнатылған тыныс алу және сақтандыру клапандарының (немесе желдеткіш келте құбырлардың) жиынтық өткізу қабілеттілігінен аспайтын болып көзделеді.

      1187. Жарылыс-өрт қауіпті немесе өрт қауіпті жүктерді түсіру аяқталғаннан кейін вагон, контейнер немесе автомобиль шанағы тексеріледі, заттардың қалдықтары мен қоқыстар мұқият жиналады және жойылады.

      1188. Осы Қағидалардың 1187-тармағының ережелері мынадай сұйытылған көмірсутек газдары мен олардың қоспаларын тасымалдауға арналған арнайы теміржол вагон-цистерналарын пайдалану және оларға қызмет көрсету кезінде орындалады: пропан, н-бутан, изобутан, пропан-бутан, пропилен, изопентан, н-пентан, бутадиен, изопрен, н-бутилен, пропан-бутилен, альфа-бутилен, бета-бутилен, бутилен-дивинильді фракция, изобутилен, изобутан-изобутилен, пиперилен, бутан-изобутилен фракциясы, пайдаланылған бутан-изобутилен фракциясы, пентан-изопентан, пентан-гексан, изоамилен, рефлюкс, тұрақсыз газ бензині, бутан-бутилен фракциясы, пропан-пропилен фракциясы, жеңіл көмірсутектердің кең фракциясы.

      Ескерту. 1188-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 16.09.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1189. Станциядағы сұйытылған көмірсутекті газы бар цистернамен байланысты өрт қауіпті жағдай туындаған кезде осы цистернаны поездан (құрамнан) ағыту және оны қауіпсіз орынға шығару шаралары қабылданады.

      1190. Цистерна қазандығын, оның элементтерін жөндеу, сондай-ақ оны ішкі тексеру – қазандық көлемін газсыздандырғаннан және жұмыс басшысы тиісті рұқсатты ресімдегеннен кейін жүргізіледі.

      1191. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жол берілмейді:

      1) қазандықтарды тиелген күйінде, сондай-ақ оның көлемін газсыздандыруға дейін бос күйінде жөндеуге;

      2) ұшқын беретін және цистернаның жанында ашық отпен (алау, жаровня, керосин фонары) болатын құралдарды пайдалануға;

      3) цистернаның астында дәнекерлеу және от жұмыстарын жүргізуге.

      Отты, дәнекерлеуді және соққыны қолдана отырып, арбаларды түзету жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда арбалар цистернаның астынан домалатылып шығарылады және одан кемінде 100 метр қашықтыққа әкетіледі.

      1192. Цистерна қазандығының ішіндегі жұмыстарды орындау кезінде (ішкі қарау, жөндеу, тазалау) кернеуі 12 Вольттан аспайтын, жарамды жарылыс қауіпсіз орындалған шырақтар қолданылады. Шырақты қосу және ажырату цистерна қазандығынан тыс жүргізіледі.

      1193. Цистерна қазандығының ішінде жұмыс жүргізу алдында қазандық көлемінде ауа ортасына көмірсутектердің қауіпті концентрациясының жоқтығына және оттегінің болуына талдау жүргізіледі.

      Оттегінің құрамына 19-20 % (көлем) шегінде рұқсат етіледі. Қазандық көлеміндегі жанғыш заттардың концентрациясы артық емес. Сұйытылған көмірсутекті газдар жалыны таралуының төменгі шоғырлану шегінің мәнінен 20%.

      1194. Жұмыс істемейтін жағдайда цистерна вентильдері жабылады және сөндіріледі. Қажет болған жағдайда толтырылған цистерна вентильдерінің тығыздама толтырғышын ауыстыру клапан толық жабылған және бұқтырмалары алынған кезде орындалады.

      1195. Сұйытылған көмірсутекті газдары бар вагон-цистерналары бар жылжымалы құрамда өрт қауіпті жағдай немесе өрт туындаған кезде теміржол станцияларында, аралықтарда, төгу-құю эстакадаларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар жолдарында, маневрлік жұмыстарды жүргізу кезінде басшылар, диспетчерлер, машинистер және теміржол көлігінің басқа да қызметкерлері өрт қауіпті жағдайларды шектеу және жою жоспарына сәйкес әрекет етеді.

      Жоспарлар 5 жылда кемінде 1 рет қайта қаралуға жатады. Технологиядағы, аппаратуралық ресімдеудегі, метрологиялық қамтамасыз етудегі өзгерістер, тасымалдауды ұйымдастырудағы өзгерістер кезінде, орын алған өрт қауіпті жағдайлар мен тасымалдау кезіндегі өрттер туралы деректер болған кезде жоспарлар 15 күн мерзімде нақтыланады. Жоспарларға өзгерістер мен нақтылаулар жоспарлардың өздері сияқты тәртіппен бекітіледі және келісіледі.

      1196. Жоспар мынадай негізгі ережелерді қамтиды:

      1) өрт туралы аумақтық өртке қарсы қызмет бөлімшесінің өрт байланысының орталық пунктіне, желілік ішкі істер органына және теміржол учаскесінің диспетчеріне хабарлау;

      2) өрт қауіпті жағдай немесе өрт шыққан жерге өрт сөндіру және қалпына келтіру поездарын шақыру;

      3) басқару аудандарын айқындау және вагондар мен құрамдарды бөліп жайғастыру және қауіпті аймақтан шығару, сондай-ақ өрт қауіпті жағдайды немесе өртті бастапқы сатысында шектеу жөніндегі міндеттерді станция жұмыскерлері арасында бөлу;

      4) барлық қажетті деректерді көрсете отырып, объектінің (темір жол учаскесінің) егжей-тегжейлі схемасын (жоспарын) қамтиды;

      5) теміржол көлігі қызметкерлері мен өрт сөндіру бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау.

      1197. Өрт қауіпті жағдайлар мен өрттерді шектеу және жою жоспары енгізілетін станция жұмыскерлері бірінші кезекте орындауы қажет жұмыстар тізбесі:

      1) өрттi байқаған сәттен бастап 15 минут iшiнде вагондар мен құрамдарды өрт ошағынан (жанып жатқан вагоннан, төгiлген және жанған сұйытылған көмiрсутек газдары орнынан) қауiпсiз қашықтыққа бөлiп жайғастыру;

      2) жылжымалы құрамнан өрт ошағының екі жағынан кемінде 3 көршілес жолды босату және құрамды қауіпті аймақтан шығару. Көршілес жолдарда жылжымалы құрамды қорғауды қамтамасыз ету кезінде жанып жатқан құрамды шығаруға жол беріледі;

      3) өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмыс учаскелерінде байланыс желісін токтан ажырату және жерге тұйықтау;

      4) қауіпсіз аймақты өрт ошағының ық жағынан бірінші және екінші жолдардың қашықтығында босату, бірақ келетін өрт сөндіру және қалпына келтіру поездарын қабылдау үшін төртінші-бесінші жолдардан алыс болмауы тиіс;

      5) станция паркінің негізгі массивіне, станциялық ғимараттарға, құрылыстарға, құрылыстар мен станция маңындағы объектілерге тікелей қатер төндіретін өрттің ықтимал даму бағытын ескере отырып, ең алдымен адамдармен және қауіпті жүктермен жылжымалы құрамды тарту жолдары жағына эвакуациялау;

      6) келген өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік қанат жаюын жүргізуі және түтік желілерін төсеуі;

      7) жанып жатқан және оның жанында орналасқан цистерналардың қабырғаларын салқындату, ал қажет болған жағдайларда салалық өртке қарсы қызметтің, ерікті өртке қарсы құралымдардың және станция қызметкерлерінің күшімен өртті сөндіруге алғашқы өрт сөндіру құралдары мен қолда бар өрт-техникалық қару-жарақтың көмегімен жақын жердегі су көздерінен түтік желісін салу. Көрсетілген операциялар осы операцияларды орындайтын адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі;

      8) қажет болған жағдайда шаруашылық қажеттіліктерге су тұтынуды қысқарта отырып, объектінің су құбыры желісіндегі қысымды нормативтік шамаға дейін арттыру үшін шаралар қолдану;

      9) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін қарсы алуды қамтамасыз ету және өрт қауіпті жағдайдың немесе өрттің сипаты туралы хабардар ету.

      1198. Аға теміржол бастығы (жол, бөлімше, станция бастығы немесе олардың орынбасарлары) немесе қалпына келтіру поезының бастығы өртке қарсы бөлімшелер келгенге дейін өрт қауіпті жағдайды немесе өртті шектеу және жою жөніндегі жұмыстардың басшысы болып табылады.

      Өртке қарсы бөлімшелер келгеннен кейін өртті сөндіруге басшылық ету аға жедел бастыққа-өрт сөндіру басшысына жүктеледі, жылжымалы құрамды эвакуациялау және бөліп жайғастыру жөніндегі станция қызметкерлерінің іс-қимылдары жұмыс басшысының нұсқауы бойынша және өрт сөндіру басшысының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      1199. Сұйытылған көмірсутек газдары ағып кеткен кезде сұйытылған көмірсутек газдарын төгу және құю жөніндегі барлық технологиялық операциялар, сондай-ақ поездардың қозғалысы және өрт қауіпті жағдайды шектеуге және жоюға жатпайтын маневрлік жұмыстар тоқтатылады. Ықтимал тұтану көзі (от, ұшқын) жойылады. Сұйытылған көмірсутекті газдар төгілген аймақтан жанғыш заттар жиналады. Апат орнына осы ауданның мемлекеттік өртке қарсы қызмет, өртке қарсы және газдан құтқару қызметтерінің бөлімшелері шақырылады, қауіптілік туралы жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

      Мамандар болған кезде, егер бұл қауіп төндірмесе, ағу жойылады немесе цистернаның ішіндегісі сақтық шараларын сақтай отырып және авариялық жұмыс орнында өртке қарсы қызмет бөлімшелері болған кезде жарамды цистернаға (ыдысқа) айдалады. Сұйытылған көмірсутекті газдары бар вагон-цистерна қауіпсіз орынға шығарылады.

      Газдың қарқынды ағып кетуі кезінде цистернадан толық шығуға рұқсат етіледі, бұл ретте газ толық таралғанға дейін 200 метр радиуста ықтимал Газдану аймақтарының пайда болуына тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

      Сұйытылған көмірсутекті газдардың тоннельдерге, жертөлелерге, су бұру жүйесіне түсуін болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды.

      1200. Ағатын сұйытылған көмірсутек газдары жанған кезде авария орнында өртке қарсы қызмет бөлімшелері болмаған кезде өртті оқшаулау және зақымдалған цистернадан немесе эстакада коммуникацияларынан ағып жатқан өнімнің қауіпсіз жануы үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды.

      1201. Жекелеген жағдайларда өрт қауіпті жағдайды шектеу және жою жөніндегі жұмыстардың басшысы, егер бұл адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмесе, басқа объектілердің бұзылуына және өрттің стихиялық дамуына әкелмесе, ағатын сұйытылған көмірсутек газдарын тұтандыру туралы өкім береді. Газды тұтандыру ракетницаның, петардалардың көмегімен жабыннан қашықтықтан жүзеге асырылады.

      Ағатын сұйытылған көмірсутек газдарын жағу бойынша жұмыстар авария орнына өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қажетті және есептік саны келгеннен кейін жүргізіледі.

10-бөлім. Сақтау объектілерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Жалпы ережелер

      1202. Қоймаларда (үй-жайларда) заттар мен материалдарды сақтау олардың өрт қауіпті физикалық-химиялық қасиеттерін (ылғал түскенде, ауамен жанасқанда тотығуға, өздігінен қызуға және тұтануға қабілеті), заттар мен материалдарды бірге сақтау жөніндегі ережелерге сәйкес өрт сөндіргіш заттардың үйлесімділік және біртектілік белгілерін ескере отырып, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Қолданылатын өрт сөндіргіш заттардың біркелкілігіне қарамастан, материалдар мен тауарларды каучукпен немесе авторезинамен бір секцияда бірге сақтауға жол берілмейді.

      1203. Жанғыш газдары бар баллондар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтар, сондай-ақ аэрозоль орамдары күн және өзге де жылу әсерінен қорғалады.

      1204. Көп қабатты қоймаларда аэрозоль орамдарын өртке қарсы бөліктерде тек жоғарғы қабатта ғана жинауға болады, бөліктегі орамдардың саны 150000-нан аспайды.

      Қойманың оқшауланған бөлігінде 15000 қаптамадан (қораптан) аспайтын, қойманың жалпы сыйымдылығы 900000 қаптамадан аспайтын сақтау жүзеге асырылады. Қоймалар шатырсыз, жеңіл ашылатын жабындары бар ғимараттарда орналастырылады.

      Жалпы қоймаларда 5000 данадан аспайтын мөлшерде аэрозоль орамдарын сақтау жүзеге асырылады.

      1205. Ашық алаңдарда немесе бастырмалардың астында аэрозоль орамдары тек жанбайтын контейнерлерде ғана сақталады.

      1206. Қойма үй-жайларында стеллажсыз тәсілмен сақтау кезінде материалдар қатарлап жиналады. Қойма үй-жайларының есік ойықтарына қарама-қарсы ені есіктердің еніне тең, бірақ кемінде 1 метр еркін өту жолдары қалдырылады.

      Қоймаларда әрбір 6 метр сайын ені кемінде 0,8 метр бойлық өту жолдары орнатылады.

      1207. Қойма үй-жайларының ішіндегі ағаш конструкциялар (стеллаждар) оттан қорғау құрамымен өңделеді.

      Ескерту. 1207-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1208. Транзиттік электр кабельдері, газ және басқа да коммуникациялар өтетін үй-жайларда қоймаларды орналастыруға жол берілмейді.

      1209. Шырақтардан сақталатын тауарларға дейінгі қашықтық кемінде 0,5 метр және жанғыш құрылыс конструкцияларының бетіне дейін 0,2 метр етіп қабылданады.

      1210. Тауар-материалдық құндылықтарды сақтауға арналған үй-жайларда тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін, тамақ ішуге арналған бөлмелерді және басқа да қосалқы қызметтерді орналастыруға жол берілмейді. Тауартанушылардың, сарапшылардың, қоймашылардың жұмыс орындарын қоршау үшін қойма үй-жайларында орнатылатын шыныланған қалқалар өрт туындаған жағдайда адамдарды немесе тауар-материалдық құндылықтарды эвакуациялауға кедергі келтірмеуі тиіс.

      1211. Қойма үй-жайларында және дебаркадерлерде тиеу-түсіру және көлік құралдарының тұруына және оларды жөндеуге жол берілмейді.

      Рампаға (платформаға) түсірілген жүктер мен материалдар жұмыс күнінің соңына қарай алынады.

      1212. Қоймалардың ғимараттарында ыдысты ашумен, жарамдылығын тексерумен және ұсақ жөндеумен, өнімді өлшеп ораумен, өрт қауіпті сұйықтықтардың жұмыс қоспаларын (нитро бояуларды, лактарды) дайындаумен байланысты барлық операциялар сақтау орындарынан оқшауланған үй-жайларда жүргізіледі.

      1213. Автомобильдер, мотовоздар, автотиегіштер мен автокрандар және жүк көтергіш техниканың басқа да түрлері ірі жем, талшықты материалдар сақталатын маяларға, қатарларға және бастырмаларға оларда жарамды ұшқын сөндіргіштер болған кезде кемінде 3 метр қашықтыққа жіберіледі.

      1214. Қоймалардың электр жабдықтары жұмыс күні аяқталғаннан кейін токтан ажыратылады. Қойманы электрмен жабдықтауды ажыратуға арналған аппараттар қойма үй-жайынан тыс, жанбайтын материалдардан жасалған қабырғаға немесе жеке тұрған тірекке орналастырылады, шкафқа немесе пломбалауға арналған құрылғысы бар қуысқа орнатылады және құлыппен жабылады.

      1215. Қоймалардың үй-жайларында кезекші жарықтандыруға, сондай-ақ газ плиталарын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалануға жол берілмейді, ал штепсель розеткаларды орнату ЭҚОҚ сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1215-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1216. Материалдарды ашық алаңда сақтау кезінде бір секцияның (қатардың) алаңы 300 шаршы метрден аспайды, ал қатарлар арасындағы өртке қарсы бөліктер кемінде 6 метр етіп қабылданады.

      1217. Базалар мен қоймалардың аумағында орналасқан ғимараттарда персонал мен басқа да адамдардың тұруына жол берілмейді.

      1218. Локомотивтердің А, Б және В1-В4 санатты қойма үй-жайларына кіруіне жол берілмейді.

      1219. Цех қоймаларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды кәсіпорында белгіленген нормадан асатын мөлшерде сақтауға жол берілмейді.

      1220. Түтін жоюға арналған ойықтары бар терезелері жоқ жертөле және цоколь қабаттардың үй-жайларында, сондай-ақ ғимараттардың жалпы саты торларын осы қабаттармен қосқанда жанғыш ыдыста жанғыш материалдарды немесе жанбайтын материалдарды сақтауға жол берілмейді.

2-тарау. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қоймаларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Резервуарлық парктерді ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1221. Резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген жерлерінің көлемі осы топырақ үйіп бекітілген жердегі ең үлкен резервуардың көлеміне тең етіп орындалады және үнемі жарамды күйде ұсталады. Топырақ үйіп бекітілген жердің ішіндегі алаңдар тегістеліп, құм себіледі. Механикаландырылған өрт сөндіру құралдары үшін топырақ үйіп бекітілген жерлер арқылы өту жолдарын орнату кәсіпорын басшылығының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте топырақ үйіп бекітілген жердің тұтастығы мен биіктігін, сондай-ақ резервуарлық парктің шекаралары бойынша өту жолдарын бұзуға жол берілмейді.

      1222. Толтыруды және деңгейді өлшеуді бақылау мен автоматтандыруға арналған құрылғылардың желілерін қоспағанда, резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген жері ішінде және тікелей резервуарларда электр жабдығын орнатуға және электр желілерін төсеуге жол берілмейді.

      Көрсетілген электр аппаратурасы мен сымдарды ЭҚЕ сәйкес жарылыстан қорғалып орындалған жағдайда ғана пайдалануға жол беріледі.

      1223. Резервуарлық парктегі құбыржолдардың коммуникациясы резервуарда авария болған жағдайда мұнай мен мұнай өнімдерін бір ыдыстан екіншісіне айдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін етіп көзделеді.

      1224. Жылдың қысқы кезеңінде резервуарлардың шатырларынан қар уақтылы шығарылады, сондай-ақ резервуарлық парктің аумағындағы жолдар мен өрт сөндіру жолдары қардан тазартылады.

      1225. Қыздыруға немесе жазғы уақытта ұзақ сақтауға жататын резервуарды мұнаймен немесе мұнай өнімдерімен толтыру кезінде сұйықтықтың деңгейі (резервуардың толып кетуін болдырмау үшін) қыздыру кезінде сұйықтықтың кеңеюін ескере отырып белгіленеді. Суық мұнай өнімінің ең жоғары деңгейі сыйымдылық биіктігінің 95%-нан, ал сұйытылған газдардың 83%-нан аспауы тиіс.

      1226. Төгілген мұнай, сондай-ақ резервуардың төбесіндегі мұнай өнімдері деңгейді өлшегеннен немесе сынама алғаннан кейін дереу алынады, ал резервуардың төбесі құрғатып сүртіледі. Шатырда сүрту материалдары мен қандай да бір заттарды қалдыруға болмайды.

      1227. Жарылыс және өрт қауіпті үй - жайларда көмірсутектердің шоғырлануын тұрақты бақылау үшін жарық және дыбыс дабылы бар газ талдағыштар орнатылады.

      1228. Әрбір резервуар жиналып қалған шөгінділерден жүйелі түрде (кестеге сәйкес) тазартылады.

      1229. Мұнайды және резервуарларды қыздырғыштардың үстіндегі сұйықтық деңгейі кемінде 50 сантиметр болғанда қыздыруға жол беріледі.

      1230. Резервуарлардағы тұтқыр мұнай өнімдері қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты бақылауымен тек бу иректүтіктерімен жылытылады.

      1231. Мұнай өнімдері толтырылған резервуарларда жұмыстар ұшқынға қауіпсіз аспапты пайдалану арқылы ғана жүргізіледі.

      1232. Резервуарлық парктегі өнеркәсіптік су бұру желісі кемінде 0,25 метр тұрақты су деңгейі бар және арнайы құдықтарда орнатылатын, арқанмен басқарылатын сақпандармен жабдықталған, резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген жерінен тыс шығарылған гидравликалық ысырмалармен қамтамасыз етіледі. Сақпанның қалыпты жағдайы жабық.

      1233. Жіктерде немесе корпустың немесе түбінің негізгі металында жарықтар пайда болған кезде жұмыс істеп тұрған резервуар дереу босатылып тазартылады.

      Мұнай немесе мұнай өнімдері толтырылған резервуардағы жарықтарды жою бойынша отпен байланысты және механикалық жұмыстарға жол берілмейді.

      1234. Резервуарлық парктің және жеке тұрған резервуарлардың барлық аумағында көрінетін жерлерде белгіленген өртке қарсы режимді бұзуға жол бермеу туралы жазбалар орнатылады.

      1235. Статикалық электр зарядтарының пайда болуын болдырмау үшін:

      1) соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалған және сынама алғыштарға дәнекерленген ток өткізетін арқандары бар сынама алғыштар қолданылады (арқандарды резервуардың төбесіндегі жерге тұйықтау клеммаларына қосу керек);

      2) статикалық электр зарядтарын жинамайтын маталардан жасалған киім пайдаланылады.

      1236. Тез тұтанатын мұнай өнімдерінің сынамаларын оларды ағызу немесе құю кезінде алуға жол берілмейді.

      1237. Сынама алу мен деңгейін өлшеуге мұнай өнімдерімен жұмыс істеу кезінде өрт-техникалық минимум бойынша оқыту курстарынан өткен адамдар жіберіледі.

      1238. Мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу және сынамаларын алу өлшеу құрылғыларының стационарлық жүйелерімен ғана жүзеге асырылады. Ерекше жағдайларда газ кеңістігінің артық қысымы 2,10 Па дейінгі резервуарларда деңгей өлшенеді және өлшеу люгі арқылы қолмен сынама алынады.

      1239. Деңгейді өлшеу және резервуарлардан сынама алу үшін қызмет ететін люктер герметикалық қақпақтармен, ал өлшеу саңылаулары ішкі жағынан ұшқын түзілуін болдырмайтын металдан жасалған сақиналармен жабдықталады.

      1240. Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндіру және салқындату жүйелері ақаулы резервуарларды пайдалануға жол берілмейді.

      1241. Күкіртті мұнай өнімдері сақталатын резервуарлар үшін пирофорлы күкіртті темір шөгінділерінен тазарту жөніндегі жоспарлы жұмыстардың кестесі әзірленеді.

      1242. Пайдаланылатын резервуарлық парктер аумағындағы ашық отты (дәнекерлеу, кесу) қолданумен байланысты барлық құрылыс және монтаждау жұмыстары кәсіпорынның бас инженерінің жазбаша рұқсаты негізінде жүргізіледі.

      1243. Топырақ үйіп бекітілген жердің ішінде және топырақ үйіп бекітілген жерде құбырларды төсеу және жөндеу кезінде қазылған орлар осы жұмыстар аяқталғаннан кейін дереу көміледі, ал топырақ үйіп бекітілген жер қалпына келтіріледі. Жұмыста ұзақ үзілістер болған кезде уақытша үйіп құлату ұйымдастырылады.

      1244. Деңгейді өлшеу және сынама алу тәуліктің жарық уақытында орындалады. Түнгі уақытта сынама алу немесе деңгейді өлшеу кезінде жарық беру үшін жарылыс қаупі бар аймақтан тыс жерде ғана қосу және ажырату жүзеге асырылатын жарылыс қаупі жоқ аккумуляторлық фонарьлар ғана қолданылады, қалта фонарьларын қолдануға жол берілмейді.

      1245. Авария кезінде төгілген мұнай өнімін жою үшін, сондай-ақ топырақ үйіп бекітілген жерлерден су бұру жолдарында нөсер суларын ағызу үшін топырақ үйіп бекітілген жерлердің шегінен тыс қолданысқа келтірілетін сақпан-клапандар түріндегі ысырма құрылғылары орнатылады.

