"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемелекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабының 8 және 9 тармақтарына, "Ауылдық елді мекедерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптіккешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына, Көкшетау қаласының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандырына, Красный яр ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы
2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-екі мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
3) Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Д.Әкімов |