      1246. Мыналарға:

      1) герметикалық емес жабдық пен тиек арматурасын пайдалануға;

      2) жобалау құжаттамасында белгіленген топырақ үйіп бекітілетін жердің биіктігін азайтуға;

      3) қисықтары мен жарықтары бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықты, бақылау-өлшеу аспаптарын, өнім өткізгіштерді және тұрақты өртке қарсы құрылғыларды пайдалануға;

      4) топырақ үйіп бекітілген жерге ағаштар, бұталар, шөптер отырғызуға;

      5) жанғыш негізге сыйымдылықтарды орнатуға;

      6) резервуарлар мен цистерналардың толуына;

      7) мұнай және мұнай өнімдерін төгу немесе құю кезінде резервуарлардан сынама алуға;

      8) найзағай кезінде мұнай мен мұнай өнімдерін төгуге және құюға жол берілмейді.

      1247. Тыныс алу клапандары мен от бөгегіштер дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес тексеріледі.

      Тыныс алу арматурасын қарау кезінде клапандар мен торлар мұздан тазартылады. Оларды ашық оттың көмегімен қыздыруға жол берілмейді және тек өртке қауіпсіз тәсілдермен ғана жүргізіледі.

      1248. Резервуарлық паркте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген жері ішіндегі аумаққа түтін құбырында ұшқын сөндіргіштері бар тракторлар мен автомобильдердің ғана кіруі жүзеге асырылады, ал пайдаланылатын немесе қорғалмаған резервуарға тракторлар мен автомобильдер 20 метрден кем емес қашықтыққа ғана жақындатылады.

      Көліктің кіруіне рұқсатты әрбір жағдайда кәсіпорынның немесе объектінің басшысы белгіленген тәртіппен береді.

      1249. Резервуарлық парктiң жұмыскерлерi пайдалану процесінде, сондай-ақ ықтимал авария немесе өрт болғанда қажеттi ауыстырып қосуды жылдам әрi мүлтiксiз жүргiзу үшiн құбырлардың орналасу сызбасы мен барлық ысырмалардың мақсатын бiлуi қажет.

      1250. Егер жөндеу жұмыстары алдында мұнай құбырын мұнайдан толығымен босату мүмкін болмаса, онда мұнайдың төгілуін болдырмау шаралары қабылданады.

3-тарау. Мұнай өнімдерін ыдыста сақтау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1251. Тұтану температурасы 120оС-тан жоғары сұйықтарды 60 м3 дейінгі мөлшерде жер асты қоймаларында сақтау, қалыңдығы кемінде 0,2 м нығыздалған жерқабатымен жабу, еден жанбайтын материалдардан жасалуы қажет.

      1252. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ыдыста бір үй-жайда бірге сақтау олардың жалпы саны 200 м3 тез тұтанатын сұйықтықтардан немесе 1000 м3 жанғыш сұйықтықтардан аспаған кезде жүргізіледі.

      1253. Қоймаларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелерді қолмен жинау кезінде еденге 2 қатардан аспайтын, жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелерді механикалық жинау кезінде 5 қатардан аспайтын, ал тез тұтанатын сұйықтықтарды 3 қатардан аспайтын етіп орнатылады.

      Қатардың енін 2 бөшкеден артық етіп орындауға жол берілмейді. Бөшкелерді тасымалдауға арналған басты өту жолдарының ені кемінде 1,8 м, ал қатарлар арасында кемінде 1 м етіп көзделуі тиіс.

      1254. Сұйықтықты сақтау тек жарамды ыдыста ғана жүзеге асырылады. Төгілген сұйықтық дереу жиналады.

      1255. Ыдыста мұнай өнімдерін сақтауға арналған ашық алаңдар жер білігімен немесе биіктігі кемінде 0,5 м жанбайтын тұтас қабырғамен қоршалады.

      1256. Алаң деңгейі жапсарла саумақтан 0,2 м жоғары етіп орындалады және ағынды суларды бұру үшін ормен қоршалады.

      1257. Топырақ үйіп бекітілген бір алаңның шегінде қатарлар арасындағы бөліктер кемінде 10 м, ал қатарлар мен біліктер (қабырғалар) арасында кемінде 5 м болатын мөлшері 25x15 м және биіктігі 5,5 м 4 қатардан аспайтын бөшкелер орналастырылады.

      Екі аралас алаңдардың қатарлары арасындағы бөліктер кемінде 20 м етіп орындалады.

      1258. Алаңдардың үстінен жанбайтын материалдардан жасалған бастырмаларды орнатуға жол беріледі.

      1259. Мұнай өнімдерін құюға, сондай-ақ буып-түю материалдары мен ыдыстарды тікелей қоймаларда және топырақ үйіп бекітілген алаңдарда сақтауға жол берілмейді.

4-тарау. Газ баллондарын сақтау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1260. Жанғыш газдары бар баллондарды сақтауға арналған қоймалар жеңіл ашылатын жабындары бар бірқабатты, шатырсыз ғимараттарда орналастырылады.

      Газы бар баллондар сақталатын үй-жайлардың терезелері ақ бояумен сырланады немесе күннен қорғайтын жанбайтын құрылғылармен жабдықталады.

      Баллондарды ашық алаңдарда сақтаған кезде оларды жауын-шашын мен күн сәулесінің әсерінен қорғайтын бастырмалар жанбайтын материалдардан жасалады.

      1261. Баллондарды сақтау орнының айналасында 10 м қашықтықта жанғыш материалдарды сақтауға және отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

      1262. Баллондар орналастырылатын шкафтар мен үйшіктер жанбайтын материалдардан жасалады және оларда жарылыс қауіпті қоспалардың түзілуін болдырмайтын табиғи желдеткішпен қамтамасыз етіледі.

      1263. Жанғыш газдары бар баллондар оттегі, сығылған ауа, хлор, фтор және басқа да тотықтырғыштары бар баллондардан, сондай-ақ улы газдары бар баллондардан бөлек сақталады.

      1264. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1265. Оттегі бар баллондарды сақтау және тасымалдау кезінде майлардың түсуіне және баллон арматурасының майлы материалдармен жанасуына жол берілмейді.

      Оттегі бар баллондарды қолмен қайта орау кезінде тиекті алуға жол берілмейді

      1266. Жинау кезінде баллондардың бір-біріне соғылуына, қалпақтар мен баллондардың еденге құлауына жол берілмейді.

      1267. 40 баллоннан астам мөлшердегі газдарды сақтау үй-жайлары жарылыс қауіпті шоғырлануға дейін жарамды газ талдағыштармен жабдықталады. Газ талдағыштар болмаған жағдайда объект басшысы сынамаларды іріктеу және бақылау тәртібін белгілейді.

      1268. Баллондардан газдың ағуы байқалған кезде оларды қоймадан қауіпсіз орынға шығарады.

      1269. Жанғыш газдары бар баллондар сақталатын қоймаға металл шеге немесе таға қағылған аяқ киім киген адамдар жіберілмейді.

      1270. Табандықтары бар жанғыш газдары бар баллондар тігінен олардың құлауын болдырмайтын арнайы ұяшықтарда, торларда немесе басқа да құрылғыларда сақталады.

      Табандығы жоқ баллондар көлденеңінен рамаларда немесе стеллаждарда сақталады. Бұл жағдайда қатардың биіктігі 1,5 м аспайды, ал клапандар сақтандыру қалпақтарымен жабылады және бір жаққа бұрылады.

      1271. Басқа да заттарды, материалдарды сақтауға жол берілмейді.

      1272. Жанғыш газдары бар қоймалардың үй-жайлары табиғи желдеткішпен қамтамасыз етіледі.

5-тарау. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі полигондарды ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1273. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі полигондарға қызмет көрсету және тұтануды алдын ала қайтару үшін ұйымдардың басшылары қажетті арнайы техниканың (бульдозер, өзіаударғыш, экскаватор, тиегіш, суару-жуумашинасы, сутаратқыш, су айдауға арналған мотопомпалар) және сусымалы инертті материалдардың қорының болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 1273-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1274. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі полигонның аумағы периметрі бойынша ені кемінде 4 метр минералдандырылған жолақпен жыртылады.

      1275. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі полигондар аумағының өрт сөндіру мақсаттары үшін полигондар "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне сәйкес сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың талап етілетін шығысына есептелген, сыйымдылығы жарамды сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаумен жабдықталады.

      1276. Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру, сақтау және зарарсыздандыру полигондарын (алаңдарын) толтыруды 10 000 шаршы метрден аспайтын алаңдарға сақтау учаскелерін бөле отырып, қатты тұрмыстық қалдықтар мен инертті жанбайтын материалдарды қабатпен кезектестіріп жүзеге асыру қажет. Учаскелер арасында ені кемінде 8 метр өртке қарсы бөліктер орындалады.

6-тарау. Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Ірі азықтарды сақтау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1277. Ірі жем шөп қорын сақтау ферма ғимараттарынан тұйық, жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) және отқа төзімділік шегі кемінде EI-45 жабындармен бөлінген жапсарлас құрылыстарда (құрылыстарда) ғана жүргізіледі.

      1278. Жапсарлас құрылыстар (жапсарластырылған құрылыстар) тек тікелей сыртқа шығу жолымен жабдықталады.

      1279. Пішен орны жер білігімен және сым қоршаумен қоршалады. Таразы шөп жинау орнынан тыс орналастырылады.

      1280. Ірі жемшөптердің маялары, бастырмалары мен қатарлары электр беру желілеріне дейін кемінде 15 м, жолдарға дейін кемінде 20 м және ғимараттар мен құрылыстарға дейін кемінде 50 м қашықтықта орналастырылады.

      1281. Шөп қоймалары қоршауынан жақын орналасқан орман алқаптарына дейінгі қашықтық кемінде 20 м етіп орындалады, периметрі бойынша ені кемінде 4 м жолақ жыртылады.

      1282. Өндірістік-шаруашылық кешен аумағындағы ірі жемшөп қоймалары арнайы бөлінген алаңда орналастырылады. Кебендерді (маяларды) немесе қатарларды орналастыруға арналған алаңдар периметрі бойынша ені кемінде 4 м жолақпен жыртылады. Жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге (маяға) дейінгі қашықтық кемінде 15 м, ал жеке тұрған кебенге (маяға) дейін кемінде 5 метр етіп орындалады.

      1283. Бір кебеннің (маяның) негізгі ауданын 150 м2, ал престелген шөп (сабан) қатарларын 500 м2 асыруға жол берілмейді.

      1284. Жекелеген қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы бөліктер кемінде 20 м етіп қабылданады. Қатарларды, бастырмаларды және кебендерді (маяларды) жұппен орналастыру кезінде қатарлар мен бастырмалар арасындағы қашықтық кемінде 6 м, ал олардың жұптары арасында кемінде 30 м етіп қабылданады.

      1285. Кварталдар арасындағы өртке қарсы бөліктер (кварталда 20 кебен немесе қатар орналастыруға жол беріледі) кемінде 100 м етіп орындалады.

      1286. Ылғалдылығы жоғары пішен конустық маяларға (шөмелелерге) олардың арасы кемінде 20 м етіп жиналады. Өздігінен жануға бейім ылғалдылығы жоғары шөп маяларында дюймді қималы металл құбырларға салынатын және маяға әртүрлі тереңдікте орналастырылатын кәдімгі сынап термометрлерінің көмегімен тұрақты температуралық бақылау жүзеге асырылады.

      Температура 600С жоғары көтерілгенде жылытылған пішен алынады.

      1287. Ірі жемшөп қоймаларында жұмыс істейтін тракторлар мен автомобильдер ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады, ал автомобильдерде сөндіргіш бампердің астынан алға қарай шығарылады. Ірі жем қоймаларындағы жұмысқа ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған тракторлар мен автомобильдер жіберілмейді. Қоймаға кірер алдында жүргізушілер ұшқын сөндіргіштің жарамдылығы мен бекітілу сенімділігін тексереді.

      1288. Шығару құбырларымен, коллекторлармен немесе сөндіргіштермен тікелей жанасудан жемшөптің тұтануын болдырмау үшін тартқыш тракторлар мен түсіру жұмыстарымен айналысатын автомобильдер маяларға 3 м жақын емес жақындайды.

      1289. Жемшөпті тікелей автомобиль шанағына тиеу кезінде оның қозғалтқышы сөндіріледі. Қоймадан шығуға автомобильдің тұрған орнын тексергеннен және шығару құбырының жанындағы шөпті (сабанды) жинағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

      1290. Ірі жемшөп қоймаларында өрт болған жағдайда кемінде 50 м3 су қоры қамтамасыз етіледі.

2-параграф. Астықты сақтау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1291. Егін жинау алдында астық қоймалары мен астық кептіргіштердің пайдалануға жарамдылығы тексеріледі. Анықталған ақаулықтар астықты кептіру және қабылдау басталғанға дейін жойылады.

      1292. Астық қоймалары жеке тұрған ғимараттарда орналастырылады. Оларға кіретін қақпалар сыртқа қарай ашылатындай етіп орындалады және үймеленбейді.

      1293. Астықты үйіп сақтаған кезде үйменің жоғарғы жағынан жабынның жанғыш құрылымдарына дейінгі, сондай-ақ шырақтар мен электр сымдарына дейінгі қашықтық кемінде 0,5 м етіп орындалады.

      Ойықтар арқылы астық тасымалдау орындарында өртке қарсы бөгеттерде от бөгегіш құрылғылар орнатылады.

      1294. Мыналарға жол берілмейді:

      1) астықпен бірге басқа материалдар мен жабдықтарды сақтау;

      2) қойма үй-жайларының ішінде астық тазалау және іштен жану қозғалтқыштары бар басқа да машиналарды қолдану;

      3) қойманың екі жағынан қақпалары жабық болғанда жылжымалы механизмдерде жұмыс істеу;

      4) қатты отынмен жұмыс істейтін кептіргіштерді тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың көмегімен, ал сұйық отынмен жұмыс істейтіндерді алау арқылы жағу;

      5) температураны бақылау аспаптары және оттықтағы алау сөнген кезде отын беруді ажырату автоматикасы, электр тұтату жүйесі ақаулы немесе оларсыз кептіргіштерде жұмыс істеу;

      6) астықты транспортер таспасының деңгейінен жоғары жабу және таспаның транспортер құрылымына үйкелуіне жол беру.

      1295. Кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде астық температурасын бақылау кемінде әрбір 2 сағат сайын сынама алу жолымен жүзеге асырылады.

      1296. Кептіргіштің тиеу-түсіру механизмдерін шаң мен астықтан тазарту оның жұмысынан кейін бір тәуліктен кейін жүргізіледі.

      1297. Жылжымалы кептіру агрегаты астық қоймасының ғимаратынан кемінде 10 метр қашықтықта орнатылады.

      Кептіргіштердің оттықтарын орнату кезінде ұшқындардың ұшып кетуіне жол берілмейді. Түтін құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады, ал олар жанғыш конструкциялар арқылы өтетін жерлерде өртке қарсы бөліктер орнатылады.

      1298. Астық қоймаларында астықты желдету кезінде желдеткіштер жанғыш қабырғалардан кемінде 2,5 м қашықтықта орнатылады. Ауа жолдары жанбайтын материалдардан жасалады.

      1399. Астық кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде оған қызмет көрсететін адамдар үнемі кептіргіш ғимаратында болады және оның жұмысын бақылауды жүзеге асырады.

      1300. Өндірістік және қойма үй-жайларының ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықтарды қолдануға жол берілмейді.

      1301. Астықтың жекелеген партияларын бөлу үшін стандартты ағаш нан қалқандары қолданылады.

      1302. Қоса салынған бункерлер мен қойма қабырғалары арасында өту жолдары болған кезде олардың ені кемінде 0,7 м етіп қабылданады.

      1303. Барлық ғимараттар мен үй-жайларда ашық қыздыру элементтері бар электрмен жылыту аспаптарын, ал жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен жылыту аспаптарының барлық түрлерін пайдалануға жол берілмейді.

      1304. Өнімді қаптарда, пакеттерде, қораптарда сақтауға арналған қоймаларда қатарлардың биіктігі қаптардың жоғарғы қатары мен жабынның шығыңқы элементтері немесе жабыны, сондай-ақ электр желілері, шырақтар арасында кемінде 1 м саңылау қалдыра отырып, оларды берілген биіктікке электр тиегішпен кедергісіз төсеуді ескере отырып қабылданады. Өнімді ыдыста сақтау тегендерде немесе стеллаждарда жүзеге асырылады.

      1305. Нан пісіру және макарон кәсіпорындарында ұн салынған қаптарды жинау кезінде ені кемінде мынадай өтетін жолдар орнатылады:

      1) қатарлар арасындағы өту жолдары 12 м кем емес – 0,8 м;

      2) қатарлардан қабырғаға дейінгі қашықтық – 0,7 м;

      3) электр тиегіштерге арналған өту жолдары – 3,0 м;

      4) көтергіш платформасы бар арбаларға арналған өту жолдары – 2,0 м.

      1306. Астық өнімдері саласының қалған кәсіпорындарының ыдысында өнімді сақтауға арналған қойманың ішінде өту жолдары орнатылады:

      1) біреуі – қойманың ортасында, бойлық, ені тетіктердің жұмысын қамтамасыз ететін, бірақ кемінде 1,25 м;

      2) екі көлденең – қойма қақпасына қарсы, тура өтетін, ені қақпаның енінен кем емес;

      3) қатарлар мен қойма қабырғалары арасында - ені кемінде 0,7 м.

      1307. Астық қабылдау және астық өңдеу кәсіпорындарында ыдыста өнім сақтауға арналған қойманың әрбір жағынан тура жүретін өту жолдары бар екі қақпа көзделеді. Қақпалар қойма тура өтетін жолдармен қақпаға қарсы үш түрлі кесіндіге бөлінетіндей етіп орналастырылады.

      1308. Жылыту аспаптарының беті тегіс болады және оларды шаңнан жүйелі түрде тазалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін биіктікте орналастырылады.

      1309. Жылыту аспаптарына еркін кіру қамтамасыз етіледі. Жылыту аспаптарын бөгде заттармен немесе материалдармен жабуға жол берілмейді.

      1310. Кеңейткіш ыдыстарды орнатуға арналған шатырлардағы кабиналар жанбайтын немесе жануы қиын материалдардан жасалады.

7-тарау. Орман материалдарын сақтау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Ағаш материалдары қоймаларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1311. Ағаш материалдары қоймаларында сақталатын материалдардың шекті көлемін, өртке қарсы бөліктер мен қатарлар арасындағы, сондай-ақ қатарлар мен көршілес объектілер арасындағы өту жолдарын көрсете отырып, қатарларды орналастыру жоспарлары әзірленеді.

      1312. Қатарлар арасындағы өртке қарсы бөліктерде ағаш материалдарын, жабдықтарды жинауға жол берілмейді.

      1313. Қатарларға бөлінген орындар шөп жамылғысынан, жанғыш қоқыс пен қалдықтардан топыраққа дейін тазартылады немесе қалыңдығы кемінде 0,5 м құм, жер немесе қиыршық тас қабатымен жабылады.

      1314. Әрбір қойма үшін кәсіпорын қызметкерлері мен техникасын тарту мүмкіндігін ескере отырып, қатарларды, баланс үймелерін, жоңқаларды бөлшектеу жөніндегі шараларды айқындай отырып, жедел өрт сөндіру жоспары әзірленеді. Жыл сайын көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезең басталар алдында кәсіпорынның барлық ауысымдары мен өртке қарсы қызметтің тиісті бөлімшелерінің қызметкерлерін тарта отырып, жоспар пысықталады. Жазғы уақытта қойма аумағын мезгіл-мезгіл суарып тұру керек.

      1315. Қоймалардағы алғашқы өрт сөндіру құралдарынан басқа жедел өрт сөндіру жоспарларында айқындалатын мөлшерде әртүрлі өрт сөндіру техникасының қоры бар пункттер (бекеттер) жабдықталады. Ағаш материалдарының қоймалары өрт сөндіру үшін қажетті су қорымен қамтамасыз етіледі.

      1316. Қоймада ағаш материалдарын сақтаумен байланысты емес жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

      1317. Ағаш материалдары қоймаларындағы жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайлар өртке қарсы бөліктерді сақтай отырып, жеке ғимараттарда ғана орналастырылады.

      Бұл үй-жайларды жылыту үшін тек зауытта дайындалған электрмен жылыту аспаптары қолданылады.

      1318. Іштен жану қозғалтқыштары бар шығырлар дөңгелек ағаш қатарларынан кемінде 15 м қашықтықта орналастырылады.

      Шығырдың айналасындағы алаң кесек қалдықтардан, қабықтан және басқа да жанғыш қалдықтар мен қоқыстардан босатылады. Қозғалтқыштарға май құюға арналған жанар-жағармай материалдары бір бөшкеден аспайтын мөлшерде және шығырдан кемінде 10 м және жақын қатардан 20 м қашықтықта сақталады.

2-параграф. Ағаш материалдарын сақтау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1319. Ағаш материалдарының қатарларын төсеу және бөлшектеу кезінде көлік пакеттері өтудің бір жағы бойынша ғана орнатылады, бұл ретте жолдың қалған жүру бөлігінің ені кемінде 4 м етіп орындалады. Қатарларға жиналмаған ағаш материалдарының жалпы көлемі олардың қоймаға тәуліктік түсуінен аспауға тиіс.

      1320. Көлік пакеттерін өртке қарсы бөліктерде, өту жолдарында, өрт сөндіру су көздеріне кіреберістерде орнатуға жол берілмейді.

      1321. Механизмдердің жұмысы уақытша тоқтатылған жағдайда пакеттерді іріктеу және орнату, мүкәммал шатырлары мен төсеу материалдарын сақтау арнайы алаңдарда жүргізіледі.

      1322. Көлік пакеттерін су өткізбейтін қағазбен орау (бұл операция бірыңғай технологиялық процесте болмаған кезде) арнайы бөлінген алаңдарда жүргізіледі.

      1323. Пайдаланылған су өткізбейтін қағаз, оның үзіктері мен қималары контейнерлерге жиналады.

      1324. Жабық қоймаларда қатарлар мен ғимарат қабырғаларының шығыңқы бөліктері арасындағы өту жолының ені кемінде 0,8 м етіп орындалады. Қойманың есік ойықтарына қарама-қарсы ені есіктердің еніне тең, бірақ кемінде 1 метр өту жолдары қалдырылады.

      1325. Жабық қоймаларда қалқалар мен қызметтік үй-жайлардың болуына жол берілмейді.

      1326. Жабық қоймалар мен шатыр астындағы алаңдардың едендері жанбайтын материалдардан жасалады.

8-тарау. Жоңқа қоймаларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1327. Жоңқаны жабық қоймаларда, бункерлерде және негізі жанбайтын материалдан жасалған ашық алаңдарда сақтауға болады.

      1328. Жоңқа беру конвейерлерінің электр қозғалтқыштары орналасқан үйшіктер отқа төзімділіктің II дәрежесінен төмен болмауы тиіс.

      1329. Жоңқаның қызу температурасын бақылау үшін үйме ішінде термоэлектрлік түрлендіргіштерді орнату үшін жанбайтын материалдардан жасалған құдықтар көзделеді.

9-тарау. Көмір қоймаларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1330. Көмірді жинауға арналған алаңдар оларды тасқын немесе жер асты суларымен су басуын болдырмайтындай етіп жоспарланады.

      1331. Мыналарға жол берілмейді:

      1) Жаңа өндірілген көмірді бір айдан астам жатқан ескі көмір үйіндісіне жинауға;

      2) қоймаларға өздігінен тұтану ошақтары анық білінетін көмірді қабылдауға;

      3) жанып жатқан көмірді транспортер ленталары арқылы тасымалдауға және оларды теміржол көлігіне немесе бункерлерге тиеуге;

      4) көмір қатарларын жылу көздерінің (бу құбырлары, ыстық су құбырлары, қызған ауа арналары) үстіне, сондай-ақ төселген электр кабельдері мен мұнай-газ құбырларының үстіне орналастыруға.

      1332. Көмірді төсеу және оны сақтау кезінде қатарларға ағаштың, матаның, қағаздың және жанғыш материалдардың түсуіне жол берілмейді.

      Әр түрлі маркалы көмір жеке қатарларға жиналады.

      1333. Ұзақ мерзімді сақтау үшін қоймаға келіп түсетін көмір мүмкіндігінше қысқа мерзімде вагондардан түсірілуіне қарай қатарлап жиналады. Түсірілген көмірді пішінсіз үймелерде және үйіп екі тәуліктен артық сақтауға жол берілмейді.

      Қатарлармен регламенттік жұмыстарды орындау, сондай-ақ механизмдер мен өрт сөндіру машиналарының өтуі үшін қатарлар табанының шекарасынан қоршайтын дуалға немесе кран жолдары іргетасына дейінгі қашықтық кемінде 3 м, ал рельс басының сыртқы шетіне немесе автожол жиегіне дейін кемінде 2 м етіп көзделеді.

      Өту жолдарын қатты отынмен жабуға және оларды жабдықпен үймелеуге жол берілмейді.

      1334. Қоймада еңістерде бақылау темір құбырлары мен термометрлерді орнату жолымен немесе басқа қауіпсіз тәсілмен көмір қатарларындағы температураны жүйелі бақылау қамтамасыз етіледі.

      Температура 600С жоғары көтерілген кезде температура көтерілген жерлерде қатарларды тығыздау, қызған көмірді алу немесе температураны төмендету бойынша басқа да қауіпсіз әдістерді қолдану жүргізіледі.

      Температураның жоғарылауы байқалатын қатарлар бірінші кезекте жұмсалады.

      1335. Көмірді тікелей қатарларда сумен сөндіруге немесе салқындатуға жол берілмейді. Жанған көмір қатардан алынғаннан кейін ғана сумен сөндіріледі.

      1336. Өздігінен тұтанған көмірді салқындағаннан немесе сөндіргеннен кейін қатарларға қайта салуға жол берілмейді.

      1337. Өндірістік ғимараттардың жертөле немесе бірінші қабатында орналастырылатын көмір сақтауға арналған үй-жайлар өртке қарсы бөгеттермен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлінеді.

10-тарау. Жанғыш талшықты материалдар қоймаларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1338. Барлық талшықты материалдар жабық қоймаларда сақталады, ерекшелік ретінде ашық алаңдарда және шатыр астында сақтауға жол беріледі.

      1339. Талшықты материалдар бумаларын түсіру, тиеу және салу кезінде бумалардың металл орамына ілмектермен соғуға жол берілмейді.

      1340. Қатарлар мен бастырмалар талшықтары дәйекті ұялар, топ, секторға енгізіледі.

      1341. Қатардағы талшық массасының 300 тоннадан артуына жол берілмейді.

      1342. Қатарлардың өлшемдері 22x11 м артық емес, биіктігі бойынша 8 м артық емес болып көзделеді.

      1343. Ұяда алты қатардан немесе бастырмадан аспайтындай етіп көзделеді, бұл ретте қатарлар арасындағы аралық – кемінде 15 м, бастырмалар арасында барлық бағыттар бойынша – 20 м.

      1344. Топта төрт ұядан аспайтын (24 қатар немесе бастырма) ұялар арасындағы аралық барлық бағыттар бойынша кемінде 30 м етіп көзделеді.

      1345. Сектор төрт топтан аспайтындай (96 қатар немесе бастырма) етіп көзделеді, топтар арасындағы аралық-барлық бағыттар бойынша кемінде 50 м.

      1346. Секторлар арасындағы алшақтықтар 100 метрден кем болмауы тиіс.

      1347. Талшықты материалдарды сақтауға арналған қоймалар, бастырмалар және ашық алаңдар орналасқан учаскелер қоршалады, бұл ретте қоршаудан қашықтығы 5 м кем болмауға тиіс.

      1348. Тез жанатын талшықты материалдарды тек бумаларда сақтауға жол беріледі. Сынған бумаларды сақтау жеке учаскелерде немесе арнайы бөлінген алаңдарда жүргізіледі. Оларды бірінші кезекте қайта өңдеуге жібереді.

      1349. Жабық қоймаларда талшықты материалдар бумаларын жинау ені 2 м бір бойлық өту жолы және ені дәл сондай көлденең өту жолдары әрбір есікке қарсы қалатындай етіп жүргізіледі. Биіктігі бойынша бумалар олардың жоғарғы жағынан электр шамдарына дейінгі қашықтық кемінде 1 м болатындай етіп жиналады.

      1350. Өндірістік қалдықтарды шикізатпен және дайын өніммен бірге сақтауға жол берілмейді.

      1351. Ашық алаңдардағы талшықты материалдардың қатарлары жабылады, ал бастырмалар барлық жағынан брезентпен тартылады.

      1352. Автомашиналармен, тракторлармен (тартқыштармен) тасымалдау кезінде талшықты материалдар брезентпен жабылады. Оларды тасымалдау кезінде темекі шегуге жол берілмейді.

      1353. Жабық қоймалардағы және бастырмалардың астындағы өту жолдары, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлар арасындағы бөліктер бос ұсталады.

      1354. Талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына ұшқын сөндіргіштерсіз теміржол (паровоздарды қоспағанда) мен автокөліктің 5 м, ал тракторлардың 10 м жақын келуіне жол берілмейді. Бұл жерлерде шектеу жолақтары орнатылады. Автокөліктің жабық қоймаларға, талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына кіруі пайдаланылған газ шығатын құбырға қарама-қарсы жағымен жүзеге асырылады, бұл ретте сөндіргіш жарамды ұшқын сөндіргішпен жабдықталады.

11-бөлім. Автожанармай құю және автогаз құю станцияларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1355. Автожанармай және автогаз құю құю станцияларында өрт қауіпті жағдайлар туындаған кезде технологиялық жүйелердің электр қорегі ажыратылады (аварияға қарсы және өртке қарсы қорғау жүйелерінің электр қорегінен басқа), оларды пайдалану тоқтатылады және аумақ көлік құралдары мен келушілерден босатылады және осымен бір мезгілде персонал өрт қауіпті жағдайды жоюға кіріседі.

      1356. Отын автоцистернаға тікелей жақын жерде төгілген кезде (бензин төгілген кезде бұл қашықтық төгілген шетінен бастап автоцистернаның габаритіне дейін 6 м дейін және дизель отыны төгілген кезде 3 м дейін қабылданады) автоцистернаның қозғалтқышын қосу және оны автожанармай құю станцияларының аумағынан шығару (егер бұл адамдардың өміріне қауіп төндірмесе) төгілген отын тұтанған кезде немесе өрт қауіпті жағдайды жою үшін отын төгілген ластанған құм жойылғаннан кейін ғана жүргізіледі. Үлкен қашықтықта төгілген кезде автоцистерна бензин төгілу шекарасынан кемінде 6 м және дизель отыны төгілу шекарасынан кемінде 3 м қашықтықта төгілу орындарын айналып өтіп, автожанармай құю станцияларының аумағынан шығарылады.

2-тарау. Автожанармай құю және автогаз құю станцияларының үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын және аумағын күтіп-ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1357. Автожанармай құю (бұдан әрі – АЖҚС) және автогаз құю станцияларының (бұдан әрі – АГҚС) аумағы жанғыш қоқыстан, құрғақ шөптен, жапырақтардан, мамықтан және төгілген мұнай өнімдерінен тазартылады.

      1358. Автожанармай құю станцияларының аумақтарында стационарлық және модульдік автожанармай құю станцияларын орналастыру кезінде өртке қарсы қашықтықтар "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы аралықтарды әртүрлі заттар мен материалдарды жинау үшін пайдалануға, көлік құралдары мен құрылыс объектілерін орналастыруға жол берілмейді.

      1359. Пайдаланылған сүрту материалдары мен мұнай өнімдері сіңген құмды жинау үшін қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшіктер орнатылады. Сүрту материалдары мен мұнай өнімдері сіңген құм аптасына кемінде бір рет АЖҚС және АГҚС шегінен шығарылады.

      1360. АЖҚС, АГҚС-тың барлық үй-жайларына кіретін есіктерде, сондай-ақ сыртқы қондырғыларда:

      1) "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне сәйкес жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың санаттары;

      2) ЭҚҚ бойынша жарылыс қауіпті немесе өрт қауіпті аймақтар класы;

      3) өртке қарсы жай-күйге жауапты қызметкердің тегі және аты-жөні;

      4) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру телефондарының нөмірлері жазылып көрсетіледі.

      1361. АЖҚС, АГҚС жанып жатқан көлік құралының аумағынан шұғыл эвакуациялау үшін ұзындығы кемінде 3 метр қатты буксирлеу штангасымен қамтамасыз етіледі.

      1362. АЖҚС-та, АГҚС-та персонал үшін мынадай қызметтік және тұрмыстық ғимараттарды (үй-жайларды) орналастыруға жол беріледі: оператор бөлмесі, әкімшілік, тамақ ішу, күзет қызметі, сондай-ақ санитариялық тораптар, арнайы киімге, құрал-саймандарға, қосалқы бөлшектерге, аспаптар мен жабдықтарға арналған қоймалар. Көрсетілгендерден басқа жерасты резервуарлары бар АЖҚС, АГҚС аумағында жолаушыларға, жүргізушілерге және олардың көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету ғимараттарын (үй-жайларын) орналастыруға жол беріледі.

      Жолаушылар мен жүргізушілерге сервистік қызмет көрсетуге бөлінген үй-жайларда ілеспе тауарлар дүкенін, тамақтану пункттері мен санитариялық тораптарды, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету үшін автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жуу бекеттерін орналастыруға жол беріледі. Жер үсті резервуарлары бар АЖҚС аумағында автожанармай құю станциясының персоналына арналған үй-жайлармен қатар сауда залы жоқ ілеспе тауарлар дүкенінің үй-жайларын орналастыруға жол беріледі.

      1363. АЖҚС, АГҚС ғимараттары орталық жылыту жүйелерімен жабдықталады.

      АЖҚС, АГҚС үй-жайларында зауытта дайындалған, өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін майлы электрмен жылыту аспаптарын жанғыш құрылымдар мен материалдарға дейінгі қажетті қашықтықты сақтай отырып орнатуға жол беріледі.

      АЖҚС, АГҚС аумағында және ғимараттарында жылу беру қондырғылары мен ашық от қолданылатын құрылғыларды қолдануға жол берілмейді.

      1364. Қызмет көрсетушi персоналдың арнайы киiмi металл шкафтарда iлiнген күйде сақталады.

      1365. Автожанармай құю станциясын ауыл шаруашылығы дақылдары егісіне, орман және дала алқаптарына жақын орналастырған кезде АЖҚС, АГҚС шекаралары периметрі бойынша ені кемінде 4 м жыртылады.

      1366. АЖҚС, АГҚС аумағын гүлдену кезінде үлпектер, талшықты заттар немесе өсінді тұқымдар бөлетін бұталармен және ағаштармен көгалдандыруға жол берілмейді.

      1367. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1368. Технологиялық жабдық пен май құю колонкаларының үстіндегі бастырмалар жанбайтын материалдардан жасалады. Желдетілмейтін көлемдері (қуыстары, қалталары) бар бастырмаларды орнатуға жол берілмейді.

      1369. Мынадай жағдайларда технологиялық жабдықты пайдалануға жол берілмейді:

      1) отын ағуының болуы;

      2) бақылау және реттеу аспаптары болмағанда, ақаулы болғанда, ажыратылғанда немесе тексеру мерзімі өтіп кеткенде;

      3) кез келген ақаулардың болуы.

      1370. АЖҚС, АГҚС аумағы бойынша транзиттік инженерлік желілерді төсеуге жол берілмейді.

      1371. Технологиялық жабдыққа АЖҚС, АГҚС өрт қауіптілігі дәрежесін арттыратын конструкциялық өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      1372. Бақылау-өлшеу аспаптары пломбаланады және технологиялық жабдықтың өртке қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін шекті рұқсат етілген параметрлермен (қысым, температура, шоғырлану, құю деңгейі) белгіленеді. Параметрлердің біреуі рұқсат етілген шектерден ауытқыған кезде автоматты түрде ескерту (жарық немесе дыбыс) сигналдары беріледі.

      1373. АЖҚС, АГҚС технологиялық жүйелерін дайындаушы зауыттардың келісімінсіз аварияға қарсы және өртке қарсы қорғау жүйелерінің жұмыс істеу параметрлерін өзгертуге жол берілмейді.

      1374. Негізгі және қосалқы технологиялық жабдық статикалық электрден қорғаумен қамтамасыз етіледі.

      1375. Фланецтердің, келте құбырлардың, штуцерлердің және атмосферадан отын мен оның буын бөлетін құрылғылардың қақпақтары мен келте құбырлары арматурамен жанасатын жерлерде ұшқын шығармайтын және мұнай өнімдері мен қоршаған ортаның әсеріне төзімді төсемдермен жабдықталады.

      Пайдалану кезінде ашу үшін көзделген көрсетілген қақпақтар мен бітеуіштер ұшқын шығармайтын материалдан жасалады.

      1376. Отын сақтауға арналған резервуарлар деаэрация желілерімен жабдықталады. Деаэрация желісінің құбыржолдары от бөгегіштермен немесе жылдың кез келген уақытында жұмыс қабілетін сақтайтын кіріктірілген от бөгегіштері бар тыныс алу клапандарымен жарақталады.

      1377. Отынды жер астында сақтауға арналған резервуарлар олардың герметикалығын бақылау жүйелерімен жабдықталады.

      1378. Резервуарларды толтыруға арналған сорғылар оператор үй-жайында орналасқан электрмен қоректендірудің қол ажыратқыштарымен жарақталады.

4-тарау. Жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1379. Жанғыш бу-ауа қоспалары түзілуі мүмкін аймақтардағы жұмыстар ұшқын шығармайтын киім мен аяқ киімде ұшқынға қауіпсіз аспаппен орындалады.

      1380. Бұрын пайдалануда болған резервуарларды тасымалдау, алаңда орнын ауыстыру, орнату, жөндеу отынды толық шығарғаннан, су буымен буландырғаннан, жылы сумен жуғаннан, инертті газбен үрлегеннен және газ талдағыштың көмегімен отын буының бар-жоғын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

      Сыйымдылықтағы отын буларының шоғырлануының тұтанудың төменгі шоғырлану шегінен 20%-дан асуына жол берілмейді.

      1381. Станцияның технологиялық жүйелерінің герметикалығына пневматикалық сынақтар жүргізу үшін (резервуардың қабырға аралық кеңістігі, резервуардың ішкі кеңістігі, құбырлар) жанбайтын газдар (азот, көмір қышқыл газы) пайдаланылады. Жабдықтың герметикалы еместігі анықталған жағдайда автожанармай құю станциясын пайдалану тоқтатылады.

      1382. Резервуарлардың барлық түрлерінен қатты бөлшектерді (шламды) қосумен тауар суын шығару жабық тәсілмен жүргізіледі. Осы мақсатта пайдаланылатын жабдық бензинмен және дизель отынымен жұмыс істеуге арналған ұшқын шығармайтын материалдан жасалады. Қол сорғыларды пайдалану кезінде шламды төгу булану алаңы барынша аз болуы мүмкін жабық сыйымдылыққа ғана жүзеге асырылады. Шламдарды шығару кезінде осы операциямен байланысты емес барлық люктер мен штуцерлер жабылады. Шламға арналған сыйымдылық резервуарға іргелес аумақтағы тұғырға орнатылады және жерге тұйықталады. Көп камералы резервуарлардың шламдарын шығару әрбір камера үшін бөлек жүргізіледі. Шлам шығару аяқталғаннан кейін шлам автожанармай құю станциясының аумағынан тыс шығарылады.

      1383. От бөгегішті немесе онымен жабдықталған тыныс алу клапанын деаэрация жүйесі құбырының шығу жолында осы құбырды бекіту арматурасымен герметикалық жабынсыз алуға жол берілмейді. От бөгегіштің түрі пайдалану ауданының климаттық жағдайларында оның қалыпты жұмыс істеу жағдайларына сәйкес орындалады.

      1384. Технологиялық жүйенің конструкциясында көлік құралының отын багынан резервуарға отын буын рециркуляциялау желісі болған кезде отын буын рециркуляциялауды жүзеге асыру үшін резервуарды деаэрация құбырын жабуға жол берілмейді.

      1385. Автожанармай құю кешендерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, регламенттік жұмыстар, аспаптық және сақтандыру жабдықтарының метрологиялық сынақтары осы жұмыстардың кестесіне қатаң сәйкестікте орындалады. Технологиялық жабдыққа техникалық-пайдалану құжаттамасында көрсетілмеген қандай да бір регламенттік жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді. Мұндай жұмыстар жөндеу шеберханаларында жүргізіледі.

      1386. Автожанармай құю кешендерінің аумағында, ғимараттарында, құрылыстарында, үй-жайларында, технологиялық жүйелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге объектінің басшысы жазбаша рұқсат ресімдейді.

5-тарау. Отынды қабылдауға және беруге арналған жабдықты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1387. Автоцистерналардан отын құю жабық сызба бойынша орындалады. Резервуарлар мен автоцистерналардың тыныс алу құрылғыларын қоспағанда, отын буының қоршаған ортаға шығуына жол берілмейді.

      1388. Автоцистерналардан отын құю алдында резервуардағы отын деңгейі өлшенеді және қорғау құрылғыларының жарамдылығы тексеріледі. Құю процесін автожанармай құю станциясының қызметкерлері және автоцистернаның жүргізушісі бақылайды.

      1389. Резервуардағы отын түрін ауыстырған кезде (бензин – дизель отыны) соңғысы бұрын сақталған өнімнен мұқият тазартылады және резервуардың корпусында немесе жер асты резервуарларының құятын құбырларының көрінетін жерлерінде сақталатын отынның түрі көрсетілген жазу жазылады.

      1390. Көп камералы резервуарда, егер бұл технологиялық жүйеге арналған техникалық шарттар мен техникалық-пайдалану құжаттамасында көзделген жағдайда, бензин мен дизель отынын бір мезгілде сақтауға жол беріледі.

      1391. Автожанармай құю станциясына отыны бар автоцистерналар кірген кезде оның аумағынан барлық көлік пен бөгде адамдар шығарылады. Автожанармай құю станциясында бір мезгілде екі және одан да көп автоцистерналардың болуына жол берілмейді.

      1392. Автоцистерналардан отын құю жөніндегі операцияларды автожанармай құю станциясының кемінде екі жұмыскері және мынадай шарттар орындалған кезде жүргізеді:

      1) автоцистерналарға арналған май құю алаңында көлемі кемінде 100 л жылжымалы ұнтақты өрт сөндіргіш орнатылады;

      2) автоцистерналардың май құю алаңынан мұнай өнімдерімен ластанған атмосфералық жауын-шашынды бұру науасы жабылады және авариялық резервуарға отын төгіндісін бұру құбыры ашылады;

      3) автоцистерна жерге қосылады, содан кейін автожанармай құю станциясының резервуарларына отын құю операциясына кірісуге болады. Автопоездан мұнай өнімін құю кезінде әрбір цистерна оны толық босатқанға дейін жеке жерге тұйықталады.

      1393. Иілгіш жерге тұйықтау мыс өткізгіші автоцистерналардың корпусына тұрақты қосылады және соңында жерге тұйықтау құрылғысына қосуға арналған құрылғысы (қысқыш, болт ұшы) болады. Жерге тұйықтау өткізгіштерін автоцистерналардың боялған және ластанған металл бөліктеріне қосуға жол берілмейді.

      1394. Автожанармай құю станциясында көлік құралдарына жанармай құю кезінде:

      1) мотоциклдер мен мотороллер отын құю колонкаларына қозғалтқыштары өшіріліп беріледі, оларды іске қосу және тоқтату колонкалардан кемінде 15 м қашықтықта жүргізіледі, автомобильдер өз бетімен жүреді;

      2) қозғалтқышты іске қосқанға дейін автожанармай құю станциясының жүргізушісі немесе қызмет көрсетуші персоналы көліктің мұнай өнімдерімен ластанған бөліктерін құрғатып сүртеді;

      3) жерге төгілген мұнай өнімдеріне құм себіледі, ал сіңірілген құм мен сүрту материалдары қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшіктерге жиналады және жұмыс күні аяқталғаннан кейін автожанармай құю станциясының аумағынан шығарылады;

      4) май құюдың астында тұрған және одан кейінгі кезекте тұрған автомобильден қашықтық кемінде 1 м етіп көзделеді.

      1395. Автожанармай құю станциясында:

      1) жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштары бар көлік құралдарына май құюға;

      2) егер бұл белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген, қолданылатын технологиялық жүйеге арналған техникалық шарттарда және техникалық-пайдалану құжаттамасында көзделмесе, жер асты резервуарларының үстінен көлік құралдарының өтуіне;

      3) найзағай кезінде және атмосфералық разрядтардың пайда болу қаупі кезінде резервуарларды отынмен толтыру және тұтынушыларға отын беруге;

      4) бензин қабылдау, сақтау немесе беру операциялары жүзеге асырылатын автожанармай құю станциясының аумағына ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған тракторлардың өтуіне;

      5) автожанармай құю станциясының жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеумен тікелей байланысты емес жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

      6) жолаушылары бар көлік құралдарына май құюға (кемінде төрт есігі бар жеңіл автомобильдерден басқа);

      7) жарылғыш заттар, сығылған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, тез жанатын материалдар, улы және радиоактивті заттар және басқа да қауіпті заттар мен материалдар тиелген көлік құралдарының кіруіне жол берілмейді.

6-тарау. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1396. Жылжымалы автожанармай құю станциялары арнайы бөлінген алаңдарда орналастырылады.

      1397. Арнайы бөлінген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастар алдында:

      1) бақылау-өлшеу аспаптары бойынша және көзбен шолып станцияның герметикалығы тексеріледі;

      2) автожанармай құю станцияларының жерге тұйықтау өткізгіші алаңның жерге тұйықтау құрылғысына қосылады;

      3) оны көлік құралының отын багының астына орнатуға арналған тұғырық көзделеді;

      4) автожанармай құю станциясына көлік құралдарының кіруін кемінде 1 м шектейтін тосқауылдар белгіленеді;

      5) ескерту белгісі мен ақпараттық қалқан орнатылады.

7-тарау. Байланыс және өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1398. АЖҚС аумағы, ғимараттары, құрылыстары мен құрылымдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы, өрт кезінде адамдарды хабардар ету және эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықталады.

      1399. АЖҚС, АГҚС өндірістік және қоғамдық үй-жайлары осы Қағидаларға 11-қосымшаның талаптарына сәйкес олардың өрт сөндіру қабілетіне, өрттің алаңы мен сыныбына қарай өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етіледі.

      1400. Резервуарлардың электр пульттері мен жануын сөндіру үшін көмірқышқылды немесе ұнтақты қол өрт сөндіргіштері көзделеді.

      1401. Жылжымалы автожанармай құю станциялары сыйымдылығы 10 л бір ауа-көбікті өрт сөндіргішпен және сыйымдылығы 5 л бір ұнтақты өрт сөндіргішпен жарақталады.

      1402. Өрт сөндіргіштерді орналастыру орындары тиісті көрсеткіш белгілерімен белгіленеді.

12-бөлім. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Құрылыс, ғимараттар мен үй-жайлар аумақтарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1403. Құрылыс басталғанға дейін құрылыс алаңында өртке қарсы бөліктерде орналасқан барлық құрылыстар мен құрылымдар бұзылады.

      1404. Ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде жұмыс жүргізу жобасында құрылыстың барлық кезеңдерінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар көзделеді.

      1405. Құрылыс аумағындағы өндірістік, қойма және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамында әзірленген, белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарға сәйкес орналастырылады.

      1406. Ауданы 5 га және одан астам құрылыс аумағында алаңның қарама-қарсы жағынан кемінде екі кіру жолы көзделеді. Жолдар жылдың кез келген уақытында өрт сөндіру автомашиналарының өтуі үшін жарамды жабынмен қамтамасыз етіледі. Кіруге арналған қақпалардың ені кемінде 4 м етіп көзделеді.

      Құрылыс алаңына кіре берісте салынып жатқан және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар, кірме жолдар, кіреберістер, су көздері, өрт сөндіру және байланыс құралдары салынған жоспарлар орнатылады (ілінеді).

      1407. Барлық салынып жатқан және пайдаланылатын ғимараттарға (оның ішінде уақытша), құрылыс материалдарын, конструкциялары мен жабдықтарын ашық сақтау орындарына еркін кіру қамтамасыз етіледі. Салынып жатқан ғимараттарға кіреберістер мен жолдар салу негізгі құрылыс жұмыстары басталғанға дейін аяқталады. Ғимараттардың бойымен ені 18 м астам өту жолдары екі бойлық жағынан, ал ені 100 м астам – ғимараттың барлық жағынан көзделеді. Жүру бөлігінің шетінен бастап ғимараттардың, құрылыстар мен алаңдардың қабырғаларына дейінгі қашықтық 25 м аспайды.

      1408. Темір жолдар арқылы өтетін барлық жолдар, өтпе жолдар, кіреберістер мен өткелдер жарамды күйде ұсталады және өрт сөндіру автомобильдерінің еркін өтуі қамтамасыз етіледі. Жолдар арқылы құбырларды немесе кабельдерді төсеу кезінде өткелдер, көпірлер немесе уақытша айналма жолдар орнатылады. Жөндеу жұмыстарының жүргізілгені немесе жолдардың, өтпе жолдардың уақытша жабылғаны туралы бас мердігер жақын маңдағы өрт сөндіру бөліміне дереу хабарлайды.

      1409. Жанғыш материалдардың ашық қоймалары, сондай-ақ жанғыш материалдардан жасалған өндірістік, қойма және қосалқы құрылыстар орналасқан алаң құрғақ шөптен, қурайдан, қабықтан және жоңқадан тазартылады.

      1410. Ашық алаңдарда жанғыш құрылыс материалдарын (ағаш кесу материалдары, толь, рубероид), жанғыш материалдардан жасалған бұйымдар мен конструкцияларды, сондай-ақ жанғыш орамдағы жабдықтар мен жүктерді сақтау кезінде ауданы 100 м2 аспайтын қатарларда немесе топтарда орналастырылады. Қатарлар (топтар) арасындағы және олардан бастап салынып жатқан немесе қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі бөліктер кемінде 24 м етіп қабылданады.

      1411. Салынып жатқан ғимараттарда осы бөлімнің ережелері сақталған жағдайда уақытша шеберханалар мен қоймаларды (жанғыш заттар мен материалдар қоймаларын, қымбат тұратын және құнды жабдықтар, сондай-ақ жанғыш орамдағы жабдықтар қоймаларын, өндірістік үй-жайларды немесе жанғыш материалдарды өңдеумен байланысты жабдықтарды қоспағанда) орналастыруға жол беріледі.

      Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар ғимараттардың 1-типті тұйық өртке қарсы қалқалармен және 3-типті қалқалармен бөлінген бөліктерінде орналастырылады.

      Қорғалмаған көтергіш металл конструкциялар мен жанғыш полимер жылытқыштары бар панельдерден салынып жатқан ғимараттарда уақытша қоймаларды (қамбаларды), шеберханаларды және әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді.

      1412. Құрылыс аумағында, салынып жатқан және уақытша тұрмыстық ғимараттарда адамдардың тұруына жол берілмейді.

      1413. Сөндірілмеген әк жеке тұрған жабық қойма үй-жайларында сақталады. Бұл үй-жайлардың едені жер деңгейінен кемінде 0,2 м көтеріледі. Сөндірілмеген әкті сақтау кезінде оған ылғалдың түсуіне жол берілмейді.

      Әк сөндіруге арналған шұңқырлар оны сақтау қоймасынан кемінде 5 метр және басқа ғимараттардан, құрылыстар мен қоймалардан кемінде 15 метр қашықтықта орналастырылады.

      1414. Объектiлердi реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, күрделi жөндеу және кезекпен пайдалануға беру кезiнде алынып жатқан бөлiгiн қолданыстағы бөлiгiнен 1-типтi уақытша өртке қарсы қалқалармен және 3-типтi қалқалармен бөледi. Бұл ретте адамдарды ғимараттар мен құрылыстардың бөлiктерiнен қауiпсiз эвакуациялау шарттарының бұзылуына жол берiлмейдi.

      1415. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар салынып және реконстукцияланып жатқан ғимараттар, құрылыстар мен қосалқы үй-жайлар үшiн осы Қағидаларға 11-қосымшада салынып және реконструкцияланып жатқан ғимараттарға, құрылыстар мен қосалқы үй-жайларға арналған бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесі сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

      1416. Iшкi өртке қарсы су құбыры мен жобада көзделген автоматты өрт сөндiру жүйелерi объектiнi тұрғызумен қатар монтаждалады.

      Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанда, ал автоматты өрт сөндiру жүйелерi мен дабыл жүйелерi iске қосу, реттеу жұмыстарын (кабель құрылыстарында – кабель төсегенге дейiн) жүргiзгенде қолданысқа енгiзiледi.

      1417. Жобада көзделген өрт сөндiру депосы құрылыстың бiрiншi кезегiнде тұрғызылады. Депо ғимаратын мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді.

      1418. Негiзгi құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейiн өртке қарсы қызметтi немесе өртке қарсы ерiктi құралымдар мен өрт техникасын орналастыру үшiн арнайы жылытылған үй-жайлар көзделеді.

2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзукезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      1419. Биiктiгi 3 қабат және одан астам ғимараттарды салу кезiнде сатылар саты торларын орнатумен қатар монтаждалады.

      1420. Саты торларында ағаш басқыштар екi қабаттан аспайтын ғимараттарда ғана қолданылады.

      1421. Құрылыс кезiнде зақымданудан қорғау үшiн жанбайтын сатылар жанғыш материалдармен жабылады.

      1422. Жобалық құжаттамада қарастырылған сыртқы өрт сатылары, тiреушелер, түтік жалғау құбырлары мен салынып жатқан ғимараттардың жабындарындағы қоршаулар көтергiш құрылымдарды монтаждағаннан кейiн бiрден, ал биіктігі 50 метрден астам ғимараттарды салу кезінде – әрбір келесі қабаттың тұрғызылуына қарай орнатылады.

      Жобалық құжаттамада көзделген түтік жалғау құбырларды монтаждау мүмкіндігі болмаған кезде әр қабатта өрт краны бар диаметрі 89 миллиметр уақытша түтік жалғау құбырлары орнатылады.

      Ғимараттың тұрғызылуына қарай 50 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан қабаттан бастап және одан жоғары мотопомпалары бар көлемі кемінде 3 текше метр уақытша аралық сыйымдылықтар орнатылады. Мотопомпалары бар уақытша аралық сыйымдылықтардың арасындағы аралық жоғары орналасқан қабаттарға өрт сөндіргіш заттарды беру кезінде қысымның жоғалуына байналысты есептеудің негізінде анықталады.

      1423. Ғимараттарды үш қабат және одан астам етiп салу кезiнде мүкәммал металл ағаштар қолданылады.

      Құрылыстың құрылыс ағаштары олардың периметрiнiң әрбiр 40 метріне бiр сатымен немесе басқышпен, бiрақ барлық ғимаратқа кемiнде екi сатымен (басқышпен) жабдықталады.

      Ағаш құрылымдарын жанғыш материалдармен жабуға (жылытуға) болмайды.

      1424. Адамдарды биiк ғимараттар мен құрылыстардан (түтiн құбырларынан, мұнара градирнялардан, бөгеттерден, сүрлем үй-жайлардан) эвакуациялау үшiн құрылыстың барлық кезеңiне жанбайтын материалдардан жасалған кемiнде екi саты салынады.

      1425. Жанғыш материалдардан жасалған қалып бiр мезгiлде үш қабаттан аспайтындай етiп жасалады. Бетонның қажеттi төзiмдiлiгiне қол жеткiзгеннен кейiн ағаш қалыптар мен тақтайлар ғимараттан шығарылады.

      1426 Ғимараттар мен құрылыстардың iшiнде жанғыш заттар мен материалдарды ашық отты пайдаланумен байланысты басқа да құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қатар орындауға болмайды.

      1427. Металл құрылымдардың отқа төзiмдiлiк шегiн арттыру мақсатында оларды қорғау жұмыстары ғимаратты тұрғызумен қатар жүргiзiледi.

      1428. Ғимараттарда жанғыш материалдар болған жағдайда ойықтар арқылы қабырғалар мен қалқаларға (iшкi және сыртқы қабырғалардың және қабатаралық қалқалардың жапсарларын герметизациялау, қажеттi отқа төзiмдiлiк шектерiн қамтамасыз ете отырып, инженерлiк коммуникациялар өтетiн орындарда тығыздау) өрттiң таралуын болдырмау шаралары қабылданады.

      1429. Жанғыш жылытқыштары бар құрылымдарды монтаждаумен немесе жанғыш жылытқыштарды қолданумен байланысты жұмыстар жұмысты орындаушыларға берiлетiн және құрылыстың өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты тұлға қол қойған рұқсат бойынша жүргiзiледi.

      Жұмыс жүргiзу орындарында "От қауiптi – тез тұтанатын жылытқыш" деген аншлагтар iлiнедi.

      1430. Жабынға жанатын жылытқышты төсеу және гидрооқшаулағыш кiлемдi орнату, тартқышты цемент-құм ерiтiндiсiнен жасау, қорғайтын қиыршық тас қабатын төсеу, қоршау құрылымдарын монтаждау ауданы 500 м2 аспайтын учаскелерде жанғыш жылытқыштарды қолдана отырып және 1000 м2 аспайтын учаскелерде жануы қиын жылытқыштармен жүргiзiледi.

      1431. Жанатын жылытқыштарды темiрбетон плиталардың бойымен пайдалану кезiнде кемiнде 30 миллиметр өндiрiстiк ғимараттардың жабындарын тегістеу цемент-құм ерiтiндiсiнен орындалады, темiрбетон плиталар арасындағы жапсарлар мұқият қаланады.

      1432. Жұмыс жүргiзу орындарында жанғыш жылытқыштар мен жабынды рулон материалдары санының ауысым қажеттiлiгiнен артуына жол берiлмейдi.

      1433. Ауданы үлкен ғимараттардың жабындарында жанатын жылытқыш ұзындығы бойымен 50 метр сайын (корпус 80 метр және одан артық созылып жатқанда) енi кемiнде 6 метр, керамзит қиыршық тасынан немесе басқа да жанбайтын материалдардан жасалған өртке қарсы белдеулермен бөлiнедi.

      1434. Жанатын жылытқыш салынып жатқан ғимараттан тыс, бөлек тұрған құрылыста немесе арнайы алаңда салынып жатқан және уақытша ғимараттардан, құрылыстар мен қоймалардан кемiнде 18 метр қашықтықта сақталады.

      Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейiн пайдаланылмаған жанатын жылытқышты, осындай жылытқыштары бар жөнделмеген панельдер мен жабынды рулон материалдарын ғимараттардың iшiнде немесе жабындарында, сондай-ақ өртке қарсы бөлiктерде қалдыруға болмайды.

      1435. Тоңазытқыш ғимараттар мен осыған ұқсас құрылыстарда құрылыс-монтаждау жұмыстары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, бөлiктер бойынша жүйелi түрде жүргiзiледi.

      1436. Бөлiкте жылу оқшаулағыш орнатылғаннан кейiн оның қалдықтары жинап алынады және дереу оттан қорғайтын жабын қабаты жағылады. Жұмыс жүргізу процесінде жанатын жылу оқшаулағыштың қорғалмаған ауданы 500 м2 аспайтындай етіп және жануы қиын болғанда 1000 м2 етiп қабылданады.

      1437. Өртке қарсы белдеулердi, тоңазытқыш камераларда аймақтарды орнату кезiнде жылытқыштың жанбайтын материалдардан жасалған қоршау құрылымдарына тығыз қабысуы қамтамасыз етiледi. Өртке қарсы белдеулерде, аймақтарда бекiтiлмеген тесiктер қалдыруға болмайды. Кезектi бөлiктiң жылу оқшаулағышын тек алдыңғы аймақтардың өртке қарсы белдеулерiн тексергеннен және қабылдағаннан кейiн ғана орнатуға кiрiсуге болады.

      1438. Жанатын жылытқыштары бар панельдердiң металл қаптамалары зақымдалған жағдайда, механикалық (бұрандалы) қосқыштардың көмегiмен оларды жөндеу және қалпына келтiру бойынша шұғыл шаралар қабылданады.

      1439. Полимерлi жылытқыштары бар панельдердi монтаждауды, жабынға полимерлiк жылытқыштарды төсеудi, жабындарды орнату жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн жобада көзделген барлық қоршаулар мен ғимараттардың жабынына шығу жолдары (саты торларынан, сыртқы сатылар арқылы) салынады. Өрт туралы хабарлау үшiн жабынға шығу жолдарына телефондар немесе өзге де байланыс құралдары орнатылады.

      1440. Өрт сөндiру мақсатында жабында жанатын жылытқышты қолдана отырып, ауданы 1000 шаршы метр және одан астам жабын төсеу бойынша жабын жұмыстарын жүргiзу кезiнде уақытша өртке қарсы су құбыры көзделеді. Өрт крандары арасындағы қашықтық әрқайсысы секундына 5 литр шығынымен кемiнде екi ағыста су жабынның кез келген нүктесiне беру шартымен қабылданады.

      1441. Жабында гидро және бу оқшаулауды орнатумен, жанғыш жылытқыштары бар панельдердi монтаждаумен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде электрлiк дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргiзуге болмайды.

      Ашық отты қолданумен байланысты барлық жұмыстар жанғыш және жануы қиын материалдарды пайдалану басталғанға дейiн жүргiзiледi.

      1442. Бу оқшаулау қабатын жабыстыру кезiнде кескiнделген төсем қабырғаларын битум шайырымен толтыруға және жобадан ауытқып, шайыр қабатын қалыңдатуға болмайды.

      1443. Қабаты қалың рулон материалдарын балқыту үшiн жабындарды темiр бетон плиталарына және жанбайтын жылытқыштарды қолдана отырып, бүркемелерге орнатқанда ғана агрегаттар қолданылады.

      1444. Жабындағы агрегаттарға отын құю екi өрт сөндiргiшпен және құмы бар жәшiкпен қамтамасыз етiлген арнайы орында жүргiзiледi. Жабында агрегаттарға құюға арналған отынды және отыннан босатылған бос ыдысты сақтауға жол берiлмейдi.

3-тарау. Мастикалармен, битуммен, полимер, басқа да жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстеу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      1445. Жарылыс-өрт қауiптi бу бөлетiн жанғыш заттар мен (құрамды дайындау және оны бұйымға салу) жұмыс iстейтiн үй-жайлар мен жұмыс аймақтары ағынды-сорғы желдеткiшiмен қамтамасыз етiледi.

      Жұмысты қауiпсiз жүргiзу үшiн ауа алмасу еселiгi есепке сәйкес жұмыс iстеу жобасымен анықталады.

      1446. Жанғыш заттарды пайдалану кезiнде оның мөлшерiнiң ауысым қажеттiлiгiнен асуына жол берiлмейдi. Жанғыш заттары бар сыйымдылықтар тек пайдалану алдында ғана ашылады, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылып, қоймаға тапсырылады.

      Жанғыш заттардан босаған ыдыс жаңа құрылыстың үй-жайларынан тыс арнайы бөлiнген орында сақталады.

      1447. Жанғыш заттардың қалдықтары арнайы жабық сыйымдылыққа жиналып, үй-жайлардан арнайы бөлiнген орынға шығарылады.

      1448. Жанғыш бояулар еденге тек табиғи жарық көзi бар кезде осы жұмыстарды жүргiзуге жауапты адамның бақылауымен 100 м2 аспайтын жердi қамти отыра жағылады. Жұмыстар үй-жайлардан шығу жолдарынан едәуiр қашық орындарда, ал дәлiздерде үй-жайлардағы жұмыс аяқталғаннан кейiн басталады.

      1449. Эпоксид шайырларды, желiмдердi, мастикаларды, оның iшiнде синтетикалық шайырлар негiзiндегi лак, бояуларды жағуды және плита және рулонды полимер материалдарын жапсыру үй-жайларды түпкiлiктi сырламас бұрын барлық құрылыс-монтаждау және санитарлық-техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.

      1450. Жанғыш заттарды пайдалана отырып жұмыс iстеу үшiн ұшқын шығармайтын материалдардан (алюминий, мыс, пластмасса, қола) жасалған аспап қолданылады. Жанғыш заттар мен жұмыс iстеу кезiнде қолданылған аспап пен жабдық ашық алаңда немесе желдеткiшi бар үй-жайда жуылады.

      1451. Жанғыш заттармен және материалдармен (құрамында отқа қауiптi заттар бар рулонды, плиталы, эпоксид шайырлармен, мастикалармен) жұмысты өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан және жұмыс басталар алдында өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықтан өткен адамдар жүргiзедi.

      Жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстейтiн үй-жайлар 100 м2 үй-жайға екi өрт сөндiргiш және киiз есебiнен алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

      1452. Жанғыш сұйықтар желдеткiшпен жабдықталған, жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған құрылымдарда, сондай-ақ терезе ойықтары мен дербес эвакуациялық шығу жолы бар сыртқы қабырғаның қасында оқшауланған үй-жайларда сақталады.

      1453. Өрт қауiптi заттармен және полимерлi материалдармен жұмыс тек құрылыстың өртке қарсы жай-күйiн қамтамасыз ететін адамның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiледi.

      1454. Оқшаулағыш және битум мастикаларын қайнату және қыздыру жанбайтын материалдардан жасалған қақпақтары тығыз жабылатын арнайы жарамды қазандықтарда жүзеге асырылады. Қазандықтар олардың сыйымдылығының төрттен үш бөлiгiнен аспайтындай етiп толтырылады.

      Битум қайнату қондырғысын тiкелей жабында орналастыруға болмайды.

      1455. Битум қазандығын ашық ауада орналастыру кезiнде олардың үстiне жанбайтын материалдардан жасалған шатыр орнатылады. Қайнату қазандығының айналасында өртке қарсы құралдардың жинағы (өрт сөндiргiштер, күректер мен құрғақ құм) көзделеді. Мастикалар мен битумдарды қайнатуға және қыздыруға арналған орын биiктiгi 0,3 м аспайтын бiлiкпен қоршалады. Қазандықтың от жағатын тесiгi жанбайтын материалдан жасалған қайырмалы күнқағарлармен жабдықталады. Битум құрамдары қыздырылатын қазандықтарды қараусыз қалдыруға болмайды.

      1456. Қазандықтардың топтағы саны үшеуден аспаса және қазандықтардың топтары арасындағы қашықтық кемiнде 9 м болғанда олар топпен орналастырылады. Мастикалар мен битумдарды қайнату мен қыздыруға арналған орын арнайы бөлiнген алаңдардан бөлінедi және мынадай қашықтықта орналастырылады:

      1) отқа төзiмдiлiгi V, IV, IVа дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 30 м;

      2) отқа төзiмдiлiгi III, IIIа, IIIб дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 20 м;

      3) отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 10 м.

      1457. Сұйылтылған газда жылжымалы қазандықтар жұмыс iстеген кезде екеуден аспайтын мөлшердегi газ баллондары жұмыс iстеп тұрған қазандықтардан кемiнде 20 м қашықтықта орнатылған, жанбайтын материалдардан жасалған желдетiлетiн шкафтарда орнатылады.

      1458. Көрсетiлген шкафтар үнемi құлыппен жабылып ұсталады.

      1459. Үй-жайлардың iшiнде битум құрамдары электр қыздырғыштары бар бөшкелерде қыздырылады. Қыздыру үшiн ашық отты пайдалануға болмайды.

      1460. Битум мастикасымен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындарына (қабаттарға) ыстық битум мастикасын жеткізу:

      1) қақпақтары тығыз жабылатын арнайы металл бөшкелерде механикаландырылған тәсiлмен жүзеге асырылады. Қақпақтар бак құлаған кезде ашылып кетуiн болдырмайтын ысырма құрылғыларымен қамтамасыз етiледi. Мастиканы ашық ыдыспен тасымалдауға болмайды;

      2) құрылыс құрылымдарына тiгiнен орнатылған учаскелерге бекiтiлген сорғымен ағып кетуiне жол бермей болат құбыр арқылы. Көлденең учаскелер мастиканы қызуға шыдамды шланг арқылы беруге болады.

      1461. Шлангiнi болат құбырмен қосу орнында ұзындығы 40-50 см сақтандыру қапшығы (брезенттен және басқа да материалдардан жасалған) кигiзiледi.

      1462. Мастика жағуға арналған қондырғының сыйымдылығын толтырғаннан кейiн мастика құбырдан ағызылады.

      1463. Араластыру кезiнде қыздырылған битум ерiткiшке (бензин, скипидар) құйылады. Тек ағаш араластырғышпен ғана араластыруға болады.

      1464. Битумды ерiткiштермен араластыру орнынан 50 м радиуста ашық отты пайдалануға болмайды.

4-тарау. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Жалпы ережелер

      1465. Дәнекерлеу және ашық отты қолданумен байланысты жүргізілетін басқа да жұмыстар осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес орындалады.

      1466. Дәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұмыс орындарын:

      1) осы мақсатта арнайы жабдықталған цехтарда, шеберханаларда немесе ашық алаңдарда ұйымдастырылатын тұрақты орындармен; 

      2) салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан ғимараттарда, тұрғын үйлерде және басқа да құрылыстарда, кәсiпорын аумақтарында жабдықты жөндеу немесе құрылыс монтаждау мақсатында жүргізілетін уақытша орындармен қарастыру қажет.

      1467. От жұмыстарын тұрақты жүргiзу орындары 10 бекеттен (дәнекерлеу және кесу шеберханалары) артық ұйымдастырылған кезде орталықтандырылған электрмен және газбен жабдықтау көзделеді.

      1468. Дәнекерлеу шеберханасында 10-нан аспайтын дәнекерлеу бекеттері болған жағдайда әрбiр бекет үшiн оттегi және жанғыш газы бар бiр қосалқы баллоннан болуға жол беріледі. Қосалқы баллондар жанбайтын материалдардан жасалған қалқандармен қоршалады немесе шеберханаларға арнайы жапсарлас құрылыстарда сақталады.

      1469. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу ұйымдастырылған үй-жайлардағы едендер жанбайтын материалдардан жасалады. Бөлшектердi алдын ала қыздырмастан дәнекерлеу жүргiзiлетiн үй-жайларда жанбайтын негiзде ағаш бөренелi едендер орнатуға болады.

      1470. Дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын белгiленген тәртiппен өрт-техникалық минимумнан өткен және өрт қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары бiліктілігіне сынақ тапсырған адамдар жүргiзедi.

      1471. Ашық алаңдар мен арнайы шеберханаларда от жұмыстарын тұрақты жүргiзу орындары кәсiпорын (ұйым) басшысының бұйрығымен анықталады.

      1472. Уақытша электрдәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұмыстарды жүргiзу орындары, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес объект басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның жазбаша рұқсатымен ғана айқындалады.

      1473. Құрылыс алаңдарында және өрт қаупі бар орындарда ұйым басшысының жазбаша рұқсатын алмай от жұмыстарын белгіленген тәртіппен өрт-техникалық минимумынан өткен және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын білуі бойынша сынақ тапсырған тиiстi бiлiктiлiгі бар мамандар ғана жүзеге асырады. Жазбаша рұқсатсыз от жұмыстарын дербес жүргiзуге жiберiлген мамандардың тiзiмiн объектiнiң басшысы бекiтедi.

      1474. Уақытша (бiр жолғы) от жұмыстар жүргiзуге рұқсат тек жұмыс ауысымына ғана берiледi. Егер бiрдей жұмысты жүргiзу кезiнде олар бiрнеше ауысым немесе күн бойы жүргiзiлетiн болса, объектiнiң әкiмшiлiгiнен қайта рұқсат алу қажет емес.

      Мұндай жағдайларда әрбiр келесi жұмыс ауысымына көрсетiлген жұмыс орындарын қайта тексергеннен кейiн әкiмшiлiк бұрын берiлген рұқсатты растайды, ол жөнiнде тиiстi жазба жазады. От жұмыстарының жүргiзiлуiне уақтылы бақылауды қамтамасыз ету мақсатында осы жұмыстарға рұқсат құрылыс әкiмшiлiгiнен объектiнiң мемлекеттік емес өртке қарсы қызметi, ал жоқ жерлерде оларды жүргiзер күннiң қарсаңында ерiктi өртке қарсы құралымдарға келiп түсуi тиiс.

      1475. От жұмыстары жүргiзілетін орындар алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiш, құм салынған жәшiк және күрек, суы бар шелек) қамтамасыз етiледi. Объектiде iшкi өртке қарсы су құбыры болған жағдайда от жұмыстары жүргiзілетін орынға өрт крандарынан оқпандары бар өрт сөндіру түтікқұбырлары төселедi. От жұмыстарымен айланысатын барлық жұмысшылар алғашқы өрт сөндiру құралдарын орынды пайдаланады.

      1476. От жұмыстарын қауіпсіз жүргiзуді қамтамасыз ететін адам жұмыс орнында өрт сөндiру құралдарының болуын тексередi.

      1477. От жұмыстары тұрақты жүргiзуге арналған орындарды өрт қауіпті және өрт-жарылыс қауiптi үй-жайларда орналастыруға болмайды.

      1478. От жұмыстарын жүргiзуге қарастырылатын технологиялық жабдық өрт-жарылыс қауiпсiз жай-күйiне:

      1) өрт-жарылыс қауiптi заттардан босату;

      2) қолданыстағы коммуникациялардан (от жұмыстарын жүргiзуге дайындық үшiн қолданылатын коммуникациялардан басқа) ажырату;

      3) алдын ала тазалау, жуу, булау, желдету, жұту және флегматизациялау арқылы келтiрiледi.

      1479. Технологиялық жабдықтың iшiн буландыру үшiн берiлетiн су буының температурасы жанғыш будың (газдың) өздiгiнен тұтану температурасының 80 %-ға тең етiп қабылданады.

      1480. Технологиялық жабдықты жуу ондағы будың (газдың) шоғырлануы олардың тұтану шегiнен тыс немесе электр статикалық қауiпсiз режимде болғанда жүргiзiледi.

      1481. От жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайларды, жабдықтар мен коммуникацияларды тазалау жарылыс қауiптi бу және тозаң-ауа қоспаларының түзiлуiн және тұтану көздерiнiң түзiлуiн болдырмайтындай тәсiлдермен жүргiзiледi.

      1482. Металдың қызған бөлiктерiнiң шектес үй-жайларға, көршiлес қабаттарға түсуiн болдырмау мақсатында барлық байқап тексеру, технологиялық және басқа да люктер (шағын люктер), желдеткiш, монтаждау және от жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайлардың жабындары, қабырғалары мен қалқаларындағы басқа да ойықтар (тесiктер) жанбайтын материалдармен жабылады.

      1483. От жұмыстарын жүргiзу орны осы Қағидаларға 13-қосымшада көрсетiлген радиуста жанғыш заттар мен материалдардан тазартылады.

      1484. Көрсетiлген радиустар шегiндегi құрылыс констукциялары, еден төсемдерi, өңдеу және қаптау, сондай-ақ оқшаулағыш және жанғыш материалдардан жасалған жабдықтың бөлшектерi оларға ұшқынның түсуiнен металл экрандармен немесе жанбайтын материалдармен және қажет болған жағдайда су құйып қорғалады.

      1485. От жұмыстары орындалатын үй-жайларда көрсетiлген үй-жайларды басқа үй-жайлармен қосатын барлық есiктер, оның iшiнде тамбур шлюздердiң есiктерi тығыз жабылады. Терезе жыл мезгiлiне, үй-жайдағы температураға, отты жұмыстардың ұзақтығына, көлемi мен қауiптiлiк дәрежесiне байланысты ашық болады.

      1486. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар буының, жанғыш газдардың жиналуы мүмкiн үй-жайлар отпен жұмысты жүргiзбес бұрын желдетiледi.

      1487. Жанғыш материалдар қолданылған ғимараттар мен үй-жайларда, құрылымдарда дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргiзуге арналған орын жанбайтын материалдан жасалған тұтас қалқамен қоршалады. Бұл ретте қалқаның биiктiгi кемiнде 1,8 метр, ал қалқа мен еден арасындағы саңылау 0,05 метрден артық емес етiп орындалады. Қыздырылған бөлшектердiң ұшуын болдырмау үшiн көрсетiлген саңылаудағы ұяшық 1,0х1,0 миллиметрден аспайтын, жанбайтын материалдан жасалған тормен қоршалады.

      Ескерту. 1487-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1488. От жұмыстарын бастамас бұрын және оларды жүргiзу барысында көрсетiлген жұмыстар жүргiзiлетiн технологиялық жабдықтағы және қауiптi аймақтағы бу, газ, ауа ортасының жай-күйiн бақылау жүзеге асырылады.

      Егер қауiптi аймақта немесе технологиялық жабдықта жанғыш заттар құрамы жоғарылаған немесе флегматизатордың шоғырлануы будың (газдың) шектi рұқсат етiлген жарылыс қауiпсiз шоғырлану мәнiне дейiн төмендеген жағдайда от жұмыстары дереу тоқтатылады.

      1489. От жұмыстары жүргiзiлiп жатқан жерлерде газдану мен тозаңдану себебiнен өрттер мен жарылыстардың туындауына әкелуi мүмкiн технологиялық жабдықтың люктерi мен қақпақтарын ашуға, өнiмдердi түсiруге, асыра тиеуге және құюға, оларды ашық люктер арқылы тиеуге, сондай-ақ өзге де операцияларды жүргiзуге болмайды.

      1490. Жұмыстағы үзiлiс кезiнде, сондай-ақ жұмыс ауысымының соңында дәнекерлеу аппараты электр желiсiнен ажыратылады, шлангiлер жанғыш сұйықтықтар мен газдардан ажыратылады және босатылады, ал дәнекерлеу лампаларындағы қысым толықтай шығарылады.

      1491. Жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық аппаратура мен жабдық арнайы бөлiнген үй-жайға (орынға) жиналады.

      1492. От жұмыстарын жүргiзу кезiнде мыналарға жол берілмейді:

      1) аппаратура ақаулы болғанда жұмысқа кiрiсуге;

      2) жанғыш бояулармен (лактармен) жаңадан сырланған констукциялар мен бұйымдарда от жұмыстарын жүргiзуге;

      3) майлардың, бензиннiң, керосин мен өзге де жанғыш сұйықтықтардың iздерi бар киiм мен қолғапты пайдалануға;

      4) дәнекерлеу кабиналарында киiмдi, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға;

      5) электр сымдарының сығылған, сұйытылған және ерiтiлген газдары бар баллондармен жанасуына жол беруге;

      6) жанғыш және улы заттармен толтырылған, сондай-ақ қысымы мен электр кернеуi бар аппараттар мен коммуникацияларда жұмыс iстеуге;

      7) жабынға гидрооқшаулағыш пен буоқшаулағышты орнатумен, жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар панельдердi монтаждаумен, едендердiң төсемдерiн жапсырумен және жанғыш лактарды, желiмдердi, мастикалар мен өзге де жанғыш материалдарды пайдалана отырып, үй-жайларды қаптаумен қатар от жұмыстарын жүргiзуге;

      8) электрдәнекерлеушi және газдәнекерлеушi (газ кескiшпен) бiр мезгiлде жабық сыйымдылықтар мен үй-жайлардың iшiнде жұмыс iстеуге.

      1493. Жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар жеңiл металл конструкцияларынан жасалған ғимараттардың элементтерiнде от жұмыстарын жүргiзуге болмайды.

      1494. Салынып жатқан тоңазытқыштарда электрдәнекерлеу жұмыстары жанғыш материалдардан босатылған жамылғы қабаттары жағылған (сылақ, бетон немесе армобетон кергiштерi) және өртке қарсы белдiктерi бар камералар мен бөлiктерде ғана жүргiзiледi.

      1495. Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын күрделi жөндеу және қайта құру кезiнде от жұмыстары жанатын конструкциялардың жануына қарсы және ұшқындардың ұшуына қарсы шаралар қабылданғаннан кейiн орындалады.

      1496. Өндiрiстi тоқтатпай күрделi жөндеу және қайта құру кезiнде және от жұмыстарын жүргiзу кезiнде кәсiпорын әкiмшiлiгi осы кезеңге ерікті нысанда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жоспарын әзiрлейдi.

      1497. Өрт шығу қаупi неғұрлым жоғары орындарда, от жұмыстары көлемi көп болғанда, сондай-ақ биiкте жұмыс iстеу кезiнде өрт сөндiру бекеттері (қызмет көрсетушi персонал, өртке қарсы ерiктi құралым санынан) қойылады.

      Биiкте жұмыс iстейтiн жұмысшылардың электрод тұқылдарын жинауға арналған металл қораптары көзделеді.

      От жұмыстарын 6 баллдан артық қатты жел тұрғанда биiктікте iстеуге болмайды.

      1498. Объект басшысы немесе өрт қауiпсiздiгiне жауапты өзге лауазымды тұлға уақытша от жұмыстары аяқталғаннан кейiн 3-5 сағат iшiнде олар жүргiзілген орындарды тексерудi қамтамасыз етедi.

5-тарау. Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1499. Оқшаулағышы жоқ немесе оқшаулағышы зақымданған дәнекерлеу сымдарын пайдалануға, сондай-ақ стандартты емес қорғау аппараттарын қолдануға болмайды.

      1500. Дәнекерлеу сымдары сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнаулы қысқыштар арқылы жалғастырылады. Электр сымдары электр тұтқышқа, дәнекерленетiн бұйымға және дәнекерлеу аппаратына шайбалары бар бұрандамалармен бекiтiлген мыс кабель ұштарының көмегiмен қосылады.

      1501. Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қалқанына және жабдыққа, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары орындарына қосылған сымдар нақты оқшауланады және қажеттi жерлерiнде жоғары температураның әсерiнен, механикалық зақымданудан немесе химиялық әсер етуден қорғалады.

      1502. Электр дәнекерлеу машиналарының кабельдерi (сымдары) оттегi құбырларынан кемiнде 0,5 м, ацетилен және өзге жанғыш газдар құбырларынан кемiнде 1,5 метр қашықтықта орналастырылады.

      Кейбiр жағдайларда газ құбыры қорғағыш металл құбырларда орналастырылған жағдайда көрсетiлген қашықтықтарды қысқартуға болады.

      1503. Дәнекерленетін бұйымды дәнекерлеу тогының көзімен қосатын кері өткізгіш ретінде кез келген профильдегі болат немесе алюминий шиналар, дәнекерлеу плиталары, стеллаждар және дәнекерлеу конструкциясы, егер олардың қимасы қыздыру шарттары бойынша дәнекерлеу тогының қауіпсіз ағуын қамтамасыз еткен жағдайда қолданылады.

      1504. Керi өткiзгiш ретiнде пайдаланылатын кейбiр элементтерін өзара біріктіру бұрандаларының, струбциналардың немесе қысқыштардың көмегiмен орындалады.

      1505. Өрт-жарылыс және өрт қауiптi үй-жайлар мен құрылыстарда электрдәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде керi өткiзгiш дәнекерленетiн бұйымнан бастап ток көзiне дейiн тек оқшауланған сыммен орындалады, әрi ол оқшаулау сапасы бойынша электр тұтқышқа қосылатын тiкелей сымнан кем болмауы қажет.

      1506. Кері өткізгіш ретінде ішкі темір жолдарды, жерге тұйықтау немесе нөлдендіру желілерін, сондай-ақ ғимараттардың металл конструкцияларын, коммуникациялар мен технологиялық жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайларда дәнекерлеу екi сымды қолдану арқылы жүргізіледi.

      1507. Дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлар, сондай-ақ ашық ауада орнатылатын барлық қосалқы аспаптар мен аппараттар дымқыл тартуға қарсы оқшаулағышпен жабық күйде қолданылады және жанбайтын материалдардан жасалған шатырлардың астынан орнатылады.

      1508. Қолмен дәнекерлеуге арналған электр ұстағыштың құрылымы электродтарды берiк ұстауды және тез ауыстыруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ жұмыста уақытша үзiлiс болғанда дәнекерленетiн бөлшекке оның корпусының немесе ол кенет металл заттарға құлағанда қысқа тұйықталу мүмкiндiгiн болдырмайды. Электр ұстағыштың тұтқасы жанбайтын диэлектрлiк және жылу оқшаулағыш материалдан көзделеді.

      1509. Дәнекерлеу кезiнде зауытта шығарылған, дәнекерлеу тогының номиналды шамасына сәйкес келетiн электродтар қолданылады.

      Электродтарды ауыстыру кезiнде олардың қалдықтары (тұқылдары) дәнекерлеу жұмыстары орындарында орнатылатын арнайы металл жәшiктерге орналастырылады.

      1510. Электрдәнекерлеу қондырғысымен жұмыс iстеу кезiнде жерге тұйықталады. Негiзгi электр дәнекерлеу жабдығын жерге тұйықтаудан басқа, дәнекерлеу қондырғыларында қысқыш тiкелей бұйымға өтетiн (керi өткiзгiш) өткiзгiш қосылатын дәнекерлеу трансформаторының екiншi орамына қосылады.

      1511. Агрегат пен iске қосу тетiгiн тазалау күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Дәнекерлеу жабдығына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргiзiледi.

      1512. Атомды-сутектi дәнекерлеуге арналған қондырғыларда доғаны қоректендiру бөлек трансформатордан жүргiзiледi. Доғаны тiкелей бөлу қорабынан кез келген түрдегi реттегiш арқылы қоректендiруге жол берiлмейдi.

      1513. Атомды-сутекті дәнекерлеу кезінде жанарғыда тізбек үзілген жағдайда кернеуді автоматты ажырату және сутекті беруді тоқтату көзделеді.

      1514. Iске қосылған жанарғыны қараусыз қалдыруға болмайды.

      1515. Өрт-жарылыс қауiптi аймақтарда электрдәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

      1) тұрақты ток көздерiн қоректендiру көздерi немесе құрылымында импульстi генераторлары бар, доғаның қайталана қозуы кезiнде электрод пен дәнекерленушi бұйым арасындағы кернеудi көтеретiн ("разряд" түрiндегi ток көзi) ауыспалы токтың арнайы көздерi қолданылады;

      2) П-II сыныпты өрт қауiптi аймақтарда тозаңнан тазарту үшiн қол жеткiзу қиын орындар көбiк түзгiштiң екi пайыздық ерiтiндiсiмен 1 м2 алаңға 1 литр ерiтiндi есебiмен өңделеді;

      3) тік және төбелік жағдайда дәнекерлеу, диаметрі 4 миллиметрден аспайтын электродтармен орындалады. Бұл ретте дәнекерлеу тогының шамасы төменгі көлденең жағдайда дәнекерлеу кезіндегіден 20 % төмен көзделеді;

      4) электрдәнекерлеу қондырғысын iске қосу алдында электрод тұтқышта электродтың болмауы тексерiледi.

6-тарау. Газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1516. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстары конструкциялары жанбайтын материалдардан жасалған, ацетилен генераторлары, оттегi баллондары мен дәнекерлеу бекеттерi үшiн оқшауланған үй-жайлары бар, арнайы бөлiнген дәнекерлеу шеберханаларында жүргiзiледi. Ацетилен генераторларына арналған үй-жайлар желдеткiшпен және жеңiл алынып тасталатын конструкциялармен қамтамасыз етiледi. Генераторларды жертөле үй-жайларына орнатуға болмайды.

      1517. Тасымалданатын ацетилен генераторларын пайдалануға рұқсатты қарамағында осы генераторлар болатын объектiнiң әкiмшiлiгi бередi.

      1518. Тасымалданатын ацетилен генераторлары ашық алаңдарда орнатылады. Оларды жақсы желдетiлетiн үй-жайларда уақытша қолдануға жол берiледi.

      Генераторларды жертөле үй-жайларында орнатуға жол берiлмейдi.

      1519. Ацетилен генераторлары от жұмыстарын жүргізу орындарынан, сондай-ақ компрессорлармен және желдеткіштермен ауа жинау орындарынан кемінде 10 метр қашықтықта қоршалады және орналастырылады.

      1520. Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге "Бөгде адамдарға кiруге болмайды – от қауiптi", "Темекi шегуге болмайды", "Отпен өтуге болмайды" деген аншлагтар (плакаттар) iлiнедi.

      1521. Жұмыс аяқталғаннан кейiн тасымалданатын генератордағы кальций карбидi шығарылады. Генератордан шығарылатын әк лайы осы мақсатқа лайықталған ыдысқа шығарылады және лай шұңқырына немесе арнайы бункерге ағызылады.

      1522. Ашық лай шұңқырлары қоршаумен қоршалады, ал жабықтары жанбайтын жабындармен, сорғы желдеткiшiмен және лайды шығаруға арналған люктермен жабдықталады.

      1523. Лай сақтау орындарынан 10 метр кем радиуста темекi шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды, ол жөнiнде тиiстi тыйым салу белгiлерi орнатылады.

      1524. Газ өткiзу шлангiлерi аппаратураның, жанарғылардың, кескiштер мен редукторлардың қосқыш ниппельдерiне қамыттардың немесе ниппельдiң ұзындығы бойымен кемiнде екi жерiнен жұмсақ күйдiрiлген (тоқылған) сымның көмегiмен сенiмдi бекiтiледi.

      Су ысырмалары ниппельдерiне шлангiлер тығыз кигiзiледi, бiрақ бекiтiлмейдi.

      1525. Кальций карбидi құрғақ, желдетiлетiн үй-жайларда сақталады.

      Кальций карбидiн сақтауға арналған қоймаларды жертөле үй-жайлары мен су басатын төменгі жерлерде орналастыруға болмайды.

      Механикаландырылған қоймаларда кальций карбидiнің барабандары тiгiнен үш қабат етiп, ал механика болмаған жағдайда көлденеңiнен үш қатардан аспайтындай етiп және тiгiнен екi қатардан аспайтындай етiп сақталады. Барабандар қатарларының арасына қалыңдығы 40-50 миллиметр тақтай төселедi. Қатарлап төселген кальций карбидi барабандары арасындағы өту жолдарының енi кемiнде 1,5 метр етiп көзделеді.

      1526. Кальций карбидiнiң аралық қоймасы жоқ ацетилен қондырғыларының үй-жайларында бiр мезгiлде 200 килограммнан аспайтын кальций карбидiн сақтауға болады, бұл жағдайда осы мөлшердің ішінен тек бiр барабан ғана ашық күйде болуы тиіс.

      1527. Кальций карбидi бар ашылған барабандар су өткiзбейтiн қақпақтармен қорғалады.

      1528. Кальций карбидi бар барабандарды сақтау және ашу орындарында темекi шегуге, ашық отты пайдалануға және ұшқын шығаратын құралдарды қолдануға болмайды.

      1529. Газы бар баллондарды сақтау мен тасымалдау олардың мойындарына сақтандыру қалпақтары бұралғанда ғана жүзеге асырылады. Баллондарды тасымалдау кезiнде жұлқылау мен соғуға жол бермеу қажет. Баллондар дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу орындарына арнайы арбалармен, зембiлдермен, шанамен жеткiзiледi.

      1530. Газы бар баллондар оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезiнде күн сәулесi мен басқа да жылу көздерiнiң әсерiнен қорғалады.

      1531. Үй-жайларда орнатылатын баллондар жылу беру аспаптары мен пештерден кемiнде 1,5 м, ал ашық от жылу көздерiнен кемiнде 10 м қашықтықта орналастырылады.

      Жанарғылардан бастап (көлденеңiнен) қайта iске қосатын рампалы (топтық) қондырғыларға дейiнгi қашықтық кемiнде 10 м, ал оттегi немесе жанғыш газы жекелеген баллондарға дейiн кемiнде 5 метiп көзделеді.

      Бiр үй-жайда оттегi баллондары және жанғыш газдары бар баллондарды, сондай-ақ кальций карбидiн, сырларды, бояулар мен майларды сақтауға жол берiлмейдi.

      1532. Дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегi және бес қосалқы ацетилен баллондары орналастырылады.

      Жұмыс орнында екеуден аспайтын жұмыс және қосалқы баллон ұстауға болады.

      1533. Оттегiден немесе жанғыш газдардан босаған баллондармен жұмыс iстеу кезiнде толық баллондармен жұмыс iстейтiндей қауiпсiздiк шаралары сақталады.

      1534. Газбен дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде мыналарға:

      1) қатып қалған ацетилен генераторларын, құбырларды, бұрамаларды, редукторларды және дәнекерлеу қондырғыларының өзге де бөлшектерiн ашық отпен немесе қызған заттармен жылытуға;

      2) оттегi баллондарының, редукторлардың және өзге де дәнекерлеу жабдығының әртүрлi майлармен, сондай-ақ май тиген киiммен және май сiңген шүберекпен жанасуына;

      3) бiр су ысырмасынан екi дәнекерлеушiнiң жұмыс iстеуiне;

      4) өте iрi түйiршiктi кальций карбидiн салуға немесе оны аппараттың шүмегiне темiр шыбықтың және сымның көмегiмен итеруге, сондай-ақ карбид тозаңымен жұмыс iстеуге;

      5) кальций карбидiн тиейтiн дымқыл себеттерге немесе газ жинағышта су болған кезде тиеуге, сондай-ақ "карбидке су" генераторлары жұмыс iстеген кезде көлемiнiң жартысынан артық карбид тиеуге;

      6) жанғыш газдарға арналған шлангiнi оттегiмен және жанғыш газдардың оттегi шлангiсiн үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезiнде шлангiлердi өзара ауыстыруға;

      7) ұзындығы 30 метрден, ал монтаждау жұмыстарын жүргізу кезiнде 40 м асатын, белгіленген тәртіппен жазбаша рұқсат ресімделгеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат берілетін шлангiлердi қолдануға;

      8) газ өткiзу шлангiлерiн бұрауға, сындыруға немесе қысуға;

      9) газ жинағышта ацетилен болған жағдайда генераторды тасымалдауға;

      10) ацетилен генераторындағы газ қысымын әдейi жоғарылату немесе кальций карбидiнiң бiр жолғы мөлшерiн арттыру арқылы оның жұмысын жылдамдатуға;

      11) кальций карбидi бар барабандарды ашу үшiн мыс аспапты, сондай-ақ ацетилен аппаратурасын дәнекерлеу үшiн және ацетиленмен жанасуы мүмкiн басқа да орындарда дәнекерлеу үшiн мысты пайдалануға жол берілмейді.

7-тарау. От жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Металды кесу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1535. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын орындау кезiнде жұмыс орны электрмен дәнекерлеу жұмысы кезiндегiдей ұйымдастырылады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың төгiлуiне жол бермеуге және дұрыс сақтауға, кесу режимiн сақтауға және жанармайы бар бакты күтiп ұстауға ерекше назар аударылады.

      1536. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргiзу орындарында жанармай қоры ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын мөлшерде сақталады. Жанармай жарамды, сынбайтын, тығыз жабылатын, арнайы ыдыста, отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу орындарынан кемiнде 10 метр қашықтықта сақталады.

      1537. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстары үшiн бөгде қоспалары мен суы жоқ жанармай қолданылады. Кiшкентай бакты оның көлемiнен 3/4 артық жанармаймен толтыруға болмайды.

      1538. Кiшкентай бак ақаусыз күйде ұсталады және герметикалы етiп жасалады. Кiшкентай бакта манометр, сондай-ақ кiшкентай бактағы қысымның 5 атмосферадан артық жоғарылауына жол бермейтiн сақтандыру клапаны көзделеді.

      10 атмосфералық қысымдағы сумен сыналмаған, жанғыш сұйықтық ағатын немесе ақаулы сорғысы бар кiшкентай бактарды пайдалануға болмайды.

      1539. Бензинмен кесу жұмыстарын бастамас бұрын барлық бензинмен және керосинмен кесу арматурасының ақаусыздығы, ниппельдердегi шлангiлер қосқыштарының тығыздығы, салмалы гайкалар мен бастиектердегi бұрандалардың ақаусыздығы мұқият тексерiледi.

      1540. Жұмыс орнында құйылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тұтату арқылы кескіш буландырғышты қыздыруға жол берілмейді.

      1541. Жанармайы бар кiшкентай бак оттегі баллоны мен ашық от көзiнен кемiнде 5 метр және жұмыс орнынан кемiнде 3 метр қашықтықта болады. Бұл ретте кiшкентай бак жұмыс iстеген кезде жалын мен ұшқын түспейтiндей орналастырылады.

      1542. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде мыналарға жол берілмейді:

      1) жанармайы бар бактағы ауа қысымының кескiштегi оттегiнiң жұмыс қысымынан артық болуына;

      2) шие түсiне дейiн қатты қыздыруға, сондай-ақ кескiштi жұмыс кезiнде басымен жоғары қаратып тiгiнен iлiп қоюға;

      3) кескiшке оттегi немесе жанармай беретiн шлангiлердi қысуға, бұрауға немесе сындыруға;

      4) бензин немесе керосин бөлуге арналған оттегi шлангiлерiн кескiште пайдалануға.

2-параграф. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1543. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде жұмыс орны жанғыш материалдардан тазартылады, ал кемiнде 5 метр қашықтықтағы жанғыш материалдардан жасалған құрылымдар жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қорғалады немесе су бүркіледi.

      1544. Дәнекерлеу шамдары толықтай жарамдылықта ұсталады және нәтижелерi мен тексерген күнін ерікті нысандағы журналға енгiзе отырып, кемiнде айына бiр рет олардың төзiмдiлiгi мен герметикалығы тексерiледi. Бұдан басқа жылына кемiнде бiр рет гидравликалық бақылау сынағы жүргiзiледi.

      1545. Әрбiр дәнекерлеу шамы зауыттың гидравликалық сынақ нәтижелерi мен рұқсат етiлген қысымы көрсетiлген паспортпен қамтамасыз етiледi. Шамдар тиiстi қысымда реттелген, серiппелi сақтандыру клапандарымен жарақталады.

      1546. Дәнекерлеу шамдарына осы мақсат үшiн арнайы бөлiнген орындарда жанармай толтырылады және жағылады. Шамдарды толтыру кезiнде жанармайдың төгiлуiне және ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi.

      1547. Дәнекерлеу шамынан жалынның шығуын болдырмау үшiн шамға құйылатын жанармай бөгде қоспалар мен судан тазартылады.

      1548. Дәнекерлеу шамының жарылуын болдырмау үшiн мыналарға жол берілмейді:

      1) жанармай ретiнде керосинмен жұмыс iстейтiн шамдар үшiн бензин немесе бензиннiң керосинмен қоспасын қолдануға;

      2) ауа толтыру кезiнде шамның резервуарындағы қысымды паспортта көрсетiлген, рұқсат етiлген жұмыс қысымынан жоғарылатуға;

      3) шамға оның резервуарының 3/4 көлемiнен артық жанармай құюға;

      4) шам жанып тұрғанда немесе суымай тұрып, ауа винтi мен отын құю тығынын ашуға;

      5) ашық оттың маңында шамды жөндеуге, сондай-ақ одан жанармайды ағызуға және оған құюға.

8-тарау. Үй-жайларға жылу беру және кептіру қондырғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Жалпы ережелер

      1549. Ұтқыр (мүкәммал) ғимараттарды жылыту үшін бу және су калориферлері, сондай-ақ зауытта дайындалған электр қыздырғыштар пайдаланылады.

      1550. Киiм-кешек пен аяқ киiмдi кептiру осы мақсатқа арналған, орталықтан сумен немесе су калориферлерiн қолдана отырып жылытылатын үй-жайларда, ғимараттарда немесе құрылыстарда жүргiзiледi.

      1551. Кептiргiштердi тамбурларда және ғимараттардың шығу жолдарында орналасқан басқа да үй-жайларда орнатуға болмайды.

      1552. Полимер жылытқыштары бар металл констукциялардан жасалған ғимараттарда құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардан тыс кемiнде 18 метр қашықтықта немесе өртке қарсы қабырғалардан кейiн жанарғы құрылғыларын орналастыра отырып, тек ауамен немесе сумен жылу беру жүйесi ғана қолданылады.

      Жылу тасығыштары бар құбырлардан бастап қоршау құрылымдарына дейiнгi қашықтықтың 100 метрден кем болуына жол берiлмейдi.

      1553. Жылы будкаларда ашық отты пайдалануға, сондай-ақ отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге және электр калориферлерiн және инфрақызыл сәулелi газ жанағыларын қолдануға болмайды.

2-параграф. Үй-жайларды инфрақызыл сәулелі газ жанарғыларымен кептіру кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1554. Инфрақызыл сәулелi жанарғылары бар жылжымалы және тұрақты қондырғылар жанарғылар сөнген кезде газ берудi тоқтататын автоматты бұғаттағышпен жабдықталады.

      1555. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын монтаждау мен пайдалануды газ жұмыстарын жүргізуге рұқсаты бар персонал жүргiзедi.

      1556. Еденге орнатылатын инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар жылжымалы қондырғылар арнайы тұрақты тұғырмен қамтамасыз етiледi. Газы бар баллон қондырғы мен өзге де жылу беру аспаптарынан кемiнде 1,5 метр, ал электр есептегiштен, ажыратқыштардан, розеткалар мен өзге де электр аспаптарынан кемiнде 1 метр қашықтықта орналасады.

      Жанарғылардан бастап жанғыш материалдардан жасалған құрылымдарға дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр, қиын жанатын заттарға дейiн кемiнде 0,7 метр, жанбайтын заттарға дейiн 0,4 метр етiп көзделеді.

      Сұйытылған газдағы қондырғыны монтаждау кезiнде шлангiлердiң ұзындығы жұмыстың ыңғайлылығын қамтамасыз ететiндей мүмкiндiгiнше қысқа етiп көзделеді. Едәуiр қашықтағы кептiру орнынан бастап қосу торабына дейiнгi қашықтық 30 метрден аспайтындай етiп қабылданады. Қондырғы газ торабынан алысырақ болғанда болат құбырдан жасалған уақытша газ құбыры төселедi, ал оған жанарғылар иiлгiш шлангiлермен қосылады.

      Иiлгiш шлангiлер қосқыштың герметикалығын қамтамасыз ететiн бұрандалары мен гайкалары бар қамыттардың көмегiмен редуктормен және құбырлармен қосылады. Иiлгiш шлангiлердi олардың майысуы мен қысылып қалуына жол бермей, кемiнде 2 метр биiктiкте төселедi.

      1557. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар қондырғылар жұмыс iстеп тұрған орындарда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға, сондай-ақ оларды пайдалана отырып жұмыс iстеуге болмайды.

      1558. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын пайдалану кезiнде мыналарға жол берілмейді:

      1) жұмыс iстеп тұрған қондырғыны қараусыз қалдыруға;

      2) керамикасы зақымдалған, сондай-ақ ашық жалын шығаратын жанарғыларды пайдалануға;

      3) егер үй-жайда газдың иiсi шықса, қондырғыны пайдалануға;

      4) жанарғылардың жылу сәулесiн тiкелей жанғыш материалдар, газы бар баллондар, газ құбырлары, электр өткiзгiштерi жағына бағыттауға;

      5) газ қондырғыларын қатты отынды жылыту қондырғыларымен қатар пайдалануға.

      1559. Ашық алаңдарда жұмыс iстегенде (жұмыс орындарын жылыту үшiн және дымқыл жерлердi кептiру үшiн) тек желге тұрақты жанарғылар пайдаланылады.

3-параграф. Сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылу генераторларын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1560. Ауа жылыту қондырғылары салынып жатқан ғимараттан кемiнде 5 метр қашықтықта орналастырылады.

      Көлемi 200 литрден аспайтын отын құятын ыдыс қолданылады және ауа жылытқыштан кемiнде 10 метр және салынып жатқан ғимараттан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады. Отын ауа жылытқышқа металл құбыр арқылы берiледi.

      Отын құбырларында отынның төгілуін болдырмайтын зауытта шығарылған қосқыштар мен арматура қолданылады. Шығын багының отын құбырларында өрт немесе авария болған жағдайда қондырғыға отын берудi тоқтату үшiн ысырма вентиль орнатылады.

      Салынып жатқан ғимаратта пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтаған кезде сұйық отынмен жұмыс істейтін және кіріктірілген отын багы бар тасымалданатын немесе жылжымалы ауа жылытқыш аспаптарды қолдануға жол беріледі.

      1561. Газ отынымен жұмыс iстейтiн қондырғыларды монтаждау мен пайдалану кезiнде:

      1) жылу шығаратын қондырғыларға зауыттың паспорты бар стандартты жанарғылар орнатылады;

      2) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесiн қажеттi реттеу шегiнде оны жанарғыға өткiзбей тұрақты жұмыс iстеуi қажет;

      3) жылу шығаратын қондырғылары бар үй-жайлардағы желдеткiш 1 сағатта үш еселiк ауа алмасуды қамтамасыз етуi қажет.

      1562. Жылу шығаратын қондырғыларды пайдалану кезiнде мыналарға жол берілмейді:

      1) отын құбырларының герметикалығы бұзылған, форсунка корпусы жылу шығаратын қондырғымен нығыз орнатылмаса, үй-жайға жану өнiмдерiнiң өтуiне ықпал ететiн түтiн мұржалары, электр қозғалтқыштары мен iске қосу аппаратурасы ақаулы болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және басқа да ақаулары болса, қондырғымен жұмыс iстеуге;

      2) форсунка ретке келтiрiлмегенде (отын қалыпты жанбаса) жұмыс iстеуге;

      3) отын құбырларын қосу үшiн резеңке немесе полихлорвениль шлангiлерi мен муфталарын пайдалануға;

      4) қондырғы мен отын бактары жанына жанғыш қоршаулар орнатуға;

      5) отын құбырларын ашық отпен қыздыруға;

      6) қысқа мерзiмге тоқтағаннан кейiн ауамен үрлемей жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға;

      7) жұмыс қоспасын көру тесігі арқылы жағуға;

      8) жылу шығаратын қондырғы жұмыс iстеп тұрған кезде шамдар электродтарының арасындағы саңылауды реттеуге;

      9) ауа жинау коллекторларында қорғағыш тор болмаған жағдайда жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға.

4-параграф. Электр калориферлерді монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1563. Тек зауытта дайындалған, желдеткіш жұмыс істемеген кезде қыздырғыш элементтерге электр энергиясын беруді болдырмайтын жарамды дабылы мен бұғаттағышы, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы электр және жылу қорғағышпен көзделген электр калориферлерді монтаждауға және пайдалануға рұқсат етіледі.

      1564. Электр калориферін монтаждау, жұмысқа дайындау, iске қосу дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады.

      1565. Электр калориферi корпусы мен желдеткiш арасына жұмсақ қыстырма үшiн жанғыш материалдарды қолдануға болмайды.

      1566. Электр калориферлерiн пайдалану кезiнде мыналарға жол берілмейді:

      1) дабыл қаққышты немесе бұғаттағышты сөндiруге;

      2) электр калориферден шығу жолындағы дайындаушы зауыт белгiлеген ауа температурасын жоғарлатуға;

      3) желдеткiш жұмыс iстемей тұрғанда электр калорифердi қосуға (бұғаттағыш қондырғыны әр iске қосар алдында тексеріледi);

      4) электр калориферде немесе оның жанында киiм немесе басқа да жанғыш материалдарды кептiруге;

      5) жұмыс iстеп тұрған электр калориферi орнатылған үй-жайда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға.

9-параграф. Өртке қарсы сумен жабдықтауды, өрт сөндiру және байланыс құралдарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

      1567. Тұрақты сыртқы су құбыры желiсiн жүргізу және өрт гидранттарын орнату, сондай-ақ өрт сөндiру су айдындары мен басқа да су көздерiн салу бойынша негiзгi құрылыс жұмыстары басталған кезде оларды өрт сөндiру үшiн пайдалануға болатындай есеппен жүргiзiледi.

      1568. Уақытша өрт резервуарларының (су айдындарының) сыйымдылығы, олардың саны, салынып жатқан объектiдегі орналастыру орындары жобалау құжаттамасында анықталады.

      1569. Сейсмикалығы 8 және 9 балл аудандарда сумен жабдықтау жүйелерiнде бiр көздi (оның iшiнде бiр ысырмада су алу кезiнде үстіңгі көзді) пайдалану кезiнде сыйымдылықтарда өрт сөндiруге арналған су көлемi "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентiнде көрсетiлгеннен екi есе артық көзделеді.

      1570. Ауданы 300 м2 және одан астам асханалар ғимараттың (құрылыстың) қасбетiне немесе тәулiк бойы персонал болатын үй-жайға шығарылған автоматты өрт дабылымен жабдықталады.

      Салынып жатқан әрбір объектіде өртке қарсы қызметті шақыру тәртібі туралы тақта, өрт болған жағдайда жұмыс істейтін іс-қимылдар туралы жаднама, мемлекеттік емес өртке қарсы құралымдардың жауынгерлік есептоптарының тізімі, өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту тәртібі ілінеді. Құрылыс аумағының көрінетін жерлерінде, "Өрт дабылы" деген жазуы ілінген, дабыл беру үшін дыбыс сигналдары көзделеді.

10-тарау. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      1571. Өртке қарсы табиғи және жасанды сумен жабдықтау көздері (оның ішінде өртке қарсы су құбыры, өрт сөндіру су қоймалары, өрт сөндіру мақсатына арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай-ақ суды жинау үшін оларға кіреберістер тұрақты жарамды күйде күтіп ұсталады.

      1572. Алып тасталды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 16.09.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1573. Өрт гидранттары жарамды күйде ұсталады, гидранттардың құдықтары бөгде заттар мен жер асты суларынан тазартылады, қысқы уақытта жылы оралады, ал құдықтардың люктері қар мен мұздан тазартылады.

      Ескерту. 1573-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 15.08.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1574. Су құбыры желісінің учаскелері ажыратылған, гидранттар бұзылған немесе желідегі қысым қажетті мөлшерден азаюы кезінде су арнасының (елді мекендердің су құбыры желілері бойынша) диспетчері немесе объектінің (ұйымның немесе кәсіпорынның су құбыры желілері бойынша) өртке қарсы сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін адамы бұл туралы өртке қарсы қызметке хабарлайды.

      1575. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің (оның ішінде өрт гидранттарының, өрт сөндіру су қоймаларының), өрт сөндіру машиналарын орнатуға арналған пирстардың орналасу орындары, өрт сөндіру машиналарын ғимараттар мен құрылыстардың өрт түтіктеріне қосу орындары, сондай-ақ қозғалысты олардың болатын жерлеріне бағыттау стандарттау құжаттарының талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленеді.

      Жерасты өрт гидранты орналастырылған жердің жанында "ӨГ" әріптік индексі, нұсқағыштан бастап гидрантқа дейінгі метрдегі қашықтық цифрлық мәндермен жазылған жарықтандырылған немесе флуоресцентті нұсқағыш орнатылады.

      Өрт сөндіру су қоймасында "ӨС" әріптік индексі, шаршы метрлердегі су қорының цифрлық мәндері және бір мезгілде су қоймасы алаңында қойылатын өрт сөндіру автомобильдерінің саны жазылған ұқсас нұсқағыш орнатылады.

      1576. Ішкі өртке қарсы су құбыры жүйелерінің өрт крандары клапаны бар бұру тетігі үй-жайдың еденінің үстінен 1,35 ± 0,15 м биіктікте болатындай етіп орнатылады, түтікқұбырмен және оқпандармен жабдықталады және пломбаланатын өрт шкафтарына салынады. Қосарланған өрт крандарын бірінің үстінен бірін орнатуға жол беріледі, бұл ретте екінші кран еденнен кемінде 1 м биіктікте орнатылады.

      Шкафтың есігінде "ӨК" әріптік индексі және реттік нөмірі көрсетіледі.

      Өрт түтікқұбырлары құрғақ, жақсы оралып немесе бүктеліп жиналып крандар мен оқпандарға жалғанып ұсталады.

      1577. Сорғы станциясының үй-жайларында өртке қарсы сумен жабдықтаудың жалпы схемасы және сорғыларды байлау схемасы ілінеді.

      Әрбір ысырмада және өрт сорғы-көтергіште олардың мақсаты көрсетіледі.

      Сорғы-көтергіштерді қосу тәртібі техникалық нұсқаулықтарда анықталады.

      1578. Өрт сорғыларының электр қозғалтқыштарын қоректендіру кәсіпорынның электр жабдықтауымен үздіксіз қамтамасыз етіледі.

      1579. Сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларының су өлшеу құрылғыларының суландыру желілерінде электр жетегі бар ысырмалар көзделеді, ысырмаларды ашу өрт шкафтарында орнатылған түймелерден жүргізіледі және өртке қарсы су құбырының сорғы-көтергіштері болған жағдайда, оларды іске қосуды бұғаттайды.

      Су өлшеу құрылғыларының суландыру желілерінде орнатылған электр жетегі бар ысырмалардың жұмыс қабілеттілігі жылына кемінде екі рет, ал өрт сорғылары ай сайын тексеріледі.

      1580. Өртке қарсы мақсаттарға арналған сорғы қондырғылары қолмен және қашықтықтан басқарумен, ал биіктігі 50 м-ден асатын ғимараттар, мәдени-ойын – сауық мекемелері, конференц-залдар, акт залдары үшін және спринклерлік, дренчерлік қондырғылармен жабдықталған ғимараттар үшін қолмен, автоматты және қашықтықтан басқарумен көзделеді.

      1581. Өртке қарсы мақсаттар үшін сорғылар автоматты немесе қашықтықтан іске қосу дабылымен қатар, өрт кранын ашумен, спринклерлік суландырғышты ашумен немесе дренчерлік жүйені қосумен (қолмен немесе автоматты) бір мезгілде су құбырының кірмесіндегі су өлшегіштің айналма желісінде электрлендірілген ысырманы ашу дабылымен қамтамасыз етіледі.

      1582. Табиғи немесе жасанды су көздері (өзендер, көлдер, бассейндер, градирнялар) жылдың кез келген уақытында өрт сөндіру автомобильдерін орнату және су жинау үшін өлшемі кемінде 12 х 12 м қатты төсемі бар алаңдарымен (пирстарымен) кіреберістермен қамтамасыз етіледі.

      1583. Жасанды су қоймаларын, су көздеріне кіреберістер мен су жинағыш құрылғыларды үнемі әзірлікте ұстауды құрылыстардың меншік иелері қамтамасыз етеді.

      1584. Су мұнаралары жылдың кез келген уақытында өрт техникасының су алуы үшін бейімделеді.

      Өрт сөндіру мақсаттарына арналған су қорын шаруашылық және өндірістік қажеттіліктер үшін пайдалануға жол берілмейді.

      1585. Өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жабдығы (өрт гидранттары, өрт крандары, сумен және көбікпен өрт сөндіру түтіктері, сондай-ақ су бүрку құбыр жүйелері) пайдалануға қабылдаудың алдында және жылына кемінде екі рет (көктемде және күзде) техникалық қарап-тексеріледі, су жіберу арқылы олардың жұмыс қабілеттілігі (су беруі) тексеріледі.

      Техникалық қарап-тексеруге жатады:

      1) механикалық зақымдардың (сызаттардың, жарықшақтардың және тағы басқаларының) бар-жоғын анықтау, лак-бояу жабынының тұтастығын айқындау мақсатында өрт кранын қарап-тексеру;

      2) жиынтығын тексеру;

      3) өрт түтікқұбырының кранға және оқпанға жалғану дұрыстығын және оларды алып-салудың жеңілдігін бақылау;

      4) өрт оқпаны мен крандағы, түтікқұбырдағы және түтік бағанындағы жалғама бастиектердің резеңке төсемшелерінің жай-күйін тексеру;

      5) кранның су беруіне гидравликалық сынақтарды жүргізу және (немесе) түтіктерге су беру;

      6) қысымды жоғарылататын сорғыны қосатын, сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырының жиекті желісіндегі электр ысырмасын ашатын түйменің жарамдылығын тексеру;

      7) өрт сөндіру түтікқұбырының оралуы;

      8) өрт кранының пломбалануы.

      Ішкі өртке қарсы сумен жабдықтауды сынау +5оС-ден төмен емес температурада жүргізіледі.

      Ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің су беруін техникалық қарап-тексеру және тексеру нәтижелері, актімен және сынау хаттамасымен рәсімделеді.

      Су өткізу желісінің су беруін тексеру актісінің, өрт гидранттарын тексеру актісінің, ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін сынау актісінің, су беруді сынау хаттамасының және өрт крандары клапандарының жұмыс қабілеттілігін сынау хаттамасының нысандары осы осы Қағидаларға 14-қосымшада келтірілген.


  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
1-қосымша

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық

      1. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық осы Қағидалардың талаптары негізінде, ғимараттардың, құрылыстардың, технологиялық процестердің, технологиялық және өндірістік жабдықтың өрт қауіптілігі ерекшелігін негізге ала отырып әзірленуі тиіс.

      2. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарда мынадай мәселелерді көрсету қажет:

      1) аумақтарды, ғимараттарды, құрылыстар мен үй-жайларды, оның ішінде эвакуациялау жолдарын күтіп ұстау;

      2) жабдықты пайдалану және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде технологиялық процестердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      3) жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтау және тасымалдау;

      4) жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды қарап тексеру және жабу;

      5) темекі шегу, ашық отты қолдану және от және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу үшін орындарды орналастыру;

      6) жанғыш заттар мен материалдарды жинау, сақтау және жою, арнайы киім-кешекті ұстау және сақтау;

      7) үй-жайларда бір мезгілде болатын шикізат, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің рұқсат етілген мөлшері;

      8) ауытқуы өрттің немесе жарылыстың шығуына әкелуі мүмкін бақылау-өлшеу аспаптарының шекті көрсеткіштері (манометрлер, термометрлер).

      Өрт кезінде персоналдың іс-әрекеттері, оның ішінде:

      1) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру;

      2) технологиялық құрал-жабдықты авариялық тоқтату;

      3) желдеткіш пен электр жабдықтарын ажырату;

      4) өрт сөндіру құралдары мен өрт автоматикасын пайдалану;

      5) адамдарды, жанғыш заттар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау;

      6) кәсіпорынның барлық үй-жайларын қарап тексеру және жарылыс-өрт қауіпсіз күйіне келтіру.

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
2-қосымша

Эвакуациялау жоспарын жасау жөніндегі нысан

      1. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) қабатта бір мезгілде 10-нан астам адам болған кезде өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуциялау жоспарлары әзірленеді.

      Эвакуациялау жоспарлары графикалық және мәтіндік бөлімдерден тұрады. Графикалық бөлім ғимаратты немесе құрылысты эвакуациялық шығу жолдарын (саты торларын, сыртқы ашық сатыларды, тікелей сыртқа шығу жолдарын), көрермендер мен қызмет көрсетуші персоналдың қозғалыс маршруттарын, сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерінің, телефон аппараттарының, өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіру крандарының, өрт сөндіргіштердің) орналасқан орындарын көрсете отырып, әр қабатты (әр секторды) жоспарлауды қамтиды.

      Мәтіндік бөлімде адамдарды эвакуациялаудың тәртібі мен реті, қызмет көрсетуші персоналдың міндеттері, сондай-ақ жарыстарға немесе мәдени ойын-сауық іс-шараларына өрт туралы құлақтандыру және адамдарың эвакуациялық шығу жолдарына қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі күштерін жұмылдыру жазылады.

      2. Эвакуациялау жоспарын әзірлегенде өрттің пайда болуы аса ықтимал жерлерге, оның дамуы ықтимал сипатына, құрылыстың көрермендермен толықтығына және жарыстар мен мәдени-сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін жұмылдырылған қосымша күштердің болуына қарай адамдарды эвакуациялаудың бірнеше (3-5) түрі көзделеді.

      Эвакуациялау жоспарларының мәтіндік бөлімде әрбір нұсқа бойынша мыналар:

      өрт туралы адамдарға құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру (эвакуациялау қажеттілігі, құлақтандыру аймағы мен құлақтандыру әдістері, құлақтандыру құрамы туралы кім шешім қабылдайды);

      қызмет көрсету персоналының тұлғалар санын, сондай-ақ эвакуациялауға жұмылдырылған қосымша күштерді (оларды жинау тәртібі, жинау орындары, аймақтар мен секторлар бойынша жауаптылар, жинау дабылдары);

      эвакуациялау жолдары (олардың ұзақтылығы мен бағыты, эвакуациялау жолына жауаптылар, эвакуация кезінде қозғалыс тәртібі, қызмет көрсету персоналының және эвакуациялау үрдісіне қатысудағы қосымша күштердің міндеттері);

      эвакуациялау жолының соңғы пункттері (эвакуацияланғандарды бөліп жайғастыру тәртібі, қажет болса, оларға медициналық қызмет көрсету);

      көрермендерді эвакуациялау үшін қосалқы шығу орындарын қолдану, арнайы жабдықты қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ эвакуациялауды ұйымдастыруға және оны ойдағыдай өткізуге арналған әртүрлі техника мен инженерлік жүйелерді (түтін жою жүйесін, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын, ішкі телефон және радио байланысын) қолдану көзделеді.

      3. Жоспардың графикалық бөлімінде эвакуациялауда адамдардың қозғалу жолдары (эвакуациялық шығу бағытына қарай көрсеткіштері бар жасыл түсті тұтас сызықпен) көрсетіледі. Құрылыс ішінде адамдар жаппай жиналған болса, жоспарларда бұл аймақтарды эвакуациялау бағыттары көрсетілген, түрлі түсті реңктермен белгіленген эвакуациялық жолдарды қарастыру керек. Эвакуациялау жоспарында қосалқы эвакуациялау жолдары (жасыл түсті ирек жолмен) көрсетіледі.

      4. Эвакуациялау жоспары (графикалық және мәтіндік бөлімдері) көрнекті рәсімделіп, өрт сөндіру бекеттері мен қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілігі бар басқа да үй-жайда, сондай-ақ объектінің басшылығында көзге көрінетін жерде тұрады.

      Графикалық бөлімдегі белгілердің толық жазылуы эвакуациялау жоспарының астында мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.

      5. Жалпы құрылыс үшін жалпы эвакуациялау жоспарынан басқа әр аймақ (сектор, үй-жайлар тобы) аймақтар мен секторлар бойынша жауапты кезекшілер болуы тиіс, өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт жағдайларындағы тәртіп ережелері туралы жаднамасы бар жалпы эвакуациялау жоспарынан үзінділермен (әртүрлі нұсқалар) қамтамасыз етіледі.

      Эвакуациялау жоспарының үзіндісінде басқыш алаңдары, лифттер мен лифт холлдары, есік, балкон, дәліз, сыртқы басқыштарға арналған ойықтардың белгілері бар бөлмелер көрсетіледі.

      Эвакуациялау жоспарынан үзінді арналған үй-жай сектордың, аймақтың әр қабаттық жоспарында "Сіз тұрған үй-жай, аймақ..." деген жазумен белгіленеді. Эвакуациялау жолы бұл үзіндіде жасыл түсті тұтас сызықпен көрсетіледі.

      Эвакуациялау бағытын көрсететін сызықтар қаралып жатқан үй-жайдан қауіпсіз жерге немесе тура сыртқа шығу орнына дейін жүргізіледі.

      Эвакуациялау жоспарынан алынған үзінді үй-жайда көзге көрінетін жерде шынының (пленканың) астына іледі, жоспардан алынған үзіндінің көлемі 20х30 см кем емес.

      Эвакуациялау жоспарынан алынған үзіндінің астында қолданған белгілердің түсінігі беріледі.

      Үзіндінің мәтіндік бөлігінде қызмет көрсету персоналының және адамдарды эвакуациялауға жұмылдырылған күштердің міндеттері мен әрекеттерінің бірізділігі көрсетіледі.

      Эвакуациялаудың жалпы жоспарынан алынған үзіндінің мәтіндік бөлігі аймақтан, сектордан, үй-жайдан эвакуациялауға жауапкершілік атқаратын адамда болады.

      Эвакуациялау жоспарын кәсіпорынның, ұйымның басшысы бекітеді.

      Үзіндінің мазмұнымен (қолдарын қойып) барлық қызмет көрсету персоналы, сондай-ақ көрермендерді эвакуациялауға жұмылдырылған барлық қосалқы күштер танысады.


  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
3-қосымша

Бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі

      1. Объектіде (ғимаратта, құрылыста) өрт сөндіргіштердің типін таңдау және қажетті санын анықтау олардың өрт сөндіру қабілетіне, жанғыш материалдың түрі бойынша өрт сыныбына, қорғалатын үй-жайдың немесе технологиялық жабдықтың ерекшеліктеріне және басқа да параметрлерге (оның ішінде қорғалатын үй-жайдағы ортаның температурасына, өрт сөндіргіштен өрт сөндіргіш заттың ағынының ұзындығына, оның жұмыс істеу уақытына және өрт сөндіргіштың сыйымдылығына) байланысты жүзеге асырылады.

      2. Өрт сөндіргіштің типі (тасымалданатын немесе жылжымалы) ықтимал өрт ошағының ауданына байланысты анықталады. Қорғалатын үй-жайда құрама өрт ошақтарының шығуы ықтимал жағдайда өрт сөндіргіштің типін таңдаған кезде қолданылу саласы бойынша барынша әмбебап өрт сөндіргіштер алынуы тиіс.

      3. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша әртүрлі санаттағы ғимараттардың, құрылыстардың және құрылымдардың үй-жайларын қорғауға арналған өрт сөндіргіштер саны бір өрт сөндіргішпен қорғалатын шекті ауданға және осы қосымшаның 1 және 2-кестелеріне сәйкес үй-жайдың жалпы ауданына байланысты анықталады.

      4. Өрттің ықтимал ошағынан бастап өрт сөндіргішті орналастыру орнына дейінгі қашықтық:

      1) қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар үшін – 20 м;

      2) А, Б және В1-В4 санаттарындағы үй-жайлар үшін – 30 м;

      3) Г санатты үй-жайлар үшін – 40 м;

      4) Д санатты үй-жайлар үшін – 70 м.

      5. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда әр қабатта кемінде екі қол  өрт сөндіргіші орналастырылуы тиіс

      6. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша Д санатты, ауданы 100 м 2 кем үй-жайларды қол өрт сөндіргіштерімен жарақтамауға рұқсат етіледі.

      7. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша бір санатағы бірнеше шағын үй-жайлар болған кезде қажетті өрт сөндіргіштер саны осы қосымшаның 1 және 2-кестелері бойынша осы үй-жайлардың жиынтық ауданын есепке алып анықталады.

      8. Кәсіпорыннан қайта зарядтауға жөнелтілген өрт сөндіргіштер зарядталған өрт сөндіргіштердің тиісті санымен алмастырылуы қажет.

      9. Қымбат электронды жабдығы бар, сондай-ақ тарихи құндылыққа ие заттарды сақтауға арналған үй-жайларды (оның ішінде телефон станцияларының, мұражайларлардың, мұрағаттартың үй-жайларын) қорғау үшін өрт сөндіру кезінде жоғарыда аталған заттардың өрт сөндіргіш затпен зақымдану қаупін болдырмау үшін ауа-эмульсиялық және көмірқышқыл өрт сөндіргіштер қолданылуы тиіс.

      10. Автоматты стационарлық өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған үй-жайлар нормативтік тиістіліктің 50 % есебінің негізінде қол өрт сөндіргіштерімен қамтамасыз етіледі.

      11. Объектіде орналастырылған барлық өрт сөндіргіштердің белгіленген нысандағы паспорттары болуы қажет.

      12. Өрт сөндіргіштерді көрінетін жерлерде және үй-жайдан эвакуациялық шығу жолдарының жанында еденнен 1,5 артық емес биіктікте орналастыру жүзеге асырылады және өрт кезінде адамдарды ғимараттан қауіпсіз эвакуациялауға кедергі келтірмеуі қажет.

      Толық массасы 15 кг кем өрт сөндіргіштер олардың үсті еденнен 1,5 м аспайтын биіктікте орналасатындай етіп орнатылуы тиіс.

      Толық массасы 15 кг және одан астам тасымал өрт сөндіргіштер өрт сөндіргіштің үсті 1,0 м аспайтын биіктікте орналасатындай етіп орнатылуы тиіс. Оларды кенеттен әсер етуден ықтимал құлап қалуларынан міндетті бекітіліп еденге орнатуға болады.

      13. Өртке қарсы жайма, өрт сөндіруге арналған қылшық жүнді мата немесе киіз (төсеніш, жанбайтын материалдан жасалған жамылғы) қақпақты металл футлярларда сақталуы және үш айда кемінде бір рет кептірілуі және тозаңнан тазартылуы қажет.

      14. Бастапқы өрт сөндіру құралдарын, механикаландырылмаған құрал-саймандар мен өрт мүлкін ішкі өрт сөндіру су құбырымен және автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталмаған өндірістік және қойма үй-жайларында, сондай-ақ сыртқы өртке қарсы су құбыры жоқ кәсіпорындардың (ұйымдардың) аумағында орналастыру үшін немесе осы кәсіпорындардың ғимараттары, құрылыстары және сыртқы технологиялық қондырғылары сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінен 100 м астам қашықтықта шалғай орналасқан кезде өрт қалқандары жабдықталады.

      Өрт қалқандарының қажетті саны мен олардың типі осы қосымшаның 3-кестесіне сәйкес үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың және сыртқы технологиялық қондырғылардың жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша санатына, бір өрт қалқанының шекті қорғайтын ауданына және өрттің сыныбына байланысты анықталады.

      15. Өрт қалқандары осы қосымшаның 4-кестесіне сәйкес алқашқы өрт сөндіру құралдарымен, механикаландырылмаған өрт құрал-саймандарымен және өрт мүлкімен жинақталуы тиіс.

      16. Өрт қалқанының жанына орнатылатын су сақтауға арналған бөшкелердің көлемі кемінде 0,2 м болуы және олар шелекпен жинақталуы қажет. Құм салуға арналған жәшіктердің көлемі 0,5 м3, 1,0 м3 немесе 3,0 м3 болуы және қалақ күрекпен жабдықталуы керек. Жәшіктің конструкциясы құм алып шығуға қолайлы болуы және жауын-шашынның түсуін болдырмауы қажет.

      17. Құм салынған жәшіктер қалқандармен бірге үй-жайларда немесе тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтардың төгілуі ықтимал ашық алаңқайларда орнатылады.


  1-кесте

      Үй-жайларды тасымалданатын өрт сөндіргіштермен жарақтау жөніндегі ең аз тізбе

Үй-жайлардың функционалдық мақсатының атауы және жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндірістік немесе қойма үй-жайының (ғимараттың, құрылыстың) санаты

Өрт сөндіргіштер
дің тиісті типімен қорғалатын
үй-жайдың ең үлкен ауданы, м 2

Өрт сыны
бы

Өрт сөндіргіштердің типіне және корпусының көлеміне қарай өрт сөндіргіштердің қажетті саны

Көлемі 10 л көбікпен және сумен өрт сөндіргіштер

Көлемі л ұнтақпен өрт сөндіргіштер, (өрт сөндіргіш заттың массасы, кг)

Ауа-
эмульсия
лық көле
мі л өрт сөндір
гіштер

Көлемі л көмірқышқыл
мен өрт сөндіргіштер, (өрт сөндіргіш заттың масссы, кг)

2(2)

5(4)

10(9)

3

6

2(2)

3(5), 5(8)

А, Б, В1-В4 (жанғыш газдар мен сұйықтықтар)

200

A

2++

-

2+

1++

1++

1+

-

-

B

4+

-

2+

1++

1+

1+

-

-

C

-

-

2+

1++

-

-

-

-

D

-

-

2+

1++

1+

1+

-

-

(E)

-

-

2+

1++

-

-

-

2++

В1-В4 (қатты жанғыш заттар мен материалдар)

400

A

2++

4+

2++

1+

1++

1+

-

2+

D

-

-

2+

1++

1+

1+

-

-

(E)

-

-

2++

1+

-

-

4+

2++

C

-

4+

2++

1+

-

-

-

-

Г және Д

1800

A

2++

4+

2++

1+

1++

1+

-

-

D

-

-

2+

1++

1+

1+

-

-

(E)

-

2+

2++

1+

-

-

4+

2++

Қоғамдық ғимараттар

800

A

4++

8+

4++

2+

2++

1++

-

4+

(E)

-

-

4++

-

4+

-

4+

2++

Ескертпелер: 1. "++" белгісімен қорғау объектілерін жарақтауға ұсынылатын өрт сөндіргіштер, "+" белгісімен ұсынылатын өрт сөндіргіштер болмаған кезде және тиісінше негізделген кезде қолдануға рұқсат етілетін өрт сөндіргіштер, "-" белгісімен осы қорғау объектілерін жарақтау үшін рұқсат етілмейтін өрт сөндіргіштер белгіленген.
2. Әртүрлі сыныпты өрттерді сөндіру үшін ұнтақпен өрт сөндіргіштерде тиісті зарядтары болуы қажет: А сыныбы үшін - АВС (Е) ұнтағы; В,С және (Е) сыныптары үшін - ВС(Е) немесе АВС (Е) және D - D.
3. D сыныпты өрттерді сөндіру үшін ауа-эмульсиямен сөндіргіштердің тиісті өрт сөндіргіш заттарының зарядтары мен тиісті таңбалануы болуы тиіс.

  2-кесте

      Үй-жайларды жылжымалы өрт сөндіргіштермен жарақтау жөніндегі ең аз тізбе

Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндірістік немесе қойма үй-жайының (ғимараттың, құрылыстың) санаты

Өрт сөндіргіштер
дің тиісті типімен қорғалатын
үй-жайдың ең үлкен ауданы, м 2

Өрт сыныбы

Өрт сөндіргіштердің типіне және корпусының көлеміне қарай өрт сөндіргіштердің қажетті саны

Көлемі 100 л ауа-көбікпен өрт сөндіргіштер

Көлемі 50 л ауа-эмульсиялық өртсөндір гіштер

Көлемі 100 л ұнтақпен өрт сөндіргіштер

Көлемі л көмірқышқыл
мен өрт сөндіргіштер

25

50

25

80

А, Б, В1-В4 (жанғыш газдар мен сұйықтықтар)

500

A

1++

2++

1++

1++

-

3+

B

2+

2++

1++

1++

-

3+

C

-

-

-

1++

-

3+

D

-

-

-

1++

-

-

(E)

-

-

-

1+

2+

1++

В1-В4 (қатты жанғыш заттар мен материалдар), Г

800

A

1++

2++

1++

1++

4+

2+

B

2+

2++

1++

1++

-

3+

C

-

-

-

1++

-

3+

D

-

-

-

1++

-

-

(E)

-

-

-

1+

1++

1+

Ескертпелер:
1. "++" белгісімен қорғау объектілерін жарақтауға ұсынылатын өрт сөндіргіштер, "+" белгісімен ұсынылатын өрт сөндіргіштер болмаған кезде және тиісінше негізделген кезде қолдануға рұқсат етілетін өрт сөндіргіштер, "-" белгісімен осы қорғау объектілерін жарақтау үшін рұқсат етілмейтін өрт сөндіргіштер белгіленген.
2. Әртүрлі сыныпты өрттерді сөндіру үшін ұнтақпен өрт сөндіргіштерде тиісті зарядтары болуы қажет: А сыныбы үшін - АВС (Е) ұнтағы; В,С және (Е) сыныптары үшін - ВС(Е) немесе АВС (Е) және D - D.

  3-кесте

      Ғимараттарды, құрылыстарды және аумақтарды өрт қалқандарымен жарақтау жөніндегі ең аз тізбе

Үй-жайлардың функционалдық мақсатының атауы және жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың немесе сыртқы технологиялық қондырғылардың санаты

Бір өрт қалқанымен қорғалатын шекті аудан, м 2

Өрт сыныбы

Өрт қалқанының типі

А, Б және В1-В4 (жанғыш газдар мен сұйықтықтар)

200

А В (Е)

ЩП-А ЩП-В ЩП-Е

В1-В4 (қатты жанғыш заттар мен материалдар)

400

А Е

ЩП-А ЩП-Е

Г және Д

1800

А В Е

ЩП-А ЩП-В ЩП-Е

Ауыл шаруашылығы дақылдарын бастапқы өңдеу бойынша кәсіпорындардың (ұйымдардың) үй-жайлары мен ашық алаңдары

1000

-

ЩП-СХ

Дәнекерлеу немесе өзге от қауіпті жұмыстарды жүргізу кезіндегі әртүрлі мақсаттағы үй-жайлар

-

A

ЩПП

Ескертпе: 3-кестеде мынадай белгілеулер пайдаланылған:
ЩП-А – А сыныпты өрт ошақтары үшін өрт қалқаны;
ЩП-В – В сыныпты өрт ошақтары үшін өрт қалқаны;
ЩП-Е – Е сыныпты өрт ошақтары үшін өрт қалқаны;
ЩП-СХ – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (ұйымдары) үшін өрт қалқаны;
ЩПП - жылжымалы өрт қалқаны.

      18. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша АН , БН және ВН санатты үй-жайлар мен сыртқы технологиялық қондырғылар үшін жәшіктердегі құм қоры әрбір 500 м2 қорғалатын аумаққа кемінде 0,5 м3 , ал ГН және ДН санатты үй-жайлар мен сыртқы технологиялық қондырғылар үшін әр қорғалатын 1 мың м2 аумаққа кемінде 0,5 м3 болуы тиіс.

      19. Өртке қарсы жаймалар, қылшық жүнді маталар немесе киіз ауа өтпесе жанбайтын заттар мен материалдар өртін өшіру үшін қолданылуы тиіс.

      Өртке қарсы жаймалардың, қылшық жүнді маталардың немесе киіздің өлшемі кемінде 1х1м болуы және ауданы қолданылатын жайманың ауданынан 50 % аспайтын заттар мен материалдардың өрт ошақтарын сөндіруге арналуы тиіс. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданатын және сақтайтын орындарда жаймалардың өлшемдерін 2х1,5 м немесе 2х2 м дейін үлкейтуге рұқсат етіледі.


  4-кесте

      Өрт қалқандарын механикаландырылмаған өрт құрал-саймандарымен және өрт мүлкімен жинақтау жөніндегі ең аз тізбе

Бастапқы өрт сөндіру құралдарының, механикаландырылмаған құрал-саймандардың және мүліктің атауы

Өрт қалқанының типіне және өрт сыныбына байланысты жинақтау жөніндегі ең аз тізбе

ЩП-А А сыныбы

ЩП-В В сыныбы

ЩП-Е Е сыныбы

ЩП-СХ

ЩПП

Өрт сөндіргіштер:
ауа-көбікпен (ОВП),
көлемі 10 л

2

2

-

2

2

көлемі л, ұнтақпен (ОП), (өрт сөндіргіш құрамның массасы, кг):






10(9)

1

1

1

1

1

5 (4)

2

2

2

2

2

көлемі л көмірқышқылмен өрт сөндіргіштер (ОУ), (өрт сөндіргіш құрамының салмағы, кг) 5 (3)

-

-

2

-

-

Сүймен

1

1

-

1

1

Ілмек

1

-

-

1

-

Шелек

2

1

-

2

1

Өртке қарсы жайма, қылшық жүнді мата немесе киіз (төсеніш, жанбайтын материалдан жасалған жабын)

-

1

1

1

1

Үшкір күрек

1

1


1

1

Қалақ күрек

1

1

1

1

-

Айырлар

-

-

-

1

-

Су сақтауға арналған сыйымдылық, көлемі:






0,2 м 3

-

-

-

1

-

0,02 м 3

1

-

-

-

1

Құмы бар жәшік

-

1

1

-


Ескертпе – Әртүрлі сыныпты өрттерді сөндіру үшін ұнтақпен өрт сөндіргіштердің тиісті зарядтары болуы тиіс: А сыныбы үшін - АВС (Е) ұнтағы; В және (Е) сыныбы үшін - ВС(Е) немесе АВС (Е) ұнтақтар.

  5-кесте

      Қызмет көрсету объектілерін бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтау жөніндегі ең аз тізбе

Объектілер мен құрылыстардың атауы

Ауданы
(м 2 )

Бастапқы өрт сөндіру құралдарының атауы және қажетті саны

Ұнтақпен өрт сөндіргіштер (дана)

Көмірқышқылмен (дана)

ЩП-В типті өрт қалқаны (жинақ)

Техникалық қызмет көрсету станциясы

әрбір 100

2 – "ОП-5" не 1 – "ОП-10"

1- "ОУ-2"

-

Көлік тұрақтары мен гараждар: ашық тұрақтар

әрбір 100

2 – "ОП-5" не 1 – "ОП-10"

-

1

гараждар

1 гаражға деген есеппен

1- "ОП-2"

-

-

әкімшілік ғимарат немесе күзет үй-жайы;

100-ге дейін

2 – "ОП-5" не 1 – "ОП-10"

-

-

гараж аумағы

әрбір 100

2-"ОП-5" не 1-"ОП-10"

1-"ОУ-2"

1

Өнімділігі тәулігіне 500  және одан астам жанармай құятын АЖҚС ("қарбалас" сағатта 135 және одан астам жанармайқұю орындары)

-

4 – "ОП-5"
2-"ОП-10" 1-"ОП-100"

2-"ОУ-2"


Өнімділігі тәулігіне 500 –ден кем жанармай құятын АЖҚС ("қарбалас" сағатта 135-тен кем жанармайқұю орындары)

-

2 – "ОП-5" 1-"ОП-10"
1-"ОП-100"

1-"ОУ-2"


Оператор бөлмесі, дүкен, тамақтану бекеті (АЖҚС жанындағы)

әрбір 100

1 - ОП-5

1-"ОУ-2"


Жеке тұрған сауда павильондары, дүңгіршектер, қабылдау пункттері, жөндеу шеберханалары, валюта айырбастау пункттері, халық тұтынатын тауарлар сатылатын, оның ішінде көтерме рыноктар мен базарлар аумағында орналасқан контейнерлер

100-ге дейін қоса әрбір 100

1- "ОП-5"   1- "ОП-5"

-   -

-   -

Қоғамдық, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарға кірістірілген-жапсарлас құрылыстар: сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтану кәсіпорындары, дене шынықтыру- сауықтыру кешендері, кітапханалар, дәріханалар, медициналық кабинеттер, кассалық есеп айырысу кәсіпорындары, көркем шеберханалары, сүт асүйлері, мұражайлар мен көрмелер

100-ге дейін

2 – "ОП-5" не
1-"ОП-10"

-

-

әрбір 100

2 – "ОП-5" не
1- "ОП-10"

-

-

офистер, залдар, дискотекалар, ойын мекемелері, валюта айырбастау пункттері, байланыс бөлімшелері, фотосалондар, жерлеу (рәсімдер) бюросы, кеңселер, жөндеу шеберханалары, шағын өндірістер, тир, бильярд бөлмесі, көшірме жасау-көбейту, туристік, көлік агенттіктері.

100-ге дейін қоса   әрбір 100

2 – "ОП-5" не 1-"ОП-10"   2 – "ОП-5" не 1- "ОП-10"

-     -

-     -

      Ескертпелер:

      1. 5-кестенің тізбесіне кірмеген объектілерге, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны осы Қағидаларға 11-қосымшасының талаптарының негізінде анықталады.

      2. Автокөлік құралдарына арналған өрт сөндіргіштер саны "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) сәйкес анықталады.

      3. Ұнтақты өрт сөндіргіштерді ауа-эмульсиялы өрт сөндіргіштермен ауыстыруға болады.

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану журналы

      1. Өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен жабдықталған объектінің атауы
мен ведомстволық бағыныстылығы (меншік нысаны)
___________________________________________________________________
(жүйенің түрі, іске қосу тәсілі)
Мекенжайы, телефоны________________________________________________
Жүйені монтаждау күні, монтаждау ұйымының атауы______________________
Өрт автоматикасы жүйесінің типі _______________________________________
Жүйеге қызмет көрсететін ұйымның (қызметтің) атауы ____________________
________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
2. Өрт автоматикасы жүйесінің сипаттамасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(техникалық құралдардың атауы, типтері, шығару күні, пайдалануды бастау күні,
куәландырудың кезекті мерзімі)

      3. Өрт автоматикасы жүйесінің қағидаттық немесе монтаждау схемасы.
4. Гидравликалық және электрлік сынау нәтижелері:

Өткізу күні

Сынау нәтижелері

Қорытынды

Қолы

      5. Кезекшілікті қабылдау-тапсыру және жүйенің техникалық жай-күйі:

Қабылдау-тапсыру күні

Кезекшілік кезеңінде жүйелердің
жай-күйі

Қорғалатын объектілердің атауы және сигналдар келіп түскен жүйелердің типі

Кезекшілікті қабылдап-тапсырғандардың тегі, қолы

      6. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының бас тартулары мен ақаулықтарын есепке алу

Р/с №

Хабарламаның келіп түскен күні мен уақыты

Бақыланатын үй-жайдың атауы

Ақаулықтың сипаты

Хабарламаны қабылдағанның тегі мен лауазымы

Ақаулықты жою күні мен уақыты

      Ескертпелер: 
1) Ақаулықтарды уақтылы жоюды талдау күн сайын жүргізіледі.
2) Журналда бас тартулардың, ақаулықтардың, жалған іске қосулардың санын
қорытындылау ай сайын жүргізіледі.
3) Журналды жедел (кезекші) персонал жүргізеді.
7. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді
және жоспарлы-алдын алу жөндеулерін есепке алу.

Р/с №

Күні

Жүйенің типі

Бақыланатын объект

Жүргізілген жұмыстардың сипаты

Жүргізілген жұмыстардың тізбесі

ТҚК жүргізген адамның лауазымы, тегі және қолы

      8. Өрт автоматикасы жүйесіне қызмет көрсетуші персоналдың білімін тексеру.

Р/с №

Тексерілушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, жұмыс өтілі

Тексеру күні

Білімін бағалау

Тексерушінің қолы

Тексерілушінің қолы

      9. Өрт автоматикасы жүйелерінің іске қосылуын (ажыратылуын) есепке алу.

Р/с №

Бақылана
тын объектінің атауы

Өрт автоматикасы жүйесінің түрі мен типі

Іске қосылу (ажыратылу) күні

Іске қосылу (ажыратылу) себебі

Өрттің шығыны

Іске қосылу себебі

      10. Өрт автоматикасы жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы
бойынша техникалық жәнежедел персоналға нұсқаулық беру.

Р/с №

Нұсқаулықтан өтушінің тегі

Нұсқаулықтан өтушінің атқаратын лауазымы

Нұстаулық өткізу күні

Нұсқаулықтан өтушінің қолы

Нұсқаулық өткізген адамның қолы

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау АКТІСІ

      __________ қаласы 20__ж. "___"________________
____________________________________________________________________
(тапсырыс беруші ұйымның атауы)
20__ ж. "___"____________________№ _____ шешімімен мынадай құрамда:
Төраға - тапсырыс берушінің (бас мердігердің) өкілі _______________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
Комиссия мүшелері - өкілдер:
монтаждау ұйымдары ________________________________________________
___________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) іске қосу баптау ұйымдары
___________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
тағайындалған комиссия орындалған жұмыстарды тексерді және анықтады:
1. Монтаждау-баптау (іске қосу баптау) ұйымы ____________________________
әзірлеген (құрастырған) жоба бойынша (ұйымның атауы)
_____________________________________________монтаждалған қондырғыны
(объектінің атауы)
_______________________________________________________________________
(қондырғының атауы) қабылдауға ұсынды.

      2. ________________________________________ монтаждау жұмыстарын
(ұйымның атауы)
20__ ж. "___"_____________ бастап 20__ ж. "___"________________ аралығында орындады.
3. ___________________________________ іске қосу баптау жұмыстарын
(іске қосу баптау ұйымының атауы)
20__ ж. "___"______________ бастап 20__ ж. "___"_______________ аралығында орындады.
4. Кешенді байқау процесінде анықталған ақаулар мен кемшіліктер жойылды (қажет болған
кезде осы актіге қосымшада көрсету керек).

Комиссияның қорытындысы:

      Іске қосу баптау жұмыстарын қоса алғанда, кешенді байқаудан өткен қондырғы,
орындалған жұмыстардың сапасын
____________________________________________________________________
(өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық)
деп бағалай отырып, 20__ ж. "___"____________________ бастап пайдалануға қабылданды
деп есептелсін.
Құжаттама актісіне қоса беріліп отырған тізбе __________________________
Комиссия:

      Комиссия төрағасы _________________________
(қолы)
М.О.
Комиссия мүшелері __________________________ (қолдары)

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының монтаждалған аспаптары мен жабдығының ВЕДОМОСІ

      ____________________________________________________________________
(объектінің атауы)
____________________________________________________
жобасы бойынша

Жобаның реттік және ерекшелік нөмірі

Атауы

Типі

Зауыт нөмірі

Ескертпе

      Тапсырды ___________________________________________________________
(тапсырыс беруші өкілінің лауазымы,
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда) ( қолы)
Қабылдады__________________________________________________________
(монтаждау ұйымы өкілінің лауазымы,
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда) ( қолы)

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын куәландыру
АКТІСІ

      __________ қаласы 20__ж. "___" _________________
Объект ______________________________________________________________
(атауы)
Комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы ____________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшелері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
________________________________________________байқап-тексеру жүргізді
(қондырғының атауы)
____________________________________________________________________
(қондырғының орналасу орнын көрсету)
____________________________________________________________________
(элементтердің атауы)

Жұмыстар 20__ ж. "___"_______________ және "___"_____________ аралығында жүргізілді
Байқап-тексеру кезінде:
___________________________________________________________анықталды
(қондырғылардың, элементтердің жай-күйі)
Комиссияның қорытындысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қолданыстағы өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын одан әрі пайдалану мүмкін/
мүмкін емес немесе жаңа жүйелер мен қондырғыларды монтаждауды орындау қажет; өрт
автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жекелеген техникалық құралдарына жөндеу
жүргізу қажет; келесі куәландыру мерзімін белгілеп, өрт автоматикасы жүйелері мен
қондырғыларын пайдалануды ұзарту қажет)
Комиссия төрағасы: _______________________________________________________
(қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшелері:_______________________________________________________
_________________________________________________________________________
(қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
8-қосымша

Отқа төзімділік дәрежесіне байланысты дүңгіршектер мен павильондар арасындағы өртке қарсы қашықтықтар

Дүңгіршектер мен павильондардың отқа төзімділік дәрежесіндегі қашықтық, метрмен

I,II,III

IIIа. III6, IV, IVa, V

I, II, III

6

8

IIIа, III6, IV, IVa, V

8

10

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
9-қосымша

Ота жасайтын бөлмеде өрттер мен жарылыстардың алдын алу жөніндегі қорғау шаралары

      1. Есірткінің өздігінен тұтануын болдырмау үшін жұмыстан кейін олар буландырғыштан герметикалық түрде жабылатын ыдысқа төгіледі. Эфир ақырын, шашыратпай төгіледі. Наркоздан кейін қалған эфирді раковинаға төгуге жол берілмейді.

      2. Эфирді буландырғыштан қабылдау ыдысына бос құламалы ағыспен құюға жол берілмейді. Ол үшін электр өткізгіш материалдан жасалған май құйғыш қолданылады, май құйғыштар жерге тұйықталады, май құйғыштың шеті ыдыстың түбіне жетуі тиіс. Олай болмайтын жағдайда эфир ыдысқа осы өткізгіш арқылы ағуы үшін жерге тұйықталған өткізгіштің шеті май құйғыш арқылы ыдыстың түбіне жеткізілуі қажет.

      3. Есірткіні төккеннен кейін буландырғыш, шлангілер және наркоз аппаратының барлық алмалы бөлшектері жылы сумен шайылады.

      4. Ота жасау бөлмелерінде газдарды бір баллоннан екінші баллонға құюға және қысымдағы газдары бар баллонға қосымша газдар мен есірткілерді кіргізуге жол берілмейді. Мұны машықтанған персонал арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізеді.

      5. Ота жасау және наркоз үй-жайларында ашық отты (спиртовка, газ оттықтары, тұтатылған сіріңкелерді) қолдануға, темекі шегуге және электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Баллонның вентилін жылыту үшін жылытқы қолданылады.

      6. Наркоз және ота жасайтын үй-жайларда қолданылатын жабдықтардың ашық беттерінің температурасы 120о C аспайды.

      7. Эндоскопиялық құралдардың шағын шамдарының қатты қызуына жол берілмейді.

      8. Наркоз кезінде бұзылған және ұшқын шашатын электр жабдығын пайдалануға жол берілмейді.

      9. Қауіпті аймақтарда қолданылатын барлық электр медициналық жабдық жарылыстан қорғалған түрде орындалған болуы тиіс.

      10. Наркоз кезінде термокаутердің тұтанғыш анестетикасын, диатермия аппаратын, электр хирургиялық аппараттарды, жарылыстан қорғалмаған түрде орындалған рентген аппараттарын, дефибрилляторларды қолдануға жол берілмейді.

      Ескертпе. Фторотан, азоттың шала тотығы, хлороформ және басқа тұтанбайтын қоспаларға көшкен жағдайда жоғарыда аталған аппаратураны қолдануға жол беріледі, бұл ретте тұтанғыш дезинфекциялау құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

      11. Ота жасайтын бөлмелердің статикаға қарсы материалдан жасалған едендерін (лас шөгінділерінің негізінде) электр өткізгіш қасиетін жоғалтуы ықтимал өткізбейтін үлбірінің пайда болуын болдырмау үшін үнемі жуып тұрады. Еденнің бетін балауызбен немесе лакпен өңдеуге жол берілмейді.

      12. Наркоз аппаратының бөлшектерін (бейөткізгіш) лейкопластырмен жабыстыруға, статикаға қарсы емес резеңкедан есірткі қоспаларын атмосфераға жою үшін шлангтарды пайдалануға, электр өткізгіш материалдың бұзылған бөлшектерін бейөткізгіштен жасалған бөлшектерге ауыстыруға жол беріледі.

      Ескертпе. Наркоз аппараттарының барлық бөлшектері электр өткізгіш материалдарынан жасалады: қаптар, шлангтар, маскалар, демалу трубкалары және аппараттың демалу контурының басқа бөлшектері, сондай-ақ доңғалақтардың тысы мен төсемдері электр өткізгіш резеңкедан, ал өткізгіштер – түсті металлдан немесе электр өткізгіш пластмассадан жасалады.

      13. Наркоз аппаратының барлық бөлшектері арнайы майлаумен майлануы тиіс. Эндотрахиалды трубкалар мен дәке тампондарын тек таза глицеринмен ғана майланады.

      14. Жабдықтың белдік берілістерін еденнен 0,25 м қауіпті аймақтар шегінде (наркоз затының тым жоғары концентрациясында) орналастырылмайды. Белдік берілістер қауіпті аймақтан жоғары орнатылған жерлерде белдіктерді үлес қарсылығы 105 Ом/м статикаға қарсы материалдан жасау керек.

      Белдіктерді шайырмен, балауызбен және сыртқы қарсылықты арттыратын басқа да заттармен майлауға жол берілмейді.

      15. Қауіпті аймақтарда қолданылатын тоқымалы маталарға тиісті статикаға қарсы заттар сіңдіріледі. Бұндай маталарға жуылғаннан кейін қайтадан статикаға қарсы заттарды сіңдіру керек.

      16. Жабдықтың барлық металл және электр өткізгіш металлды емес бөліктері статикалық электр зарядтарын шығару үшін жерге тұйықталады.

      Жабдықтың металлды емес бөліктері егер олардың сыртқы және ішкі қабатының жерге тұйықтау шинасына қатысты кез келген жерінің қарсылығы 107 Ом асқанда электр статикалық түрде жерге қосылған болып саналады. Ота жасау алдында наркоз аппаратының резеңкедан жасалған бөліктерін сумен сулау керек.

      17. Қызмет көрсету персоналының электрленуін болдырмау үшін мынадай ережелерді сақтау керек:

      1) ота жасау бөлмесіндегі қызмет көрсету персоналының киімі мақта-матадан жасалады, жабық және толық қонымды, әбден кептірілген және қатты крахмалданбаған болады. Пайдаланар алдында киім мен аяқ киімді ылғалдығы 80 % асқан үй-жайларда ұстау ұсынылады.

      Науқас мақта-матадан тігілген киімде болуы тиіс. Ота жасайтын бөлмеде және басқа жарылыс қауіпті үй-жайларда қозғалғанда қатты электрленетін, адамның денесінде зарядтардың тез жиналуына соғатын жүн, жібек, сондай-ақ нейлон, капрон және басқа да синтетикалық маталардан тігілген киімді киюге жол берілмейді.

      2) қызмет көрсетуші персоналдың аяқ киімінің табаны былғарыдан немесе электр өткізгіш резеңкедан жасалған болады, ол аяқ киімнің үстінен мақта-матадан жасалған арнайы операциялық бахилдар киіледі. Ота жасайтын бөлмеде табаны резеңкедан, пластиктан немесе басқа бейөткізгіштерден жасалған аяқ киімді киюге жол берілмейді.

      3) ота жасайтын бөлмеде қызмет көрсету персоналының шаштары қалпақпен немесе мақта-мата бас жаулықпен жабылады.

      18. Ота жасайтын бөлменің персоналына білезік, жүзік және басқа да металл заттарды тағуға жол берілмейді.

      19. Наркоз аппараттарына қызмет көрсету персоналының қолдарында, сондай-ақ науқастың бетінде майдың, помаданың іздері болмау керек.

      20. Ота жасайтын бөлмедегі салыстырмалы ылғалдылық гигрометр немесе психрометр арқылы операция жасар алдында және операция барысында бақыланады. Ауа температурасын бақылау ұсынылады. Ота жасайтын бөлмеде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 %-дан болса, наркоз үшін тез тұтанғыш есірткі қоспаларын немесе анестетиканы қолдануға жол берілмейді.

      21. Тұтану мен жарылыстан кепілді сақтандыру – тез тұтанғыш есірткі заттарын (фторотан, хлороформ, азоттың шала тотығы, центран) қолдану. Тұтанғыш анестетикалармен жұмыс істегенде жарылыстардың алдын алу тұтанудың себептері мен көздерін жоюдан тұрады.

      22. Желдеткіш жүйесінің жұмысқа қабілеттігін бақылау үшін операция кезінде құрамында есірткі буының бар-жоғына ауа сынамасы алынады. Сынамаларды операциялық бригаданың мүшелері дем алатын аймақта орналасқан ауданнан алады.

      23. Ауаны тазартқыш сүзбелерінің жұмысқа қабілеттілігін бақылау үшін аптасына кемінде бір рет операция жасайтын бөлмеге жеткізілетін ауаның тазалығын, қосалқы бөлшектердің және бактериялы флораның болуы анықталады. Ауада бактериялы флора пайда болған жағдайда, оның себептері жойылғанша операция тоқтатылады.

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
10-қосымша

Мұнай өнімімен қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы кәсіпорындарға арналған бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесі

Ғимараттардың, үй-жайлардың және өндірістік учаскелердің атаулары

Қорғалатын аудан

Көмір қышқыл
ды өрт сөндіргіш
тер

Көбікті өрт сөндіргіштер ОВП-10

Ұнтақты өрт сөндіргіш
тер

Құ
мы бар жә
шік

Көле
мі 2х1,5м өртке қарсы төсе
ме

ОУ-2

ОУ-5 немесе ОУ-8

ОП-5 немесе ОП-10

ОП-100

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю алаңы

-

-

-

4

-

-

1

1

Бір жақты, екі жақты темір жол ағызу-құю эстакадасы

ұзындығының әрбір 50 метріне

- -

- -

2 4

1 2

- -

1 2

1 2

Мұнай өнімдерін айдайтын сорғы бөлмелер

50 м2

-

2

2

-

-

1

1

ООА және А үй-жайлары

50 м2

-

2

-

-

-

-

-

Мұнай өнімдерін ыдыста сақтау қоймасы

200 м2

-

-

1

2

-

-

-

Мұнай өнімдерін шағын ыдысқа босату орындары

-

-

-

1

-

-

1

1

Өзен және теңіз айлақтары

әрбір 50 метрге

-

2

2

2

-

1

1

Құйылмалы мұнай өнімдері

50 м2

-

-

2

-

-

1

1

Манифольд ғимараттары

50 м2

2

-

2

-

-

1

1

Айдау станциясының электр қозғалтқыш үй-жайлары

әрбір электр қозғалтқышқа

1

1

-

-

-

-

-

Қалқымалы сорғы станциялары


-

2

4

-

1

1

1

Ыдыстың ішіндегі мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймалар

100 м2

-

-

3

2

-

1

1

Зертханалар

50 м2

1

-

2

-

-

-

-

Газ электр дәнекерлеу үй-жайлары

50 м2

-

-

1

1

-

1

1

АГТС: Станция ғимараты Сорғы-компрессорлық бөлім Автомашина баллондарын толтыруға арналған колонкалар

Үй-жайға

- - -

1 1 -

- 1 1

2 - 1

1 1 -

- - -

- - -

Регенерациялық қондырғылар

100 м2

1

-

1

1

-

1

-

Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар

200 м2

-

-

1

-

-

-

-

Есептеу орталықтары, машина-есептеу станциялары (бюролары), мұрағаттар, кітапханалар, Жобалық-конструкторлық бюро

100 м2

-

1





1

Көшіргіш-көбейткіш машиналар үй-жайы

100 м2

-

1

1

-

-

-

-

Материалдық қоймалар

50 м2

-

-

2

1

-

-

-

Қазандықтар

100 м2

1

-

2

1

-

-

-

Су сорғы

әрбір электр қозғалтқышқа

-

1

1

-

-

-

-

Авто гараждар

100 м2

-

1

2

1

-

1

-

Электр станциялары мен шағын станциялар

100 м2

2

2

-

1

-

1

-

Құрамында мұнай бар қалдықтардың су бұратын сорғы бөлмесі

50 м2

1

1

1

-

-

1

-

Биологиялық тазарту станциясы

50 м2

-

-

1

1

-

1

-

Озонаторлық бөлме

25 м2

-

-

1

1

-

-

-

Басқа өндірістік үй-жайлар









А және Б санатты

200

-

-

2

2

-

1

1

В1-В4, Г санатты

300

-

-

2

1

1

-

-

Д санатты

400

-

-

1

-

-

-

-

      Ескертпе:

      1. Кәсіпорын аумағында әрбір 5000 м2 жинағы бар қалқандар орнатылады: ұнтақты өрт сөндіргіштер – 2, құмы бар жәшіктер – 1, қалың төсем (асбест, киіз) – 1, сүймендер – 2, балталар – 2.

      2. Автоматты стационарлы өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған үй-жайлар осы қосымшада көрсетілген санның 50% есебінен бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      3. Бағасы қымбат аппаратура мен жабдықтардың жинақталу орындарында өрт сөндіру құралдарының саны көбейтілуі мүмкін.

      4. Осы Қағидаларда аталмаған қондырғыларды орнату үшін бастапқы өрт сөндіру құралдарын басқа үй-жайлармен (қондырғылармен) ұқсастығы бойынша, олардың өрт қауіптілігі ескеріліп қабылданады.

      5. А, Б, В1-В4 санатындағы кез келген үй-жайдағы өрт сөндіргіштердің саны осы қосымшаға сәйкес қабылданады, бірақ кемінде – 2, әкімшілік, қызметтік-тұрмыстық ғимараттарда – бір қабатқа кемінде – 2.

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
11-қосымша

Салынып және реконструкцияланып жатқан ғимараттарға, құрылыстар мен қосалқы үй-жайларға арналған бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесі

Ғимараттар, үй-жайлар, қоймалар мен құрылыстар

Өлшем бірліктері

Бастапқы өрт сөндіру құралдарының саны

Өрт сөндіргіштер ОП-5

Құм мен күрегі бар, көлемі 0,5 м2 жәшіктер

Сыйымдылығы 250 л және 2 шелек, суы бар күбілер

Көлемі 2х2м өртке қарсы төсемелер

1

2

3

4

5

6

Салынып және реконструкцияланып жатқан ғимараттар

200 м2 еден ауданына

1*

1

1

-

Құрылысқа арналған ағаш

(әр қабат бойынша) ағаштар ұзындығының әрбір 20 метріне

1*

-

-

-

(әр қабат бойынша) ағаштар ұзындығының әрбір 100 метріне

-

-

1**

-

Кеңселер үй-жайы

200 м2 еден ауданына

1*

-

-

-

Балташы және ағаш өңдеу цехтарының, шеберханаларының үй-жайы

100 м2

1***

1

1

-

Ағаш материалдары мен жанармайдың (төсемелердің, көбіктің) жабық қоймалары

100 м2

1***

-

1

-  

Жанғыш материалдар болған жағдайда шаруашылық қоймалары

100 м2

1**

1

1

-

Ағаш материалдарының ашық қоймалары

300 м2 қойма ауданына

1****

-

-

-

Жылытқышы жанғыш немесе жанғыш шатырлары бар жабындар

200 м2 қойма ауданы

1

1

1

-

Бөренелердің ашық қоймалары

500 м2 қойма ауданына

1****

-

-

-

Өртенбейтін материалдардың жабық қоймалары

400 м2 қойма ауданына

1***

-

1

-

Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар ыдыстарының қоймалары

50 м2 еден ауданына

1****

1***

-

-

Кальций карбиді қоймалары

100 м2 еден ауданына

-

1

-

-

Сығымдалған, сұйылтылған және ерітілген газдары бар баллондар қоймасы

200 м2 еден ауданына

-

1

-

-

Биік темір бетон құбырлардың діңгектерін бетондауға арналған жұмыс алаңқайы

200 м2 еден ауданына

1

-

-

-

Салынып жатқан құрылыстың ішіндегі қорғаныш жабын

200 м2 еден ауданына

3

1

1

-

Градирня құрылысына арналған агрегаттық бесікшесі

200 м2 еден ауданына

8

-

-

-

Коррозияға қарсы және гидрооқшаулағыш материалдарының жұмыс құрамдарын дайындауға арналған үй-жай

200 м2еден ауданы

3

1

-

3

Жылу генераторлары мен калориферлерді орнату орындары

Агрегат

2

1

-

-

Ашық автомашина тұрақтары

100 м2

1

1

-

1

Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу цехтері

200 м2

1

1

-

-

Аула алаңқайы

200 м2

1

-

1

-

      Ескертпе:

      1. Әр қабат үшін кемінде екі өрт сөндіргіш көзделеді.

      2. "**" белгісі бір қабат үшін кемінде екі күбімен жарақтау қажеттілігін білдіреді.

      3. "***" белгісі шеберханалар, қоймалар үшін кемінде екі өрт сөндіргішпен жарақтау қажеттілігін білдіреді.

      4. "****" белгісі кемінде екі өрт сөндіргішпен және құмы бар бір жәшікпен жарақтау қажеттілігін білдіреді. Құмы бар жәшікте көлемі 1,5x1,5 метр өртке қарсы төсеме болуы тиіс.

      5. Осы кестеде көрсетілмеген қоймалар мен құрылыстардың бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны тиісті министрліктер бекіткен тиесілік нормаларына сәйкес айқындалады.

      6. Осы Қағидаларда көзделген өртке қарсы жабдықтан басқа қоймалардың, уақытша ғимараттардың құрылысы аумағында мынадай өрт жабдығының (керек-жарағының) жинағы бар өрт сөндіру пункттері (шкафтар, қалқандар) орналастырылуы қажет, данада: балта